Материалдар / Ойындар

Ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
сабаққа жасалынған ойындар
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


1 Simon says. Көңілді қарапайым белсенді ойын түрі мақсаты тек ережесін сақтап орындау.Ойын жүргізуші “Simon says”деп айтады,мысалы “touch your nose” – мұрындарыңды ұстаңдар деп немемсе “clap your hands” – алақандарыңды шапалақтаңдар.Бұл ойын бой жазып демалып,серігіп алуға жақсы мүмкіндік.

2 Countable and uncountable.Бұл ойында допты қолдану арқылы шеңбер болып тұрып зат есімдерді атайды.Допты лақтырып отырып зат есімнің саналатын немесе саналмайтын зат есім екенін айту керек.Егер ойыншы дұрыс айтпаса ойыннан шығады

3 Basketball.Керек құралдар:2 себет қажет және стикерлер.Сыныпты екі топқа бөлеміз және кез келген тақырыпқа сөз беріледі.Әр қатысушы берілген тақырыпқа сәйкес мүмкіндігінше көбірек сөз жазылуы тиіс, қағазды орап қарсыласының себетіне лақтырады.Қорытынды шығып,тек себеттегі лақтырылған қағаздағы сөздер дұрыс болған жағдайда есептеледі.Жеңімпаз көп дұрыс сөз жазған топ жеңеді.

4 .Crocodile. Бұл ойын атақты.Ойын шарты:белгілі сөзді өз тобындағы қатысушыларға көрсету.Бұл ойын тақырыпты қайталауға өте тиімді ойын.Ең бірінші болып аяқтаған топ жеңімпаз атанады яғни ойын барысында көбірек сөз көрсеткен топ.

5.Freeze. Сыныпта балалар жүгіртіп,сол кезде оларды тоқтату мақсатында “Freeze” деген сөзді айтқанда олар тұрған кейпінде қатып қалу керек, олар қандай қалыпта қатып қалды соны біліп алу керек.Ойын мақсаты:бірінші ойыншыны ерітіп, оның қандай кейіпте қатып қалғанын табу.Мысалы: Are you a cat? - Yes, I am / No, I am not. Ең бірінші ойыншыны еріткен соң дәл солай қалғандарын ерітіп қандай қалыпта болғанын сұрап шығамыз. 6.Fairytale.Бұл ойынға керек құралдар:жазулары бар плакаттар(сөздер біртүрлі болған сайын қызығырақ болады).Мысалы: dog, tree, wind деген сөздер сияқты.Балалар арасында рөльдерге бөліп тастап оқи бастаймыз. Мысалы: the wind has moved the tree –жел ағашты қозғалтты, the dog says "bark" – ит «гав» деп айтты т.б.

7 Colours. “Quickly touch something red” – жылдам айтылған түсті тауып көрсету керек.Ойын күрделендіруге болады:яғни мынадай бұйрық беру арқылы – bring me a blue book –көгілдір түсті кітапты әкел деп.

8.Opposites.Допты лақтыра отырып белгілі бір сөзге мағынасы қарама -қарсы сөзді атап шығу.Мысалы: men – women, white – black, и т.б.

9.Where is it?Бұл ойын ағылшын тіліндегі предлогтарды қайталауға өте жақсы мүмкіндік.Түрлі заттарды тығып тастау арқылы олардың мекендерін анықтау.Біз теріс қарап тұрғанда оқушы затты тығып қояды, мысалы:кітапты нұсқаулық бойынша іздеп табу керек.мысалы: look at the wall, on the shelf, next to the lamp (қабырғаға қара ,полкада, шамның қасында т.б.

10.Dress me up. Киімдер тақырыбын қайталауға өте көңілді ойын түрі.Киімдерді ауызша атай отырып оқушыны киіндіреміз a coat, a hat, и т.б.,киім бітіп қалмайынша тоқтамай киіндіре береміз.

11.What am I doing?Көңілді сергек ойын түрі.Оқушыға бір қимылды көрсетеміз мысалы жүріп немесе билеп көрсетеміз оқушылардың мақсаты қандай іс қимыл екенін табу. Мысалы: you are dancing, you are walking.

12.As many as you can. Сөз тіркесі немесе ұзақ сөз таңдап аламыз. 2 минут ішінде мүмкіндігінше көбірек сөз табу.Жеңімпаз- көп сөз тапқан және дұрыс тапқан оқушы.

13.Can you draw? Бұл ойын оқушының шығармашыл қиялын дамытады.Заттардың ағылшын тілінде атын атау арқылы оларды сурет етіп салуға мүмкіндік алу.Игра позволит ребенку выпустить свою фантазию на волю. Мысалы, a bear немесе an apple.Суретті бояп астын жазуға болады.Speaking дамытуға өте керемет тапсырма.

14.What is missing? Заттардың атауын қайталай отырып оқушының зейіннін бақылау қабілетін дамыту.Оқушылардың алдында бірнеше заттарды қойып немесе тақтаға іліп,0ne,two,three I can not see деп мұғалім айтқызады олар көздерін жұмып осылай қайталайды ал мұғалім бір затты тығып open your eyes деп айтады.Мұғалім What is missing? деп сұрайды оқушылар қай сөз жоқ екенін табады.


15.«Funny boots». Мұғалім оқушыларға түрлі түсті бәтенкелеріне ұлтарақ формасындағы пішіндер таратады онда жауарлар немесе тағамдар атауы болуы мүмкін. Екі данадан таратылады.Оқушыларға екі бірдей түс жақын тусі тиіс. (жануарлар атауы мен тағам атаулары)

16.«Colours,school things, clothes». Балалар шеңбер болып тұрадыОртасында жетекші доппен тұрады. Қатысушыларға допты түстерді,киімдерді, мектеп құралдарын бірін атап лақтырады дұрыс емес айтылса ойнынан шығады

17.«Builder». Балалар топқа бөлінеді.Әр топқа әріптер топтамасын беріледі. и получают на команду комплект карточек с набором букв. Екі топ жүргізу алдына тұрады.Жүргізуші сұрақты оқып болған соң,жауап сөз болады, (немесе мұғалім сөзді қазақша айтады,ал балалар ағылшынша құрастырады, ойыншылар алға жүгіріп шығу қажет.Дұрыс тапқан топ жеңімпаз атанады.

18.«Stars».Түрлі түсті қағаздан суреттелген жұлдызшалар қиып алу қажет. Балаларды екі топқа бөлеміз.Олар сәйкес жұлдызшаны таңдайды.(Мысалы: жатын бөлмедегі заттар,немесе туған күн тақырыбына сәйкес сөздер.

19.«Story-teller» Заттарды шеңбер бойында отырып бір біріне беру арқылы ойналады. Қатысушылар жартылай шеңберде отырады.Тақтада сурет ілініп тұрады.Әр қатысушы айтып береді.(Мысалы: адамды суреттеу,зат), және допты сөйлемдерін көршісіне айтып береді. арқылы береді.Сөйлемдер қайталанбау тиіс.

20.«Mr.Willy Wonke’s hat».Уйлли Уонке мырзаның қалпағы атты ойын шарты:қалпақта қиылған сұрақтары бар карточкалар(билет формасында) болады.Әр бір дұрыс жауапты дұрыс айтқан оқушы жеңімпаз атанып Golden Ticket (алтын сары түсті билет формасында) алады.

21.«Footprint».Еден үстінде түрлі түсті қағаздан қиылған «табан» суреті.Онда түрлі тақырыптар жазылған.Қатысушылар екі сөзден айтып шығу керек, шарт:қайталанбау тиіс.

22.«Finding words». 2 немесе 3 топ кезектесіп белгілі тақырыпқа сөздер айтады.Соңғы айтқан қатысушы жеіңімпаз атанады.

23.«Who is the first. Дети стоят между рядами. Учитель просит перевести слова. За каждый правильный ответ-шаг вперед. Кто первый, тот и победитель.

24.«Whispering words».Қатысушылар қатарға тұрып ,жүргізуші бір қатысушының құлағына бір сөзді сыбырлап айтады келесі қатысушыға беріледі солай қатар соңына дейін айтылғанда,әр қатысушыға әртүрлі болып жетеді ең соғында мүлде басқа сөз боп шығады.Ойын өте қызықты.

25.«Poet calculate».Санау білеміз бе? Жаттау айту білеміз бе?Онда мына жаттауды еске түсірейік«I have got a mother» (кез – келген жаттау болады ) және осы жаттауда қанша сөз ?!. I — one, have — two, got — three и т.б.

26. «Clothes».Барлық қатысушы шеңберде отырады. Жүргізуші киім атауын атайды.(Мысалы : Who has got a skirt?),бұл киім кімде бар?сол қатысушы орнынан тұрады.

27.«Finding colours» Қатысушылар сынып бөлмесінде ретсіз қозғала бастайды:«Touch to…»түсті атайды,қатысушылар түсті басқа адамның үстінен тауып көрсете білу қажет.Өзінің үстіндегі киімге жолмауы керек.Ең соңында қалған адам ойынан шығады.

28.«Counting».Барлық қатысушылар шеңбер болып отырады.Жүргізуші бір санды атайды.Сол кезде қай санды атады сонша қатысушы орнынан тұруы тиіс.Тапсырмаларды үнсіз орындау қажет. Ойын соңында тек “рахмет”деген сөз айтылса ғана қатысушылар отырады. .

29. “Alphabet” «Алфавит» ойыны

Мақсаты: ағылшын тілі әріптерін қаншалықты меңгергендігін тексеру.
Шарты: Тақтаға «А», «В», «С» сияқты алфавиттің үлкен әріптерін іліп қоямыз. Ал, оқушылар осы әріптің кіші әріптерін үстелге шашылып жатқан әріптерінің ішінен тауып ілу керек.

30.“Think and find” «Ойлан, тап» ойыны
Мақсаты: оқушылардың қиялын, сезім түйсігін дамыту.
Шарты: Ортаға түрлі заттарға толы дорбаны қоямыз. Оқушыларды екі топқа бөліп, бір бірден шақырамыз. Көзі байлаулы оқушы дорба ішіндегі затты табуы тиіс. Қай топ бірінші аяқтайды, сол топ жеңіске жетеді.

31 .“30 second” «30 секунд» ойыны
Мақсаты: оқушыларды жылдам ойлауға дағдылау және тақырыпты бекіту
Шарты: Бір ойыншы тақырыпқа сай сөз айтады, келесі оқушы сол сөздің соңындағы әріптен келетін сөз айтуы тиіс. Егер оқушы 30 секунд ішінде айта алмаса ойыннан шығады.
32
. “Write right” «Дұрыс жаз» ойыны
Мақсаты: жылдам ойлау қабілетін дамыту
Шарты: Тақтаға екі сөз жазылады. Кімде кім сол сөздің әр әріпіне сөзді көп тауып жазса, сол топ жеңіске жетеді.
Мысалы: Swim – son, well, ill, mother

33. “Brainstorm” «Ширату» ойыны
Мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын тексеру
Шарты: Тақтаға ұзақ сөз беріп, оның ішінен сөз шығару керек. Ескерту: сөз құрамында қанша әріп бар сонша әріпті қолдануы тиіс.
Мысалы: beautiful: eat, tea, but, fil, lie and so on.

34.“Strew”«Шашу ойыны»
Мақсаты: еске сақтау қабілетін тексеру.
Шарты: Сабақтың тақырыбына сай сөздердің жазылу ретін шатастырып жазып қоямыз. Оқушылар берілген уақыт ішінде сөздерді дұрыс жазуы керек.

35. “My things” «Менің заттарым» ойыны
Мақсаты: оқушылардың еске сақтау, байқағыштық қабілетін жаңарту
Шарты: Оқушыларға күнделікті өмірдегі тұрмыстық заттардың атын қазақшаға аударып айтамыз. Мысалы: мен кеше бір «Перизат» үйге алып келдім. Әпкем маған сүйікті су сабыным «Көгершінді» сыйлады.

36. “Smiles” «Смайликтер ойыны»
Мақсаты: оқушылардың интонациясын тексеру
Шарты: Оқушыны тақтаға шығарып, оған бір сөйлем беріледі. Мысалы: “I love swimming”. Оқушы берілген сөйлемді бес түрлі смайликтердің суретін көрсетілген кейіпте айтуы тиіс.



37. “Can you guess?” «Сен болжай аласың ба ойыны
Мақсаты: оқушылардың таным үрдісін тексеру және дамыту
Шарты: оқушыларды топқа бөліп, топ басшысын ортаға шығарамыз. Топ басшыларына атақты адамдардың портретін береміз. Әр топ осы тұлға жайлы ағылшын тілінде сұрақ қою арқылы кім екендігін табуы тиіс. Ескерту: 10 сұрақ қоюға болады.
Мысалы:
- Is it a man (a women)?
- Does he/she live in…?
- Does he/she singer (actor, writer)?
- Is he/she American, (English, Russian and Kazakh)?
- Does he/she wear glasses?
- When they think they know the person name, they say:
- Is he …(name)? or is she …(name)?

38. “Continue” «Жалғастыр» ойыны
Мақсаты: оқушылардың сөздік қорын қаншалықты екендігін тексеру
Шарты: оқушылрға екі бағанда бөлінген бір сөз берілген, оқушылар соны табу керек. Мысалы:
arm washer
tele chair
win pet
dish phone
car ture
pic dow



39. “Continue the topic” «Мәтінді жалғастыр» ойыны
Мақсаты: оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту
Шарты: Тақтаға 3 - 4 оқушыны шақырып аламыз. Бір оқушыны ғана қалдырып, ал қалған оқушылар сыныптан шығара тұрады. Сыныптағы оқушы мәтін жазылған парақты оқуы тиіс. Оқып болған соң келесі оқушыны шақырып алып, әңгімесін ауызша келесі оқушыға айттырамыз. Солай жалғасады, соңында тыңдаған оқушы мен басында әңгімелеген оқушыны тыңдаймыз.

40. “Cheerful place” «Қызықты алаң» ойыны
Мақсаты: оқушыларды өзін - өзі еркін ұстауға, батылдыққа және көшбасшылыққа жетелеу
Шарты: Тақтаға бір оқушыны шығарамыз. Оған үш түрлі суреттер беріледі. Оқушы сол суретті ым - ишарамен, іс - қимылмен жасырады. Сыныптағы оқушылар сол заттың (жануар, мамандық иесі, жеміс, т. б) атын ағылшын тілінде табуы тиіс. Ескерту: дыбысын шығармайды.
Сыныптағы оқушылардың ішіндегі кім көп табады, сол тақтаға шығып көрсетуі тиіс. Солай ойын жалғасын табады.

41. “Better balloon” «Сүйкімді шар» ойыны
Мақсаты: оқушыларды жылдам ойлауға, ептілікке дағдылау
Шарты: Бұл ойынды ойнау үшін шар қажет. Тақтаға 2 - 3 не оданда көп шығаруға болады. Әрқайсысына бір шардан беріледі. Мұғалім тақырыпқа сай ортақ сөз айтады, ал ойынға қатысушылар сол тақырыпқа сай бір сөз айтады. Әр соз айтқан сайын шарды үрлеуі тиіс. Егер кімде кім сөз айта алмаса, шарды үрлемейді. Сөйтіп, кім бірінші өз шарын үрлеп болса, сол жеңіске жетеді.

42. «What is in the bag?» «Сөмкеде не бар ойыны

Мұғалім алдымен балаларға бір сөмке алып келеді, балалардан сұрайды: «Балалар сөмкеде қандай зат бар?».  Балалар сөмкеде дәптер, кітап, қаламсап және басқа заттар бар деп айта бастайды. Мұғалім сұрақты өтілген тақырыпқа байланысты сұрайды және бұл ойынды сабақтың соңында, әсіресе сол күнгі өтілген жаңа сөздерді еске түсіру үшін қолданғаны жөн. Мұғалім алдымен сөмкенің ішіндегі заттарды таныстырады, содан соң сұрақ қояды: «Сөмкеде не бар?», «What is in the bag?» Мұғалім оқушыларға сол затты көрсету арқылы сұрайды. Мысалы a pen, a copybook, a pencil, a ruler, a rubber деп көрсетеді. Сөздерді ұмытпау керек. Сосын оқушыларға сөмке ішіндегі заттарды таратып беріп, оқушылардан осы заттарды сұрауға болады.

43.”Let’s draw a Rainbow’’ -Бастауыш сынып оқушыларына жиі қолданатын ойынның бірі. Бұл ойынның мақсаты: оқушылар түстерді ағылшын тілінде қалай айту керек.

Ойынға қажет құралдар: түрлі түсті қарандаштар, кемпірқосақ салынған сурет, түрлі түсті шарлар т.б. Ойын барысы: мұғалім кемпірқосақ суретін тақтаға іледі. Оқушылар 7 түрлі түсті карандашты партаның үстіне қояды. Мұғалім «This is rainbow I can see red colour (сол түсті көрсеткен кезде,оқушылар сол түстегі қарандашты көрсетеді) orange, blue, yellow, green, dark colour» деп барлық түсті ағылшынша айтып түсіндіреді. Мұғалім оқушыларға кемпірқосақтың барлық түстерін алдымен ағылшын тілінде суретіне қарап айтады. Соңында ағылшынша «The rainbow is colourful It is beautiful Let”s draw a rainbow!» деп  кемпірқосақтың суретін дәптерлеріне салдыртады.

44. “Questions”- «Сұрақ қой» ойыны

Үстелдің үстіне бірнеше заттарды қояды оқушылар сол заттарға сұрақ қояды, келесі оқушы сұраққа жауап береді.

45. «Bingo» ойыны

Әр оқушы бір сөйлемді таңдап, сонымен ғана жұмыс істейді. Мұғалім оқылған сөздерді бейнеленген  флэш-карталарды мөлдір емес дорбаға салады. Балалар кезек-кезек бір карточкадан шығарып, сөзді айтады. Бірақ сыныпқа көрсетпейді. Қолындағы сөзді бейнелейтін суреті  бар оқушылар өздерінің жолынан оны сызып тастайды. Жолдағы барлық сөздерді сызып тастаған бала «Bingo» деп айқайлайды. Мұғалім жаттығудың дұрыстығын тексереді. Егер сөздердің барлығы аталған болса, бұл бала жеңімпаз аталады. Қорыта келгенде, ойын әрекетін, сіз ағылшын лексикасын оқушының есінде қалдыру тиімділігі және ақыл ой күшіне қажет етеді.

46.« Board race» – «Тақта сайысы» ойыны. Бұл ойынның шарты: мұғалім оқушыларды екі топқа бөліп, ойынның шартымен таныстырады. Бұл ойында мұғалім түстер, сандар, сөздер айтады, сол айтылған сөздерді оқушылар қатесіз жазу керек. Келесі оқушы әрі қарай жалғасын жалғастырып отырады. Соңында оқушылардың жазғанын тексеріп қателерін жөндеп қай топтың жеңгенін анықтайды Мысалы :

P-1                                                     P-2

Red                                                   Red

Ten                                                   Ten

Stone                                                Stone

Winter                                              Winter

Book                                                 Book

Бұл ойында балалар шапшаңдықты, дұрыс жаза білуді, өткен сабақты есте сақтай білу қабілеттері артады.

Ендігі біздің ағылшын сабақтарында өте жиі қолданатын ойынымыздың аты – «Question race» – Сұрақтар сайысы. Бұл ойынның шарты: мұғалім сол күнгі өтілген сабаққа қатысты сұрақтар қояды. Осы сұрақтар оқушыларға таратылып беріледі. Оқушылар берілген сұрақтарға дұрыс жауап беруі керек. Мысалы, жыл мезгілдері тақырыбын өткен кезде суреттер арқылы да мынандай сұрақтар қолдануға болады:

1.How many seasons are there in a year?

2.What are they?

3.How many months are there in a year?

4.What are they?

5.What season it is now?

6.What month is it now?

7.How many days are there in a week?

8.What are they?

Осы сұрақтар арқылы оқушылардың сөйлеу қабілеттері артып, сөздік қорлары молайып, сабаққа деген қызығушылығы артады.

Қорыта келгенде, оқу үрдісінде ойын түрлерін ағылшын тілі сабағында пайдалану, біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын көтеру болып табылады. Ойын түрлерін пайдалану мынадай нәтижеге жеткізеді: :

1.Әр оқушының шығармашылығы артады;

2.Жылдам жұмыс істеуге дағдыланады;

3.Оқушының жеке қабілеті анықталады;;

4.Оқушы топ жаруға ұмтылады;

5.Оқушының сөйлеу қабілеті дамиды;

6.Әр оқушы өз деңгейімен бағаланады.



 47.Slapstick .Барлық балалар түгел қатысады.Олар аяқтарын айқастырып еденге отырады.Алақандарымен және тізелеріне екі рет алақандарымен соғады.Сол кезде « What’s your name?».Жауап ретінде балалар : « My name is Ann.»-жекелеп айтып шығады.Жауап алдында тізелеріне алақанмен соғып жібереді.

48.Acquantance on a walk «Серуендегі танысу»

Балалар бір уақытта ойнайды.Мұғалім « Walk» бұйрығын береді де ағылшын тіліндегі кез-келген әнді қосып қояды.Балалар cынып ішінде «Серуендеп» жүріп серуенде жүргендей іс-қимылдарды жасай отырып орындайды.Секіреді,жүгіреді орындықта отырады.дыи включает запись любой английской песни.Мұғалім кенеттен тоқтатып «стоп»сөзін айтады. Балалар сол мезетте жұптасып бір- бірімен таныса бастайды.Осындай диалогтан басталады: - Hello! What is your name?

  • Hello! My name is Anar. What is your name?

  •  My name is Omar.

49. What is your name? «Сенің есімің кім»?

Балалар шеңбер болып тұрады.Балалар түгел қатысады,мүғалім допты бір балаға беріп: «What is your name?» дей отырып келесі қасындағы көршісіне лақтырып ойын жалғастыра береді

50 .Whose portrait is ? Кімнің портреті?

Балалар өз орнында отырады.Барлығының қолында қағаз және фломастер болады.Белгілі бір уақытта ( жобамен 3-4 минутта) топтағы достарының порттреттерін сала бастайды.Олардың есімдерін атамайды.Кезекпен олардың суреттерін сала бастайды.Содан кейін салған суреттерін көрсетіп сұрай батайды:«What is her (his) name?». Дұрыс тапқан қатысушы сұраған адамын ауыстырып солай ойын жалғаса береді.Мұғалім алдын ала әр қатысушымен кімнің портретін салатынын анықтап алады.

51.Finding voice «Дауыс арқылы табу».

Балалар өз орнында отырады.Кезекпен ойнайды.Жүргізуші санақ жүргізіп таңдайды.Ол сынып ортасына шығып орнында отырған қатысушыларға арқасымен тұрады.Мұғалім білдіртпей шыққан адамға отырған қатыушылардың біреуін көрсетеді.Ол қатысушы орнынан тұрып алдында тұрған қатысушыға айтады:

« Hello!».Алдында бірінші шыққан адам дауысынан танып мынадай сұрақ қояды : « Are you Asel?». Болжам жауаптар: «Yes, I am Asel . No , I am Anar ». Мұғалім келесі қатысушыны ым арқылы ауыстыра қояды.Қатысушылар ойын барысында дауысын ауыстыра салуға болады.Бұлай жасау ойынды қызығырақ түседі.

52. Finding «Who am I?»

Балалар түгел бір мезетте ойнайды.Қатысушылар  шеңбер құрап басты жүргізуші ортада тұрады.Оның көзін байлайды.Играют все дети одновременно. Выбирается водящий.Мұғалім « Start!» бұйрығын береді содан кейін балалар жәй ғана шеңбер бойымен жүріп бастайды

«Stop!» бұйрығы болғанда тоқтайды.Көзі байланған қатысушы айналасындағы балаларды біреуін ұстап мынадай сұрақ қою қажет: « Are you Omar?».Балалар барлығы хорме : « Yes» немемсе «No» деп жауап бередіДұрыс тапқан болса ол жургізуші болады.

53.Be carefull !Абайла!

 Балалар бір қатарда тұрады.Түгел барлығы ойнайды.Мұғалім кезекпен мынадай бұйрық береді:

«Stand up! Sit down! Stand up! Sit down! Содан кейін ол шатастырады балаларды кезекті бұза отыра.(Мысалы:« Stand up! Sit down! Sit down! Stand up!» и т. д. )өз таңдауына қарай.Балалар мұқият болып әрбір айтылған сөзді аңдып отыру керек!Ойын шарты осылай!

54.I am a teacher! Мен мұғаліммін!

Барлық балалар бір мезетте ойнайды.Барлығы бір қатарда тұрады.Қатыушылар ішінен мұғалім рөліне лайықты адам таңдайды.Мұғалім жылдам темпте мынадай бұйрық бере бастайды : « Run, jump, go, swim» тағы басқа.Балалар бұйрықты орындай бастайды,қате жіберген қатысушы ойыннан шығады.

55.Skillful children Шебер балалар

Балалар өз орнында отырады.Ойынға кезекпен кіріседі. Алғашқы қатысушы санақ бойынша немесе мұғалім айтуынша шығады. Ол сынып ортасына шығып,кез келген іс қимылды көрсете бастайды және мына құрылымды қолданады.« I can jump». Келесі ойыншы дәл солай сынып ортасына шығады оның қасына тұрып яғни алдындағы қатысушының,оған айтылған іс қимылды орындай бастады.Өзінің де қосар іс қимылын айта кетіп.Ол былай болады:«I can and go». Осылайша барлық бала қосылады.

56.Funny block Көңілді кубик .

Ойынға кубик қажет, яғни онда іс қимылы бар картинкалар бар.Балалар кезекпен үстел жанына келіп кубикті лақтырады да мұғалім айтқан үлгі бойынша сөйлемді атап шығады.Балалар мынадай құрылымды қолдана алады: I  can run.

I cannot fly. Can you fly?

57. Magic stick Сиқырлы таяқ.

Балалар өз орнында отырады.Кезекпен ойнайды.Мұғалім сынып ортасына «Сиқырлы таяқпен» шығады.ОЛ кез келген іс қимылды орындай отырып және айта кетеді.Мысалы:« I can bend» және таяқты келесі қатысушыға береді. Ол қатысушы солай орындайды да келесі қатысушыға береді.Ойын солай жалғаса береді.Іс қимылдар қайталанбайды бұл ойын шарты.Егер қатысушы қиналып қалса айтуға немесе орындауға онда ойыннан шығады.

58.Sounds and letters «Дыбыстар мен әріптер»

Мұғалім тақтаға ағылшын тілінде сөз жазады содан соң бір ұзақ пауза жасалынады.Балалар сол сөзде қанша дыбыс бар екенін санап алу қажет және шапалақ жасау арқылы қанша әріп және дыбыс бар екенін айта кету керек.Мысалы:(dog – 3 дыбыс, girl – 3 дыбыс).

59.Make sentences «Сөйлем құрам»

Мұғалім белгілі бір сурет көретеді де мынадай тапсырма береді:Қиылған әріптерді рет ретімен қойып шығу қажет яғна суреттегі затты құрастырылған сөз арқылы табады.Содан кейін дәптерлеріне жазып алады.Сол сөзде қанша әріп және дыбыс бар екенін тауып айтады.

60.look and count «Қарап шықта сана»

Мұғалім заттары бар бірнеше суреттерді көрсетеді.Балалар суреттерге қарап,белгілі бір дыбыстан басталатын заттарды атау тиіс.Және қалған заттар қандай дыбыстан басталады оны табу керек.



61. Match the sounds and letters «Дыбыстар мен әріптерді сәйкестендіру»

Балалар төменгі жақтағы дыбыстарды жоғарғы жақтағы дыбыстармен сәйкестендіру қажет.

62.Find pair «Жұбыңды тап»

Мұғалім балаларға улкен әріп пен кіші әріпті сәйкестендіруді сұрайды.

63.Sack of Santa Clause «Санта Клаусатың қапшығы»

Мұғалім қапшықтың ішінен ағылшын әріптерін қалың картон қағаздан жасалған шығарады ал балалар табу қажет.

64.Unbroken phone «Сынбаған телефон»

Ойын екі топқа ойналады.Мұғалім бір оқушының құлағына ағылшын тілінде бір сөз сыбырлап айтады.Ол оқушы қасындағы көршісіне сыбырлап айтады.Жеңіске жететін топ бірінші болып шығады және сөзді соңына дейін қатесіз айтқан топ.

65.Loudly Letter «Даусы жоғары әріп»

Әрбір оқушыға ағылшын алфавиті әрпі беріледі.Содан кейін мұғалім бір әріпті айтады.Сол айтылған әрпі бар оқушы орнынан тұрып алақанын бір шапалақтайды да әріпті бір қайталайды.

66.Who is after me? «Менен кейін кім

Балалар әртүрлі дыбыстар алады.Мұғалім ағылшын тілінде сөз айтады да тақтаға жазады.Содан кейін балалар шапалақ дыбысымен қатарға тұрады тақтадағы сөздерге қарап.





67.Airy words «Ауадағы сөз»

Мұғалім ауада ағылшын сөздерін жазады.Балалар дәптерлеріне жазып алады.Жеңімпаз оқушы ол тапсырманы дұры орындаған.

68.Numbers in a mess «Ретсіз сандар»

Балалар тақтаға шығады.Тақтада сандар ретсіз жазылған.Мұғалім белгілі бір санды айтқанда олар сол санды дөңгелектеп шығу қажет.Еш қате жібермеген оқушы жеңімпаз атанады.Бұл ойынды әріптерді немесе екі әріп қосындысын айтып ойнатуға болады.

69.Say the numbers «Сандарды атап шық»

Балаларға таблица беріледі, 1 ден 20 ға дейін жазылған бірақ ретімен емес.Балалар ретімен қойып табу қажет.Дауыстап дұрыс табу қажет. Ойын шарты жылап ойналу қажет.



70.Describing things «Заттарды суретте»

Мұғалім балаларға бір зат көретеді содан кейін оны алып тастайды ал балалар ол заттың размерін және түсін ағылшын тілінде тауып суреттеу қажет.

71.Do sums «Есепті шығар»

Балаларға санда және белгілер бар карточкалар беріледі Ученикам раздаются карточк (–), (+), (=).
Мұғалім балаларға есеп шығару мысалдар береді.Ал, балалар есепті естіген соң бір қатарға тұру қажет.

72.The last letter first letter the next Соңғы әріп келесі сөздің бірінші әрпі

Мұғалім ағылшын тілінде бір сөз айтады,ал балалар бір сөз ойлап табу қажет.оңғы әріпке біткен сөзден басталатын сөз болу шарт.Мысалы: түс атауы Greyellowhite

73.Find the verb «Етістікті тап»

Бір оқушы тақтаға шығып сөзсіз бір іс қимылды көрсету қажет.Балалар ағылшын тілінде табу қажет.Мысалы: To run

74.Read with phonogram «фонограмма арқылы оқимыз»

Балалар диктормен бірге дауыстап мәтін оқиды.Ортасына қарай мұғалім сәл бәсеңдетеді.Кейін мүлде дыбыс шықпайды.Балалар осы уақытта диктордың бастапқы қалпындағыдай темпте оқуды жалғастыра береді.Мұғалім дауыты қайта қосады.Балалардың сол фонграммаға түсуі маңызды.Бұл тапсырманы жақсы орындап шыққан бала жеңімпаз атанады.

75.The days of the week «Апта күндері»

Қатысушылар апта күндері жазылған карточкаларды алады.Алақанмен шапалақтағанда балалар бір қатарға тұрып шеңбер бойымен апта күндері ретімен жүреді.

76.Five words «Бес сөз»

Қатысушының бірі беске дейін санап болғанша, басқа топ қатысушы белгілі тақырыпқа байланыты бес сөз атап шығады.

77.Find the colour «Түсті тап»

Тақтада түрлі түсті жалаулар ілініп тұрады.Бір қатысушы белгілі бір түсті көрсетіп тақтаға шығады.Мұғалім арқасын тақтаға қаратып тұрады.бірінші оқушы түсті көрсеткен соң,екінші оқушы теріс қарап сол түсті табу қажет:

P1 – Is it green? P2 – No, it is not.







78.Chamomile «Ромашка»

Мұғалім бір түсті атайды,балалар ромашканың бір бөлшегін сала бастайды.Түрлі түсті бөлшектері бар ромашка шығу тиіс.

79.Guessing «Тапқырлық»

Мұғалім белгілі тақырып бойынша сөз ойлап шығарады.Балалар сұрақтар қою арқылы табуға тырысады,оның қандай сөз екенін ойлап табу қажет.

80.Making sentences «Сөйлем құрау»

Сөздерден,тыныс белгілерден мағынаына қарай сөйлемді аяқтап сөйлемді дауыстап оқу қажет.

81.Find the toy « Ойыншықты тап»

Балалар сабаққа ойыншық әкеледі.Бір оқушы сыныптан шығып кетеді,дәл осы уақытта балалармен белгілі бір ойыншықты бірнеше сөйлемдермен суреттеуді ойластырады.Барлық ойыншықтар үстел үстінде тұрады.Шығыр кеткен оқушы сыныпқа кіріп сол суреттеу бойынша қандай ойыншық екенін табу қажет.

82.Find the odd one «Артық сөзді тап»

Тақтада сөйлем жазылып тұрады,артық сөзді табу қажет.Мысалы:The dog is are big.

83.What is it ?«Бұл не

Мұғалім белгілі бір зат атауын суреттеп шығады.Суреттеу бойынша оның қандай сөз екенін табу қажет.Мысалы: It is round, tasty, orange. We eat it. (orange).

84.Listen and draw «Тыңдап және сурет саламыз»

Мұғалім бір мәтінді бірнеше рет оқып шығады.Бұл мәтін таныс.Балалар тыңдап сол бойынша сурет сала бастайды.Содан кейін мәтін бойынша сурет айтылады.Тапсырманы дұрыс орындаған оқушы жеңімпаз атанады.

85.Игра «В зоопарке»

Үстел үстінде шеңбер сақина жатыр.Мұғалім балаларға жануарлардың жан жаққа қашып кеткенін көңілсіз айтады және көмек берулерін сұрайды.

T – Let’s help me gather the animals!

Әрбір оқушы бір бірден ойыншықты алып,жануарларды атай отырып зоопаркке орналастырады.

86.Make a word «Сөз құрастыр»

Топтарға зат есімі бар тізім беріледі.Оларға сәйке сөз табылу қажет.Күрделі зат есім шығару қажет.Немесе әріптерді пайдалана отырып белгілі бір тақырыпқа сәйкес көбірек сөздер жасау қажет.

87.Colours «Цвета»

Қатысушылар белгілі бір тақырыпқа сәйкес бір түспен сөздер атау қажет.

88.Rainbow«Кемпірқосақ»

Мұғалім айтуынша балалар кемпірқосақ суретін салады.Төменгі астыңғы жағынан батап атай бастайды.тапсырманы дұрыс орындаған оқушы жеңімпаз.Мысалы:Blue, red, yellow, orange, green, violet.

89.Translate the word «Сөзді аудар»

Топтарға белгілі бір тақырып бойынша сөздер айтылады олар жылдам аудармасын айту қажет.

90.Find proverb «Мақал құрастыр»

Мұғалім мақалдың жартысын айтады ал жартысын оқушылар табу қажет.Дұрыс тапқан оқушы жеңімпаз.

91.Repeat tongue twister «Жаңылтпашты қайтала»

Диктор жаңылтпашты оқиды,қатысушылардың қайталау тиіс.Дыбысталу мен уақытты есепке алады.

92Tell the poem а «Өлең шумақтарын айтып бер»

Мұғалім өлең шумағының алғашқы қатарын оқиды,топ жалғастыру қажет.

93.Describe the friend «Досыңды суретте»

Қатысушылар бір сәт бір біріне қарап болған соң теріс қарап бір бірін ағылшын тілінде суреттей бастайды.

94.Words «Сөздер»

Қатысушылар тақтаға шығып сөздер жазады,көп сөз жазған оқушы жеңімпаз атанады.

95.Desribe the word «Сөздерді суретте»

Балалар зат есімге көбірек анықтауыш табу қажет.

96.Snowball«Қар үйіндісі»

Мұғалім бір сөз айтады.Оқушы қайталай отырып сөзді айтады.Келесі оқушы мұғалім сөзін қайталайды,бірінші оқушының сөзінде қайталайды және қандай сөз екенін айтады.

97 Volleyball «Волейбол»

Сөздік қорды молайту және қайталау мақсатында ойнатылады.Балаларды үш топқа бөлеміз.Үш қорапта волейбол сеткасы суреті салынған ,қорап ішінде доп формасындай дөңгелек шеңбер яғни доп тәріздес,онда белгілі тақырыпқа сәйкес сөздер бар дұрыс тапқан топ қораптарына көбірек допты түсіреді.

98 Boys and girls «Ұлдар мен қыздар»

Бірінші сыныптарға арналған белсенді ойын.Барлық оқушы орнынан тұрады.Мұғалім ойын шартын түсіндіре кетеді. Boys дегенде ұлдар орнынан тұрады ал girls дегенде қыздар тұрады.Кейін мұғалім шатастыру мақатында жылдам ойнаты,балалар шатасып кеткенде қызық бола бастайды.



99 Find the cartoon «Мультфильм бойынша тап»

Мұғалім бір мульфильм кейіпкерін іс қимылмен суреттеп көрсетеді,ал балалар қандай мультфильм екенін табу қажет.

100 The weather «Ауа райын тап»

Оқушылар сабақ ортасында шаршап қалса осы ойынды ойнатуға болады сергіту мақсатында.Барлық оқушы тақтаға шығады немесе орындарында қаз қатар тұрып бір бірінің артына,арқаларына ауа райының суретін сала батайды,ал алдында тұрған оқушы қандай ауа райы екенін табу қажет.





Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі