Материалдар / «Ойыншықтар әлемінде»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ойыншықтар әлемінде»

Материал туралы қысқаша түсінік
: балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, олардың пішіні, көлемі, түсі, құрылымы жайында білім беру; Д: ақыл ойын дамыту, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, создік қорын молайту; Т: ұқыптылыққа, ептілікке баулу, эстетикалық сезімдерін оятып, жанашырлық сезімдерін тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қаңтар 2019
384
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Ойыншықтар әлемінде» Мақсаты: Б: балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, олардың пішіні, көлемі, түсі, құрылымы жайында білім беру; Д: ақыл ойын дамыту, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, создік қорын молайту; Т: ұқыптылыққа, ептілікке баулу, эстетикалық сезімдерін оятып, жанашырлық сезімдерін тәрбиелеу.Көрнекілігі: Пластмассадан, ағаштан, маталардан жасалған түрлі ойыншықтар, суреттер;Қажетті құралдар: қайық макеті, дидактикалық ойындарға арналған заттар, тақта;Әдістеме: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ жауап әдісі, күтпеген сәт, қайықпен саяхатқа бару, дидактикалық ойындар ойнату, ойын өлеңдер, тақпақтар айту
Іс - әрекетТәрбиешінің іс - әрекетіБалалардың іс - әрекеті








Мотивациялық қызығушылық















Ұйымдастырылған ізденіс





















































































































































































































Рефлекция



Балалар, бүгін біз сендермен ойыншықтар әлеміне саяхат жасаймыз. Ол жаққа жету үшін біз көлден жүзіп өтуіміз керек. Көлде жүзу үшін бізге су көлігі керек. Суда қандай көлік жүреді екен?Дұрыс, бірақ қайықты қайдан табамыз. Ол үшін бізге сиқырлы сылдырмақтар керек. Сылдырмақтарды алып, ән айтайық.

Сылдыр, сылдыр , сылдырмақҚандай әсем сылдырмақ.Топ топ басайық ,Сылдырмақты соғайық.









Абрака, дабрака, қайық пайда болшы.Алалақай, балалар, қайықты қараңдар. Өзі өте үлкен, суретті, әдемі.Қайыққа тезірек отырып, ойыншықтар әлеміне саяхатқа шығайық.Күтпеген сәт: Бір қыз (улкен адам) жылап кіріп келеді

Қыз жылама, есімің кім? Неге жылайсың?Айя: мен Айямын. Мен қуыршағымды жоғалтып алдым.Балалар, мүмкін Айяның қуыршағы ойыншықтар әлеміне кетіп қалған болар....Айя, сен жылама, бізбен бірге саяхатқа жүр, сол жақтан қуыршағыңды тауып аларсың.(Музыка әуені ойналып тұрады)Балалар, міне ойыншықтар әлеміне келіп жеттік. Айя:- менің қуыршағым қайда екен? (жыламсырайды.)Балалар айтыңдаршы бұл жерде қандай ойыншықтар бар? (Әр ойыншықты тәрбиеші балаларға ұстатып, көрсетеді.Балалар, мына ойыншықтар шашылып жатыр, жинайықшы.Дидактикалық ойын: «Пирамида құрастыру»

Балалар, Айяның қуыршағын табу үшін саяхатымызды жалғастырайық.Міне ойыншықтар әлемінің екінші алдамасына жеттік. Айя: Бұл жерде тек аңдар мен жануарлар, менің қуыршағым мұнда да жоқ екен. Айя, абыржыма. Әлі де қуыршағың табылып қалар. Балалар айтыңдаршы бұл жерде қандай ойыншықтар бар? (Әр ойыншықты тәрбиеші балаларға ұстатып, көрсетеді.

Балалар, мына жердегі ойыншық жануарлар балаларын ауыстырып алыпты, дұрыстап қойып шығайықшы.Дидактикалық ойын: «Дұрыс орналастыр»



Балалар, өздерің қандай ақылдысыңдар, ойынды дұрыс ойнап шықтыңдар.Қайығымызға отырып, Айяның қуыршағын іздеуге көмектесейік. Айя, мына жерде қуыршақ ойыншықтар екен, тезірек түсейіік. Балалар мына жерде қуыршақтар көп екен.Айя: Алақай, балалар, мен қуыршағымды тауып алдым. (Балалардың жылаған дауысы шығады)Мына жердегі қуыршақтардың, ұйқылары келіп, жылап жатыр. Балалар, өлең айтып, қуыршақтарды ұйықтатып, төсектеріне жатқызайық.Ән: «Әлди, әлди бөпешім»Тәрбиеші әрекеттерді балаларға көрсетіп отырады.Барлығы тыныштық сақтап, қайыққа отырады.Балалар, мінеки, балабақшамызға да келіп жеттік. Айя: балалар, маған қуыршағымды тауып бергендеріңе көп, көп рахмет. Менің де сендерге арналған сыйлығым бар. Ол үшін, сендер маған ойыншықтар туралы тақпақ айтып беріңдерші.Тақпақтар.Балаларға сыйлықтар таратылады, мақтау мадақтаулар айтылады.Балалар , сендерге сабақ ұнады ма?


Балалар суреттерге қарап жауап береді.



Қайық













Балалар сылдырмақты ойнатып, тәрбиешімен бірге өлең айтады.











Белгі бойынша көздерін жұмады.Көздерін ашып қайықты көріп таң қалады.















Балалар жұбата бастайды.

Барлығы қайыққа мініп, жолға шығады.











Балалар қайықтан түсіп, тәрбиешімен бірге жүреді.



Балалар ойыншықтарды ұстап, сипап көреді, атын атайды.





Пирамиданы жинайды.



Балалар қайыққа отырады.

Қайықтан түседі.







Балалар ойыншықтарды ұстап, сипап көреді, атын атайтады.









Балалар ауысқан ойыншықтарды орындарына қойып шығады.









Қайыққа отырады.







Барлығы асыға қайықтан түседі.













Балалар қуыршақтарды өлең айтып, тербетеді.. Төсекктеріне жатқызып, көрпелерін жабады.









































Ия, ұнады.
Күтілетін нәтиже :Біледі: ойыншықтарды таниды, аттарын атайды. Игереді: ойыншықтырдың түрлерін, көлемін, пішінін, түсін, қасиетін игердіЖасай алады: тәрбиешінің тапсырмаларын орындайды

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!