«Ойыншықтар сыры»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ойыншықтар сыры»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды ойыншықтардың түрімен түсімен оның көлемімен, пішіндерімен таныстыру. Ойыншықтар туралы тақпақтар айтқызу арқылы, сөздік қорларын молайту. Балалардың қабылдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ойындар ойнату арқылы олардың ынтасын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Жасы: І кіші топ

Білім саласы: «Таным»

Бөлімдері: Сенсорика және қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптатыру.

Тақырыбы: «Ойыншықтар сыры»

Мақсаты: Балаларды ойыншықтардың түрімен түсімен оның көлемімен, пішіндерімен таныстыру. Ойыншықтар туралы тақпақтар айтқызу арқылы, сөздік қорларын молайту.Балалардың қабылдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ойындар ойнату арқылы олардың ынтасын арттыру.

Көрнекіліктер: Түрлі-түсті ойыншықтар,үлгі суреттер,үн таспа.

Билингвалдық компонент: Қоян-заяц, ойыншықтар – игрушки, ит-собака. Сөздік жұмыс: аю,қоян,ит.

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп талаптану

І.Шеңбер бойына тұрып,бір-бірімізге деген тамаша көңілімізді көрсету.Қолымызды ұстап денемізге жылу беру.Ортаға жиналып,ашылу арқылы топты нұрландыру.

ІІ.Үстел үстінде тұрған жабулы ойыншықтарды таң қалдыра ашып қаламын.


Балалар шеңбер бойына тұрып,бір-біріне жылы лебіз беру арқылы көңіл күйлерін көтеріп топты нұрландырады.


ІІ.Ашылған ойыншықтарды көре таңырқай қарайды.


Ұйымдастырушылық ізденіс

І.Балалар қарандаршы! Пысылдап ұйықтап жатқан не екен?Қандай тамаша ойыншықтар ұйқыдан тұрып, бізге қонаққа келгенін айтамын.

ІІ.Қонақтармен таныстырамын.Әр ойыншықтарға тоқталып өтемін.Балалар мынау не? (қой)

-Қой қалай дыбыстайды? (қандай,дене пішімі жайлы сұрау).

-Ал мынау не? (қоян)

-Қоян қалай секіреді? (тақпақтарын,құлағының ұзындығын сұрау).

-Ал мынау не? (сиыр)

-Сиыр қалай дыбыстайды?

-Ал мынау не? (мысық)

-Мысық қалай дыбыстайды? (тақпақ,қандай,құйрығының ұзындығын сұрау).

-Ал мынау не? (аю)

-Аю қалай дыбыстайды? (жүреді,тақпақ сұрау).

-Ал мынау не? (ит)

-Ит қалай дыбыстайды? (құлағы қандай?)

-Мысық пен итттің құйрықтарын салыстыру. (Өте жақсы балалар сендер өте жақсы біледі екенсіңдер).

Ендеше, біз осы қонақтарымызбен ойын ойнап жіберейік.

ІІІ.Ойын: «Атын ата»

Шарты:Тез көтерілген ойыншықты жылдам,әрі тез тауып айту.

Өте жақсы балалар,қонақтарымызға тек қана тақпақ қана айтпай би билеп,әнімізді шырқап берейік.

ІV. Ән: «Би билегім келеді»

(Балаларды мадақтау).



І.Балалар қызыға-қызыға ойыншықтар қонақтармен танысуға асығады.

ІІ.Балалар ойыншықтар жайлы жақсы білетіндерін көрсете алды.

-Бә-бә! (жұмсақ,кішкентай)


-Ытқып-ытқып!(ұзын), «Ұзын құлақ сұр қоян»


-Му-му!


-Мяу-мяу! «Пеш үстінде мысық отыр»,(ұзын).


-А-а! (қорбаң-қорбаң), «Аю отыр партада».


-Аф-аф! (үлкен)


-Мысықтың құйрығы ұзынғал иттің құйрығы қысқа.



ІІІ.Балалар ойынды жақсы,тез тауып, атап айтты.



ІV. Әнді қимыл қозғалыспен билеп айтты.

Рефлексивті-коррекциялау

І.Қонақтардың балаларға деген алғысы.

ІІ.Мадақтау.

Сау болыңдар!



І.Балалар қонақтарды шығарып салды.

І.Шаттана,қуанады.

ІІ.Сабақ көңілді өтті.




Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Аю, сиыр, қоян, мысық, ит, қой жануарларын атай

Түсінеді: Жануарлар туралы білімі

Қолданады: Үй және орман жануарларын ажырата





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.11.2018
531
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі