Тақырыбы: Қауіпсіздік
әлемі
Мақсаты: балаларға үйдегі және көшедегі
қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру, қауіпті заттармен,
қауіпсіздік жағдайлармен таныстыру және олардан сақтана білуге
үйрету; қауіпсіздік шаралары туралы білімдерін кеңейту; өз жеке
басының қауіпсіздігін дұрыс ұстап жүруге
тәрбиелеу.
Керекті
құралдар: пайдалы тағамдар,қауіпті
заттар,бағдаршам,жол белгілерінің,өрт сөндіруші көлігі және
құралдары суреттері.Скамейка -4дана, парта-2 дана, қап -2
дана.
Барысы: Балалар екі топқа бөлініп
отырады. «Өрт сөндіруші»» және «Жас
полиция»
Тәрбиеші: Балалар, бүгін «Абайла,
балақай!» атты қауіпсіздік күніне арналған спорттық-танымдық ойын
сауыққа шақырамын. Ойын ойнауға дайынбыз ба? Сендермен қызықты ойын
ойнайық! Бүгін таңертең балабақшаға келсем, бізге сиқырлы қорап
келіпті. Ішінде не бар екенін қарап көрейік! (оралған қағазды
ашады).Бұл хатта карта беріліпті. Әр аялдаманың ойындары сандармен
белгіленген! Егер барлық ойындарды ережесімен ойнасақ, «Абайла
балақай» атты карта ашылады.
Содан кейін көңілді әуенмен
денемізді сергітіп, көңілімізді көтеріп
алайық!
«Аңдар»
биі
-
санындағы ойын: «Денсаулық
аялдамасы»
Шарты: «Жұмбақтың шешуін
табу»
Тәрбиеші: Балалар, денсаулығымыз мықты
болу үшін бізге не керек? Иә дұрыс тамақтанамыз, жаттығу жасаймыз,
тазалықты сақтаймыз. Онда тазалық құралдары туралы жұмбақтың шешуін
тауып көріңдер!
Бұдан кір
қорқады
Судан
бұл қорқады.
(сабын)
Қалтамда жатыр тісі
бар
Тиме оған тиіссе балалар тісі
бар (тарақ)
Жуынып
болғанда
Жүреді
қолыңда
(сүлгі)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Тазалық құралдары туралы
білдік. 1 нөмірлі суретті ашайық. Енді келесі ойынды анықтау үшін
хатты ашып көрейік.
-
санындағы ойын: «Пайдалы
тағамдар»
Шарты:Мұздатқышқа пайдалы тағамдардың
суретін жапсырады.
Тәрбиеші: Пайдалы тағамдарды кедергілер арасынан өтіп
мұздатқышқа жапсырамыз.2 нөмерлі суретті
ашамыз.
3-санындағы ойын: «Қауіпті
заттар»
Шарты: Қаппен секіре отырып
үйдегі қауіпті заттарды
анықтау.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Үйдегі қауіпті
заттарды анықтадық, олармен ойнамайсыңдар деп сенемін. 3 нөмерлі
санды ашамыз. Біздің кітаптың суреттері ашылып келе
жатыр.
4-санындағы ойын:
«Бағдаршам»
Шарты: Жолақ жолмен жүре отырып
бағдаршамды, белгілерді
құрастыру.
Тәрбиеші: балалар, бізге бағдаршам не үшін керек? Жолда
жүру ережелерін барлығымыз білуіміз керек. Ойынымызды
жалғастырайық.
5-санындағы ойын: «Өрт
сөндіруші»
Шарты: Кедергілер арасынан жүре отырып,өрт
сөндірушінің көлігін құрастырады.
Тәрбиеші: Өрттің шығуына не себеп болады? Өртті
сөндіру үшін алдымен қандай әрекет
жасаймыз?
6-санындағы ойын: «Өрт сөндірушінің
құралдары»
Шарты: Скамейканың үстімен жүре отырып, өрт
сөндірушінің құралдарын ажырату.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, қараңдаршы,
бүгінгі ойындарды ойнадық. Бүгінгі ойындар сендерге ұнады ма?
«Қауіпсіздік әліппесі» кітабын құрастыртырдық. Қараңдаршы
қауіпсіздік ережесін білдік, оны күнделікті өмірде қолданып
жүрейік! Бүгінгі білімді, ақылды, епті, жылдам, ұйымшыл болғандарың
үшін сендерге сыйлық берейін!