Ойын сауық «Жол ережесін сақтайық»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ойын сауық «Жол ережесін сақтайық»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойын сауық «Жол ережесін сақтайық»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қостанай ауданы Затобол кенті әкімдігінің «Гүлдер» Бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны










«Жол ережесін сақтайық» 

Мектепалды даярлық «Жұлдыз» тобы
«Бәйшешек тобы»





Тәрбиешілер: Бохай Р
Досмухамбетова К.М

Кущугулова Д.С
Нурбаева Ж.Е












2019 жылы


Тақырыбы: «Жол ережесін сақтайық» атты ойын-сауық іс — шарасы.

Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, еске сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу. Жол белгілерін айыра білу дағдыдарын қалыптастыру, жол ережісін білудің маңызды екенін ойын арқылы балаларға түсіндіру.
Қажетті көрнекіліктер: Жол ережесі туралы суреттер, сызылған жол, бағдаршам, жол белгілерінің макеттері, машина, шарлар, жол белгілері, ысқырғыш.

Өтілу барысы:

Жүргізуші: Қайырлы күн балалар, тәрбиеші апайлар, бүгін Мектепалды даярлық «Жұлдыз» мен «Бәйшешек»тобының балаларының арасында «Жол ережесін сақтайық» атты ойын-сауық іс — шарасын бастаймыз.
Көшеде біз сақ болайық,
Қаймықпасын ата - ана,
Жолда сақ болайық,
Жасұлан деген атқа
дей келе кешімізге қатысатын бүлдіршіндерін қошеметпен ортаға шақырайық. «Жұлдыз» тобы, «Бәйшешек» тобы. Балалар ортаға келіп тұрады.

Жүргізуші: Балалар жол ережесін сақтауға дайынбыз ба?

Балалар хормен: Жол тәртібін білейік,
Аман - есен жүрейік.
Жүргізуші: жол заңы дұрыс жүріп абай болуды талап етеді. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында доп қуалайтыны, жүріп бара жатырған машинаға жабысатыны салдарынан бұзылады. Ережені дұрыс сақтамағандықтан да ауыр жарақат алып жатады. Сондықтанда балалар жол ережесін үнемі есімізден шығармауымыз керек.
Балалар біз осы жол ережесін білеміз бе?
Жұмбақтар:
1 - жұмбақ: Сөйлеуді ол білмейді,
Бірақ тоқта, жүр дейді. ( бағдаршам)
2 - жұмбақ: Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам.
(Автоинспекция қызметкері)
3 - жұмбақ: Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.(Жол)
4. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)
5. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген.(Жол)


Осы кезде Дымбілмес жолдан кесіп өтіп

бара жатып машинаға соғылады.

Дымбілмес: Ой, ой белім-ай, аяғым-ай.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе. Сіз мына жолдағы жүргінші жолдан неге өтпедіңіз, жолдың кез келген жерінен өтуге болмайды. Және жолдың қиылысында бағдаршам тұр, соған қарап жолдан өту керек еді. Сіз олай жасаған жоқсыз. Жол жүру ережесін сақтамаған үшін осындай жағдайға тап болдыңыз.

Дымбілмес: Кешіріңдер қателік жасадым. Мен жол ережесін білмеймін.

Жүргізуші: Бүгінгі жол ережесіне байланысты ойын-сауық өткізгелі жатырмыз. Мұқият қарап үйреніп ал.

Ойын -сауықтың кезеңдерімен таныстырып өтейін.

  1. Таныстыру. Эмблема. Ұран.

  2. Кедегілерден өт.

  3. «Жүк машинасы».

  4. «Такси» жолаушыларды тасымалдау.

  5. Жол белгілерін табу”.

Жүргізуші: Сайысымызды әділ бағалап отыртын әділқазыны таныстырып өтейін.

Ендеше балалар әр топ өздерінің командасын таныстырып өтсін.

  1. Таныстыру. Эмблема. Ұран.

«Бәйшешек» тобының командасы – «Бағдаршам»

«Жұлдыз» тобының командасы – «Жүргінші жол»


  1. Кедергілерден өт. Шарты: (отырып айдайтын машина арқылы) Әр команда бір машинамен кедергілерден өтіп, межеленген жерге барып келіп, машинаны келесі ойыншығабереді. Осылайша ойын жалғасады. ойыншылар мәреге бірінші келсе команда жеңімпаз болады.

  1. «Жүк машинасы». Бірінші бала кедергілерді жүк машинасына салып, жинап келіп, екінші балаға береді ол бала кедіргілерді қойып келеді, бірі жинап, бірі қойып ойын жалғаса береді.

  2. «Такси» жолаушыларды тасымалдау. Бірінші тұрған бала Обручтің ішінде кіріп, екі қолымен мұқият ұстап межеленген жерде тұрған балалардың біреуін обручтің ішіне салып алып келіп мәре сызығына тастап кетеді, келесі баланы салып алып келеді. Ойын осылай жалғаса береді. Балаларды бірінші тасып болған команда жеңімпаз болады.


  1. Жол белгілерін табу”. Жол ережелерінің белгілерін білдіретін суреттер басқа суреттермен араластырып кеткен, жол белгілерін ажыратып аламыз, тақтаға магнит арқылы жапсырамыз. Жол белгілерін басқа суреттерден дұрыс, қатесіз тауып алған команда жеңімпаз болады.

Балалар барлығымыз сергіту жаттығуын жасап алайық.


Сергіту ойыны:  “Бағдаршам”

Дымбілмес: Ойын шартымен түсіндіреді, мен кезекпен түстерді көрсетемін

Қызыл түс - тұрасыңдар

Сары түс - Шапалақ ұрасыңдар

Жасыл түс – аяқпен бір орында жүресіңдер

Марапаттау.


Дымбілмес: Балалар  менің  кететін  уақытым  болды. Сендерге үлкен рахмет. Өз ризашылығын білдіреді.

Жүргізуші: Балалар біз Дымбілмеске жолда жүру ережесін түсіндірдік, үйреттік. Дымбілмеске өздеріңнің білімдеріңді көрсеттіңдер. Ал, Дымбілмес сендерге алған білімі үшін ризашылығын білдіріп сыйлығын алып келді.

Дымбілмес: Қорапты ашып тарату.


Дымбілмес қоштасып шығып кетеді.

Жүргізуші:  Сендер білімдеріңді, шапшаңдықтарыңды көрсеттіңдер. Балалар рахмет сендерге. Жарайсыңдар балалар. Осымен ойын-сауығымыз аяқталды.













































































































Shape1



«Табиғат және адам»









Shape3 Shape2

«Ризамын саған «Өзін-өзі тану әлемі»

«Мен Отанымды сүйемін!»



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.01.2021
457
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі