400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ойыншықтар дүкені

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиеленушілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұйымдастырылған оқу- қызметінің технологиялық картасы.

Күні: 10.02.2021ж

Тақырыбы: «Ойыншықтар дүкені»(ағаштан, пластмассадан,резеңкеден, жұмсақ ойыншықтар )

Мақсаты: Дүкендегі ойыншықтардың әртүрлілігі туралы түсінік беру.Ойыншықтардың неден жасалатыны туралы ұғымдарын қалыптасу.

Ойыншықты ұқыпты ұстауға тәрбиелеу

Әдіс тәсілі : ойын ,сұрақ – жауап , жұмбақ .

Көрнекіліктер: ойыншық түрлері , дүкен туралы слайд.
Билингвалді компонент:Ойыншықтар- игрушки, дүкен- магазин.



Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің басқарымдық әрекеттері

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық –қозғаушылық

Тәрбиеші:

Қайырлы таң балалар !
  -Балалар , бүгін ерекше күн  .
  -Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр,қонақтармен амандасып алайық.
    Үлкенгеде сіз,
    Кішіге де сіз.
    Үлкендерді  құрметтеп ,
    Бас  иеміз  біз!

Тәрбиеші жұмбақ жасырады.

Көжек, мысық, көлікте,

Тышқан отыр бұрышта,

Сендер жақсы көретін,

Ойыншықтар бар осында.


Тәрбиеші:

 Балалар ,  қане ,  бәріміз шеңбер құрып, қол ұстасып тұрайықшы.
Біз      ұқыпты     баламыз ,
  Айтқан   тілді       аламыз.    
 Ойыншықтарды   жинаймыз, Үлкендерді    сыйлаймыз.
    





Тәрбиешінің көмегімен балалар қайталайды.





Шаттық  шеңберге   тұрады .



Балалар жауабын табады. (ойыншықтар дүкені)     

. Ұйымдастырушылық -ізденушілік

Ғажайып сәт!

Жылаған ойыншық қуыршақтың дауысы естіледі.

Тәрбиеші:

- Ой, балалар,бізге куыршақ Айгерім келіпті.

-Кане, сурап көрейікші?

-Сен неге жылап жүрсін?

Куыршақ Айгерім:

-Мен , ойыншықтар дүкенінен шығып кетіп адасып кеттім. Енді сол дүкенімді қайта іздеп жүрмін. Осы балаларға келдім маған дүкенімді тауып беруге көмектесе ме деп.

Тәрбиеші:

-Иа, куыршақ Айгерім біздің балалар үнемі көмектесуге дайын.

-Дайынбыз ба балалар?

Тәрбиеші слайд бойынша бірнеше дүкендерді көрсетіп онын қандай дүкен екенін сұрайды.(киім- кешек дүкені, азық- түлік дүкені, гүлдер дүкені )

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі

Кіп- кішкентай балалар

Үп-үлкен боп өседі.



«Ойыншықтар» дүкені.

Дүкенші:-Сәлеметсіздер ме! Біздің дүкенімізге қош келдіңіздер!

Тәрбиеші:- Сәлеметсіз бе! Қараңдаршы, балалар, дүкенде не бар екен?

- Дұрыс, ойыншықтар. Бұл қандай ойыншық?


(Музыка ойнайды). Қонаққа Сотқарбек келеді. (Ойыншықты бұзып тұрады).

Тәрбиеші: - Сәлеметсің бе, Сотқарбек! Қараңдаршы, балалар, Сотқарбек не істеп тұр? Бұлай жасауға бола ма?

-Ойыншықты сендерге ата-аналарың не үшін алып береді?

- Кім ойыншықтар туралы тақпақтар біледі? Қанеки, Сотқарбекке айтып берейікші.

Балалар Сотқарбекке өздері білетін тақпақтарын айтып береді.

Сотқарбек: - Рахмет, балалар. Мен енді ойыншықтарды сындырмаймын. Кешіріңдерші мені.



Дидактикалық    ойын  ;   « Не артық?  » .    
Ойын шарты  ;   Берілген суреттер арасынан артық затты табу.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі

Кіп- кішкентай балалар

Үп-үлкен боп өседі.

Ән «Ойыншықтар» 
1.Біздерде бар қуыршақ,
 
Бұзау, қозы, құлыншақ
.
Ойыншықтар тыңдайды,
 
Әмір беріп бұйырсақ.
 
2.Қуыршақтар ұйықтайды,
 
Айтқаныңнан шықпайды.
 
Ал, қозы мен құлыншақ,
 
Ұйықта десең ұқпайды.
 

3.Тыңдамайды ұрысса, 
Осылары дұрыс па?
 
Тентектігін тыймаса
 
Тұрғызамын бұрышқа!
 

Балалар тыңдайды.

























Иаа



















Балалар тәрбиешімен бірге кайталайды.













Әртүрлі ойыншықтар.



Балалар өздеріне ұнаған ойыншықтарын дүкеннен сатып алады.







Сотқарбекпен амандасады.

Ерхан: добым, добым домалақ,

Қайда кеттің домалап

Үстел үстін бүлдірдің

Ыдыстарды сындырдың

Жігер:Үлкенмін  ғой  міне  мен ,
    Ойыншықтарды  жинаймын  .
    Машинаға  мінер  ем  ,
    Кабинаға     сыймаймын

Арлан:Аю отыр партада,
Екі қолы қалтада.
«А» дейді, «Б» дейді,
«Р»-ға тілі келмейді,


Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.





Тәрбиешімен бірге жасайды.











Барлығы бірге шырқайды.

Рефлексивті- түзеуші

-Балалар, бүгін біз қайда бардық?

- Дүкенде қандай ойыншықтар бар екен?

- Бізге қонаққа кім келді?

- Жақсы. Жарайсыңдар, кішкентай бүлдіршіндер. Сендер бүгін өте ақылды болдыңдар.






Әртүрлі ойыншықтар.

Қуыршақ Айгерім, Сотқарбек.



Балалар қуанады.

Күтілетін нәтиже:
біледі: ойыншықтардың жасалу жолдарын білу;
түсінеді: ойыншықтармен ұқыпты ойнауды;
қолданады: ойыншықтар туралы көбірек тақпақтарды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
13 ақпан
638
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі