Материалдар / Ойындар. тесттер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ойындар. тесттер

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қаңтар 2019
432
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ойындар

Кім екенін тап ойыны

Әрбір адам өзінің аты-жөнін көрсетпей, өз-өзіне психологиялық мінездеме жазады. Өзінің ұнамды-ұнамсыз қасиеттерін жазуы керек. Бұл мінездеме жазылған беттерді жетекші жинап, араластырады да, арасынан біреуін алып, дауыстап оқиды. Топ мүшелері мінездеменің иесін табу керек.

Шөлдеу” ойыны

Балалардың қолдары шынтақтан қозғалмайды. Балалар өздерін “ыстық шөп” даладамыз деп елестедеді, қатты шөлдейді. Бір кезде тостағандарға құйылған суға кездеседі. Енді осы суды ішуге амал табулары керек.

Алып” ойыны

Екі бала қатар тұрады, біреуінің сол аяғын екі әншісінің оң аяғын байлайды, сөйтіп, бір белгіленген жерге барады. Немесе: үш, төрт, т.б. балаларды бірге байлайды, сосын олар бірге жүруге тырысады (бақаға ұқсап секіреді).

Көпір” ойыны

Еденге бормен “көпір” (түзу) сызылады. Екі топ бір-біріне қарсы шыққан балалар “көпірден” құлап қалмай өтуі керек. Балалар бір-біріне көмектесіп, орындарын ауыстырып, бір-бірін өткізіп жіберулері керек.

Көңіл-күйімізді жаттықтыру”

Жүргізуші: Бүгін мен сендерді актер болуға үйретемін. Мен сендерге нені көрсетіңдер десем, соны бет-әлпеттеріңмен бейнелейсіңдер.

  1. Қабағы түйілген, ашулы адамның кейпі;

  2. Қасқырдан қорыққан қоянның, ұядан түсіп қалған балапанның, мысықтан қорыққан тышқанның, иттен қорыққан баланың бет-әлпеті;

  3. Жылап тұрған адамды көрсету;

  4. Жәй күліп тұрған адамды және қатты күліп тұрған адамды көрсету;

  5. Өлең айтып тұрған адамның сезімін көрсете білу


Оқушылардың зейінін дамытуға арналған

психологиялық тренинг

Мақсаты: Адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, оны күнделікті қолдануды әдетке айналдыру.

Міндеттер:

  • Мұғалім мен оқушылар арасында жылы қатынас тудыру;

  • Оқушыларды әртүрлі адамгаршілік қасиеттермен таныстыру;

  • Оқушыларға мейірімділік пен қатыгездікті айыра білукге, жақсы қылықтарды үйренуге, жаман қылықтардан аулақ болуға үйрету.

Интерактивті стратегиялар: пікірталас, шағын топтармен жұмыс, әңгіме, ойын

мен және айна”, “Құпия сурет”.

Жетекші топ мүшелеріне арнап сұрақ даярлайды. Топқа аяқталмаған сөйлем әдістемесі бойынша сөйлемді аяқтау тапсырылады. Топтың әрбір мүшесі ортадағы жәшіктен қағазды кезектесіп алады, онда жазылған ойды аяқтау керек.

“Жақсы қасиет” деп ------------------------------?

“Жаман қасиет деп”-------------------------------?

Адамдардың бойындағы қасиеттер------------?

Ақылсыз болу деп ---------------------------------?

Ақылды болу үшін не істеу керек--------------?

Түйін. Оқушылар өз ойын айтуға дағдыланды, ой-пікірі қалыптасты. Тез ойлап, шешім шығара білуге, шын көңілден жауап беруге үйренді.



Бала тәрбиесі” тесті

Анықтама: Сіздің назарыңызға әр баланың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде кездесуі мүмкін 10 жағдай берілген. Ата-ана ретінде сіздің бұл жағдайларға көзқарасыңыз қандай? Яғни әрбір сұрақтан кейін берілген жауап нұсқауларыңыз сіздің тәрбиелеу әдістеріңізге сәйкес келгенін белгілеңіз. Іске сәт!

  1. Сіздің балаңыз өте бұзық және төбелесқұмар делік. Күн сайын үйге киімі

жыртылып немесе бет-аузы көгеріп келеді. Сіз:

а) не болғанын сұрап, киімдерін тігіп, жуып, жараларының күтімін жасайсыз;

ә) балаңызға көмек бересіз, бірақ бұзақылықтарының жақсылық әкелмейтіндігі, бір күні соның азабын көретіндігі туралы қайта-қайта айтып, балаға ұрсасыз;

б) оған тіпті қарамайсыз, өзінің мәселелерін өзі шешу керек.

  1. Балаңыздың жақын достары бар, бірақ олар жақсы тәрбие көрмеген, бұзық балалар. Сіз:

а) олардың ата-аналарымен сөйлесесіз;

ә) балаларды үйге шақырып, оларды ықпал етуге шақырасыз;

б) балаңызға достарының жаман жақтарын түсіндіріп, өзіне жаман үлгі болғандығын айтасыз.

  1. Балаңыз ойын ойнағанды жақсы көреді, бірақ ешқашан ұтылғысы келмейді. Сіз:

а) еш нәрсе жасамайсыз, ойнауды білетін болса жеңілуді де білуі тиіс деп ойлайсыз.

ә) жеңілуді үйренгенше онымен ойнамайтыныңызды айтасыз.

б) балаңыздың жеңілуді ұнату үшін әдейі ерекше жағдайлар жасайсыз.

  1. Балаңыздың белсенділігі соншама, күніне 24 сағат ойнап жүгіріп жүре береді. Ұйқтауы керек болсада жатқысы келмейді. Сіз:

а) оған ұйқының маңыздылығын түсіндіресіз;

ә) қалаған уақытында жатуына рұқсат бересіз, бірақ таңертең белгіленген уақытта тұруын тексеріп тұрасыз;

б) ұйықтайтын уақыт келгенде баланы жатуға зорлап, мұны ереже қылуға тырысасыз.

  1. Балаңыз өзіне қатысты болсын, болмасын күнін азаннан кешке дейін теледидар қараумен өткізеді. Сіз:

а) ол үшін кейбір бағдарламаны таңдап, тек қана соларды қарауын ғана талап етесіз;

ә) теледидар қарау үшін белгілі уақыт бөлесіз, бірақ не қараса да бала өзі таңдайды; б) теледидарды өшіріп тастайсыз.

  1. Балаңыз жеткілікті дәрежеде дөрекі, сөзге әуес делік. Тіпті мұндай құлқымен айналасындағы адамдардың мазасын алады. Сіз:

а) оған мұндай мінез-құлықтың жақсы болмағандығын түсіндіріп, дөрекі болмауын керек екенін айтасыз;

ә) дөрекі іс-әрекет жасауына тыйым салып, бұзақылығына жаза бересіз;

б) жақсы іс-әрекеттерін қайталау үшін мақтап, мәпелейсіз;

  1. Балаңыздың жасы әлі кішкентай болса да қыздарға /ұлдарға/ қырындауын бастаған. Сіз:

а) еш нәрсені қозғамай, болған күйінде тастайсыз;

ә) мұның тек балалық махаббат болғандығын ойлап, қарсы шығасыз;

б) балаңызға махаббат түсінігін айқындап түсіндіріп, әйел мен ер адам арасындағы қарым-қатынастардың қандай болуы керек екендігін жақсылап түсіндіріп бересіз.

  1. Басқа балалар сіздің балаңыздың артынан қалмайды: оны ұрады. Мазақтайды т.б. делік. Сіз:

а) балаңызға қарсылық беру жолдарын үйретесіз;

ә) бұл балалардың ата-аналарымен кездесіп сөйлесесіз;

б) балаңыздың мұндай балалармен кездеспеуі үшін мүмкіндік жасайсыз.

  1. Сіз үлкен қызыңызға немесе ұлыңызға барлық мүмкіндіктерді жасайсыз. Бірақ ол соған қарамастан еш нәрсенің қадірін білмей, кішкентай бауырларына айқайлайды. Сіз:

а) оны ақылды болуға, саналы әрекет жасауға шақырасыз, бірақ мұның барлығын кішкентай бауырларының да естуін қамтамасыз етесіз;

ә) балаңызға одан әрі көп көңіл бөлуге тырысасыз;

б) тіпті араласпайсыз.

  1. Егер балаңыз дөрекі іс-әрекет жасап, басқаларды түсінбей, бөтен балаларға тиісетін болса, Сіз:

а) өзінің қатесін түсінуі үшін оған қарсы да тап солай әрекет етуді бастайсыз;

ә) оған көбірек көңіл аударып, проблемаларын түсінуге тырысасыз;

б) күш пен зорлықты тақырып еткен киноларды қарауына тыйым саласыз.

Рахмет


Ұпайлар:

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

А 3 2 0 3 3 5 3 5 5 0

Ә 0 5 3 5 5 0 0 3 3 5

Б 5 0 5 0 0 3 5 0 1 2



Нәтижесінде:

Ұпайларды қосқаннан кейін төменде берілген тұжырымдамаларды пайдаланып, ата-ананың қандай тәрбие беретіндігін көруге болады.

0-18 ұпай аралығында: Сіз балаңызды өзіңіздің өміріңізге, тұрмыс жағдайыңызға қарай “көзіңізді жұмып” тәрбиелейсіз. Оның жаңа өскелең ұрпақ өкілі екенін ескермейсіз. Сіздің ойыңызша тұйық болу және үлкендерді сыйлау адам үшін ең әдемі де әдепті ерекшеліктер. Бірақ сіз үшінші мыңжыддықта адамдардың өздеріне деген сенімінің, шығармашыл ерекшеліктерінің және өзінше іс-әрекет жасауының маңызды болатындығын ұмытып кеткенсіз. Сіздің балаңызға бұл ерекшеліктер керек болады, бірақ сіз балаңызда оларды жетілдіруге тырыспайсыз, өмірдің өзгергендігін және алға кетіп бара жатқандығын көргіңіз келмейді.



19-35 ұпай аралығында: Сіз балаңыздың келешекте қандай жағдайда өмір сүретіндігін ойламаған болсаңыз керек. Алайда сіздің дұрыс жасайтын жақтарыңызды да айта кетсек артық болмайды: сіз бүгінгі өмірге сай әрекет етіп, бала тәрбиесінде қалыптасып кеткен тәсілдердің орнына қазіргі тәсілдерді қолдануға тырысасыз, баланың өз мәселелерін өзінің ойлауы керек болғаныны ең дұрыс шешім деп табасыз, балаңыздың еркін іс-әрекет жасауына рұқсат бересіз, оның беделіне нұсқан келтірудің керегі жоқ деп ойлайсыз. Бірақ мұның бәріне қарамастан, балаңыздың өмірге әзір екенін айту қиын. Сіз онда ойлау еркіндігін, өзіне сенім сезімін жеткілікті түрде жетілдірмейсіз. Сіз балаңыздың әр нәрседе тек қана сізді тыңдауын қаламасаңыз да оның өз ойларына жеткілікті түрде сенбейтініңізді айтуға болады.

36-50 ұпай аралығында: Сіз балаңыздың әділет және мейірімділік басымды болатын, менменшіліктің сыналатын, ақыл, еркін, ой, сананың сыйлы болатын бір қоғамда өмір сүретіндігіне шын жүректен сенеді екенсіз. Бұны жақсылап ойлап көріңіз.

Құрметті әріптес!

Бұл тесті ата-аналар жиналысы алдында өткізіп, нәтижелері бойынша пікір-талас өткізуге де болады. Немесе алдын ала тестіні өткізіп, зерттеу нәтижелеріне байланысты бірнеше педагогикалық жағдаяттарды сахналық қойылым ретінде даярлап, ата-аналармен біріге отырып шешіп, өзіндік қарапайым ата-аналар ережесін жасауға болад









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!