Ойынды аспап жеткізер ашық сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ойынды аспап жеткізер ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшадағы музыка ашық оқу-іс әрекеті
Материалдың қысқаша нұсқасы


Музыка

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Мектепалды даярлау тобы: «Батыр»

Музыка жетекшісі: Исаева А.A





Білім беру саласы: Шығармашылық
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі: Музыка
Тақырыбы:«Ойынды аспап жеткізер»
Мақсаты:
білімділігі:
:1.Музыканың динамикалық және қарқындық өзгерістерін сезіне білуге баулу.

2.Әнді қуанышты,екпінді орын дауға үйрету, аспатармен танысу.

3. Эко оркестр деген түсінік беру, пластик қалдықтар мен шынылар, қағаздардан аспатар жасау үйрену, табиғатты аялауға үйрету.

Дамытушылығы: балалар музыканың түрлі сипатын ажырата білуге үйрету.

Тәрбиелілігі: Ән тыңдау арқылы, ән айту арқылы музыканы сүюге тәрбиелеу.
Методикалық әдіс тәсілі:
Әуен тыңдау: оркестр «Бөбектер».
Ән айту: А.Калжанова «»
Музыкалық дидактикалық ойын: «Ғажайып аспап» ойыны
Музыкалық аспапта ойнау: Эко оркестр
Көрнекілік құралдары: Тақырыпқа сай дайындалған слайд. Күй үнтаспасы, ойын атрибуттары. Эко аспаптары.
Сабақ барысы:
Әрекет кезеңдері: І Баланы тапсырманы орындауға қызықтыру, талпындыру
Музыка жетекшісі балаларды көңілді әуен ырғағымен қарсы алады, амандасады.
Музыка жетекшісі: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!
Музыка жетекшісі (Шаттық шеңберіне шақырады.)
(Балалар көңілді келіп, әдемі шеңбер құрады.)

Салем,балакай- Сәлем, балақайлар

Сүйкімді балбөбек, айналады дөңгелеп

Салем, салем апайларға, сале бәріне.

Тәп тәтті баламыз, би билеп, ән саламыз!


Әрекет кезеңдері: ІІ. Балаларды ізденушілікке ұйымдастыру
Музыка жетекшісі: Балалар, интерактивті тақтаға қарап,үнтаспаға құлақ салайықшы.
Әуен тыңдау: «Бөбектер» оркестрі.
Музыка жетекшісі: Балалар, сендер оркестр тыңдадыңдар, оркестрде бірнеше асаптар бірге бір әуенді ойынайды, бұл оркестрде сан түрлі аспатар қолданылған.

Осы аспаптармен танысайық.

  • Ксилафон

  • Маракас

  • Сылдырма

  • Қоңырау

  • Дауылпаз



Музыка жетекшісі: Балалар, экранға назар аударайық,
(тақырыпқа сай дайындалған слайд көрсетіледі.)
балалар аспатарды қайталап атап беріндерші
Балалар жауабы.

Осы кезде әуенмен сайқымазақ кіреді, амандасады.

Музыка жетекшісі: Амансыз ба, мына дорбанызда не бар?

Сайқымазақ: А балалар сендердің мусор жәшектерің қайда? Жаңа кележатқанда біреулер сусын ыдыстар мен пластиктерді шашып кетіпті, соны жинап алып тастайын деп ем.

Музыка жетекшісі: Кәне маған беріңіз, мен бір кәдеге жаратайын, - деп қарайды.

Балалар, біз өз отанымызды,табиғатымызды аялап, қорғау керекпіз, қамқоршы болып табиғатқа зиянымызды тиғізбеуміз керек.

Сондықтан бүғін біз пластик қалдықтарын жерге тастамай, одан пайдалы аспаптар ойлап табайық.

Балаларды екі топқа бөліп, эко аспатарды жасату.

Кәне балалар эко оркестрімізді ойнайық
Балалар Эко оркестр ойнайды.

Музыка жетекшісі: Рахмет балалар! Өте тамаша орындадындар!
Балалар жаңа әнді айтайық. Жаңа әнді әдемі таза айту үшін, дауысымызға жаттығу жасайық.
1.Мен айтам, мен әнді айтам
2.Бом-бом-бом.

3.Ду –ду –ду –ду –ду


Ән айту: А.Калжанова «Балабақша»

Музыка жетекшісі: Балалар, ортаға әдемі шеңбер құрайық, көңілді ойын ойнайық.
Музыкалық дидактикалық ойын: «Ғажайып аспап»
Ойынның шарты: балалар бір үлкен шеңберге тұрады. Бір бала аспапта ойнап үлкен шеңбердің сыртымен жүреді, ал балалар көзді жұмып мұқият тыңдап, кімнің артыңы аспаты қойғанын байқап тұру керек. Кімнің артыңа қойяды, сол бала қойған баланы қуып жету керек, егер қуып жетпесе айыбына ән немесе тақпақ айтып беру шарт.
Әрекет кезеңдері: Рефлексия(орындаған тапсырмалар негізінде қорытынды шығару.)
Музыка жетекшісі: Балалар, сендерге бүгінгі сабақ несімен ұнады, қандай аспаптар жасадық?
(балалар жауабы.)
Балалар, осы бүгін жасаған аспаптарынды, алда кележатқан мерекелерде қолдансын деп сыйға тату етемін.
(Балалар бүгін не үйренгендерін айтып, сыйлыққа аспаптар алады.)
Балалар, рахмет сендерге. Сау болыңдар!



Күтілетін нәтиже:

Білу керек:

Эко оркестр неден жасалатының,және музыкалық аспаптарды білу керек.

Болу керек:Ән айту кезінде бір – біріне үйлесіп, әнді жақсы орындайтын дағдылары болу керек.

Істей білу керек: Би қимылдарын музыкамен ілесіп істей білу керек.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.11.2023
641
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі