400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

ОЖСБ, ҰБТ-ға дайындалуға психологиялық көмек

Материал туралы қысқаша түсінік
ОЖСБ, ҰБТ - ға дайындау кезінде оқушылардың өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру, өзін-өзі бақылауын, стреске қарсы тұру қабілетін дамыту, көңіл-күйін көтеру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: ОЖСБ, ҰБТ-ға дайындалуға психологиялық көмек
Мақсаты: ОЖСБ, ҰБТ - ға дайындау кезінде оқушылардың өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру, өзін-өзі бақылауын, стреске қарсы тұру қабілетін дамыту, көңіл-күйін көтеру.
Қажетті құралдар: видеопроектор, тоқыма жіп, А4 парағы
Жұмыс жоспары
:
1. «Сәлемдесу» жаттығуы
2. «
Менің визиткам» жаттығуы
3. «
ОЖСБ, ҰБТ - ға дайындалуға психологиялық көмек» жадынаманы тарату, талқылау

4. Арт терапия «Менің жарқын үміттерім, менің қауіп - қатерлерім»
5. «Манка» әдісі

6. ««Автопортрет» жаттығуы

7. «Құбыр» жаттығуы
8.
Жіп терапиясы

9. «Би терапиясы»

10. «Атом молекула» ойыны

11.Қорытынды


Психолог: Сәлеметсіздер ме, оқушылар ! Тренингке қош келдіңіздер! ОЖСБ, ҰБТ - ны өткізу елімізде өте үлкен жауапты шараға айналды. Түлектің әрі қарай жоғары оқу орнына түсіп білімін жалғастыру, жалғастырмауы осы ҰБТ - ның қорытындысына тікелей байланысты.
ОЖСБ,ҰБТ - ны тапсыру кезінде оқушылардың өзін - өзі реттеу дағдыларының қалыптаспауы, өзін - өзі бақылаудың, стреске қарсы тұру қабілетінің төмендігі және емтиханды қабылдау ерекшеліктеріне байланысты қиындықтар кездеседі. Осы қиындықтарды жеңу үшін талапкерлердің бойындағы уайымды, жан күйзелісін, қорқыныш пен үрейді төмендету үшін бүгінгі тренингті ұйымдастырғалы отырмын.

Әрбір адам –өмірге, осынау дүниеге келген қонақ екенін бәріміз білеміз. Осынау өмірімізді мәнді де, сәнді өткізуіміз үшін бір-бірімізді сыйлап, ренжітпей, көңілімізге қаяу салмай жүргенге не жетсін! 
Олай болса, бүгінгі тренингіміз, түлектерді ҰБТ-ге психологиялық тұрғыда дайындауға байланысты болмақ. Ендеше, барлығымыз бүгінгі тренингімізді сәлемдесуден бастайық.

Тренингке дайындық, топта жұмыс істеу ережесі:

- Тренинг – ойын, ал әрбір ойын ережелерді қажет етеді.

1.Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды.

2. Болып жатқанға белсенді қатысу.

3. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы.

4. Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт.

5. "Басынан" "Аяғына" дейін жұмыс істеу.

1-жаттығу. «Сәлемдесу»

Мақсаты: Әрбір қатысушыны бір- бірімен жақынырақ танысу, жылы өзара қарым-қатынасын жасау стилін сезу.

Мазмұны:Барлығын ортаға шеңбер жасап тұруын сұраймын. Екі шеңбер құрады ішкі және сыртқы.Ішкі шеңбер сыртқы шеңбердегі адамға қарсы қарап тұрады. Қашан да адам баласы кездескенде амандасудан басталатынын ескере отырып қатысушыларға тренинг барысымен таныстырамын. Мен әрбір белгі берген сайын ол бірінші қарсы қарап тұрған адаммен қол беріп амандасады, сосын екінші белгі бергенде бір адамға жылжып келесі адаммен екі иығын түйістіріп амандасады. Үшінші белгі бергенде тағы бір саты жылжып келесі адаммен кол соғып амандасады. Осылай өзі алғашында тұрған адамға дейін осы үш амандасу түрін қайталайды.

Талқылау:Қандай әсер алдыңыздар? Жақсы енді кездескенде бір-бірімізбен осылай амандасып тұрайық.
2-жаттығуы «Менің визиткам»

Қатысушыларға өздерінің осы тренинг барысында қалай атауды қалар еді, өздерінің балалық шақтағы еркелетіп айтқан есімімен бе, әлде туған туысқандары қалай еркелетіп айтаты. Сол есімді визиткаға үлестіреді де скотч арқылы кеуделеріне бекітеді.

3. «ОЖСБ, ҰБТ - ға дайындалуға психологиялық көмек»

«ОЖСБ, ҰБТ - ға дайындалуға психологиялық көмек»
Мақсаты: Емтиханға дайындалудың тиімді формаларымен таныстыру.
Оқушыларға “ҰБТ - ға дайындалуға психологиялық көмек” тақырыбында кітапша таратып, психологиялық кеңес айту.

4-жаттығу. Арт терапия. «Менің жарқын үміттерім, қауіп - қатерлерім»
Нұсқау:
Алдарыңыздағы парақтың оң жағына “менің жарқын жақтарым”, сол жағына “Менің қауіп - қатерлерім” деп жазыңыз. Енді осы екі бағанға ҰБТ - ға байланысты өз ішкі сезімдеріңізді сурет арқылы бейнелеп салыңыздар. “Менің жарқын жақтарым”бағанына жағымды, алдағы армандарыңызды, ал “қауіп - қатерлерім” бағанына неден қауіптенесіз соны саласыздар.
(кімде қандай жарқын жақтар бар, қандай қауіп - қатерлер бар талқылау)
5-жаттығу Арт терапия элементін қолдану арқылы сурет салу

Манка әдісі

Мақсаты: Оң жақ және сол жақ жарты шарға ,ми қызметіне, маторикасына әсер ететін әдіс. Бәріміз емін еркін отырып, терең дем аламыз. Ешқандай нәрсе ойламауға тырысайық. Алдарыңызға берілген мәниді екіге бөлеміз, екі қолмен жұмыс істейміз. 1- екі жаққа бірдей шеңбер жасау. 2- мәнимен жанымыздағы адамның көзін саламыз. 3- көздің контурын жасау 4 саусақпен. 5- екі бірдей гүл салу. 6- өзінді жақсы сезінетін үй.

1.Терапия басталмас бұрын қандай сезімде болдыңыз.

2. Манканы кімге жоғары, орташа, төмен сепкен ұнайды.

3. Кімге қандай әсер берді?

6-жаттығу.«Автопортрет» жаттығуы

Мақсаты: ҰБТ-дағы көңіл күйлерін білу мақсатында оқушыларға психологиялық көмек көрсету.

Оқушыларға А4 парақ таратылады. Өздерінің автопортретін музыка ырғағын пайдалана отырып, өз суретін салу ұсынылады.

Талдау: Өздеріңнің суреттеріңді салу қиындық туғызды ма? Сезімдерің қандай?


7-жаттығу. Құбыр

Мақсаты: Топты біріктіру, команда қалыптастыру.Сыныппен бірге ҰБТ-ға ұйымшылдықпен дайындалу. Көшбасшыларды анықтау.Қажетті құралдар: А4 қағазы (қатысушылар санына орай) Ережесі: Қатысушыларға бір А4 қағазы беріледі. Қағазды екі бүктеп қолдарымен астау кейпіне енгізеді. Барлық қатысушылар қолдарындағы  астауша тәріздер иілген қағазды бір-біріне қосып беті ашық құбыр жасайды. Дайын болған кезде нұсқаушы кішкентай допты жібереді. Қағазды үзіп алмай допты өткізіп шығулары керек. Доп түсіп кеткен жағдай ойын қайта басталады. Талдау:ойын жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салады



8-жаттығу. Жіп терапиясы

Мақсаты:  Сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру,ҰБТ-ға деген құлшыныстарын арттыру, жігерлендіріп, көңіл-күйін көтеру. Сонымен қатар ұйымшылдыққа, сенімділікке, бір-бірімен жақын танысып, білісіп, ашылуына көмектесу.

Қажетті құралдар: жіп, қарындаш, бос шырын құтысы
Ережесі: Жіп қатысушылар санына қарай бөлінеді. 20 қатысушы болса 11 бөлікке бөлінген 2м жіп қажет. Әр қатысушның қолында жіптің бір ұшы қалуы тиіс. Ақылдаса отырып жіптерді алмастырып, қар үлгісін жасайды. Ортасына қарындаш қойылады. Қарындашты жерге түсірмей құтыға салу қажет. Егер қарындаш жерге түсіп кеткен жағдайда ойын қайта басталады. Жаттығуды сөйлемей дыбыссыз өткізу, ойынның қызығушылығын арттыра түседі.

1. Тыңдай білу. 

2. Белсенділік. 

3.Шығармашылық. 

4. Төзімділік. 

5. Сыйластық. 

Талдау: ойын жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салады.

Топқа берілетін тапсырма: Құрметті оқушылар, сіздер мына жіптің көмегімен, карындашты шырын бөтелкесіне салуларыңыз қажет. Әр адамның қолында жіптің бір ұшы қалу керек. Топқа ойлануға уақыт беріледі. Жаттығу кезінде сөйлеуге тиым салынады. Егер карындаш жерге түсіп кеткен жағдайда қайта жалғастырады. Ойын жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар талдау жасап өз ойларын білдіреді. "Жіптік курстың" ұстанымы  "Бірлік бар жерде тірлік бар".

9- жаттығу «Би терапиясы»

Мақсаты: Қатысушылардың көңіл-күйін көтеру, жағымды көңіл-күй тудыру.

Нұсқау: Мұғалімдер аталған дене мүшелерін қозғалту арқылы билейді. Психолог ең алдымен қатысушыларға қасымен, көзімен билеуге нұсқау береді. Кейін осы дене мүшелеріне ауыз қосылады. Сөйтіп, иық, қол, аяқ т.б. дене мүшелері қосылады. Ең соңында барлық дене мүшелері билейді.

10- жаттығуы «Атом молекула» ойыны.



Мақсаты: Іс – қимыл арқылы бой жазу.

Жүргізуші: Қол шапалағы арқылы «атом молекула» - дейді. Қатысушылар ерсілі – қарсылы қозғалып жатады.

Жүргізуші: Қол шапалақ арқылы молекула 2 десе 2 – ге бөліне бірігеді. Молекула 5 десе 5 – і бірігеді, қалып қойған ойыншы ойыннан шығады. Сөйтіп, ойын жалғаса береді.

Қорытынды: Тренинг соңында психолог барлығына шеңберге тұруын ұсынады. Әрбір қатысушы өз тілектерін және психологиялық тренинг ұнады ма, жоқ па? Қандай жаттығу ұнады? оқушылар айтып өтеді.
Күн сайын биіктеген әр сатымыз,
Біздің бір тілегіміз мақсатымыз.
Әрдайым ашық болсын аспанымыз,
Сеніммен шыға берсін жақсы атымыз.-
дегендей қаламгеріміздің өлең жолдарына назар аударайықшы, оқушылар. Егер өмірде өзіңе - өзің сенімді болғың келсе, өмірмен бетпе-бет кездесуден қорықпа, үнемі өмір сынағының әр түрінен қашқақтап, жеңілдікпен өтірік көңіл көтеруді пайдалансаң, кезең - кезең қиындықтар туындай береді, өзіңмен - өзің әлектене бересің. Сондықтан өмірдің қиындығын қасқайып қарап қабылда. Жеңіл жол іздеме, қиындықпен күрес. Осының өзі саған өзіңе деген сенімділік әкеледі.
Бүгінгі тренинг сабаққа қатысқандарыңа рахмет, сау болыңдар!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
1217
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі