400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ойын, еңбек және оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешілеріне көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқытушы: Аташова С.У.

Пән: Педагогика

Сабақтың тақырыбы: Ойын, еңбек және оқыту

І. Сабақтың мақсаты:

Білім алушыларға ойын туралы теориялық түсініктерін тереңдету. Еңбек пен оқу іс-әрекетінде ойын әдістерін меңгерту оны тәжірибеде пайдалана білуге баулу.

Ойын туралы білімдерін одан әрі дамытып, логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Мектепке дейінгі ұйымдарда ойынды талапқа сай ұйымдастыруға, балалармен ойнай білуге тәрбиелеу.

ІІ. Сабақтың типі: Дәстүрлі емес

ІІІ. Сабақтың түрі: Шығармашылық сабағы

ІY.Әдістері: сұрақ-жауап,миға шабуыл, эвристикалық, проблемалық, сөздік, практикалық,ВЕНН диаграммасы, экспрессивтік, мюстенберг.

Y.Көрнекі-құралдары: тақырыптық папка, слайдтар, интербелсенді тақта, кестелер

Пән аралық байланыс: Психология, физиология, философия, жеке әдістемелік пәндер, этнопедагогика.

YI.Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

Сәлемдесу

Топты төрт топқа бөлу

2. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Тапсырма "Кім тапқыр" ойыны . Сұрақ-жауап әдісі

Сұрақтар:1. Ойын ерекшеліктері

2. Ойынның бала дамуындағы маңызы

3. Ойынның мазмұны

4. Жақсы ойын мыналарды қажет етеді...

5. Ойынға ереженің ықпалы бар ма?

6. Ойынның балалардың денсаулығына тигізетін маңызы .

7. Балалар ойынында эстетикалық тәрбиенің әсері.

8. Ойынның мақсаты.

9. Күн тәртібіндегі ойынның қажеттілігі неде?

10. Ойын түрлерін атаңыз

11. Ойын мақсатына қарай қанша топқа бөлінеді?

12. Бала тәрбиесіне ойынның әсері

2. Тапсырма "ОЙЛАН ТАП"

Shape5 Shape4 Shape3 Shape2 Shape1

ойынның ережесі

ойынның ролі

ойынның мазмұны

ойынның ерекшеліктері

ойынның түрлері







Балалар үшін нағыз өмір

Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру

Бала өмірде өзімшіл, дөрекі болуы мүмкін

Мазмұнды-рольді ойындар

Дидактикалық ойындар

Қимылды ойындар

Дидактикалық ойындар

Көлеңке театры

Адамдардың қимылын, қарым-қатынасын бейнелеу

Уақытпен санаспайды

Балалар өздері жасайды

Өмір құбылыстары мен оқиғалар туралы білімдерін бейнелейді

Ойын кейіпкеріне еніп, соның іс-әрекетімен, сезімімен тыныстайды

Балаларда ойнауға деген ықылас пен ынта тудырады

Балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуы

Өзара қарым-қатынастары дамиды

Жасқаншақ, ұялшақ балалардың белсенді қатысуы

Өздері белгілейді

Ойын әрекеттерінің өзара байланысын анықтайды

Әр түрлі ойындарда түрліше арақатынаста болады.

3-ші Қорытынды: Білім алушылырдың шығармашылық жұмыстары.

1-топ. ЗЕЙІН,

2-топ. ЕС

3-топ.Қиял

4-топ.Түйсік

YII.Жоспар:

1. Ойын туралы жалпы түсінік.

2. Ойынның оқу іс-әрекетіндегі тиімділігі

3. Ойын мен еңбектің ұқсастығы.

Василий Александрович Сухомлинский:" ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес . Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты ".

Ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл - күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын - төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай - ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi.
Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойын - балалардың ой өрісін
жетілдірумен бірге өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу тәсілі.
Адамның жас ерекшелігіне қарамай, яғни адам балалық шағынан бастап кәрілікке жеткенше ойын қажеттілігі жетелеп отырады. Ал жас баланың ой-өрісі ойын арқылы дамиды. Ойын барысында баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады.
Ойын мен адам мәдениетінің өзара байланысы ғылыми түрде анықталды. Олардың тұлғаны дамытудағы маңызы , оның психологиялық және әлеуметтік факторлармен келісімі жөнінде кең қарастырылды. Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады. Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды. Бұл пікіріміз жалаң болмас үшін заманымыздың заңғар жазушысы, ұлы ойшылдарымыздың бірі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің мына бір пікірін еске ала кетейік: «Біздің заманымыздың өмір кешкен ұзақ жолында өздері қызықтаған алуан өнері бар. Ойын деген менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір мағыналары болған».

Ойынның түпкі нысанасы — балалардың бойында өнердің, білімнің, тәрбиенің нұрын себу, өлең, тақпақ айтуға төселдіру . Ол өлең-тақпақтардың негізгі мақсаты тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулу, қиялына қанат беріп,ойын ұштау, өз бетімен іскерлікке, қысылған жерде дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелеу. Жалпы ойынның қандай түрі болмасын, атадан балаға, ұрпақтан- ұрпаққа ауысып отырады. Халық ойындары өмірлік қажеттіліктен туады да, психологиялық жағынан денсаулық сақтауға негізделеді. Ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып табылады. Қазақтың белгілі ғалым - ағартушылары Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін, өткен ұрпақтың дәстүрі мен тарихын құрметтеп, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерінің дамуына, сөздік қорының баюына қосатын үлесін жоғары екенін бағалаған.

Адам бала кезінен қалыптасады. Мектепке дейінгі жастан бастап баланың болашақ тұлға, өз елінің азаматы ретінде негізі қаланады. Бала сөйлеуді үйрене келе, айналадағы дүниені танып - біледі. Көрген - білгенін басқаларға сөз арқылы жеткізіп тілдеседі. Осының өзі оның білім дағдысы молайып, күнделікті өмірден алған әсерінің нығая түсуіне себеп болады. Тіл - баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы барысында ой - өрісін, ақыл - парасатын, адамгершілігін, эстетикалық сезімін жетілдіру міндеттерін жүзеге асырудың ең басты құралы.

2. Баланың тілін дамытып, қалыптастыруда ойынның маңызы зор. Ойын арқылы баланың тілін дамыту жеңіл болмақ. Ойын баланың оқуға деген ынтасын арттыратын әдіс. Ойындар арқылы баланың дұрыс және ұғынықты сөйлей білуін, сондай - ақ ойын жағдайлары арқылы олардың зейіні мен ынтасын арттыруға болады. Баланың тілін дамыту барысында ойын түрлерін және өзара сөйлесу үлгілерін қолданған дұрыс.

Ойын әрекеті балалардың бағалы өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ маңызды. Балабақшада оқыту барысында қосымша материал үшін, баланың қызығушылығын арттыру үшін пайдалануға болады. 
Оқу іс-әрекетінде ойын түрлерін пайдалану оқу іс-әрекет түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын түрлерін оқу процесін пысықтау, жаңа тақырыпты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау оқу іс-әрекеттерінде пайдалануға болады. Ойын түрлерінің материалдары оқу іс-әрекетінің тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арта түседі. 
Оны тиімді пайдалану оқу іс-әрекетінің әсерлігін, тартымдығын күшейтеді, балалардың оқу іс-әрекетке ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Ойынмен ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті балаларға көңілді, жеңіл келеді.Ойынды іріктеп алуға нақтылы оқу іс-әрекеттің мақсаты, мүмкіндіктерін ескеру керек. «Оқу - ойыннан басталады»,- десек, баланың ойын жетілдіріп, оқу іс-әрекетінің қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін тәрбиешінің басты қолданатын әдісі — ойын. 
Педагогикалық ойынның маңызы.

Білуге үйрену,

Адамның ойнай отырып, өзіндік білім алуы өмір тәжірбесін жинақтауға көмектеседі.

Ойын дем алу, көңіл көтеру бола тұра оқуға, шығармашылыққа, емдеуге, бала қарым-қатынасының типтерінің модельдеріне, еңбекте көрініс табады. 

Ойынның технологиялық негізгі ерекшелігі – балалар үн - түнсіз ойнамайды. Тіпті жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын барысында сөйлесу қарым - қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері :

  • ойынның өзінен туатын

  • балалар жасайтын

  • тәрбиешілер ұсынатын ойын ережесі.

Ойындар балалардың ой — өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Балалар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу іс-әрекеті мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді. 

ОЙЫН АРҚЫЛЫ БАЛА НЕНІ МЕҢГЕРЕДІ? 
1. Балалар нақты білімді меңгереді. 
2. Балалар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді. 
3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді. 
4. Балалар іс-әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады. 
5. Уақытты үнемдеуге үйретеді. 
6. Балалар үшін психологиялық жағымды. 
7. Ойын барысында шешім қабылдау балалардан аса жауапкершілікті талап етеді. 
8. Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде балалар ата-аналарымен, өзге балалармен, тәрбиешімен дұрыс қарым-қатынас жасауды меңгереді.

9. Өз бетімен іздене біледі.

Ойын элементтері кез-келген баланың қызығушылығын тудырады. Балалардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі — дидактикалық ойындар. 

Ойынды таңдауда қандай оқу сағаты болатындығын ескеру қажет:

оқу сағаты балаларға күш түсіретін болса, ойынның қимылды көп қажет етпейтін түрі таңдалады.Ақыл-ой күшін қажет ететін оқу сағаты болса,балалардың қимылын дамытатын ойындар таңдалады.

3. Халық мұғалімі Байтоғайұлы Малқай бала өміріндегі ойынды және ермекті «ол — баланың еңбегі»,- дейді, демек бұл жай ермек емес, бала әлеміндегі кәдімгі еңбек. «Сондықтан да бала еңбегі – ойын. Ендеше, ойын балалардың күнделікті тіршілігі адамның басынан өтетін өмірінің әр уақытындағы жазғы, күзгі, қысқы істелетін кәсібі сияқты. Тіршіліктің түрі бар. Сол сияқты балалардың да өзіне меншікті бала кезінде істейтін істері бар. Ол іс – жас уақытындағы ойын». Сондықтан да қазақ балаларының негізгі ойындары асық, құмалақ (түйенің, қойдың), бес тас, доп міне мұның бәрі осы балалар еңбегінің құралдары болады. Өмір мен өнерге деген талаптың түп негізінің өзі осы асық, доп, құмалақ, ләңгі, қуыршақ, мәшине, үй болып т.б. ойнауларда жатыр. Ендеше халықтың бұл дана сөзін тура мағынасында түсінуге болмайды.Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы таным-түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Оның үстінде дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтады.

Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі. Бала еңбекте ойын арқылы -

өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстарды ақиқат сырын ұғынады, еңбек дағдысына үйрене бастайды.

Ойын мен еңбектің бір-біріне ұқсас сипаттары көп. Ұлы педагог Антон Семенович Макаренко : «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің, қандай маңызы болса, ойынның маңызы дәл сондай. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыстада көбінесе сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойында басталады» деп қарап, бұлардың арасында айырма шамалы деген түйін жасайды. Өйткені, әрбір жас кезінде ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр-қайрат жұмсауды керек етеді.Белсенді іс-әрекет пен күш-жігер жұмсалмаған ойын, жақсы ойын болып табылмайды. Жақсы ойын да жақсы жұмыс та көңілді қуанышқа толтырып, рахатқа бөлейді. Демек, осы жағынан ойын мен жұмыстың ұқсастығы байқалады. Баланың ойыныңда да белгілі дәрежеде тиісті жұмыстағыдай жауапкершілік болуға тиіс. Олардың негізгі айырмашылығы тек мынада: баланың ойыны нақты материалдық рухани байлықты көздемейді.

Баланың қуанышы мен реніші ойыңда айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі: ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерлік қасиеті, қиял елестері дамиды, шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.

Ойын үстінде бала бейне өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді.

Осыдан келіп ойын туралы мынандай т ұ ж ы р ы м ж а с а л а д ы :

Тәрбие құралы,ақыл-ойды,тілді ұстартады, сөздік қорды байытады,өмірді танытып, сезімді кеңейтеді




Ерік,мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді

Shape6

Өнерді,көркемдікті түсіндіру құралы


Shape7

ОЙЫН


Shape9 Shape8

Shape11 Shape10


Психологиялық және физиологиялық дамыту негізі

Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі

Shape12




Мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді. Еңбек үшін қажетті дене күші мен психикалық күш жұмсауға үйренеді



YIII. Бекіту:

1.ТАПСЫРМА. Тақырыптық түйінді сөздер әдісі. Тақырыпты түсініп, меңгергендерін дәлелдеу.

Келтірілген сөздердің қайсысы жатады?

Shape13

нақты білімді игереді, дидактикалық ойындар,ата-анамен жұмыс, шығарымпаздық қабілеті, дарынын ұштайды, белсенділігі артады,ерлік қасиеті, қиял елестері дамиды,күш жігерін жаттықтырады,психологиялық жағымды




Shape15 Shape14

ЕҢБЕК туралы негізгі сөздер осы жерге ауыстырылады

Оқу туралы негізгі сөздер осы жерге ауыстырылады












ХІ.МЮСТЕНБЕРГ әдісі бойынша ұлы педагогтардың ойларын анықтап, шығармашылық жұмыстарымен дәлелдеу.

IІ тапсырма: АПРОЛДЕНГШЩБАЛАСМИТЬВАПРООЙЫНДАЙЦУКЕНҚАНДАЙОЛДЖЭЙКЦБОЛСАЪХЗЩӨСКЕНЯЧССОҢББЬТИЖҰМЫСТАФЫДАЯЧРОДКӨБІНЕСЕЯЧСМИТСОНДАЙЮБЬӘІҢҒҮҰБОЛАДЫЙЦУКСМИТФЫВАЗЩШГУСОНДЫҚТАНЙЦУКХЗЩӨҚҰҮШГНЕБОЛАШАҚКЕНГШФЫВАҚАЙРАТКЕДІЯЧСМИТХЗЩТӘРБИЕЛЕУФЫВАПРОЫВАПРОЯЧСМЫВОЙЫНДАЯЧСМИТЬБЮЪХЗЩШБАСТАЛАДЫЙЦУКЕНГШЩЖДЛОРПЗМАКАРЕНКОЮБЮБЬТИМСЧ

1-топ. А.С.Макаренко "Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көбінесе сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойында басталады".

ЙЦУКЕНГШЩОЙЫНЭЖДЛОРПАФЫВАПРОДЕГЕНЪХЗЩШГНЕКУЦЙМЕНІҢФЫВАПРОЛДЖТҮСІНУІМШЕІҢҒЮБЬТИМСКӨҢІЛҮҰҚЭЖДЛОРЙЦУКЕНГКӨТЕРУӨҚҰҮҒҢЙЦУКЕНГШЖҰРТТЫҢЙЦУКЕНГШЩЗКӨЗІНӘІҢҒҮЭЖДЛОРПАВҚУАНТЫПЙЦУКЕНГШЩЗЭЖДЛОРПАВЫЙКӨҢІЛІНФЫВАПРОЛДЖЭІҢҒҮҰЯЧСМИШАТТАНДЫРУФЫВАПРОЛДЖӨҚҰҮЭЖДЛОРПАВҒҢҒАНАӘІҢҒФЫВАПРОЛДЖҺӨҚҰҮҒҢЕМЕСФЫВАПРОЛДҺӨҚҰҮҒҢІЯЧСМИТЬБЮОЙЫННЫҢҺӨҚҰҮҒҢЯЧСМИТЬБЮӨЗІНШЕЪЗЩШГНЕКӘІҢҒЖДЛОРПАВҮҰҚБІРФЫВАПРОЛҚҰҮҒҢІЮБЬТИММАҒЫНАЛАРЫФЫВАПРОҚҰҮҒҢІӘБОЛҒАНФЫВАПРОЛҚҰҮҒҢІӘЭЖДЛОРПАӘУЕЗОВЖДЛОРӘІҢҒҮҰҚЖДЛОРПАВЫЙЦУКЕН

2-топ. М.О.Әуезов "« Ойын деген менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір мағыналары болған».

3-топ. ВАКУЕНЫПОЙЫНЫВАПРОЖЛОРБАЛАЛАРДЫҢЙЦУКЕНГШЩКҮНДЕЛІКТІФЫВАПХЗЩШГТІРШІЛІГІФЫВАПРЗЩШГНАДАМНЫҢЭЖДЛОЯЧСБАСЫНАНЙЦУКЭЖДЛОРӨТЕТІНФЫВАЯЧСМИӨМІРІНІҢЯЧЮБЬЫВАӘРЯЧСЭЖДЛОУАҚЫТЫНДАҒЫФЫВАПРХЗЩШГКӘСІБІФЫВАПРОСИЯҚТЫЙЦУКЕХЗЩШГТІРШІЛІКТІҢФЫВАПТҮРІЖДЛОРТПАБАРЯЧСМИСОЛФЫВАПРЖДСИЯҚТЫЙЦУКЕХЗЩШГБАЛАЛАРДЫҢФЫВАДАФЫВАПӨЗІНЕФЫВАПРМЕНШІКТІЭЖДЛОРПБАЛАЯЧСМИТЬЫУКЕЗІНДЕФЫВАПРОЛІСТЕЙТІНЭЖЪХЗЩШГНІСТЕРІФЫВАПЭЖДЛБАРФЫВОЛЯЧЫВАЭЖДЛОРПІСМНЕКІНУИЖАСФЫВАПЪХЗЩШГУАҚЫТЫНДАҒЫФЫАПРЫВАПООЙЫН

Халық мұғалімі Байтоғайұлы Малқай бала өміріндегі ойынды және ермекті «ол — баланың еңбегі»,- дейді.Ендеше, ойын балалардың күнделікті тіршілігі адамның басынан өтетін өмірінің әр уақытындағы жазғы, күзгі, қысқы істелетін кәсібі сияқты. Тіршіліктің түрі бар. Сол сияқты балалардың да өзіне меншікті бала кезінде істейтін істері бар. Ол іс – жас уақытындағы ойын».

4-топ. ФЫВАПРОЖДОЙЫНЙЦУКЕНГШЩЗЖДЛОЙНАПФЫВАПРОЛДӘНФЫВАПРОЛДСАЛМАЙЙЦУКЕНГШЩЗӨСЕРЭЖДЛОРПАВФЫВБАЛАЯЧСМИЮЬБАЛАЯЧСМИТЬБОЛАРЯЧСМИТЬМАЭЖДЛОРПАЙЦУКЕНГФЖД

Қазақтың ұлы ойшыл ақыны,философ Абай Құнанбаев:"Ойын ойнап ән салмай өсер бала болар ма..."

Х. Шығармашылық жұмыс 7мин

ХІ.- "Атаулар бойынша үш сұрақ" әдісі. КЕРІ байланыс "НЕ", "ҚАЛАЙ", "НЕ ҮШІН" сөздерді байланыстыра отырып топтар бір-біріне сұрақтар қояды. 5мин

ІY тапсырма (Оқу мен еңбекке) "ВЕНН" диаграммасы


Shape17 Shape16 Shape18

Айырмашылығы

Айырмашылығы



Ұқсастығы











Үйге тапсырма: 1.С.Андабекова "Мектепке дейінгі педагогика" 169 б

Тақырып бойынша қосымша ақпараттар жинастыру.

2. Жас ерекшелік топтарына ойынмен байланыстырып оқу іс-әрекеті мен еңбек іс-әрекетіне жоспарлар құру.






























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
22 маусым
2930
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі