400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ойындар 1 кіші топқа арналған

Материал туралы қысқаша түсінік
Негізгі қимыл – секіру.Негізгі қимыл – лақтыру (лақтыру, ұстау).
Материалдың қысқаша нұсқасы

Негізгі қимыл – лақтыру (лақтыру, ұстау).

Шарларды домалату.

Тәрбиеші балаларға бір топ түрлі түсті шаралар көрсетеді, балаларға тек көруге ғана емес, тіпті ұстауға да мүмкіндік беріледі, олардың түр-түсін айтуды сұрайды.

Бұдан кейін тәрбиеші шарды қалай домалатуды көрсетеді, одан соң балаларды біртіндеп шақырып, бір-екі шарды домалатуды ұсынады.

Шарды домалатып бара жатқан бала өзі соның артынан жүгіреді және шарды кәрзеңкеге немесе жәшікке салады.

Ойын қайталанған кезде тәрбиеші балалардың шардың түсіне қалай назар аударатынын байқап алады.

Мысалы, өзі қызыл шарды домалатады да балаға да сондай шар ұсынады. Немесе бірінен кейін бірін 2-3 шарды домалатуда тапсырма береді де (қызыл, жасыл), әр жолы түсін айтады.

Тапсырманы әр жағдайға қарай өзгертіп тұруға болады.

Допты ұста.

Тәрбиеші ашық түсті үлкен допты алады да 2-3 балаға онымен ойнауды ұсынады.

Балалар тәрбиешіге қарама-қарсы 80-100см жерде тұрады.

Тәрбиеші әрқайсысына кезек-кезек доп лақтырып: «Ұста» - дейді.

Балалар допты қайтадан тәрбиешіге лақтырады.

Доп шеңберде.

Балалар жерге дөңгеленіп отырады да допты бір-біріне домалатады. Тәрбиеші балаларға екі қолымен қалай және қай бағытқа қарай итеруді үйретеді.

8-10 баладан құрылған топта ойын қызықты да ширақ өтеді.

Допты қақпаға түсіру.

Тәрбиеші балаларды доп (немесе әртүрлі шарлармен) ойнауға шақырады да ойнағысы келген немесе ойынға тартылған балалар жиналған жерде сызық жүргізеді.

Сызықтан 1-1,5м жерде кішкентай қақпа тұрғызылады.

Балаларға бір-бір доп таратып бергеннен кейін, тәрбиеші оларға допты қақпадан өткізуді ұсынады. бала допты домалатып, қуып келеді де сызыққа жеткеннен кейін кері оралады.

Ойынға 5-6 бала қатысады.

Ойнаушы топтардың ауысуына болады; 2-3 рет ойнаған балаға тәрбиеші енді дем алуды, басқалардың қалай өткізетінін көруді ұсынады.

Қақпаны ірі құрылыс материалынан жасауға немесе оның орнына балалардың орындығын пайдалануға болады.

Олардың аяғының арасынан балалар доп өткізеді.

Допты кәрзеңкеге түсір (дәл көзде).

Балалар дөңгеленіп тұрады. Әр баланың қолында бір-бір кішкентай доп. Шеңбердің ортасында жәшік немесе үлкен кәрзеңке.

(Балалар мен меженің арасы бір жарым-екі метрден аспайды.)

Тәрбиешінің сигналы бойынша балалар допты жәшікке лақтырады, одан кейін ол доптарды қайтадан алады да өз орындарына барып отырады.

Егер бала межені дәл көздемесе, допты жерден(еденнен) көтереді де басқалар сияқты шеңберге тұрады.

Ойын қайтадан басталады.

Ойында бір мезгілде 8 -10 бала қатысады.

Негізгі қимыл – өрмелеу, еңбектеу.

Бақшадағы тауықтар

Рейканы немесе жіптің көмегімен аздаған жер қоршалады

Ол – бау-бақша. Одан қашық емес жерге орындық қойылады, бұл күзетшінің күркесі.

Күзетшінің ролін алғашқыда тәрбиеші орындайды, ал кейін тәрбиешінің белгілеуімен белсенді балалар атқарады.

Қалған балалар тауықтар.Күзетші орындыққа отырған бойда тауықтар бақшаға түседі, қорғанның астынан өтіп, бақшада жүреді, жерді шұқиды, қытқылайды.

Күзетші тауықтарды байқап оларды бақшадан қуа бастайды – алақанын шапалақтайды, «Қыш –қыш» деп дауыстайды.

Тауықтар қашып кетеді .

Қорықшы бақшаны бір айналып шығады да қайтадан отырады.

Ойын қайта басталады.

Одан кейін басқа күзетші тағайындалады. Ойын осылайша 4-5 рет қайталанады.

Сылдырауықты сылдырат

(сылдырауыққа дейін еңбектеп жет).

Балалар орындыққа отырады; олардан 2,5-3 м жерде сылдырауық жатыр. Тәрбиеші балаларды кезекпе-кезек атап, сылдырауықпен ойнауды ұсынады. ол үшін сылдырауыққа еңбектеп барып, оны алады, орнынан тұрады, сылдыратады қайтадан орнына қояды, сөйтіп, өз орнына келеді.

Балалар еңбектеуді үйренген кезде 3-4 сылдырауық қою ұсынылады, сонда қанша сылдырауық болса, сонша бала ойнай алады.

Маймылдар.

Ойында гимнастикалық қабырға немесе (учаскеде) үш қырлы кішкене дуал пайдаланады.

Тәрбиеші бүгін балалар маймылдарша өрмелеуге үйренетінін айтады да екі-үш балаға сатының қарсы алдында тұруды, сөйтіп, бірнеше баспалдаққа көтерілуді ұсынады.

Балалар 5-6 баспалдақ көтерілгенде тәрбиеші:

«Міне, көрдіңдер ме, маймылдар қалай ағашқа өрмелеп кетті!

Ал енді қайтадан төмен түсіңдер», - дейді.

Балалар жоғары қарай өрмелеп және төмен қарай түскенде әрбір баспалдақты басуын міндетті түрде қадағалау керек.

Әр түрлі қимылды ойындар.



Дөңгелекті ұста.

Тәрбиеші балаларға жіптің көмегімен ұзындығы 0,5 м таяққа ілінген жарқыраған дөңгелекті көрсетеді.

4-6 баладан топ жиналған кезде тәрбиеші дөңгелекті көтеріп, балалардың басынан жоғары айналдырып әкеледі де: «Ұста», «ұста», - дейді.

Балалар дөңгелекке тырмысады.

Дөңгелекке жетуге онша құмартпай тұрған балаларға тәрбиеші дөңгелекті, олардың қолы тиюіне мүмкіндік беріп, таяқты сөл төмендетеді де, балалардың белсенділігін арттыру үшін, қайтадан тез көтере қояды.

Дөңгелекті балалар төбесінен осылай 2-3 рет айналдырғаннан кейін тәрбиеші кімнің қолы жеткенін атап өтеді де олардың әрқайсысына бір-бір дөңгелектен береді.

Бірте-бірте балалардың барлығы бір-бір дөңгелектен алады.

Тәрбиеші дөңгелекті машинаның рулі ретінде ұстап, енді «шофер» болып ойнауды – бөлмеде жүгіруді ұсынады.

Кішкентай және үлкен аяқтар.

Балалар орындыққа жартылай дөңгелене отырады.

Тәрбиеші оларға қарама-қарсы отырып, балаларға аяқтарын көрсетуді сұрайды.

Балалар аяқтарын алға созып, көтереді.

Тәрбиеші көңілді түрде былай дейді: «Кішкентай аяқтар жолмен жүгіріп кетті. Қараңдар олардың қалай жүгіргенін».

Осыны айтады да аяғымен бірнеше рет тез-тез жер тепкілеп: «тымпыл, тымпыл, тымпыл!» - дейді.

Балаларда соны істейді.

Одан кейін тәрбиеші қимылын баяулатып былай дейді: «Үлкен аяқтар жолда тымпыл-тымпыл жүріп бара жатыр».

Тәрбиеші алдымен кішкентай аяқтар, одан кейін үлкен аяқтар жөніндегі тексті осылайша бірнеше рет айтады.

Балалар оның артынан тез және баяу қимылдарды алмастыра қайталайды.

Кішкене қоян, шыға ғой...

Бір топ бала тәрбиешімен бірге дөңгелене тұра қалады. Тәрбиеші кім кішкене қоян болады деп сұрайды. Бәрі айналып жүріп мынадай өлең айтады.

Жүр, көжегім, шыға ғой,

Сұр көжегім, шыға ғой!

Айтқанымды ұға ғой.

Міне, былай шыға ғой!

Кішкене деп атаған бала ортаға шығады. Өлеңнің ендігі шумағын айтып болғаннан кейін, барлық ойнаушылар, қоянға не істеу қажеттігін көрсеткендей, тиісті қимылдар жасайды. Ол да балалардың істеген қимылдарын қайталайды.

Жүр, көжегім, тап-тап бас!

Сұр көжегім, баптап бас!

Міне былай тап-тап бас!

Міне былай нақ-нақ бас!

Жүр, көжегім, билей ғой,

Сұр көжегім, билей ғой!

Міне былай билеп көр,

Міне былай билеп бер.

Жүр, көжегім жүгірші,

Сұр көжегім, жүгірші.

Міне былай бір ыршы,

Міне былай жүгірші. Жүр, көжегім, таңдап ал,

Сұр көжегім, аңдап ал!

Міне былай таңдап ал,

Дәнеңе жоқ таңданар!

Бұл сөздерден кейін кішкене қоян балалардың біреуіне жақындайды. Қалғандары орындарында тұрып өлең айтады.

Жүр, көдегім, тәжім ет,

Сұр көжегім тәжім ет!

Ұқпа мұны әзіл деп

Міне былай тәжім ет!

Ол кімге иіліп сәлем берсе, сол жаңадан кішкене қоян болады, ойын қайтадан басынан басталады.

Ескерту. Өлеңнің әп шумағынан кейін, қимылдың бағытын өзгертіп отыру керек.

Күнім, күнім ... (Сәулем, сәулем...)

Балалар өлең оқып, қимылдың бағытын көрсетіп тұрған тәрбиешіні айнала қоршай тұрады. Балалар оның артынан қайталайды.

О, алтын күн, алтын күн,

Әйнектен қара, жарқын күн!

Балаларың жылауда,

Сүрініп тасқа құлауда. Балалар әннің ырғағына қарай қолдарын соғады, тізе бүгіп жүресінен отырады (сөз екпіндерінде).

Қол соғуды тоқтатпай, жалғастыра отырып, бір орында секіреді.

Қолдың буындары мен саусақтары бұлшық еттерін жетілдіруге арналған ойындар

Саңырауқұлақтар

Ойын үшін балаларға тесіктері бар кішкентай стол мен түрлі түсті саңырауқұлақтар береді. Ойынның басында тәрбиешіні балаларға саңырауқұлақтарды столдың тесігіне қалай тығуды көрсетеді.

Балалар мұны жақсы меңгергеннен кейін тәрбиеші балалардың назарын саңырауқұлақтардың түр-түсіне аударады да тапсырманы қиындатады: саңырауқұлақтарды сол түспен дөңгелектеліп көрсетілген тесіктерге тығу керек дейді.

Ойынның варианты

Ойын үшін балаларға үсті төртке бөлініп, негізгі төрт бояумен боялған кішкентай стол беріледі. Мұндай жағдайда балалар саңырауқұлақтарды столдың тиісті түсі бар жағында орналасқан тесікке тығуы керек.

Балалар бір-біріне үйреніп, бірге ойнауға дағдыланған кезде екіден төрт адамға дейін біріктіруге болады. Тәрбиеші бұл ойынға балалардың майда бұлшық еттері мен саусақтарының қимылдарын жетілдіру мақсатымен, бірте-бірте балаларды тартады. Барлық балалар ойынның ережесін әбден игергеннен кейін, оны емін-еркін пайдалануға береді.

Мұнара жасайық.

Мұнарамен (шығыршықтармен, шариктермен) ойынға тәрбиеші бір мезгілде 5-6 баланы қатыстырады. Бұл балаларға уақытылы көмек көрсету үшін жасалады.

Алғашқыда ойынның мәні мынада: балалар шығыршық пен шарларды алады да білекке (стержень) кигізеді: мұны істеу өте қиын, майда бұлшық еттердің қатты жұмыс істеуіне тура келеді және табандылық керек. Балалар шығыршықты білекке кигізу процесін үйренгенде тәрбиеші олардың назарын құрастырылған мұнараның формасына аударады да («Ол түп түзу») әр жолы ең үлкен шығыршықтарды таңдай отырып, осындай мұнараны қалай жасау керек екенін көрсетеді.

Одан әрі ойынды әртүрлі етіп құруға болады: мысалы; мұнараны бір размерлі шығыршықтардан құрастыруға («Бағандар жасаймыз») тапсырма беріледі немесе білекке бір түсті шарлар немесе белгілі бір сан мөлшерінде тізбектеледі.

Моншақ

Бұл ойын үшін балаларға жақсы есілген жіп және әр түсті шариктер, ағаштан, пластмассадан жасалған тесіктері бар цилиндр беріледі. Балаларға сол формаларды жіпке тізіп, ұзын моншақ жасау ұсынылады. Балалар бұл қимыл әдісті меңгергеннен кейін, бір жіпке екі бала бірігіп тізуге болады деген ұсыныс жасалады (екі жағынан). Тек балаларға тізу кезінде моншақтарды формасы және түр-түсіне қарай алмастырып отыру ұсынылады.

Қазық қақ.

Ойын үшін қазықтармен бірге станок және балға беріледі. Балаларға кішкентай балғаның көмегімен қазықты қалай қағуды көрсету керек. Бір қазықты қаққаннан кейін бала екіншісін қағады т.б. Бұдан кейін станокты аударады. Қазықтар тағы үстінен көрінеді. Бұған бала таңданып қалады, қуаныш пайда болып, оның жаңағы қимылды қайталағысы келеді.

Тәрбиеші баланың ретсіз кез келген қазақты ұра бермей, оларды кезекпен ұруын бақылауы керек.

Негізгі қимыл – секіру.

Доп.

Тәрбиеші ойынды бір баламен ойнаудан бастайды.

Қолын оның басына қойып, доп сияқты секіруді ұсынады.

Бала қос аяқтап секіреді, ал тәрбиеші мынадай өлең айтады:

Секең, секең секеңдеп,

Қайда зырлап кетпес доп.

Төмен, төмен, төмендеп,

Жерге жетер-жетпес боп.

Доп болып осылай секіргісі келетіндер міндетті түрде табылады.

Тәрбиеші әрқайсысымен кезекпен ойнайды.

Менің зымыраған көңілді добым.

Ойнаушы балалар тобы (5-6 адам) жартылай дөңгелек құрып, тәрбиешінің жанында тұрады.

Допты бейнелейтін бір бала орнында тұрып секіреді, ал тәрбиеші алақанын оның басына қойып, мынадай өлең айтады.

Көңілді добым, о , менің,

Домалап қайда жөнелдің?

Қызыл, сары, көгілдір,

Жел аяқсың-ау өзің бір!

Бұдан кейін доп қашып кетеді, тәрбиеші балалармен бірге оны ұстайды. Ойын жаңа доппен қайта басталады.

Балалар ойынды әбден үйреніп игергенде, бәріне де доп сияқты секіруді ұсынуға болады.

Отырған мынау ақ қоян...

Алаңның бір жағында қояндардың орны белгіленді. Әр бала өз орнына тұрады. Тәрбиешінің: «Қоршауға жүгіріңдер» деген сигналы бойынша барлық балалар дөңгеленіп тұрады, ал қоянның біреуі ортаға шығады.

Балалар тәрбиешімен бірге тақпақ оқиды да текстің мазмұнына қарай қимыл жасайды.

1. Отыр аппақ, бір қоян.

Неткен сап-сақ бұл қоян.

Құлақтары делеңдеп,

Әр дыбысқа елеңдеп.

Балалар дөңгеленіп тұрады. «Құлақтары делеңдеп» деген сөз тіркесінен бастап ойын аяғына дейін балалар қолдарын жоғары көтеріп білезіктерінен бастап қимылдатады.

2. Қоян, жаурап суықта

Отырсың не күзетіп?

Аяқтарын сіресіп,

Табаныңнан сыз өтіп.

Оданда ырғып, ырғып ал,

Аяқтарын жылынар. Балалар «ырғып» деген сөзден бастап, аяғына дейін бір орында екі аяқтап секіреді.

3. Тұра, тұра суықта,

Қоян жаурап, торықты.

Алайын деп жылынып,

Әрлі-берлі жорытты. Балалар «әрлі-берлі жорытты» деген сөз тіркесінен бастап ойынның аяғына дейін бір орында тұрып, екі аяқтап секіреді.

4. Секең-секең, секең-секең,

Секіріп жылынады қоян-екең.

Үркітті де бір ноян,

Зытып берді сұр қоян. Тәрбиеші алақанын шапалақтайды, балалар өз үйіне тарайды.

Бұдан кейін ойын жаңа қоянмен қайта басталады.

Ойын басталғанға дейін тәрбиеші балалармен бірге қояндарға орын әзірлейді. Қыста алаңдағы қардың үстіне бояумен жақсылап қоршау сызуға болады: бөлмеде қояндар үшін орын (орындықтар) болады.

Сұр қоян жуынып жатыр...

Ойнаушылар біреуі қоян болады. Барлық қалған балалар дөңгеленіп тұрады. Қоян дөңгелектің ортасынан орын алады.

Балалар тәрбиешімен бірге мынадай өлең айтады:

Бармақ боп тойға сұр көжек,

Жуынып жатыр бүгжеңдеп:

Тұмсығын жуды,

Құйрығын жуды,

Құлағын жуды – түртінді,

Құп-құрғақ боп сүртінді.

Қоян текстке байланысты қимылдардың бәрін жасайды – тұмсығын, құйрығын, құлағын жуады, бәрін сүртеді.

Бұдан кейін ол қос аяқтап секіреді, дөңгеленіп тұрғандардың біреуіне жақындай береді (қонаққа келе жатыр).

Ол баланың орнын басады, ойын қайталанады.

5-6 қоян ауысқаннан кейін ойын аяқталады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 наурыз
1362
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі