Ойыншықтар достығы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ойыншықтар достығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тех карта балабақша
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰОҚжоспары.

Күні: 29.10.2018

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Ойыншықтар достығы.

Мақсаты: Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.Ойыншықтар және олардың достығы туралы қысқа сюжеттік әңгіме құрастыруға ұйретуді жалғастыру. «Қ» дыбысының дұрыс айтылуын бекіту.Өзара татулық сезімдерін дамыту.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:шаттық шеңбер,

Әдіс-тәсілдер: көрсету,түсіндіру,әңгіме жүргізу.

Көрнекі құралдар: суреттер, ойыншықтар.

Қостілділік: ойыншықтар -игрушки

Шаттық шеңбері.

Біз ұқыпты баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Ойыншықтарды жинаймыз,

Үлкендерді сыйлаймыз.

-Жарайсыңдар балалар!

-Балалар қараңдаршы, балабақшаға келгенде айналамызда нелерді көреміз?

Өлеңді тәрбиешімен бірге қосылып қайталайды.

-ойыншықтар

Ұйымдастыру- шылық ізденіс кезеңі

Жұмбақ жасыру.

Аяғы бар жүрмейді,

Ауызы бар күлмейді.

Айнымайды бөпемнен,

Тек сөйлеуді білмейді.

-Балалар, кім жауабын біледі? Бұл не?

-Балалар, бүгін біздер ойыншықтармен танысамыз.

-Қане бәріміз менің үстелімдегі ойыншықтарға қарайық.

-Қане, қоянды ұстап көріңдерші, қандай екен?

- Қоян туралы кім тақпақ біледі?

- Доп неден жасалған?

-Доп туралы кім тақпақ біледі?

- Машина неден жасалған?

-Машина туралы кім тақпақ біледі?

-Домбыра неден жасалған?

-Бір сөзбен не деп айтамыз? Бір ойыншықты ойыншық дейміз, көп ойыншықты ойыншықтар дейміз.

-Дұрыс айтасыңдар балалар,ойыншықтар жасалуына қарай бірнеше түрге бөлінеді: жұмсақ,резинадан, немесе пластмассадан, темірден т.б жасалуы мүмкін. Сонымен қатар біз ойыншықтарды мұқият, сындырмай, ластамай ұстауымыз керек.

-Балалар, сендердің сүйікті ойыншықтарың барма? Қандай?

- Көбіне қыз балалар қандай ойыншықты жақсы көреді?

«Қуыршақ» қандай әріптен басталып тұр?

-Ал ұл балалар ше?

Енді сендермен «Ойыншықтар» шығармасын тыңдап көрейік.

Ертеде сұлу әдемі қуыршақ болыпты.Ол өз әдемілігіне масаттанып басқа ойыншықтармен ойнамапты.

Достары аюдың баласы қонжық,қоянның баласы көжек,маймыл оны ойнауға шақырса бармапты.Бір күні қатты жел соғып, қуыршақ еденге құлап түседі.Оның әдемі көйлегі жыртылып, қатты жылапты.Оны байқаған ойыншықтар не істепті?

-Маймыл не істепті?

-Көжек қалай көмектесті?

-Ал көнжық шы?

-Қуыршақ не себепті өзін танымай қалады?

Доссыз өмірде қызық емес екенін үғады.

Осыдан соң қуыршақ менмендігін ұмытып,сұлулығына мақтанбай достарының бәрімен тату болыпты.

Дидактикалық ойын: «Аукцион»

Сергіту сәті. «Қарлығаш»

Қуыршақ.

-Қоян матадан жасалған.

- доп резеңкеден жасалған.

-машина пластмассадан жасалған.

-Ағаштан жасалған.

-қуыршақ.

-машина.

Шығарманы тыңдайды.

Маймыл қуыршақты аяп кетіпті.Көйлегінің жыртығын жамап беріпті.шашын сәндеді,басынан сипап жұбатты.

Сергіту сәтін қимылмен орындайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетін қортындылау.

Балаларды мадақтау.

Балалардың тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.10.2018
1286
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі