Ойынның сценарийін жасау

Тақырып бойынша 29 материал табылды

Ойынның сценарийін жасау

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Компьютерлік ойындарды жасау

Мектеп: №22 орта мектеп МКМ

Күні:22.01.2020

Мұғалімнің аты-жөні: Байбуриева М.А.

Сынып: 6 «а» сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

Ойынның сценарийін жасау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.2.2. блок –схема түріндегі алгоритмді ұсыну

Сабақ мақсаттары

  1. Ойын сценарийінің, ойын нысандарының не екенін білу және олармен жұмыс істей алу.

  2. Ойынның басты және екінші деңгейлі кейіпкерлерін, қарсыластар мен ойын барысында кездесетін кедергілерді анықтап, олармен жұмыс істей алу.

  3. Практика жүзінде ойын сюжетін құрып, сценерий бойынша жүзеге асыра алу.

Бағалау критерийлері

1.Ойын сценарийін құру жолын біледі;

2.Ойын нысандарын , олардың қызметін айыра алады;

3.Ойын нысандарын жікке бөле алады;

4.Ойынның графикасын,сюжетін,деңгейлерін ажыратып блок-схема құруды біледі;

Тілдік мақсаттар


Диологке арналған тармақтар:

-Ойынның сценарийін құрады

-Ойын нысанын , сюжетін,деңгейін ажырата алады

Жазылымға араналған тіркестер:

Ойынның сценарийі деген не-?.........

О йынның басты кейіпкері




К омпьютерлік қарсыластар







О йын нысандары

Екінші деңгейлі кейіпкерлер

с ыйақылар







Қ озғалмалы нысандар




Д екароциялық т.б










Терминалогия: ойын,

сценарий, нысан, декорация, сыйақы, кейіпкерлер, компьютерлік қарсыластар.

Құндылықтарды дарыту

Іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтастыққа баулу.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, бейнелеу, геометрия , сызу .

Бастапқы білім


Оқулықтағы «Естеріңе түсіріңдер» айдарында берілген тапсырмалар және өткен тақырыптан басқа да қосымша тапсырмалар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы



3 мин










Білім алушылармен амандасу, түгендеу

Сыныпта жағымды ахуал орнату үшін «Ыстық алақан», тренингін ұйымдастыру. Оқушылар жұптасып, бір-бірімен алақандарын түйістіреді де, жұбына жылы лебізін білдіріп, жағымды сөздер айтады.

Топқа бөлу: Білім алушыларға ойын турлері қиылған қиындылар таратылады, сол арқылы топқа бөлінеді.

1 топ: «Angry birds»

2 топ: «Subway surd»
















 

Суреттер http://www.google.com/?gws_rd=ssl

2 мин

«Пазл» әдісі бойынша сабақ тақырыбын ашатын сурет қиындыларына сұрақтар ілінеді, жауап бере отырып сурет қиындырларын құрастырады, осыдан келіп жаңа сабақтың тақырыбы көрсетіледі.

Сабақтың ортасы









5 мин













































5 мин





















































10 мин







































































8 мин



































































































3 мин

1 тапсырма: (Оқулықпен жұмыс)

Оқыту формасы: Топтық

Оқулықтың мәтіні мен дерек сөздерге сүйене отырып ойын сценарийін құрумен, кейіпкерлер және сюжетімен танысады.

«Тұжырымдамалық карта» жалпы сипаттамасы:

Оқушылар үлкен парақтың ортасына басты тақырыпты немесе сұрақты жазады. Оқушылар тақырыпты қамти отырып ең маңыздыларын қағазға түсіріп, өз идеяларын кесте , сурет қиындыларымен көрсетеді.

Дескриптор

1.Ойын сценарийін құруды үйренеді

2.Ойын сценарийін құрудың әдістерін біледі

3.Ойын кейіпкерлерін, нысанын, сюжетін ажырата алады.

ҚБ: Білім алушылардың меңгеру деңгейін «Бағдаршам көзі» арқылы бағалау

Жасыл көз-жаңа тақырып бәріне түсінікті болды

Сары көз-жаңа тақырыпты түсінуде қиындықтар болды

Қызыл көз- тақырып мүлдем түсініксіз болды

2 тапсырма: «Кім жылдам» әдісі (Дәптермен жұмыс)

Оқыту формасы : жеке жұмыс

Білім алушылар компьютерлік ойындардың сценарийілерін келтіріп томендегі графиканы дәптерлеріне тез толтырулары қажет. Алғаш бітірген топ мүшелері канфетпен марапатталады. Бұл бағалау білім алушыны мадақтауда,өзіне-өзі деген сенімді қалыптастыруға көмектеседі










3 тапсырма : «Жаз,көрсет,әңгімеле» Шығармашылық жұмыс (компьютерде орындайық)

Scratch программасымен компьютерлік ойын сценарийін скрипттерді пайдаланып блок-схема жасайды.Блок-схема төмендегі сурет тәрізді жасалуы қажет.

Оқыту формасы: топтық

Әр топтың білім алушылар компьютерде дайындаған ойын сценарийін бірі-біріне түсіндіріп өтеді. 

Дескриптор:

1.Ойын сценарийі құру туралы толық ақпарат алады

2.Жобаға сәйкес ойын сценарийін блок-схемаға түсіруді біледі

ҚБ: Білім алушылардың меңгеру деңгейін «Тиын, монета» арқылы бағалау

100 тиын –бәрі түсінікті

50 тиын-түсіндім, кейбірі қиындық туғызды.

20-мүлдем түсініксіз

Сергіту сәті!

Көзге арналған жаттығулар

4 тапсырма

Сараланған тапсырма:

Оқыту формасы: топтық жұмыс

1 топ : «Фишбоун» әдісі «Компьютерлік ойындар»

Постерге балықтың қаңқасы суретін салып, басына тақырыпты жазады. Денесінің жоғарғы жағындағы қанаттарға идеяның себептері, төменгі қанаттарға идеяның салдары жазылады. Түйінді ой құйрығына жазылады. Кейін ауызша, жазбаша кері байланыс беруге болады.

Дескриптор

1.Компьютер ойындары туралы жалпы түсінік береді;

2.Компьютер ойындардың зиянын, пайдасын біледі;

3.Компьютер ойындары турасында қорытынды жасай біледі;

2 топ: «Өрмекші » әдісі «Компьютерлік ойындардың құру кезеңдері»

Білім алушылар постерге өрмекшінің сұлбасын сала отырып, басына тақырыпты, денесіне өзекті ойларды, аяқтарына тірек сөздер арқылы шешу жолдарын жазып, өз ойларын тиянақтап пысықтайды.




Дескриптор:

  1. Ойынды құрудың әр кезеңіне тоқталып өтеді;

  2. Ойынды құрудағы өздерінің түйінді ойын айтады:

Екі топта тақырыптар бойынша ойларын тыңдап болған соң,бір-бірін смайликтер арқылы бағалайды.

-маған бұл тапсырма ұнады

 -тапсырма түсінікті, алайда қиындық туғызған жерлері болды

-тапсырма мен үшін мүлдем түсініксіз

5 тапсырма Қалыптастырушы бағалау: (білім алушылар берілген тапсырманы жылдам жазып шығару керек шығулары қажет, болғаннан соң мұғалім жинап алып бағалайды)

«Жауап беру кестесі»



Дескриптор

1.Сценарий ұғымын көрсетеді;

2.Ойын нысанын табады;

3.Ойын түрін анықтайды;

4. Басты кейіпкерді анықтайды.

Флипчарт, маркер,оқулық































Суреттер http://www.google.com/?gws_rd=ssl



























Суреттер http://www.google.com/?gws_rd=ssl














































Компьютерлер,




 




Суреттер http://www.google.com/?gws_rd=ssl









































































слайдтар




Флипчарт,маркер,оқулық,







Суреттер http://www.google.com/?gws_rd=ssl







 

Сабақтың соңы



















4 мин




































«Кезбе тілші» әдісі арқылы сабақты қорыту

(сыныпта бір білім алушыны тілші ретінде сайлайды және бұл жөнінде білім алушыларға сабақ басында ескертіледі, яғни сабақ барысында белсенділік танытқан білім алушы, сабақ соңында микрофонмен жүріп әр топтағы білім алушыларға тақырып бойынша сұрақ қояды)

Оқыту формасы: Жеке жұмыс

1.Білім алушылар сұраққа жауап беруге әзірленеді.

2.Сабақ қорытылады.

Дескриптор:

1.Сабақ туралы толық түсінік қалыптасады

2.Жаңа тақырыпты меңгереді

Рефлексия «Білім қоржыны» білім алушылар бүгінгі сабақ бойынша өз қоржындарына стикерлер арқылы пікірін қалдырады.

Көк қоржын-бүгінгі сабақ тан әсерім өте күшті

Сары қоржын-бүгінгі сабақ ұнады

Қызыл қоржын-бүгінгі сабақ қызықсыз










Суреттер http://www.google.com/?gws_rd=ssl
















Слайд




Микрофон, қоржындар

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қысқа мерзімді жоспарды құру барысында білім алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған саралау жоспарлы жаттығулар арқылы жүзеге асып отырады.

Берілген әр бір тапсырмалары қадамдарға жіктеліп берілуі және қолданылған әдіс-тәсілдер білім алушыларға өз ойларын,білім деңгейлерін,сабаққа деген жігерін және топта ұжымдасып жұмыс жасауға зор ықпалын тигізуге көмектеседі.

Сабақ барысында білім алушылардың сабаққа деген зейінін,ынтасын және өздеріне деген сенімділіктерін арттыру мақсатында белсенді әдістерді тиімді қолдана отырып,әр білім алушылардың тапырмаларға қаншалықты жауап бергенін,меңгергенін тексеру үшін бірнеше бағалау түрлерін қолдануға болады..

1 тапсырма:

«Тұжырымдамалық карта» әдісі

Тапсырманың жауабына сәйкес білім алушылар « Бағдаршам көздері» арқылы бағаланады. Бұл бағалау білім алушылардың сабаққа деген ынтасын,қызғушылығын арттырады.

2 тапсырма: «Кім жылдам» әдісі (Дәптермен жұмыс)

«Конфетпен бағалау» алғаш бітірген топ мүшелері балмұздақпен марапатталады. Бұл бағалау білім алушыны мадақтауда,өзіне-өзі деген сенімді қалыптастыруға көмектеседі

3 тапсырма:

«Жаса,көрсет,әңгімеле» әдісі

Шығармашылық жұмыс (компьютерде орындайық)

Компьютер жасалған жұмысты

« 20 ,50,100 тиындар» арқылы бағаланды.Тиынмен бағалауда білім алушылардың бір-біріне жасалған жұмыст ары үшін ашық түрде пікірін айтуға және қызығушылығын арттырады..

4 тапсырма:

1 топ : «Фишбоун» әдісі

2 топ: «Өрмекші » әдісі осы әдістер арқылы орындалған тапсырмаларды білім алушылар бір-бірін смайликтермен бағалайды.Смайликтер арқылы бағалау білім алушылардың өз ойларын эмоция арқылы жеткізуі олардың бір-біріне деген құрметін,сыйластығын күшейтер еді.

5 «Кезбе тілші» әдісі арқылы сабақты қорыту

Рефлексия «Білім қоржыны» білім алушылар бүгінгі сабақ бойынша өз қоржындарына стикерлер арқылы пікірін қалдырады.

Денсаулық және техника қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып ,сабақты АКТ-ны байланыстырып өткіздім.Тақырыпқа сәйкес қазақ тілі,

бейнелеу,геометрия ,сызу ,өзін-өзі тану сынды пәндер байланыс жасау арқылы сабақ жұргізілді.Сонымен қоса оқушылырдың бойында құндылықтарды дамыту мақсатынды «Дұрыс әрекет жасау» арқылы жинақтылық,ұқыптылық,батылдық қасиеттерін дарытуды мақсат еттуге болады.





Сабақ бойынша рефлексия



Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау





Сабақтың жақсы өткенекі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:



2:



Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:



2:



Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралынені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2025
125
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі