Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ойыншықтар еліне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
балалардың қиялдарын дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 17.09.2018

Тәрбиеші: Сеилова А.А

Білім беру саласы: Таным

Пән: Жаратылыстану

Өтпелі тақырып: Менің сүйікті ойыншықтарым

Тақырыбы: «Ойыншық тар еліне саяхат»

Мақсаты: Балалардың ойыншықтардың қандай материалдан жасалғаны туралы мағлұматын кеңейтіп, қарапайым тәжірибелерді жүргізуге қызығушылықтарын, зейіндерін дамыту.

Педогогикалық технологиялар: ойын, сұрақ-жауап.

Ресурстармен қамтамасыз ету: балабақша суреті, сандар.

Билингвалдық компонент: балабақша-детский сад

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастырушылық кезеңі:

Сәлеметсіңдер ме, балалар!
сәлеметсіз бе !
Шаттық шеңбері:

                      Ойыншықпенен денеміз,

                      Шынығамыз өсеміз.

                      Жылдан жылға бір жылға,

                      Үлкен болып өсеміз.

Тәрбиеші: Балалар сендер немен ойнайсыңдар?

Балалар:  Ойыншықпен

Тәрбиеші: Қане, балалар сүйікті ойыншығымызды атайықшы.

Балалар: Қуыршақ, машина, доп т.б.

Тәрбиеші: Балалар саяхатқа шыққанды ұнатасыңдар ма?

Балалар: Ия,ұнайды.

Негізгі бөлім.Тосын сәт: Осы кезде Ақзере жылап келеді ойыншығын

жоғалтып алып.

Тәрбиеші: Балалар Ақзереге көмектесеміз ба ойыншығын тауып беруге және ойыншығын табу үшін өзімізбен бірге саяхатқа алып шығамыз ба?

Балалар: Ия, алып шығамыз.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар ендеше ойыншықтар әлеміне саяхатқа жол тартайық. Үш столда ағаштан, резеңкеден және пластмасса мен шүберектен жасалған ойыншықтар тұрады. Балалар мына жердегі не екен қарайықшы

жаймендеп бетін ашайықшы және Ақзеренің ойыншығын іздейік?

Балалар: Ия қарайықшы.

Тәрбиеші: Балалар мынау қандай ойыншық?  Түсі қандай? Пішіні қандай? Неден жасалған? Ақзере осының ішінде сенің ойыншығың бар ма?

Ақзере: Көре алмай тұрмын өз ойыншығымды.

Балалар: Бұл доп. Пішіні дөңгелек. Резеңкеден жасалған. Түсі сары.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, ендеше мына столдағына еөрейік. Мынау қандай ойыншық? Пішіні қандай? Неден жасалған? Түсі қандай? Ақзере осының ішінде сенің ойыншығың бар ма?

Ақзере: Мына ойыншықтардың ішінен таба алмадым.

Балалар: Домбыра. Сопақ пішінді. Ағаштан жасалған.Сары.  Сандық. Төрт бұрышты. Ағаштан жасалған. Түсі көк.

Тәрбиеші: Үшінші столды қарайықшы Балалар мынау қандай ойыншықтар? Неден жасалған?  Түстері қандай? Ақзере осының ішінде сенің ойыншығың бар ма?

Ақзере: Алақай, менің ойыншығым табылды.

Мынау менің ойыншығым. Балалар рахмет сендерге ойыншығымды табуға көмектескендеріңе.

Балалар: Машина, қуыршақ. Машина темірден жасалған қатты. Қуыршақ шүберектен жасалған жұмысақ.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар әр түрлі ойыншық түрлерін көрдік. Бұлар жай ойыншықтар емес сиқырлы ойыншықтар. Ендеше балалар ойыншықтар түрлерін көрдік, сипаттама бердік. Енді ойыншықтар туралы тақпақтарымызды айтайықшы.

Добым, добым домалақ,

               Қайда кеттің домалап.

               Қызыл, жасыл, сары көк,

               Сенімен ойнайтын бала көп.

Ойыншықтар қандай, қандай,

       Қызыл, жасыл, сары, көк,

       Түрлі – түсті түстері

       Көз тартады өздері.
Қорытынды:
Тәрбиеші: Ойыншықпен не істейміз?

Балалар: Ойнаймыз.

Тәрбиеші: Ойыншықтар бізге ренжімеу үшін не істеуіміз керек?! Оларды лақтырмаймыз, сындырмаймыз, жуамыз. Біздің топта ойыншықтардың өз орны бар. Біз ойнап болғаннан кейін, оларды жинап орнына апарамыз. Біздің ойыншықтар таза. Олар бізге ренжімиді.












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
2974
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12