400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ойыншықтыр

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланың ойын дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы


Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ойыншықтар.Бағдарламалық мазмұны: ән-күйлерді тыңдау, қабылдау, есте сақтау және музыкалық жанрды ажырата білуге үйрету; бейнелі қимылдарды бере білуге талпындыру.Пайдаланылатын құралдар: түрлі қатты, жұмсақ ойыншықтар.Алдын-ала ұйымдастырылатын жұмыс: «Ойыншықтар дүкеніндегі» ойыншықты сатып алуға арналған түбіртек (онда жұмбақ, тақпақ, өлең, ойыншықтың сипаты, т.б. жазылған); әр ойыншықты қайда, неден, қалай, кім жасайтыны; ойыншықтардың зиянды түрі болатыны туралы түсінік беру. Ойыншықпен ұқыпты ойнау, оны сақтау туралы әңгімелеу.Жаңылтпаш: Жуын, жуын, жуынсақ, Таза болар қуыршақ. Іс-әрекет кезеңі:Қуыршақпен ойнаймыз Тыныш, тыныш, балалар, Уақыт болды тұратын, Қуыршағым АқмаралОйын-сауық құратын.Ұйықтап жатыр дамылдап, Би билейді Ақмарал, Әнді айтайық ыңылдап:Қол соғыңдар, балаларӘлди, әлди, әлди-ай!Ал, ал, ала, ал!Е. Өтетілеуұлы.

Жұмбақ: Асты, ұйқыны білмейтін, Жүгірмейтін, жүрмейтін, Мұндай бала көрсемші, Жыламайтын, күлмейтін. Бұл не?

Ұшып-қонып тынбайды, Қанша соқсаң, сынбайды, Суға салсаң,батпайды,Түскен жерде жатпайды. Бұл не? Доп, доп,Домалақ демей-ақ,Қызыл, жасыл, көк.Обал-ақ!Доп, доп,Қимылдап қол-аяқ, оны бізБұдан жүйрік жоқ.Ұрамыз, соғамыз, қуамыз,Қағамыз, ойынға біз қанамыз.







«Бип-бип» -дейді, «Жол шетінде күт», - дейді. Көшеде жүруге асыға Болмайды, болмайды, машина.

Басып озып құсты,Төбесінде ебелек,Қанатын қақпай ұшты.Ұшады өзі керемет.Бұл не?Бұл не? Ән тыңдау. «Ойыншық». Ғ. Жұбанова.Қуыршақты орындыққа отырғызып қоямыз. Музыканы бәріміз ұқыпты тыңдаймыз. Қуыршақ жылап отырған секілді. Ол неге жылады екен? Қане, бәріміз ойланайықшы? Қуыршақтың да ойнағысы келеді екен. Сендер көп шулаған кезде оның ұйықтағысы келеді екен. Сендермен бірге далада серуендегісі келеді екен. Біздің композитор ағамыз бізден бұрын түсініп, қуыршақтың мұңын музыкаға түсіріпті. Қане, қуыршақты қалдырмай өзімізбен бірге серуенге ала шығып, бірге ойнайың.Ән айту. «Ойыншықтар». И. Нүсіпбаев.
  • Сендерде қандай ойыншықтар бар?
  • Олардың есімі бар ма?
  • Сендер олармен қалай ойнайсыңдар?
  • Ән қандай көңіл күйде жазылған?
  • Ойыншықтармен доссыңдар ма?
  • Ойыншықтар түрлі-түрлі болады. Олармен қалай болса солай ойнасаңдар, сендерге ренжіп қалады. Орынсыз сындырып, әр жерге лақтыруға болмайды. Ойнап болып орнына қайтадан жинап қойсаңдар, олар сендерге риза болады.
Ән айтар алдында дауысты жаттықтырып, демді үнемдеп алып, жайлап шығарайық. Ән көңілді, ойнақы орындалады.Әуенді қимыл-қозғалыс. «Қуыршақпен билейміз». Н. Лысенко.Қолға қуыршақты алып, музыка әуенімен түрлі қимылдар жасау. Музыка әуеніне өзі ғана емес, қуыршақты да ілестіріп, бірге нақты қимылдар жасау.Психологиялық жаттығу: «Неше дыбыс?»Музыкалық-дидактикалық ойын: «Ән салған кім?»Музыканы тыңдай отырып, дауысына қарай ажырату. Балалардың ұқыптылығын, музыкалық есту қабілетін арттыру.Әліппе-дәптермен жұмыс.Қорытынды: Бүгінгі іс-әрекетімізде қандай музыка тыңдадың? Не туралы? Қуыршақтың қандай қимылдары естеріңде қалды? Әнді кім, не туралы айттық? Сендерге іс-әрекет ұнады ма?Қысқаша қорытынды, балаларды қолдау, марапаттау.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
482
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі