"Ойын түрлерін әр-түрлі әрекеттерде қолдану арқылы бала дағдысын дамыту."

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ойын түрлерін әр-түрлі әрекеттерде қолдану арқылы бала дағдысын дамыту."

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиелеу білім беру процесін ұйымдастыру туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

КМҚК «Шағала» бөбекжай-бақшасы











Баяндама

Тапқырыбы: «Ойын түрлерін әр-түрлі әрекеттерде қолдану арқылы бала дағдысын дамыту»















Дайындаған: Жаксиева ЭЖ.



























2023-2024 оқу жылы





Тақырыбы: «Ойын түрлерін әр-түрлі әрекеттерде қолдану арқылы бала дағдысын дамыту»

2023-2024 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру туралы

Әдістемелік нұсқау хатта негізге алынған міндеттер белгіленген болатын.

-тәрбиеленушілердің өмірін қорғау және денсаулығын нығайту,салауатты өмір салты негіздерін,қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыру;

Тәрбиелеу –білім беру процесін ұйымдастыруда педагогтерге келесі қағидаларды назарда ұстауды ұсынды;

- ойын арқылы үйрету;

-түрлі балалар әрекетін ұйымдастыру (ойын ,қимыл, танымдық,шығармашылық,зерттеу еңбек,дербес) арқылы балаларды дамыту.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиелеу –білім беру процесін ұйымдастыру үшін дамытушы заттық-кеңістіктік орта барлық топта болуы қажет.

Дамытушы заттақ-кеңістіктік ортаны-балалардың заттар мен ойыншықтарға еркін қол жетімді және күні бойы немен айналысатынын өз бетінше таңдауын,өз идияларын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін ,олардың бастамасын қолдау үшін жоспарланған әртүрлі материалдары бар орта.

Бағдарлама мазмұнын іске асыру педагогген балаларға нұсқаушы ретінде қарауды емес серіктестік қарым-қатынас жасауды ,баламен бірге ойнауды ,бірлесіп әрекет жасауды көздейді. Сондықтан баламен күнделікті жұмыс жасау барысында өзіне ыңғайлы киімдерді киюге болады

Сондай-ақ ұйымдастырылған іс-әрекеттерді ,түрлі балалар әрекеттерін тек топ бөлмесінде үстел үстінде емес,серуенде,ойын алаңында және т.б балалар үшін жайлы жағдайларда күннің бірінші және екінші жартысында өткізуге болады.

Тәрбиелеу –білім беру процесін ұйымдастыру және өткізу кезінде тәрбиеленушілердің қызығушылықтары ,қажеттіліктері ,жас және жеке ерекшеліктері ескеріледі.

Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту коммуникативтік дағды,физикалық дағды, танымдық дағды,әлеуметтік дағды,шығармашылық дағдыларды дамыту ісінде жүзеге асырылуда ;

-балалардың сөздік қорларын дамыту;

-жаңа сөздер меңгерту;

-үйренген сөздерін тиянақтап,анықтап,әрі байытып отыру басты міндет болып саналып отыр.Осы аталған міндеттерді тәрбиеші ойын түрінде үнемі сөздік жұмысын жүргізуді басшылыққа алып отыруы тиіс .

Ойын- дегеніміз не? Ойын дегеніміз-халықтың баланы әдептілікке,сауаттылыққа баулитын құралдың бірі.Ойын- баланың шын тіршілігі. Ойын-оқу үдерісіндегі оқытудың әрі формасы,әрі әдісі.Сонымен бірге ойынды тәрбиеші мен балалардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланыс технологиясы ретінде қолдануға болады. Тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда негізгі жұмыс түрі-ойын әрекеті. Бала саналы ,мәдениетті,адамгершілігі мол болып,жан-жақты дамуы үшін және айналадығы өмір құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың маңызы зор.Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері ,қабілеті мен белсенділігі көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А С Макаренко былай дейді: «Ойында бала қандай болса ,өмірде кәсіби қызымет саласында,көбінесе сондай болады» .Сондықтан ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып,таңдап алады.Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды.Қай бала болмасын ойынмен өседі ,өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты.Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды.Баланың білуге деген құштарлығы ,сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.Ойынның түрлері өте көп. Мысалы:рөлдік ойындар,денешынықтыру ойындары,сөжеттік ойындар,дидактикалық ойын элементтерін пайдаланудың маңызы өте зор Дидактикалық ойындар баланың ақыл-ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады.Бұл дидактикалық ойындар сөйлеуді дамыту,көркем әдебиет,қоршаған ортамен таныстыру іс-әрекеттерінде жиі қолдануға болады.

Сөздік қорды дамыту жұмысында ойын іс-әрекеті ең негізгі орын алады.Тәрбиеші бақылау,заттарды қарау,сурет қарау,жұмбақ шешу және құрастыру,саяхат, ойын-іс әрекеттерін ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады.Арнайы ойын мазмұнына қарай танымдық ,дамытушы ойындарды,тапсырмаларды қолдану , заттарды бір-бірімен салыстыруға,оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді.Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді.Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып,балаларды ойнай білуге ойын ережесін сақтауға ,әрі оларды ойната отырып,ойлануға бағыттайды,заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады,ойынға қызықтыра отырып зейінін ,қиялын қабылдауын, түйсіктерін дамытады.

Таным-бұл әрқашан жаңаны іздеу ,шындыққа жету,ал шығармашылық –жаңаны сапалы құрудағы әрекет.Танымдық қызығушылықтың тууы баланың даму деңгейіне ,тәжрибесіне,біліміне байланысты және бір жағынан оқу материалын беру тәсіліне байланысты.Қимыл ойындары-балаға дене тәрбиесін беру құралдары.Балалардың жүгіру,секіру,өрмелеу,лақтыру,қағып алу қабілеттерін жетілдіруге ,дамытуға мүмкіндік береді.Қимыл ойындары баланың жүйке қалыптасуына зор ықпал етеді.Қимыл ойынының ережелерінде ұйымдастырушы роль атқарады,олар ойынның барысын,жүйелілігін,ойнаушылардың қарым-қатынасын,баланың мінез-құлқын белгілейді.Қимыл ойындары топтың ішінде және серуен кезінде бірнеше баламен немесе бүкіл топпен өткізіледі.Сондықтан олар дене шынықтыру іс-әрекет құрамына енеді. Тәрбиешілердің ең маңызды мақсаты-балалардың білімге деген қызығушылығын дамыту үшін іс-әрекетте әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану.

Жалпы ойынды ұйымдастыру1- ойынды өткізуге әзірлік 2-ойынды өткізу 3-ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал,заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады. Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады.Ойын талдау,бұл ойынның өз мақсатына жетуі,балалардың белсенділігі және олардың іс-әркеті болып табылады.Ойын әрекетінде саусақ ойындарыныңда маңызы зор. Бала саусағын ойната отырып тілін дамытады..Саусақ ойыны-бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ,әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.

Саусақ ойыны-саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең ,тақпақ шумағын сахналау болып табылады.Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы,қабілеті дамып,ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады.Саусақ ойынын ойнай отырып,балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды,жан-жануарларды,құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс –қимылына қарап бала қуанады,шаттанады,сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып,есіне сақтайтын болады.Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып,оң,сол, жоғары,төмен т.б түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді.

Сөйлеу тілі әрекетінің дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан ,бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету-тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.

Мысалы: коммуникативтік дағды бойынша басты мақсат балалардың тілдерін дамыту тіл болмаса ,бала өз ойын толық жеткізе алмайды, ішінен тынып ,сыртна шығара алмай басылып қалады. Сондықтанда балалардың тілін шығару үшін көп жұмыстар жүргізілуі тиіс.

Осы бес дағды яғни физикалық,коммуникативтік,танымдық,әлеуметтік,шығармашылық дағдылар бойынша ойындар картотекасы материалдарымен, көрнекіліктерімен барлық топта жасақталуға міндетті.

Қортындылай келе балаларға тянақты білім беру тәрбиешінің творчестволық ,ізденісі мен шеберллігін қажет етеді.Мұның өзі ойын баласы екендігімен байланысты.Сондықтан іс-әрекет тартымды болу үшін тақырыпқа сәйкес ойындар таңдап алып,оларды ұтымды пайдалану керек.Сонда ғана барлық баланы іс-әрекетке қатыстыруға болады.

Әрбір тәрбиеші іс-әрекет процесінде қандай дидактикалық ,ойын қолданатын күні бұрын іс-әрекет мазмұны мақсатына сай лайықты таңдап алған жөн.



















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.12.2024
205
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі