жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ойынның идеясын анықтау.
Күні: |
Мектеп: «Атамекен орта мектебі» КММ |
||
Сыныбы: 6 |
Мұғалімнің аты-жөні: Гайыпбергенова Т |
||
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспаған оқушылар саны: |
||
Сабақтың тақырыбы: |
Ойынның идеясын анықтау |
||
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
6.3.2.1-есептің шешімін кезеңмен талдау; 6.3.2.2-блок-сызба түріндегі алгоритмді ұсыну. |
||
Оқу мақсаттары |
Компьютерлік ойынның не екенін, компьютерлік ойындарды дайындау кезеңдерін білу және олармен жұмыс істей алу. Компьютерлік ойынды әзірлеу кезеңдері бойынша ойынды жобалай білу және олармен жұмыс істей алу. Практика жүзінде компьютерлік ойындарды жобалап, оларды жүзеге асыра алу. |
||
Жетістіктер критерийлері |
Барлық оқушылар |
||
Оқулықтағы «Жауап берейік» және «Себебін анықтайық» қадамдары тапсырмаларын орындай алады. Ақпараттарды біледі және олардың мән-мағынасын түсінеді (өнімсіз деңгей) |
|||
Оқушылардың басым бөлігі |
|||
Оқулықтағы «Талдап салыстырайық» және «Дәптерге орындайық» қадамдары тапсырмаларын орындай алады (өнімді деңгей). Білімдерін тереңдетеді және жүйелейді. |
|||
Кейбір оқушылар |
|||
Алған теориялық білімдерін: 1) практикада бекітеді («Компьютерде орындайық» қадамында); 2) Алған білімі мен қалыптасқан білігін өмірде кездесетін жағдаяттарды шешуге пайдаланады («Ой бөлісейік» қадамында). Тақырыпты толық меңгеру үшін «Үйде орындайық» тапсырмасын орындайды. Тақырыпты толық меңгерген оқушылар қалауы бойынша «Шығармашылық тапсырма» айдарында берілген тапсырманы орындайды. |
|||
Өткен тақырып |
«Сұрақ-жауап» әдісі арқылы сұрау |
||
Қолданылатын әдіс-тәсілдер |
АКТ, СТО, «Бас бармақ» әдісі |
||
Қолданылатын ресурстар |
оқулық, слайд, компьютер |
||
Пәнаралық байланыс |
ағылшын тілі |
||
Сабақтың барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурс-тар |
|
І кезең |
|||
Сабақтың басы.
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Сыныпта жағымды ахуал орнату үнін «Сені көргеніме қуаныштымын, себебі...» - «Glad to see you, because….» тренингін ұйымдастыру. Қатар отырған оқушылар бір-біріне оның жақсы жақтарын айтады.
|
|
|
Өткенді қайталау
|
Оқулықтағы «Естеріңе түсіріңдер» айдарында берілген тапсырмалар және өткен тақырыптан басқа да қосымша тапсырмалар.
|
Интер-актив-ті тақта |
|
Қызығушылы- ғын ояту, мәселе қою |
Сұрақтар арқылы жаңа тақырыпты анықтау. |
|
|
ІІ кезең |
|||
Сабақтың ортасы Жаңа сабақты қалыптастыру
|
Оқушыларға жаңа тақырыпты қысқаша түсіндіремін. Термин сөздер:
Компьютерлік ойындар құру - техникалық және шығармашылық жағдайларды қамтитын әртүрлі кезеңдерден тұратын ұзақ әрі күрделі үдеріс. Компьютерлік ойын-қандайда бір программалау тілінде жазылатын және ойын-сауық үшін құрылатын программа. Ойын бір тұтынушыға арналып, яғни, жекеленген адам ойнау үшін немесе көптұтынушыға арналып (бірнеше адам бір уақытта ойнау үшін) әзірленуі мүмкін. Компьютерлік ойынды компьютерде, жергілікті желі, Интернет желісі арқылы, электронды поштаны қолданып, т.б. жолдармен ойнауға болады. Ойынды құру кезеңдері: Компьютерлік ойынды құру үш кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезең ойынды жобалау кезеңі болып табылады. Жобалау кезеңінде ойынның мақсатымен оны құру барысында қолданылатын құралдар анықталады. Екінші кезеңде ойынды құрудың шығармашылық бөлігіне назар аударылады. Үшінші кезеңде ойынды тестілеу, яғни программалау ортасында қателерді табу және жөндеу, сонымен қатар авторын көрсете отырып, ойынды жариялау іске асырылады. Құрған ойынымыз барлық адамдарға қызықты болу үшін ойынның мақсатын анықтау маңызды. Біздің ойынымыздың мақсаты көрікті жерлермен танысу, ақпарат жинақтау болады. Келесі қадамда ойынның жанрын таңдау керек. Жанр - ойынның дамуының негізгі бағытын анықтайды. Жанрлардың түрлері өте көп. Оларды қарым-қатынас ойындары, әрекет ойындары, басқару ойындары және т.б. түрде топтастыруға болады. (3-кесте).
Ойынның бас кейіпкері белгілі бір тапсырмаларды орындай отырып, белгілі бір аймақтың көрікті жерлеріне саяхат құрып, ақпарат жинақтайды. Сондықтан біздің ойынымыздың жанры- қарым-қатынас ойындары болады. Енді біз ойын ортасын анықтауымыз қажет. Таңдалған орта «Қай жерде?» және «Қашан?» сұрақтарына жауап беруі керек. Біздің ойынымыздың ортасы – заманауи қала, ал ойынымыздың атауы «Сүйікті қалама саяхат» болады. Сонымен, ойын жобасының мақсаты анықталды. Енді біз анықталған мақсатты жүзеге асыруға көмектесетін құралдарды, яғни материалдар мен құрал-саймандарды таңдауымыз керек. Ойын жобасының материалы да, құрал-сайманы да бір нәрсе – ол программалық код. Код – ойын нысандарын басқаруды жүзеге асыратын программалық кодтың жолдарындағы командалар. Біздің ойынымызды жобалаудың бірінші кезеңі 8-сызбада көрсетілген.
|
Оқулық-пен жұмыс
|
|
ІІІ кезең |
|||
Дәптермен жұмыс
|
Оқулықтағы «Дәптерге орындайық» тапсырмаларын орындайды. Жанрлардың түрлерін анықтаңдар және берілген әрекеттерді көрсетілген жанрлар бойынша топтастырыңдар.
|
Дәптермен жұмыс |
|
Практикалық жұмыс
|
Оқулықтағы «Компьютерде орындайық» тапсырмасын орындау Өз компьютерлік ойындарыңды ойлап табыңдар және оның мақсатын анықтаңдар. Төменде берілген блок сызбаны толтырыңдар.
|
Компьютер-де орындайды. |
|
Сабақтың соңы Кері байланыс
|
«Бес бармақ» әдісі арқылы бүгінгі сабақтан не үйренгендерін стикерге жазу.
Не
үйрендім?
Сабақ
ұнадыма?
Көңіл
күйім?
Қандай
жетістікке қол жеткіздім?
Неден
қиналдым?
Үй тапсырмасы: §17 оқу. Оқулықтағы Үйде орындайық тапсырмасы. |
|
|
Бағалау
|
Топтар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.
|
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген