Материалдар / Өлең Жорабек ағай Тарих кабинетінің ашылу салтанаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өлең Жорабек ағай Тарих кабинетінің ашылу салтанаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар мен оқушыларға үлгі ретінде, сценарий жазуға және тарих кабинетіне ұстаз есімін беру үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2019
3317
15 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Әл Фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектебі КММ

Білім беру ісінің үздігі, тарих пәнінің

мұғалімі, аталмыш мектептің бұрынғы

директоры Әлібеков Жорабек Тұрғынбекұлының

атына ашылатын тарих кабинетінің

салтанатты ашылуы.



28.03.2019жыл

Зағамбар аулы







І.Келген қонақтарды қарсы алу /мектеп ауласында/

1.Мектеп ауласында қонақтарды қарсы алып, мектепке шақыру мақсатымен таныстырады. /М.Қожаев/

2.Осы мақсатта Әлібеков Жорабек Тұрғынбекұлы туралы айту үшін Әлібеков Пскентәлі Тұрғынбекұлына сөз беріледі.

ІІ.Қонақтар ішке қарай өтіп, тарих кабинетінің алдына жиналады. /сөзді М.Қожаев алып, одан әрі таныстыру мен ашылу салтанатын жалғастырады/

1.Сөз кезегі Әлібеков Пскентәлі Тұрғынбекұлына беріледі. /Ол Әлібеков Жорабек Тұрғынбекұлы туралы бауырлық өмір жолдары туралы және еңбек жолдары туралы әңгімелейді/

2.Сөз кезегі мектеп директоры Сүттібаев Марат Үсіпбайұлына беріледі. /Мектепке сіңген еңбектері мен білім саласындағы еңбек жолдары туралы айтып өтеді/

3.Сөз кезегі АББ-нің басшысы Аманова Роза Сәрсенбекқызына беріледі. /білім саласында жасаған еңбектері туралы қосымша айтып өтеді/

ІІІ.Одан әрі сөз Әлібеков Жорабек Тұрғынбекұлының бауырлары мен жора жолдастарына және балаларына беріледі.

ІV.Кабинетті ашу салтанаты /лентаны қию ауыл ақсақалдары.................................................ұсынылады/



Одан әрі кабинет ішін аралау ұсынылады.









Жора ағайға

Жорабек ағай, Жора ағай деуші едік,

Көңілі жайдары, жүруші еді жымиып.

Білім берген шәкірттері жүр қазір

Елімізге үлкен еңбек сіңіріп.



Аулымыздың болашағы жастар деп,

Білім алсын, алда жүрсін деуші еді.

Сол ойымен мектеп салу жұмысын,

Асарлатып аяқтап берген ер еді.



Өз жұмысын, балаларды сүйетін,

Білім беруде, аяған жоқ өзін де.

Сол еңбегі еленіп, білім үздігін,

Алды ол өмірінің соңғы сәтінде.



Жасар еді тағы ол жақсылықты,

Елі үшін қамқор болған әр кезде.

Өзі көрмеген талай жақсылықты,

Ұрпағы көрсін енді, бұл күнде.



Жақсы адамның аты мәңгі өшпейді,

Өшпейтұғын із қалдырса артында.

Жора ағай сондай жанның бірі еді,

Жастар бармыз, жалғайтын ісін артында!



Г.Б.Шакуова





«Әл Фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де көктемнің тамаша наурыз айында, яғни «Нұры» /жауын/ жауып тұрған кезінде үлкен салтанатты кеш өтті. Атаулы тарих кабинеті ашылды. Кабинеттің ашылу салтанатын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қожаев Мұраталы жүргізді.

Мектепке кеңестік кезеңдерде, аумалы-төкпелі тоқырау кезеңдерде мектептің басшылық қызметтерінде жұмыс жасап, өмірінің соңына дейін білім саласында өзінің жайдары мінезімен, көптің көңілінен шығып, білім мен тәрбиені ауыл балаларына бере отырып, тарих пәнінен сауаттандырып келген, бұл күні бақилық болған әріптесіміз және үлгі тұтарлық аға, біріне іні болған Әлібеков Жорабек Тұрғынбекұлының атына тарих кабинеті ашылды.

Кабинеттің ашылу салтанатында лентаны қию рәсімі ауылдың қариялары Қожаев Сатыбалды мен Көлбаев Әбіш ақсақалдарына бұйырды. Олар өздерінің баталарын беріп, тілектерін айтты.

Жорабек ағай Зағамбар аулының тумасы. Осы мектепте оқып, осы ауылда балалық шағы өтті. Тарих пәнінің мұғалімі мамандығын алған соң да басқа жаққа кетіп қалмай, өзінің туған жерінде ұстаздық қызметін бастаған. Еңбек жолында мұғалім болып, оқу ісінің орынбасары және басшылық қызметтерде жұмыс жасады. Білім мен тәрбие беруде еңбектерінің жемістерінің арқасында бірнеше аудандық, облыстық марапаттарға ие болған жан. Сондай үлкен бір ісі - жаңа мектептің құрылысы. Тоқырау кезіндегі халықтың жағдайы қалай болғаны бәріне мәлім. Сондай қиындықтарға қарамастан, Жорабек ағай өзі мектепке басшылық жасап жүрген тұста жаңа мектептің /қазіргі мектеп ғимаратының/ құрылысын «асар» түріндегі ауыл адамдары мен мектеп ұжымының жұмылдырылған көмектерінің ұйымдастырылуына мұрындық бола жүріп, бітіріп берді. Бүгінде сол мектепте 1300-дей оқушы оқиды. Ауыл халқы, бала саны жылдан-жылға көбейіп келеді.

Кабинетті ашылған соң Жорабек ағамызға арнап құран бағышталды. Сөзді алғашқы болып, мектеп директоры Сүттібаев Марат Үсіпбайұлы алып, мектеп өмірінің тарихынан қысқаша айта келіп, кабинеттің ашылуына құттықтау сөзін айтып, Әлібековтер отбасына алғысын білдірді.

Әлібеков Жорабек Тұрғынбекұлына арналған кабинеттің ашылу салтанатынан соң, үлкен ас беріліп, еске алу кеші өткізілді. Өмірі мен еңбек жолдары туралы әріптестері, ағайын-туғандары және сыныптас-құрдастары сөз алып, бірге жүрген жолдарын еске алып, көзге жас келтіртті. Мектеп оқушылары патриоттық және ұстаз туралы әндер орындады.

«Жақсы адамның аты мәңгі өшпейді, өшпейтұғын із қалдырған артында» дегендей, Жорабек ағай сондай жандардың бірі еді... Сондықтан да оның еткен еңбегі, елдің дамуына қосқан үлесі мен жарқын бейнесі мәңгі есте қалады.

Мектепте Әлібеков Жорабек Тұрғынбекұлының атына ашылған тарих кабинеті үшін оның отбасына, туысқандарына, ағасы Әлібеков Піскентәлі Тұрғынбекұлына ерекше алғысымызды білдіреміз! Осындай игі істер көбейе берсін дейміз!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!