№
79 негізгі
мектеп
Ағылшын тілі пәнінен орта
білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалауына
арналған
оқу
жоспары
(9
сынып)
КІРІСПЕ
Бүгінгі күні білім беру саласы
«Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басым
бағыттарының бірі болып танылды. Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә. Назарбаев республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 30
елдің қатарына кіргізу туралы міндет қойған болатын. Бұл мәселені
жүзеге асыруда білім беру жүйесін жетілдіру айтарлықтай рөл
атқарады.
Оқыту сапасын арттыруда білім беру үдерісінің
барлық қатысушыларының ең үздік білім ресурстары мен
технологияларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету; оқушылардың
алған білімдері тез өзгеретін әлемде табысқа жеткізетіндігінен
қанағаттану; жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан
Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған
азаматын қалыптастыру қажет.
Мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық
іс-қимыл жоспарына сәйкес 2015 жылы оқушылардың оқу жетістігін
сырттай бағалау (одан әрі – ОЖСБ) аясында оқушылардың функционалдық
сауаттылығы бағаланады. Функционалдық сауаттылықты тексеруге
арналған тест тапсырмалары алғаш рет 2014 жылы ОЖСБ барысында
қолданылды.
Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда,
тұлғаның мектепте алған білімі, білігі мен дағдысын адамзат
қызметінің әртүрлі саласында, сонымен бірге тұлғааралық қатынастар
мен әлеуметтік байланыстарда кездесетін тіршілік міндеттерін
жан-жақты шеше білу қабілеті ретінде
түсіндіріледі.
Оқу сауаттылығы – оқушылардың мәтін мазмұнын
түсіне білуі және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз
мақсаттарына жету үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде белсенділік
таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту
қабілеттері.
Оқу жетістіктерін сырттай
бағалаудың мағынасы
Мемлекеттік аралық бақылау
(МАБ) 2004 жылы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2005 - 2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының
қабылдануына байланысты енгізілді. Бұл рәсім мемлекеттік бақылаудың
бір түрі болып табылды және республикамыздың орта білім беру
ұйымдарының 4 пен 9 - сыныптарында, жоғары оқу орындарының 2 (3)
курстарында өткізілді. Министрлік белгілеген төменгі шекті
деңгейден өте алмаған білім беру ұйымдары кезектен тыс
аттестаттауға жататын. Бақылаудың бұл түрі өзінің оң рөлін және
өзіне жүктелген міндеттерді атқарды деуге
болады.
Қазақстан Республикасында
білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасының қабылдануына байланысты және «Білім
туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына білім
беру ұйымдарына тәуелсіз оқыту сапасына мониторинг жүргізу үшін
сәйкес
2011 - 2012 оқу жылында оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ)
рәсімі енгізілді.
ОЖСБ - ны уәкілетті орган
жүзеге асырады және білім беру қызметінің сапасын бағалау және
білім алушыларды жалпыға міндетті білім беру стандарттарын меңгеру
деңгейін анықтау мақсатында негізгі
мектепте (9 (10) сыныптан
кейін), жоғары оқу орындарында (4 - курста) - оқыту бағыттары
бойынша оқу бағдарламаларын игеруді мониторингілеу мақсатында іске
асырылады.
ОЖСБ негізгі орта білім беру
деңгейінде білім алушылар білім алып жатқан білім беру ұйымдарының
базасында өткізіледі.
ОЖСБ кешенді тестілеу
нысанында қағаз тасымалдағышта және қазіргі заманғы ақпараттық
технологияларды пайдалана отырып
өткізіледі.
Тапсырмалар жалпы білім
беретін оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді,олардың мазмұны
аталған бағдарламалардың шеңберінен шықпауы
керек.
9 (10) сыныптарда ОЖСБ
рәсіміне міндетті түрде қазақ тілі пәні және уәкілетті
органмен жыл сайын белгіленетін, өткізудің алдында ғана белгілі
болатын 3 пән енгізіледі. Мұндай шара білім беру ұйымдарында
бағдарлама талапқа сай меңгеріліп, оқушылар белгіленген пәндер
бойынша ғана емес, барлық пәндерден бірдей дайындалу үшін
қажет.
Әрбір пән бойынша тест
тапсырмаларының саны - 20.
Тестілеуге 4 пән бойынша 120
минут (2 сағат) беріледі.
Оқыту бағыттары бойынша жоғары
білім мамандықтарының және ОЖСБ өткізілетін жоғары оқу
орындарының тізбесін жыл сайын уәкілетті орган белгілейді.
ОЖСБ - ны өткізу үшін ММББС - ның базалық және бейіндік пәндерінің
циклдары бойынша әзірленген тест тапсырмалары
пайдаланылады.
ОЖСБ кешенді тестілеу
нысанында 4 пән бойынша, уәкілетті орган белгілеген мерзімде
өткізіледі.
ОЖСБ - ны өткізудің
белгіленген тәртібінің және оның ережелерінің сақталуына бақылауды
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Білім саласындағы
бақылау департаменттері мен Министрліктің уәкілетті өкілдері
жүзеге асырады.
Тестілеуді өткізуге дайындық
кезінде оқушылармен тестілеу материалдарын ресімдеу және тестілеу
барысында тәртіп сақтау ережесі туралы түсіндіру жұмыстары
жүргізіледі.
МАБ пен ОЖСБ - ның арасындағы
ерекше айырмашылық білім беру ұйымдарына қатысты құқықтық
салдарлардың болмауы болып табылады. ОЖСБ нәтижелері әрбір білім
беру ұйымдарындағы көрсетілетін білім беру қызметінің сапасы туралы
оқушыларды, студенттерді, ата - аналар жұртшылығын кең көлемде
хабардар ету үшін пайдаланылатын болады. Бұл ретте, жеткілікті
даярлау деңгейін қамтамасыз етпеген білім беру ұйымдары жағдайды
өзгерту үшін шұғыл шаралар қабылдайтын
болады.
Түсініктеме
хат
Ағылшын тілі пәнінен 9-сыныпқа
арналған оқу жетістіктерін сырттай бағалау
оқу бағдарламасы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен
бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта
білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес
әзірленген.
Күнтізбелік жоспар Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі
№115 бұйрығымен бекітілген негізгі орта білім беру деңгейінің «Тіл
және әдебиет» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламасын (5-9
сыныптар) басшылыққа ала отырып, оқушылардың функционалдық
сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық
іс-қимыл жоспарын бекіту туралы,
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832
Қаулысы;
Қазақстан Республикасының
білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу
жөніндегі нұсқаулық;
2014-2015 оқу жылында
Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге
инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) ұйымдарында ғылым
негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы негізінде
құрастырылды.
Бұл бағдарлама оқушылардың
танымдық қабілетін дамытуға және коммуникативтік құзыреттерін
кеңейтуге, сөйлеу дағдыларын және әлеуметтік-мәдени біліктерін
толықтырып жетілдіруге көптілді тұлға қалыптастыруға
бағытталған.
Оқу жүктемесінің көлемі
аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
Бағдарламаның мақсаты:
Оқушының қарым-қатынас
мәдениетін дамытуға жағдай туғызу, грамматикалық ережелерді ескере
отырып, еркін таза сөйлеуге бейімдеу,
үйрету.
Міндеттері:
-
сөздік қорын молайту арқылы сөйлете
білу;
-
оқушылардың тілдік сауаттылығын
арттыру;
-
шығармашылық қабілеттерді
дамыту;
-
оқушылардың логикалық ойлауының бірізді
болуын қалыптастыру.
Күтілетін
нәтижелер
-
мәтінге сүйене отырып оның
негізгі мазмұнын айта алуы;
-
маған ұнайды/ұнамайды деген сияқты
сөздерді қолдана отырып оқығанына өз пікірін айта
алуы;
-
сұрақ-жауап түрінде
сөйлеу;
-
танысу, өзін таныстыру және жауап бере
алуы;
-
естіген ақпарат хабарды өз
тәжірибесімен салыстыру, ой елегінен өткізу, оларды бағалай
білуі;
-
жаңа сөздердің мағынасын пайымдай
білу.
Оқу бағдарламасының мазмұны
мен құрылымы
9-сынып
курсы үшін әлеуметтік-техникалық, оқу-еңбек және
әлеуметтік-мәдениеттік салалары қамтылған оқу бағдарламасына
төмендегі оқу тақырыптары енгізілген:
Лексикалық минимумның
орфографиясы. Мысалы
exemplifying-especially, particularly, for example, such
as, reason: because, due to, since, as. Предлогтар: from, to, at, in, by,
into, on, off, out, out of.
Сонымен қатар грамматикалық
құрылымдарды меңгеру жалғастырылады: Present Continuous Passive,
Past Continuous Passive Tense, Past Future Perfect Continuous
Active, First,
Second Conditional; Participle
One, Direct and indirect
speech;
Past Perfect Continuous
Active, Past/Future Perfect Continuous Active; Present Continuous
Passive, Past Continuous Passive, Gerund
Оқу-тақырыптық
жоспар
№
|
Тақырып
|
Сағат
|
1
|
Article
/
Артиклдер
|
1
|
2
|
“to be» етістігінің осы шақтың
формалары
|
1
|
3
|
“to be» етістігінің өткен
шақтың формалары
|
1
|
4
|
«to
do» етістігінің
формалары
|
1
|
5
|
«to
have» етістігінің
формалары
|
1
|
6
|
The Plurals of The
Nouns /
Зат есімдердің көпше түрі
|
1
|
7
|
The Degrees of Comparison of
Adjective / Сың есімнің
шырайлары
|
1
|
8
|
World
formation /
Сөз
жасау
|
1
|
9
|
The
Numerals / Сан
есім
|
1
|
10
|
The
Pronouns /
Eсімдіктері
|
1
|
11
|
The Possessive
Case / Тәуелді
септік
|
1
|
12
|
The
Prepositions /
Қосымшалар
|
1
|
13
|
There +be
орамы
|
1
|
14
|
The Present Simple
Tense /
Жалпы осы
шақ
|
1
|
15
|
The Future Simple
Tense /
Жалпы келер
шақ
|
1
|
16
|
The Past Simple
Tense /
Жалпы өткен
шақ
|
1
|
17
|
The Present
Continuous / Жалғаспалы осы
шақ
|
1
|
18
|
The Past Continuous
Tense /
Жалғаспалы өткен
шақ
|
1
|
19
|
The Future Continuous
Tense/ Жалғаспалы келер
шақ
|
1
|
20
|
The Present Perfect Tense/ Осы
шақтың аяқталған түрі
|
1
|
21
|
The Past Perfect
Tense /Өткен шақтын аяқталған
түрі
|
1
|
22
|
The Future Perfect
Tense / Келер шақтын аяқталған
түрі
|
1
|
23
|
The Passive Voice / Ырықсыз
етіс
|
1
|
24
|
The Modal
Verbs / Модаль
етістіктер
|
1
|
25
|
The
Gerund /
Герундий
|
1
|
26
|
The
Infinitive /
Инфинитив
|
1
|
27
|
The
Participle /
Есімше
|
1
|
28
|
Мany, much, (a) little, (a)
few есімдіктері
|
1
|
29
|
The
Conditionals /
Шартты
сөйлемдер
|
1
|
30
|
Direct and indirect
speech / Төл және төлеу
сөз
|
1
|
31
|
Used to
do құрылымы
|
1
|
32
|
Types of the
questions /
Сұрақтардың
түрлері
|
1
|
33
|
Country
studying / Елтану
|
1
|
34
|
Proverbs
/
Мақалдар
|
1
|
1. “Strong” сөзінің
антонимі.
A)
naughty.
B)
coward.
C)
courageous.
D)
weak.
E)
brave.
2. Берілген сөздің дұрыс
приставкасын қойыңыз.
possible
A) ir
B) re
C) im
D) in
E) un
3. Төмендегі сөзге синонимдес
сөзді табыңыз:
“Great”
A)
Little.
B)
Large.
C)
Small.
D)
Smart.
E)
Cultivated.
4. Сөйлемге сәйкес келетін
сөз:
People go іn for sport
there.
A)
Fіeld.
B)
Ball.
C)
Garden.
D)
Gymnasіum.
E)
Forest.
5. Етістіктің дұрыс түрін
табыңыз.
I don’t know why I…so
tired.
A) am
B)
does
C) is
D) are
E)
were
6.
Етістіктің дұрыс нұсқасын таңдаңыз:
There … telephones in every
room.
A) Be.
B)
Are.
C) Is.
D)
Was.
E)
Am.
7. Дұрыс жауапты
таңдаңыз:
What are the colors of the
Irish flag?
A) Red, white, and
blue
B) Orange, green, and
white
C)
Green
D)
White
E) Red, green and
white
8. “Орта мектеп”
аударылады:
A) State
school
B) Comprehensive
school
C) Private
school
D) Grammar
school
E) Secondary
school
9.
Артикльді дұрыс таңдаңыз.
He goes to ... school in ..
afternoon
A) -- /
the
B) -- /
--
C) a /
the
D) the /
--
E) the /
the
10.
Үстеуді табыңыз
A)
rest
B)
fighter
C)
readable
D)
much
E)
ninetieth
11.
Сөйлемді толықтырыңыз:
І have a car ... looks
lіke
yours.
A)
whіch
B)
when
C)
where
D) who
E)
what
12.
Зат есімнің көпше түрінің дұрыс нұсқасын таңдаңыз:
There are a lot of … in the
farm.
A)
Sheepes.
B)
Sheepies.
C)
Sheeps.
D)
Sheeppes.
E)
Sheep.
13.
Ерекшеленген әрiп басқаша оқылады
A)
explain
B)
excuse
C)
exam
D)
excellent
E)
exercise
14.
Жұрнақты дұрыс таңдап зат есім жаса.
Work
A)
-ist
B)
-ness
C)
-ism
D)
-ment
E) –er
15.
Сөйлемді аяқтаңыз.
My niece is …
.
A) My daughter’s
sister.
B) My brothers
daughter.
C) My sisters
daughter.
D) My uncles
daughter.
E) My brother’s
daughter.
16. “To
be” етістігін қолданып,
берілген жауаптарға сұрақтар қойыңыз.
… . Yes, I am
American.
… . No, he’s not a
doctor.
A) Is you American? Is he a
doctor?
B) I am American, am I? Does he
a doctor?
C) Are you American? Are he a
doctor?
D) Are you
American? Is
he a doctor?
E) Am you American? Am he a
doctor?
17.
"Shoppіng" тақырыбына сәйкес келетін сөз:
A)
Department.
B)
Offіce.
C)
Vіllage.
D)
People
E)
Wardrobe.
18.
Дұрыс жауапты таңдаңыз:
How many states are there in
America?
A)
53
B)
15
C)
50
D)
25
E)
57
19.
"Defіnіte" сөзінің антонимі:
A)
Undefіnіte.
B)
Іldefіnіte.
C)
Іndefіnіte.
D)
Іmdefіnіte.
E)
Redefіnіte.
20.
Ерекшеленген әрiп басқаша оқылатын сөз
A)
frighten
B)
knight
C)
light
D)
fight
E)
laugh
21.
Берілген сөздің антонимы
To
awake
A) to
go
B) to be
away
C) to
obey
D) to
avoid
E)
to sleep
22.
Белгіленген сөз сөйлемде сын есім:
A) We lіke to prepare
vegetables for dіnner.
B) They sell many vegetables at
the market.
C) She usually eats vegetable
salads for supper.
D) Do you lіke
vegetables?
E) Her favourіte vegetable іs
carrot.
23. “Travel”
сөзінің синонимі.
A)
walk.
B)
move.
C)
journey.
D)
fly.
E)
excursion.
24.
Сөздің дұрыс аудармасын таңдаңыз.
Interesting
A)
қызығу
B)
қызықтау
C)
өте қызық
D)
қызық
E)
қызықсыз
25. Мақалды толықтырыңыз.
Actions ... louder than
words.
A) did
B)
read
C)
write
D)
speak
E)
tell