"Ойынмен - өсем, жарыспен - жетілем"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ойынмен - өсем, жарыспен - жетілем"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалар арасында эстафеталық жарыс
Материалдың қысқаша нұсқасы



ЖШС «Кішкентай данышпан» бөбекжай-балабақшасы





Бекітемін:

«Кішкентай данышпан»

бөбекжай –балабақшасының

меңгерушісі: У.К.Ешенкулова





Тақырыбы:

«Ойынмен өсем,

Жарыспен жетілем!»

эстафеталық жарыс



Тәрбиеші: Қалдыбаева А.Ж















Шымкент қаласы 2025-2026 оқу жылы

Ойынмен өсем, Жарыспен жетілемін.

Мақсаты:

Балаларды ұлттық ойындарға баулу, жылдамдық пен ептілікті дамыту, топпен бірлесе жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Қажетті құралдар:

Қаптар (әр топқа 1 дана)

Доптар (әр топқа 1 дана)

Обруч (әр топқа 1 дана)

Асықтар немесе түрлі түсті шарлар (10–15 дана)

Себет (асықтарды жинауға)

Музыка (қуатты, көңілді әуендер)


Жүргізуші:

Құрметті балалар! Бүгін біз көңілді әрі қызықты «Ханталапай жарысына» қатысамыз!

Бұл ойында шапшаңдық, ептілік және ұйымшылдық қажет.

Алдымен топтарымызды таныстырып өтейік!


Таныстыру

Әр топ сахнаға шығып, өз ұранын айтады:


1-топ:

Біздің топ:«Арулар» тобы

Біздің ұран:

Күндей болып күлеміз

Жарысқанда жеңеміз


2-топ:

Біздің топ:

«Батырлар» тобы

Біздің ұран:

Батырлармыз айбынды

Жеңіс бізге лайықты


Ал балалар енді біз сендермен керемет ойын ойнасақ, қалай қарайсыңдар?

Балалар біз сендермен бүгін Ханталапай ойыныны ойнаймыз.Бұл ойын бізге шапшаңдықты, бірлікті, тапқырлықты үйретеді.

Тәрбиеші бір затты іздей бастайды?

Балалар: Апай не іздеп жатырсы?

Балалар ханталапай ойынын ойнау үшін көптеген асық керек? Сол асықтарды мен таппай тұрғаным! Мен топта ұмытып кеткен секілдімін. Енді қайтсек екен?

Тазша бала шығады

Тазша бала (қалжыңмен):

Ассалаумағалейкум, ағайын!

Мен – Тазша бала, тапқыр әрі қу бала!

Естідім, сендер «Ханталапай» ойнайсыңдар дейді.

Менсіз ол қызық болмас, мен де қатысайын деп келдім!

Жүргізуші:

Қош келдің, Тазша бала! Бүгін бізде екі топ жарысады:

«Батырлар» және «Арулар».

Қаласаң, төреші бол! Бірақ бір жағдай болып тұрғаны

Тазша бала: НЕ жағдай болды?

Тәрбиеші: Біздің асықтар келген жерімізде қалып кетіпті.

Тазша бала: Ол да сөз болып па? Былай жасайық? Менде асық көпппп.Бірақ оны бірден бере алмаймын.

Тәрбиеші: Неге?

Тазша бала: Мен бірнеше тапсырма беріп, балаларды сынайын? Егер жақсы ойнаса,әр ойыннан кейін марапат ретінде беріп отырамын.

Тәрбиеші: Қандай керемет. Дүрыс болды ғой. Балалар тапсырмаларын орындаймыз ба?

Тазша бала:

Ой, жарайды! Мен төреші болам, бірақ жеңілгендерге асық бермей қоямын!

(Балалар күледі.)

1-кезең: «Қаппен секіру»

Жүргізуші:

Әр топтың бірінші ойыншысы қапқа кіріп, секіріп барып бір асықты алып қайтады.

Келесі бала жалғастырады.



Тазша бала:

Кім бірінші келсе – нағыз «қоян жарықтық!» болады! ?

Ал бастаймыз!

(Музыка ойнайды. Балалар секіріп өтеді. Тазша бала қалжың айтып, мотивация береді.)

Тазша бала:

Мынау секіріп бара жатқанда жер сілкінді ғой!


Тәртіп:

Егер ойыншы қаптан шығып кетсе — асықта қайта орнына қояды.

 

2. «Арқан тартыс»

Топтық ұйымшылдықты артады.

Әр топ бір арқанның ұшын ұстайды. Белгі берілгенде екі топ тартады.Ортадағы белгіні кім өз жағына тартса – сол оп жеңеді.

3. «Доп мен обруч» ойыны

Балалар обручтың ішінен өтіп келіп, допты шеңберге тастайды.Шеңберге қанша доп түссе сонша асыққа ие болады.


4. Допты бұт арасына қысып жүгіру

Жүргізуші:


Келесі кезеңде ойыншылар допты екі тізесінің арасына қысып,

мәреге дейін барып, Шеңберді дәлдеп лақтырады.Егер шеңбер орынына түссе бір асықты қорынына салады.

(Көңілді музыка қосылады. Ойын жалғасады.)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар:

Себеттерің асыққа толды ғой. Санап көрейік ия!Бірге санаймыз!


Ендеше ханталапай ойынын ойнайық!

«Ханталапай!»

Жүргізуші:

Ал енді ең қызықты сәт келді!

Мен ортаға асық шашамын, ал сендер Тазша баланың белгісінен кейін асық тересіңдер!

Тазша бала:

Дайынсыңдар ма?

Бір, екі, үш — ХАНТАЛАПАЙ! ?

(Асықтар шашылады, балалар асық тереді.)

Жүргізуші:

Әр түстің тапсырмасы бар:



  • ? Жасыл асық – 3 рет секір

  • ? Көк асық – әннің бір жолын айт

  • ? Сары асық – жаттау айт

  • ? Қызыл асық – би биле

(Балалар кезекпен өз асықтарына сай тапсырмаларды орындайды.)

Тазша бала:

Шіркін, неткен өнерлі балалар!

Бірі ән айтады, бірі билейді – мен де қосылайыншы! ?

(Тазша бала балалармен бірге билеп кетеді.)

Қорытынды бөлім

Жүргізуші:

Бүгін бәрің де жақсы өнер көрсеттіңдер, шапшаң да ұйымшыл болдыңдар!

Ал жеңімпаз кім дейсіңдер ме?

Тазша бала:

Әрине, ДОСТЫҚ! ?

Бәрің де батылсыңдар, бәрің де жеңімпазсыңдар!

Тәрбиеші:

Балалар, ойын арқылы біз достықты, шапшаңдықты және бірлікті үйрендік.


Ұлттық ойындарымызды ұмытпай, бірге ойнайық
























Picture 5















































Picture 8

























Picture 9



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.10.2025
38
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі