жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ойын сауық тақырыбы "Қыс қызықтары "
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ШУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АҚҚАЙЫҢ» САНАТОРЛЫҚ БӨБЕКЖАЙ БАҚШАСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
Ойын – сауықтың тақырыбы:
« Қыс қызықтары »
«Жауқазын» ересек тобы
31.01.2020
Орындаған:
Тәрбиеші: Саулебаева А.М
Ойын – сауықтың тақырыбы: « Қыс қызықтары »
Білім беру саласы :
Денсаулық , Қатынас , Таным
Оқу қызметінің бөлімі :
Дене шынықтыру, Тіл дамыту , Қоршаған орта
Мақсаты:
Балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейте отырып, қысқы ойындардың мазмұнын меңгерту. Бала денесін ойын арқылы қоғалысқа келтіріп, таза ауада шынықтыру. Жылдамдық, ептілік , төзімділікті шыңдау арқылы көңіл – күйге қуаныш әсерін сыйлау.
Міндеті:
Таза ауада қысқы спорттық жарысын ұйымдастыру арқылы ата-ааналарды балабақша өміріне араластыру.
Өткізілетін орны: «Аққайың » бөбекжай балалар бақшасы
Құрал – жабдықтар:
2 шана, 2 шырша, 2 хоккей таяқшасы, 2 кәрзеңке , картоннан жасалған сәбіздер, қар күрегі,бахыр
Блингвальды компонент:
қыс – зима, қар – снег, аққала – снеговик
Оқу қызметінің барысы:
Балаларды шеңбер бойына тұрғызу, ортасында шырша тұрады.
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі ауа райы қандай тамаша! Бүгінгі оқу қызметіміз таза ауада өтеді. Оқу қызметіміщдің тақырыбы « Қыс қызықтары » ,ең бірінші балалар қонақтармен амандасып алайық.
Сәлеметсиз бе ! Здраствуйте ! Хэллоу!
Шаттық шеңбері:
Денсаулық
– ол күлуің,
Көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық
– ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
Денсаулық ол- шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
Жұмбақ жасыру:
Шанамен зырлап желетін
Шаңғы , коньки тебетин.
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсын?
Балалар: Қыс мезгілі. Қыс - зима
Тәрбиеші: Қыс мезгілінде неше ай бар?
Балалар: Қыс мезгілінде үш ай бар.
Тәрбиеші: Қыс мезгілінің айларын аттап беріңдер?
Балалар: Қыс мезгілінде үш ай бар : желтоқсан, қаңтар, ақпан
Желтоқсан – декабрь , қаңтар – январь, ақпан – февраль
Тәрбиеші: Қыс мезгілінде ауа райында қандай өзгерістер болады ?
Балалар: Қыс мезгілінде қар жауады, күн суытады, жел, боран болады.
Тәрбиеші: Қыста қандай ойын түрлерін білесіңдер?
Балалар: Шанамен сырғанау, қар атысу, шаңғы тебу, аққала ойыны
Балалар қараңдаршы, шыршаның астында не бар екен?
Шыршаның астында қорапша бар
Қорапшада не бар екенің көрейік?
Қорапшаның ішінде хат бар екен, ашып көрейік, кімнен екен.
Ғажайып сәт: сиқырлы қорапша ішінде хаты бар
Тәрбиеші: Балалар бізге хат келіпті : «Құрметті балалар біз сіздерді орманға қонақққа шақырамыз . Бізбен бірге түрлі ойындар ойнайық.»
Аю мен қоян.
Балалар аю мен қоян бізді қонаққа шақырып жатыр, олар орманда тұрады. Жолға шығайық, тізбектеліп тұрайық. Жолда бізді кедергілер күтіп тұр
Түрлі – түсті шеңберлерден секіріп өту
Төбешіктерден аттап өту
Көпірден үстінен тепе – теңдікті сақтап өту
Тәрбиеші: Балалар жарайсындар барлық кедергілерден өттік. Біз аю мен қоянға қонаққа келдік
Аю мен Қоян : Сәлеметсіздер ме балалар біз сіздерді асыға күттік. Біз спорттық ойындарды жақсы көреміз.Сіздердге арнайы түрлі ойындарды дайындап қойдық. Екі топқа бөлініп жарысамыз.
Балалар:Сәлеметсіздер ме аю мен қоян.
Тәрбиеші : Біздің балалар сіздермен бірге ойындар ойнауға келді.
Аю мен Қоян : Олай болса біз балалардың қыс мезгілі туралы тақпақтарды біле ма?
Тәрбиеші: Біледі , қане балалар тақпақтарды айтайық
Арайлым
Аяз шымшып алады
Боран мен жел болады
Туған жердің ақ қысы,
Ақ құшағын жаяды.
Аяз келіп қаһарлы,
Айналаны қар жапты.
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.
Аян
Қыста қармен ойнаймыз,
Қызыққа біз тоймаймыз.
Таудан төмен сырғанап,
Шаңғы , шана ойнаймыз
Айсұлу
Қыс келді қылышын сүйретіп,
Көңілді кезеңді күйретіп.
Суретін әйнекке салды аяз.
Үскірік – ызғрын білетін
Қыс келді қылышын сүйретіп
Аямай шашты қар – ырысын,
Бетімді шымшыса сары аяз
Деймін мен : «Мұндай қыс құрысын»
Қылышын сүйретіп қыс келді,
Ақ қардан аққала істелді
Еркесін аялап өсірген
Айналам ақ мамық түске енді.
Шахмансұр
Ақ киімді , денелі, ақ сақалды,
Соқыр , мылқау, танымас тірі жанды
Үсті – басы ақ қырау, түсі суық ,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдан – қыс келіп қалды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Тұмарис
Ақ шанамыз зырлайды
Ақ қар оны шыңдайды.
Біреу шаңғы тебеді,
Құйындатып келеді.
Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан.
Қар атысып ойнасақ
Су болады қолғаптар.
Аделя
Қыста қар жауғанда
Аппақ қарлар толғанда
Қар атысып ойнаймыз,
Атысып біз қоймаймыз.
Жабысқақ қар болғанда,
Домаланып қалғанда.
Аққаланы жасаймыз,
Шыр айналып ойнаймыз.
Өмірзақ
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болып қатады,
Жып – жылтыр боп жатады
Алина
Қандай қызық қыс деген,
Бәрін шебер істеген.
Бақаша, бауды тауды да.
Бояған ақ түспенен.
Тәрбиеші:
Ауамыз таза болсын
Денсаулығымыз мықты болсын.
Ойын қызықты болсын,
Жарыс көңілді болсын!
Жарысты бастамас екі топқа бөлініп ойнаймыз.
Аю мен Қояндар тобы.
«Аю» тобының ұраны – Біріміз, бәріміз үшін
Бәріміз , біріміз үшін!
«Қояндар» тобының ұраны – Қояндарша орғимыз
Намысты қолдан бермейміз!
Тәрбиеші: Сайысымызға әділ баға беретін әділ қазы мүшелерін сайлап алайық
Балабақша меңгерушісі – Таналиева Д.Р
Әдіскері - Ибраева Э.А
Медбике –
Топтармызға сәттілік тілеп қошемет көрсетейік
(музыка ойнатылады)
Бүгінгі жарысымыз 5 кезеңнен тұрады
«Қай топтың шанасы алда»
Шарты: Әр топқа бір шанадан беріледі. Ата- ана баласын шанаға отырғызып алып белгіленген жерге дейін айналып өз орнынына барады. Қай топ бірініші болып келсе, сол топ жеңімпаз болады.
« Хоккей дойбасын домалату»
Шарты:Әр топқа хоккейдің таяқшасы беріледі, хоккейдің таяқшасымен хоккей дойбасын дейін домалатып апарады. Нысананы тез айналып келіп, хоккейдің таяқшасын келесі ойыншыға береді, осылай ойын жалғасын табады. Бірінші келген команда жеңіске жетеді.
«Секіргіштер»
Шарты: Аппақ қардың үстінде 2 топтан бір – бірден ойыншылар шығып, қоянша секіре отырып (екі аяқ бірге, екі қол кеуде тұсында ) төбешікке жетеді. Бұл төбешіктің үстінде кәрзеңкеге салынған сәбіздер бар.Қолымен сәбізді алып ауыздарына сәбізден тістеп, қайтадан қоянша секіріп қайтады. Сәбізді бос ыдысқа салады, қай топтың сәбіздері көп болса, сол топ жеңімпаз болады.
« Қарды тез жеткіз»
Шарты: Әр топтан бір ойыншы шығып қолына кішкентай қар күрегін мен бахырын алады. Төбешікке дейін жүгіріп келіп күрегімен бос ыдысына қарға толтырып , жүгіріп келіп ортада тұрған бос ыдысқа қарды салады. Ыдысты қармен толтырған топ жеңіске жетеді
«Мұнара » құрастыру
Шарты : Бұл сайысқа топтың барлық адамдары қосылып мұнара құрастырады. Мұнараны бірінші болып құрастырған топ , жеңімпаз болады.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар мен балалар осымен біздің сайысымыз өз мәресіне жетті. Әділ қазы алқасы өз шешімдерін айтқанша, бәріміз ортаға шығып би билейі.
Балабақша меңгерушісі : Ж.Р.Таналиева
Балалар бүгінгі жарысымыз қызықты өтті, сайысымыздың жеңімпаздарын айтайық. Бірінші орын : «Қояндар» тобына
Екінші орын «Аюлар» тобына беріледі
Ата-аналарға белсендік танытқаны үшін мадақтама қағазы беріледі.
Тәрбиеші: Балалар жарысқа қатысқаны үшін сіздерге барлықтарыңызға алтын алқаларды табыс етемін.
Аю мен Қоян : Балалар бізге қонаққа келіп , бізбен бірге ойын ойнап көңіліміз бір көтеріліп қалды.Біздің балалрға арналған сыйымыз бар соңы қабыл алыңыздар.
Балалар : Көп рахмет!
Тәрбиеші: Балалр біздің өз тобымызға баратын уақыт болды.Қонақтармен мен Аю мен Қоянмен қоштасайық.
Сау болыңыз ! До свидания ! Гудбай !

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген