|
(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен
жұмыс.
1-тапсырма
Балалар
суреттегі
балалардың
іс-əрекетін
əңгімелейді.
1.Балалар
суреттегі қай баланың
қылығы
ұнайды?
Балалар өз ойларын
білдіреді.
Педагог Қ.
Мырза Əли немесе
кез
келген
ақынның əдептілік-əдемілік тақырыбындағы
бір
өлеңін
мəнерлеп оқиды.
Балалар түсінгендерін
əңгімелейді. Педагог балаларға əдептілік туралы қысқаша
түсіндіреді.
Балалар өз
мінездері туралы
əңгімелейді.
2-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтайды.
Педагог
оқиды, балалар тиісті
сөзді тауып, сөйлемді
толықтырады. Мысалы: Жерге қоқыс тастауға болмайды. Дөрекі ойнауға болмайды.
Балаларға болады,
болмайды
сөздерінің мағынасын
түсіндіреді.
«Болады,
болмайды!» дидактикалық ойын.
Ойын
шарты: педагог ортада тұрған балаға
сөйлем айтады, сөйлем соңын балалар болады, болмайды сөздерімен жалғастырып айтады.
Қателескен жағдайда, келесі бала
жалғастырады.
Нан қоқымын шашуға ... .
Қатты дауыстап сөйлеуге ... .
Үлкенге сəлемдесуге ... .
Кіші балаларды ренжітуге ... .
Досына көмектесуге ... .
Топта жүгіруге ... .
Апайды тыңдауға ... .
Ойын осылай жалғаса
береді.
3-тапсырма. Мысық, құлын, лақ сөздеріне дыбыстық талдау жасатады.
(Ұ) Сергіту сəті
Бала, бала,
баламыз,
Біз
айнаға
қараймыз.
Шашымызды тараймыз,
Əп-əдемі
боламыз!
4-тапсырма. М дыбысын педагог 3-4 қайталап
айтады.
Балалар қандай дыбыс естіп
тұрсыңдар?
Балалар М дыбысын қайталап айтады.
–Ерін бір-біріне қатты тиеді.
Тіл дауыс қуысында еркін жатады. «М» дыбысы кішкене
тілдің төмен түсіп, демнің мұрын арқылы
шығуынан
жасалады.
М
–үнді дауыссыз дыбыс.
Түйенің суретіне қарап, м дыбысына ұқсайтын дене мүшесін
атайды. Түйенің өркеші м дыбысына ұқсайтынын
табады.
Педагог түйе жануары туралы əңгімелейді. М əрпін көрсетіп, қасына түйенің өркешінің суретін қояды. Балалар
ұқсастығын
табады.
5-тапсырма. Ж. Əбдірашовтың өлеңін педагог мəнерлеп оқиды.
М-ның сырын көр
ұғып,
Əріп екен бұл
қандай?
Екі
оқушы жолығып,
Қол
алысып тұрғандай.
Өлеңді мазмұндайды. Педагог екі баланы ортаға шақырып өлең мазмұнындағыдай
тұрғызады.
Екі бала қол алысып тұрғандағы бейнесі неге
ұқсайды? (М
əрпіне).
6-тапсырма
– «М» əрпі мүсінін қалай түзеді?
– М
əрпінің алғашқы бейнесі неге
ұқсайды?
Педагог балаларға партада қалай отыру керек-тігін
түсіндіреді.
«М»
əрпінің баспа түрін жазады.
|