400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ойыншықтар 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға ойыншықытардың атын ажырата білуге үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы


Shape1

Shape2




Shape3

Shape4









Shape5

Оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыру, жаңа сөздерді меңгерту, ойыншықтардың атын ажырата білуге үйрету



Shape6

Оқушылардың ой – өрісін дамыту, түрлі тапсырмалар орындау барысында есте сақтау, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.






Shape7

Сабақтың

мақсаты:










Shape8

Оқу мен жазу арқылы оқушыларды шығармашылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.














Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу, көрсету.

Сабақтың көрнекілігі: Түрлі түсті ойыншықтар,слайд, сөзжұмбақ, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс:орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй жұмысын тексеру.

ІІІ.Жаңа сабақ.

ІV.Қорытынды. Бағалау. Үйге тапсырма.

1.1.Сабаққа назарларын аудару.

Балалар, бүгінігі сабағымызда өз білімімізді көрсете білейік. Олай болса, балалар сабағымызға сәттілік тілей отырып, өлең шумағын бастайық:

1.2.Психологиялық дайындық.

Мен оқушы баламын,

Оқу, білім аламын.

Мәтін түрін игеріп,

Сабақта белсенді боламын.

Ендеше, отырыңдар. Әр ісімізге мұқият болайық.

ІІ. Қызығушылықты ояту.

2.1.Миға шабуыл. (Жедел сұрақ)

Ендеше, балалар миға шабуыл жасап өткенге көз жүгіртейік. Ол үшін менің сұрақтарыма жауап берулерің керек.

-Сенің атың кім?

-Қазір қандай жыл мезгілі?

-Қыста ауа райы қандай болады?

-Қыста не жауады?

-Қардың түсі қандай?

-Қандай түстерді білесің?


2.2.Топтастыру.

Аты, тақырыбы

Сипаттау, Әңгімелеу, Басы, негізі, соңы

Қандай сөйлемдерден құралады.

-Өткен сабақта қандай үлкен тақырыппен таныстық?

-Мәтін неден құралады?

-Мәтін не туралы?

-Мәтінде қарға қандай болып шығады?

-Неге ақылды қарға дейміз?

Picture 7

2.3.Қорытынды.

Сонымен балалар бұл ертегіде қарға өзінің ақылымен құмырадағы аз суды тас салу арқылы ішеді екен.

ІІІ.Мағынаны ашу.

Жұмбақ жасыру.

Shape9

Жұмбақ

Бар екен олар бала-бақшада,

Бар екен олар үйде де.

Өздеріне қарасаң,

Келеді олар әртүрлі.

Жұмбақтың шешуін не деп ойлайсыңдар?

Ендеше, бәріміз тақтаға қарайық. Сендерге мынадай жұмбақ айтқым келіп тұр.








-Дұрыс ойыншықтар. Оның ойыншықтар екенін қайдан білдіңдер?


Қандай ойыншықтарды білесіңдер?

Ойыншықтар (Сурет көрсету)



3.1. Сөздікпен жұмыс:

Қуыршақ – Кукла

Текше – Кубик

Секіртпе – Скакалка

Қонжық – Медвежонок

Қоян – Заяц

Доп – Мячь

Ермексаз – Пластилин

Көлік – Машина

Айдаһар – Дракон

Темір адам–Робот

3.2.Ережемен таныстыру.

Демек, балалар ойыншықтар дегеніміз бұл әр үйде бар, өзіміз ойнайтын заттар екен. Ойыншықтар әр түрлі болып келеді. Жұмсақ,қатты,пластмассалы, резиналы, матадан, ағаштан, темірден ойыншықтар болады.

3.3. Балалар, енді сендер өздеріңнің ойыншықтарыңды неден

жасалатынын білесіңдер.

Балалар, мен сендерге ойыншықтарды көрсетейін.


4.1.Оқулықпен жұмыс.

Ай,күнді жазу. Көркем жазу.

Мәтінмен жұмыс:/ауызша/

Мынау менің ойыншықтарым. Олар: текше, машина, айдаһар, қоян, робот. Менің роботым үлкен. Менің қонжығым кішкентай. Менің сүйікті

ойыншығым қонжық.

4.2.Сұрақ – жауап.

-Бұл не? Бұл – қуыршақ.

-Қуыршақ қандай?

-Саған қандай ойыншық ұнайды?

- Маған қонжық ұнайды.

- Ал саған ше?

- Маған айдаһар ұнайды, т.б.


4.3.Балалар, кім маған ойыншықтар туралы тақпақ айтып береді?


5.Тапсырма: Дәптермен жұмыс



Ойыншықтарды жекеше және көпше түрде салыстыра үйренеміз. Оқушы бірінші баған бойынша жекеше, екінші баған бойынша көпше түрде ойыншықтарды атай алуға тиіс.

Текше – текшелер,

қоян – қояндар,

Секіртпе -

Доп -

Қонжық -

Қуыршақ –



Shape10

Shape11
















7.Сөйлем құрап айт:

Мен ермексаздан (доп, айдаһар, қонжық) жасаймын

8.Тапсырма: Толықтырып оқы:

Shape12

Мен

Сен

Сіз

Ол



... текше алады. . ...қоян аласың.



... қуыршақ аламын ...доп аласыз.


9.Суретпен жұмыс: 6-тапсырма бойынша

- Қазір мен сендерге сурет таратып беремін, ал сендер оған жауап бересіңдер.



10.Сөзжұмбақты шешу:

1.Онымен футбол ойнайды?

2.Адамның тұрақты мекен – жайы?

3.Оны жаңа жылда қояды?

4.Біз оны күнде жейміз?

5.Баста не өседі?

6.Күзден кейін не келеді?

7. «Барби» дегеніміз не?

8.Қазақстандағы қаланың аты?

9.Түстің түрі?

10.Құстың түрі?



11.Тапсырма: «Қоян» , «Текше» деген сөзді тәуелдеу.

12.Қорытынды: Сұрақ-жауап арқылы оқушыларды тексеру.

1.Балалар, сендерге сабақ ұнады ма?

2.Балалар не жасайды?

3.Ойыншықтарды неден жасайды?




Shape13

Shape14













Shape15


Күнделікті енді ашайық,

Үй тапсырмасын жазайық.

Бүгінгі алған білімді,

Ұмытпай есте сақтайық.


Үйге тапсырма:

64-бет, 4-тапсырма












Shape16

Shape17

Өте жақсы балалар, енді орнымыздан тұрып, қол ұстасып бір – біріміздің жылуымызды сезініп, бүгінгі сабағымызды аяқтай отырып, қонақтармен қоштасайық.

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
579
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі