Материалдар / Ойын технологиясы – балалардың рухани – адамгершілік тәрбиелеу құралы.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ойын технологиясы – балалардың рухани – адамгершілік тәрбиелеу құралы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойын арқылы балалардың тілін дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қараша 2018
248
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ойын технологиясы – балалардың рухани – адамгершілік тәрбиелеу құралы.Еліміздің даму деңгейі мектепке дейінгі кезеңнен бастап балаларымыздың дүниетанымын дұрыс бағыттаудан басталады. Балабақша жағдайы онда түрлі оқыту технологиялары кеңінен қолданылу үстінде. Қазіргі танда оқытудың жаңа технологиялары тек сипаттама түрінде ғана емес, шынайы проблемалық негізде болуы тиіс. Ойын – қоғамдық тәсілді меңгеру мақсатында бағытты түрде іскерлікті көрсететін, уақыт жағынан шектеулі іс – әрекет. Ойын кең ұғымды, үздіксіз ойнайтын адамдар ойынды шындыққа айналдырады. «Ойын – бала үшін өмірдің мәні болып табылады», - дейді педагог Ш.А. Амонашвили. Ал белгілі педагог А.С.Макаренко баланың өміріндегі ойынның атқаратын қызметі жөнінде: «Үлкендер үшін жұмыстың маңызы қандай болса, балалар үшін ойынның маңызы сондай болады»,- дейді. Егер ересектер тарапынан бала ойынына көңіл бөлінсе, дұрыс бағыт берілсе, ойынның бала дамуына тигізер әсері көп. Үлкенді сыйлауды, жолдасын ренжітпеуді, бірлесе шешім қабылдауды балалар ойын негізінде сезінеді. Ойын – балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың дербес тәсілі. Ойын балаларды өмірдегі кездескен қиыншылықтарды жеңуде үйретіп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетінің дамуына ықпал етеді. Қазақстан Республикасының Жалпыға Білім беру Стандарты мектепке дейінгі тәрбие 1.01.2009 бағдарламасының мақсаты – балабақша жұмысын тұжырымдамаға сай қайта құру, тәрбие жұмысының мазмұнын халықтық педагогикаға сәйкес үйлесімді түрде жаңарту, ақыл – ой, дене, адамгершілік сапасын жақсарту, жаңа қоғамға лайықты тұлғаны даярлау. Ал бағдарламаның міндеті ата бабадан мирас болған өнер мен өнеге үлгілерінің лайықтыларын баланың құлағына құйып, сана- сезіміне сіңіру, оларды әдептілікке, мейірімділік пен ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлыққа баулып, адамгершілік қасиеттерін жетілдіру болып табылады. Ойын арқылы баланың рухани адамгершілік қасиеттерімен қатар білімге, өнерге құштарлығы қалыптасады. Ойын- бұл жас бүлдіршіндердің өзінше еңбегі. Жалпы өмірде ойынның да қоғамдық мәні бар. Ойын барысында белгілі бір әрекет жасай отырып, жас бүлдіршіндер қоғамдық өмірге қатысудың алғашқы үлгісін алады, ересектермен арасындағы қарым – қатынастың байланысын түсінеді.Бала ойын арқылы өзі өмір сүріп отырған, белгілі бір әлеуметтік ортадағы норма мен әрекетті қабылдайды. Ойын белгілі бір ұстамдық тәртіптің көрінісі болып табылады. Ойын барысында жас бүлдіршіндер бірін бірі сыйлауды, үлкендерді құрметтеуді, қадірлеуді үйренеді. Ертегілерді тындау арқылы рухани адамгершілік қасиеттерге,ерлікке, шыншылдыққа, кішіпейілдікке тәрбиелейді. Жалпы ойынның қандай түрі болмасын, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады. Баланың ойыны ересек – адамдардың еңбегіне еліктеуден өрістеп, бара – бара шын мәніндегі еңбеққе айналады. Бала ойындары өмірлік қажеттіліктен туады да, психологиялық жағынан денсаулық сақтауға негізделеді. Балалар ойын үстінде өнеге алып, мінез қалыптастырады, өзіндік ерекшелік қасиетін айқындай бастайды. Ойын үстінде әр баланың игі бастамасын қолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді өрбетуге, өзіндік мінез –құлқын қалыптастыруға аса көніл бөлген жөн. Сондықтан ойын балаларды тәрбиелеудің де тиімді жолы тәрбие құралы екндігін дәлелдейді. Тәрбиелеу мен оқытудың түрлі технологияларының ішінде ойын технологиясы балалар бақшасында сіңісті болып кеткен және оны әр түрлі бағытта дамытуға болтын ең тиімді оқыту технологиясы. Ойын әрекетінің қызықты болуын қамтамассыз ететін, баланын танымдық қызығушылығы мен адамгершілік сапаларын дамытатын басты нәрсе: адамгершілік сапалар. Адамгершілік сапалар ол – білім, әрекет, қарым – қатынас, ойын. Ойынды мектеп жасына дейінгі балаларды рухани – адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды тетігі деуге болады. Балалар ойын барысында өзінің рухани жан дүниесін еркін сезінеді, ізденімпаздық тапқырлық әрекет байқатады. Рухани жан- дүниесін сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне енеді. Ойын – баланы рухани – адамгершілікке тәрбиелеудің негізі болғандықтан әрбір тәрбиеші – ұстаз оқыту мен тәрбие берудің мазмұнын үнемі ойын элементтерімен толықтырып отыруы керек. Рухани- адамгершілік тәрбие – бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым –қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез құлқы мен іс – әрекетін анықтайды. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген. «Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң қаларсын ұятқа» «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға»- деген мақалдардан көруге болады. Мақал- мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлендер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау- адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс – әрекет барысында, әртүрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі. Адамгершілік- адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым- қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы,іс –әрекеті, қарым – қатынасы, көзқарасымен сипатталады. Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық. Адамгершілік – ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.

Орындаған:Тасмагамбетова К.А.



























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!