«Ойыншықтар
дүкені»
Білім беру
саласы: Қатынас,
таным.
Бөлімдер: Тіл
дамыту.
Тақырыбы: Ойыншықтар
дүкені.
Сабақтың
мақсаты: Білімділік: Балаларға
ойыншықтарды атап, ажыратуға, сапасы мен әрекетін білдіретін
сөздерді дұрыс айтуға үйрету. Дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиешінің сұрақтары бойынша суреттен қысқа әңгіме құрастырып
айтуға ынталандыру.
Дамытушылық: Ойын, тақпақтар арқылы сөздік
қорын, тіл байлығын, ойлау қабілетін дамыту. түсі, пішініне қарай
екінші бөлігін тауып орналастыруға
дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ойыншықтар дүниесіне деген
сүйіспеншлігін ояту. Ұқыпты құрастырып, жұмыс жасай білуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сөредегі ойыншықтар, суреттер,
тақта, топтағы ойыншықтар.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, қайталау,
әңгімелеу, сұрақ-жауаптар.
Қостілділік
компонеттер:аю-медведь, ит- собака,
мысық-кошка.
Іс-әрекеттер
кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушы
Шаттық
шеңбері:
Алақанды
ашайық,
Күннің нұрын
жасайық.
Таза ауаға қол
сермеп,
Жүрек жылуын
жасайық.
Мейірімділік шоғын
біз,
Қонақтарға
шашайық.
Сәлеметсіздерме!
Балалар бірге айтып,
қимыл-қозғалас арқылы қонақтармен
амандасады.
Ұйымдастыру –іздестірушілік
кезеңі
Балалар, мен сендердің
білімдеріңді тексеру үшін бірнеше сұрақтар
қояйын.
Қызықтыру
сәті:( көңілді әуенге дүкенші
келеді, әндетіп)
Дүкенші: Сәлеметсіңдерме
балалар!
Ашылды дүкен, мұнда бәрің
қараңдар.
Бар
қызықты тамашалап, назар салыңдар!
Көжек, мысық, күшікте,
Тышқан отыр бұрышта.
Сендер жақсы көретін,
Ойыншықтардың бәрі осында.
Дүкенші:Балалар қараңдаршы, менің дүкенімнің сөрелерінде
әдемі ойыншықтар көп, сендерге ұнады ма? Бұл жәй дүкен емес,
ойыншықтары даерекше.
-Біздің аю әдемі, ол үлкен, жабайы аң. Аюдың жүні
жұп-жұмсақ, көзі қап-қара. Оның төрт аяғы, екі құлағы бар. Мен
аюмен ойнағанды жақсы көремін.
Тәрбиеші: Өте
жақсы балалар, барлығымыз орнымыздан тұрып, аю туралы тақпақ айтып
және онда кездесетін дыбыстарды анық айтуға
ырысайық:
Ю-ю-ю-ю қорбаңдайды
аю.
Аю
отыр партада,
Екі
қолы қалтада.
«А»
дейді, «Б» дейді, «Р»-ға тілі келмейді,
Ұйықтап қапты партада,
Бұл
не деген масқара.
Тәрбиеші: Балалар, қане дұрыс отырып тақтадағы суретке
назар аударайық.
Суреттен не көріп тұрсыңдар?Балалар қандай
ойыншықпен ойнап жүр? Қандай ойын ойнап жатыр?
Әңгімелеу:
Балалар доп ойнап жүр.
Қақпашы кірпі допты ұстауға үлгермеді. Асан допты
қақпаға тепті. Доп ақпаға кірді гол соғылды. Балалар
қуанды.
Доптың пішіні қандай?
Доп
не істейді? (түсін, көлемін сұрау)
Доп
туралы тақпақ кім біледі?
Добым, добым, домалап
Алға сырғып жүгірдің,
Қақпаға сен кірдің.
Ал,
мына суреттен не көріп тұрсыңдар?
-Арман
үй құрастыып отыр. Қасында кран ойыншығы
бар. Арман өскенде құрылысшы болғысы
келеді.
Тақпақ:
Ойыншықтарым көп менің,
Бәрін жақсы көремін.
Кешке дейін жалықпай,
Бірге ойнап жүремін.
Мына суретте де ойыншықтар көп екен. Қане
атап
шығайық.Қыздар қандай ойыншықтармен ойнап отыр,
кім әңгімелеп береді?
Арай мен Нұрай ойыншықпен ойнап отыр. Арай
дүкенші кассада отыр.
Нұрай қуыршақпен ойнап отыр. Қуыршақтың олында қызыл және жасыл
шары бар.
Тақпақ:
Ойыншығым қуыршақ,
Не
берсем де жемейді.
Еркеллігі соншама,
Өзі
жүргісі келмейді.
Дидактикалық ойын: «Орнында не
жоқ?»
Мақсаты: Есте сақтау, ойлау қабілетін жаттықтыру. Атын
атап, тақпақ айту арқылы сөздік қорын молайту.
-Мынау сиыр, үй жануары. Жем, шөп, су
ішеді.
Бізге ет, сүт береді.
Мө-мө-мө дейді,
Бұзауын іздейді.
Бізбенен бөлісер,
Сүтін де іздейді.
-Бұл ойыншықтың аты қоян. Жабайы, оны үйде де
асырайды. Құлағы ұзын, екеу, құйрығы қысқа.
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Балалар қараңдаршы, тиін өте көңілсіз отыр.Ол
неге көңілсіз екен? Жаңғақ жегісі кеп отыр екен. Ендеше сыйлық
жасайық.
«Кеме» сызбасы: аңдардың жақсы көретін тағамдарын
есімізге түсірейікші.
Тиын -жаңғақ -орех
Қоян -сәбіз -морковь
Аю –бал-
мед
Кірпі-
алма -яблоко
Рефлекстік
–коррекциялаушы
Оқу іс-әрекетін
қорытындылау.
Бізге қонаққа кім келді
балалар?
Дүкеншінің ойыншықтары сендерге ұнады
ма?
Қандай ойындар ойнадық?
Біздің ойыншықтарымыз қатты қуанып қалды,
Аңдардың жақсы көретін тағамдарын қағаздан құрастырып бере
алдыңдар.Рахмет сендерге балалар. Дүкенші балаларға сыйлықтарын
таратып береді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Ойыншықтардың атын айтып, ажыратып,
сипаттап , әңгімелей білді.
Игереді: Ойын, тақпақ арқылы есте сақтау
дағдылары арттырылды.
Меңгереді: Үлкен-кіші, ұзын-қысқа, көп-аз
ұғымдарын меңгеріп, сұрақтарға ойланып дұрыс жауап бере
алды.