400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«ОЖСБ - білім сапасының негізі» 9 сынып оқушыларына арналған №15мектеп-гимназиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
«ОЖСБ - білім сапасының негізі»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тренинг тақырыбы: «ОЖСБ - білім сапасының негізі»
Тренинг мақсаты: Мектеп түлектерінің ОЖСБ - ға дайындығын тексере отырып, қорқыныш пен іштей қинаған сезімдерден құтылуға, адал болуға психологиялық көмек көрсете отырып, бойларына сенімділік ұялату.
Шағын топтардағы дискуссия.
Уақыты: 25 минут.
Құрылымы: 4 шағын топқа бөліңдер. Мына принцип бойынша: - теңіз, өзен, көл.
Таймерді, хатшыны спикерді таңдаңдар. Қазір сендерге талқылайтын сұрақтар таратамын. Жұмысты орындауға сендерге 2 минут беремін.
1- топқа тапсырма: өз - өзіне сенетін, өз күшіне сенетін адам суретін сал.
2 - топқа тапсырма: өз көңіл - күйіңді көтеру жолдары.
3- топқа тапсырма: Емтиханда пайда болған қысымнан қалай арылуға болады?
4 - топқа тапсырма: Классқа кіріп келе жатқанда дайындалу кезінде және емтиханға жауап беру алдында қобалжу сезімінен арылу.
Ал енді мен спикерлерден талқылау барысындаға топтық идеяларды баяндау.
Тақырыбы: Емтихан уақытындағы көңіл - күй.
Материалдар: Магнитофон, ватман, А - 4 форматтары, тесттер мен әдістемелерге арналған бланкілер, қалам.
1. «Сәлемдемелік хат» жаттығуы.
Мақсаты: Эмпатия сезімдерінің дамуы, топтық бірігудің жоғарылауы.
Құрылымы: Мен сізге өзіңіздің сәлемдемеңізді қағаз бетіне түсіріп, оны ларецке салуыңызды ұсынамын. Ал енді оны араластырамын. Қазір сіз топқа оқып беретін және бүгінгі кездесуден өзіңізге естелікке қалатын басқа сәлемдеме аласыз.
Анализ:
1. Сізге сәлемдеме жазу қиындық келтірді ме?
2. Сіздің сәлемдемеңізді оқығанда сіз өзіңізді қалай сезіндіңіз?
3. Бүгінгі тренингтің тапсырмасын әрі қарай жалғастыруға дайынсыз ба?
2. «Өз жұлдызыңды тап» (арт терапиялық жаттығу)
Нұсқау: Шеңбер бойында отырып көзіңізді жұмыңыз. Үш рет демалып, үш рет дем шығарыңыз... (баяу музыка ойналып тұрады)
- Ал енді көз алдыңызға жұлдызды түнгі аспанды елестетіңіз. Жұлдыздардың бірі сізге жақын болса, ал кейбір жұлдыздарды тек нүкте кейпінде ғана елестетіңіз.
- Сол жұлдыздардың ішінен өз жаныңызға жақынын, яғни сізге қарап тұрғанын таңдап алыңыз. Мүмкін осы жұлдыз сіздің арманыңызға ұқсайтын шығар, осы жұлдызға тура қолыңызды созып ұстауға тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз! Сіз оны қалайда алдыңыз, оны ақырын ұстап алдыңызға қойыңыз, оған жақсылап қарап, оның қандай екеніне қарап жарықтығын еске сақтап қалыңыз.
Ал енді өз еркілеріңізбен төмен еңкейіп тізелеріңізді ұстап, кейін қарай шалқайып көздеріңізді ашыңыздар. Қолыңызға түрлі - түсті қарындаштарды, қағазды алып, өзіңіз таңдаған жұлдызыңыздың суретін салыңыз. Салған жұлдыздарымыз осы тренинг бойына өзінің шуағын шашып, достығымызды нығайтып отырады. Тренингтен оны өздеріңмен бірге алып кетесіңдер. Олар сендерге білім жолында, барлық емтихандарда және өмір бойы көмектеседі. Жұлдыздарға мұқият қараңыздар, олардың барлығы әр түрлі сіздер мен біздер сияқты бір - біріне ұқсамайды. Осы жұлдыздардың бес тармағы секілді, ОЖСБ - ның бес пәнінен де 5 деген баға алып шығуларыңызға тілектеспін



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14.05.2019
443
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі