400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Ойын "Тапқыр достар" 5-7 сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ойын 5-7 сынып оқушылары үшін арналған. Оқушыларға қызықты, танымдық, сөйлеу тілін дамытатын іс-шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тапқыр достар» сайысы
Сайыс мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың лидерлік қасиетін ұштап, аналитикалық қабілетті ашу, интелектуалдық деңгейін арттыру.
Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділіктерін дамыту, өзара көмектесу, топпен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Сайыста жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, ойын сабақ
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, слайдтар

Сабақтың барысы:

- “Адам байлығының ішіндегісі ең тамашасы - білім” деген екен шығыс ғұламасы Әбу Райхан әл Беруни. Ендеше 5-7 сыныптарда тәрбие сағатында өткелі тұрған “Тапқыр достар” сайысына қош келдіңіздер.
Сайыс кезеңдері:
1. Таныстыру
2. «Сен білесің бе?»
3. «Тіл өнері»
4. «Ойлан, тап!»
5. «Кім жылдам, әрі тапқыр»
6. Қорытынды
Барысы:
- Мінекей залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қоштаймыз
Кешіккендерді тоспаймыз
Ғылымдардың жаңасы
Қазақ тілі жайында
Сайысты біз бастаймыз
- Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Тапқыр достар» сайысына қош келіпсіздер!
- Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған екі топты қол соғып қарсы алайық.
- Бас иіп топ алдында шығатын
Сәлемдесу парызы әрбір жастың
Білімдерін паш етер сайыскерлер
Сәті келіп қалғандай танысатын, - дегендей сайысымыздың 1 - ші кезеңі «Таныстыруды» бастайық! Сөз кезегін «Айжұлдыз» және «Барыс» топтарына береміз. (Әр топ өз тобының атын, ұранын, топ басшысын, мүшелерін таныстырады)
- Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып тасып, асықпа, қалыспа сен
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр
Тапқырлық пен шапшаңдық бұл сайыста керек екен – дей отыра келесі кезеңді бастайық.
2 - ші кезеңі «Сен білесің бе?»
Яғни сұраққа жауап береміз? Әр дұрыс жауап 10 ұпай.
1 топқа сұрақтар:
1 Фонетика нені зерттейді? дыбыстарды
2 Қазақ тілінде неше септік бар? жеті
3 Жалғаудың неше түрі бар? төрт
4 Қазақстан қанша мемлекетпен шекаралас? 5
5 Қазақстанның рәміздері? Ту, елтаңба, әнұран
2 топқа сұрақтар
1 Қазақ тілінде неше сөз табы бар? Тоғыз
2 Қазақстанның бас қаласы? Астана

3 Елордамыздың символы? Бәйтерек
4 Қазақстанда неше облыс бар? Он төрт
5 Дыбыстар неше және қандай түплерге бөлінеді? Екі және даысты, дауыссыз

3 - ші кезеңі «Тіл өнері»
Дұрыс жауапқа 10 ұпай
1. Жері байдың -..............
«елі бай»
2. Көпті сыйлағаның........
«өзіңді сыйлағаның»
3. Жалқаудың жаны тәтті,.......
«еңбектің наны тәтті»
4. Өзге елде сұлтан болғанша,........
«өз еліңде ұлтан бол»
5. “Ас - адамның ..........

«арқауы»

4 - ші кезеңі «Ойлан, тап!»
Бұл кезеңде интерактивті тақтада слайд - шоумен көрсетілген суреттерді топ басшысы өз тобының мүшелеріне жасырып айтады. Топ мүшелері экранға қарамай тұруы тиіс. Топ басшысы түсіндіруі тиіс.
1 топқа мынадай суреттер жеке - жеке слайдта көрсетіледі: түлкі, бауырсақ, киіз үй

2 топқа мынадай суреттер жеке - жеке слайдта көрсетіледі: Бәйтерек, гүл, мысық

5 - ші кезеңі «Кім жылдам, әрі тапқыр»
Тақтада «ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ» сөзі беріледі. 1 минутта қай топ көп, мағыналы сөз құрайтынын байқау.
Қорытынды
- Әділқазыларға сөз беру. Жеңген топты анықтау. Марапаттау.
-
Ойын толқын жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, - дей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
964
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі