400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ойыншықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту,олармен қалай ойнау керектігін түсіндіру,қандай заттан жасалғандығын анықтап,күтіп, ұстауға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті

Білім беру саласы: Таным

Білім бөлімі: Қоршаған орта

Тақырыбы: Ойыншықтар

Мақсаты: балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту,олармен қалай ойнау керектігін түсіндіру,қандай заттан жасалғандығын анықтап,күтіп, ұстауға үйрету.

Керекті құралдар: ағаштан, резеңкеден,пласмассадан, матадан жасалған ойыншықтар.


Оқу іс-әрекетінің түрі


Педагогтің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотива циялық қозғаушы

Шаттық шеңбері

Үлкенге де «сіз»,

Кішіге де «сіз».

Баршаңызға құрметпен,

Бас иеміз «біз»

Қол ұстасып шеңбер құрап,бәрі бірге қайталайды.

Ұйымдастырушылық ізденушілік

Балалар бүгін біз ойыншықтар туралы әңгімелеседі екенбіз.Біз ойыншықтарымызды жақсы көреміз бе?

  • Балалар қараңдаршы біздің тобымызда ойыншықтар өте көп, олар қандай әсем, әдемі ойыншықтар. Балалар мынау қандай ойыншық?
    - Доптың пішіні қандай?
    - Түсі қандай?
    - Доптың қимылы қандай?
    - Қане бәріміз допша секірейікші?
    Кім доп туралы тақпақ біледі?




-Қыз балалар көбіне қандай ойыншықпен ойнайды?
- Дұрыс айтасыңдар. Қуыршақпен
Ал мына қуыршақ бізбен амандасқысы келіп тұр. Балалар қуыршақтың әдемі шашы, әдемі көйлегі бар екен.
Қуыршақтың көйлегінің түсі қандай? Қуыршақ қалай жүреді?
- Кім қуыршақты қалай ұйықтататынын көрсетеді?

-Ал бізге кім қуыршақ туралы тақпақ айтып береді?




  • Ал, ұлдар көбінесе қандай ойыншықпен ойнайды?
    - Ал машинаның түсі қандай?
    Кім машина туралы тақпақ біледі?

  • Ойыншықтар жасалуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді.
    Жұмсақ, резиналы ,темірден, ағаштан, пластмассадан және матадан жасалған ойыншықтар қойылады. Бір ойыншықты біз ойыншық дейміз. Ал, көп ойыншықты қалай атаймыз?
    Балалар біз бұл ойыншықтарды қолымызбен ұстап, сипау арқылы оларды қандай екенін білеміз.

Ән: «Қошақаным»

Аю қатты ма, жұмсақ па?
- Аюдың түсі қандай?
- Аю туралы тақпақ кім айтады?




Тағы кім ойыншықтар туралы тақпақ біледі?


Балалар, сендерге өздеріңнің сүйікті ойыншықтарың бар. Сол ойыншықтарыңды сындырмай, таза ұстау керек.



Ал, балалар біз енді сергіту сәтін өткізейік.



Шығармашылық жұмыс

Балаларды 2 топқа бөліп Монтесорри технологиясы бойынша баулау және ілгішті ілу тәсілін қолданып, бірінші топқа ағаштан жасалынған аюдың киімдерін баумен баулап шығу.Ал екінші топ жұмсақ күшіктің ішін мачалкамен толтырып ілгішін ілу.

Тыңдайды


-иә әрине



-доп


-домалақ

-сары

-секіреді

-бірге секіреді


Дастан: Доп.
Добым менің домалақ,
Тоқтамайсың домалап.
Үстел үстін бүлдірдің.
Тарелканы сындырдың.


-қуыршақпен





-қызыл

-қуыршақтың жүрісін көрсетеді

-әлди айтып ұйықтатады

Камала:

Күшік, мысық, балапан,

Қуыршағым балақан.

Қане бәрің тұрыңдар,

Ойын-сауық құрыңдар.


-машина

-жасыл

Абрар:

Бип-бип,бип- дейді,

Жолдан былай кетдейді.

Күшікті басуға,

Болмайды машина

Би-би-бип.





Ойыншықтар

Балаларға әр түрлі заттардан жасалған ойыншықтар ұсынылады.


ән айтады бәрі бірге

-жұмсақ

-ақ

Аселя:

Қорбаңдаған аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Адина:

Ақ қоян, ақ қоян,

Қалтама сап қоям.

Қарным ашса,

«Ап»-деп, жеп қоям.

Ханбибі:

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалды сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып секірді.

Сергіту сәті:

Бала бала балапан,

Қане қайсы алақан?

Саусақтары айбат,

Былай былай ойнат.

Топ-топ,топ-топ басайық

Жалаудан күн жасайық,

Жаса-жаса алтын күн,

Жаса-жаса жарқын күн.


Тапсырманы орындайды.

Рефлексивті түзетуші

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетті қорыта келе мен сендерге әр түрлі ойыншықтар бейнеленген жапсырғыштар беремін. Сендер оның атын атап, тақтаға жапсырасыңдар.

Балаларды жақсы қатысқаны үшін мақтап мадақтау.

әр бала өзіне ұнаған ойыншық бейнеленген жапсырғышты алып атын атап, тақтаға жапсырады.

Мақтау естіген бала ынтасы арта түседі.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Ойыншықтардың әр түрлі заттардан жасалатындығын.

Меңгереді: Монтессори технологиясы бойынша жұмыс жасауды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
540
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі