400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Ойынның бала психологиясына әсері.

Материал туралы қысқаша түсінік
педагогтар мен тәрбиешілер,ата-аналарға
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ойынның бала психологиясына әсері.

Маханова Асел Савитовна

Жоғары дәрежелі екінші санатты

педагог-психолог

Алматы қаласы, Бостандық ауданы, «Zerdesh» зияткерлік мектебі







Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық зор қызметтер атқарады.

Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор,ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады» Сондықтан келешек ақын, ұстаз, әкім, дәрігер, әртіс, ғалым т.б. қайраткерлерді тәрбиелеу ең алдымен ойын арқылы дамыту,ойнатудан басталады.

Ойын - балалардың негізгі іс-әрекетінің бір түрі. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Бала ойынды ойнай отырып сол ойындағы кейіпкерлерді сомдау арқылы өзін-өзі жетілдіре отырып дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап,айналадағы болып жатқан болмыстарды бейнелеу арқылы адамдармен араласуға үйренеді. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмаларды өзінше зерттеп орындау, өзінше шешім жасау, өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы,өзіне сенімді, ерік-жігерлі, сөйлеу тілі жақсы қалыптасады. Бала ойын арқылы айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді. Ойын барысында балада сан-алуан сұрақ туындайды,сұраққа жауап іздеген бала тыңдауды,есте сақтауды, ақпаратты келесі адамға жеткізуге шынығады. Бала өз ойыншықтарына жан бітіре отырып әр-түрлі көңіл-күй (эмоция) түрлерін біле отырып,жақсы – жаманға көңіл аударады. Ойын барысында көшбасшылыққа (лидер) талпынады, жаман кейіпкерлердің басты рөлде болмауын, жақсылықтың жеңетініне назары ауады. Ата-анасы болмаса тәрбиеші ойнап отырған баланы назарда ұстап баланың ойын толықтырып отырса онда болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады.

Баланың қандай ойыншық таңдағаны, не үшін алғысы келетіне,неге ұнататыны жөнінде баламен тілдесу маңызды. Бала бойына өзі көріп жүрген мультфилімдердегі кейіпкерлер немесе өзі қорқатын жануарларға деген көзқарасы дұрыс болмауы мүмкін. Кейде бала әлемде жоқ көп кездесе бермейтін жануарларға әуес болады,болмаса үй жануарларына өзінше қанат бітіріп қиялға шарықтап жатады. Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне ғана емес,жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды.

Бала бойынан көргіңіз келген қасиеттерді қалыптастыру әр-бір ата-ана мен тәрбиешінің қолында. Бала ойыншықты алып жалғыз өзі іштей сөйлеп үнемі ойнаса,білгісі келген сұрақтың жауабын үлкендер назар салып жауап қайтармаса, онда бала бойындағы қызығушылық қасиет басылып, іштей тұншығып баланы тұйықтық басады. Бала ойына 2-жастан 5-6 жас аралығында нағыз пісіп жетілу,қиялдың тез дамитын уақыты,мінез-құлықтың саналы регуляциясы күшейеді, мотивтер мен қажеттіліктер көлемі ұлғаяды, көп білу, басқалардан жоғары болу, өзім жасай аламын сияқты қарапайым қажеттіліктен бастау алады. Осы уақытта балаға назар аудару мен жұмыс жасалған жағдайда,біз армандаған мақсатымызға қол жеткізе аламыз. Себебі: бала өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды көпнәрселер оларды ойлантады. Бала ойында жүрген сан алуан сұрақтар мен бойына үрей алатын кей жағдайларды үлкендерден жауап болмағансоң өзінше теріс ой түйеді. Күн сайын бала ойында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын бала тәрбиешіден емес ата-анадан күтеді,өйткені бала түсінігінше,ата-анасы бәрін біледі. Бала ойындағы ерекше сұрақтар баланың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан да құрметті ата-аналар балаларының сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Қазіргі кезде көптеген ата-аналар жұмыс басты болғандықтан балаларын тәрбиешіге табыстап, баланы 1сыныпқа келгенде көңіл бөле бастайды. Бала бойынан кемшілікті көріп неге ол ондай, неге мұндай сұрақтарын жаудырып жатады. Бала ойындағы сұрағына уақытылы жауап алмағандықтан,ата-ана тарапынан немесе отбасы мүшелерінен толық назар болмағандықтан бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және баланың дүниені тануына кері әсерін тигізеді. Бала бойына көп қасиеттер мектепке дейінгі ерте-жас онтогенез кезеңінде қалыптасады. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынадай: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік-жігері, қиял, елестер мен таным үрдістері дамиды. Мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.

Бүгінгі күн талабы-баланың ақыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу. Олай болса баланы тал бесіктен белі шыққанша, қолына сауат ашу алып мектеп табалдырығын аттағанша ойыны қанғанша,ойы мен сөзі жетілгенше назардан тыс қалмауын есте ұстап, қадағалайық.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 ақпан
707
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі