Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы
орта мектебі коммуналдық мемілекеттік
мекемесі
Тәрбие
сағаты:

Сынып жетекшісі: Ноғайбаева
Айзада
Қозмолдақ 2015-2016 оқу
жылы
Тақырыбы:Ойыншықтар.
Мақсаты: а)ойыншықтар туралы түсініктерін
жетілдіру;сөздерді буынға бөлуге үйрету;
ә) шығармашылық қабілеттерін арттыру,ойлау
қабілеттерін дамыту;сөздік қорларын молайту;
б)ұқыптылыққа,бір-бірін сыйлай білуге
тәрбиелеу;
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру:
Әдептілік белгісі-иіліп сәлем
бергені
1.Сурет бойынша жұмыс
-Балалар, не көріп тұрсыңдар?
-Ойыншықтар.
-Кімде қандай ойыншық бар?
-Қане, осы ойыншық аттарын буынға
бөлейік.
2.Сурет сал балалар
салады
Өз ойыншықтарыңның суретін
сал
2.Хормен айту:
Ойыншықтарым көп менің,
Бәрін жақсы көремін.
Кешке дейін жалықпай,
Солармен ойнап жүремін.
II Негізгі бөлім:
1.Өлең оқу «Менің
ойыншықтарым»
Ойыншығым –күшігім,
Сүп-сүйкімді,жұп-жұмсақ.
Шіренгені болмаса,
Отырғандай ұл жұмсап.
Ойыншығым –қуыршақ,
Не берсем де жемейді.
Еркелігі соншама,
Көтермесем жүрмейді.
Ойыншығым-қонжығым,
Анасын да білмейді.
Қорбаңдаған аюды,
Түсінде де көрмейді.
Ұшағым бар ойыншық,
Ұшырмасам ұшпайды.
Айналам деп аспанды,
Шаршағанға ұқсайды.
Ойыншығым-роботтың,
Тілін өзім білемін.
Жасанды темір адамның,
Басқарамын жүрегін.
Ойын:Буындар сыйлығы
Осы ойыншық аттарын буынға бөлу
2.Тіл жаттықтыру:
Ойыншықтарым көп менің,
Бәрін бірдей көремін.
Жуындырып,тазалап,
Күтіп ұстап жүремін.
III. Қортындылау:
Сызба бойынша сөйлем
құра:
•
.-Балалар, бүгін не туралы
айттық?
-Қандай ойыншықтармен таныстық?
-Ойыншықтарды неден жасайды?
-Ұл балалар қандай ойыншықтармен
ойнайды?
-Қыз балалар қандай ойыншықтармен
ойнайды?
Сахналау:Ойыншықтар
айтысы
Ойыншықтарым көп менің,
Бәрін бірдей көремін.
Жуындырып,тазалап,
Күтіп ұстап жүремін