400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Өлеңнің тау тұлғасы – Қадыр ақын» 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығымен таныстыру және ақын шығармашылығын насихаттау. Балалардың тілдік құзыреттілігін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы: «Өлеңнің тау тұлғасы – Қадыр ақын»
Мақсаты:
Балаларды Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығымен таныстыру және ақын шығармашылығын насихаттау. Балалардың тілдік құзыреттілігін дамыту.

Күтілетін нәтижелері:
1. Ақын шығармашылығы бойынша үлкен мағлұмат қалыптасады.
2. Балалар ақын шығармашылығындағы мысалдармен, жұмбақтар, нақыл сөздер бойынша ақпараттармен танысады, оларды өмірдегі, өз тәжірибесіндегі түрлі жағдайларда қолдана алады.
I
. Сабақтың кіріспе бөлімі
Балалардың қызығушылығын ояту
Жүргізуші 1.Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгін біз талантты жерлес ақынымыз Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығына арналған ұлты мақтаған ұлы тұлға
«Өлеңнің тау тұлғасы – Қадыр ақын» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

Ақындық туралы Қадыр атамыз былай дейді: Дарын иесінің ақын болып қалыптасуы ең алдымен өз ауылы,өз қара шаңырағынан деген екен. Олай болса Қадір атамыз жайлы шағын бейнекөрініс көреміз.
(Ақын туралы бейнекөрініс көру)
Бәрін тез-тез болады деп кім күткен,
Күндер өткен жұлдыз жауар түндіктен
Мырзалының,үміт артқан өлгенше
Үш ұлынан жалғыз еркек кіндік мен

Жүз демеймін-түсінеді жөнді ұққан.
Жалғыз едім мен бір ірі сондықтан
Жалғыз едім өспей қойған атадан
Жоғалуға қақым жоқты сондықтан!

Өлең жаздым тоғыз тарау,жеті өрім
Сездім соның жүректерге жетерін
Жалғызбын деп жанға нөкер болмадым
Өзімніңде болған емес нөкерім
Иә,Ақын түйінінде үлкен шындық бар.Өзгелер сияқты Қадырдың қадірін оқырман қауым бірден ұғынды.Қадыр атамыздың сүйікті оқырманына халқының қазақы қасиеттерін,тектілігін,тазалығын ту еткен туындылар ұсынған болатын.

Елнұр
Дәл осы сәтте Қадыр атамыздың мына жұмбақ өлеңі есіме түсіп тұр,айтып берейінші:
Көзім түсті апамның
Көзіндегі жасына.
«Белгісі ме қапаның?»
Деп келдім мен қасына

Альмира
Ия,-ия есіме түсті, жұмбақ өлеңнің арғы жағын мен жалғастырып көрейінші
Сұрамақпын,білмекпін
Жанына не батқанын.
Байқамаппын ,көрмекппін,
Пияз турап жатқанын.-деп ақындар жырлағандай Қадыр атамызда түрлі тақырыптарға балаларға арнап өлеңдер жазған болатын,ендеше соларды қабыл алыңыздар.

Ерген
«Ана-тілі»

Ана тілің-арың бұл

Ұяттың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте.

Ана тілің,біліп қой
Еркіндігің,теңдігің

Ана тілің,біліп қой
Мақтанышың,елдігің.


Дана, Алдияр
«Не үшін?»
Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін.
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Құлақ не үшін керек?
Ақыл-кеңес беру үшін.
Жүрек не үшін керек?
Жауларымнан қыңбау үшін.
Тіл мен жағың не үшін керек?
Ақиқатты айту үшін.
Ал аяғың не үшін керек?
Шетте жүрсем,туған жерге қайту үшін.

Ән: Етікші атам . Қадір Мырза Әли

Мамыр У.Алина .Нұралы

Адам үшін жұбаныш

Мамыр келді шуақты.

Күннің ішін қуаныш

Кернеп тұрған сияқты.

Ақ арманы көктемнің

Мамыр келді шуақты.

Іздегенін көктен Күн

Жерден тапқан сияқты.

Ала-бөтен сәндігің,

Мамыр-майым шуақты.

Табиғаттың дәл бүгін

Туған күні сияқты.

Әрі сұлу, әрі игі

Мамыр-майым шуақты:

Он бір ұлы бар үйдің

Жалғыз қызы сияқты!


Мұғалима» Қ .Айару
Мынау менің сезгенім

Ол кластың анасы
Өзінің де өзгенің
Баласы оның баласы
Қай кезде де,ол анық
Қайғырмайды өзі үшін
Біздер үшін қуанып

Қызарады біз үшін


Бексұлтан «Кәмпит»
Азу тісім ауырды,
Жатып қалдым бүк түсіп.
Тауыстым бар сабырды
Бір жақ ұртым кетті ісіп.
Қарындасым монтиған,
Мұны анықтап көрмейді.
Ұртыңдағы томиған,
Кәмпитіңнен бер!-дейді.
Жүргізуші :.Ақынның әр өлеңін оқыған сайын қанаттанасың, рухтанасың, жігерленесің. Бірде бала, бірде дана боласың,сүйсінесің,тамсанасың, күй тартқандай боласың, халқымыздың бүкіл болмысы көз алдыңа келеді.

 

«Табиғат – жаратылыс пернесі» Аяна

Табиғат – жаратылыс пернесі
О,далам,менің байтағым!
Далам деп өлең айтамын.
Ұлың боп ойлап барам да,
Құлын боп ойнап қайтамын. 
О,далам,менің байтағым!
Далам деп өлең айтамын.
Солған Ай болып барам да,
Толған Ай болып қайтамын.

«Табиғат та бір кітап » Сабина

Тамаша ғой

Бүгін сен

Табиғатқа жүгінсең.

Құлақ түріп,

Көз тігіп,

Төңірекке үңілсең.

Еріп бұлттың ырқына,

Жоқ болады бір күн ай...

Табиғатта бір кітап,

Оқи алсаң шіркін- ай!

Қадыр Мырза Әлі «Анама» Аида Рахат ,Рафхат
Анасыз бір жоқ күнің
Әжесіз бір жоқ күнің
Ұсынамыз бүгін біз
Сіздің сұлу шоқ гүлін
Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі,
Шашылмасын ешқашан
Аналардың жүрегі!
Қуаныштың ағайын,
Қоңырауын қағайын.
Ағартпасын тентектер
Бір ананың самайын!
Жамандардың мақсаты
Жұрттың аузын қақсату
Нағыз бақыт-Ананың
Ақтау дер ем ақ сүтін.

Ән: «Апам үшін»  Сөзі:Қ.Мырза Әли, Әні: Исмайл Исаев
Қадыр Мырза Әли . « Жұмыстың жылуы» Жасұлан

«Жалқаубек» Айару, Азамат, Инабат

«Неге?» Ж.Алина

Бұлттар неге ауады?

Жаңбыр неге жауады?

Шағыл неге көшеді?

Жарық неге өседі?

Маса неге шағады?

Жұлдыз неге ағады?

Орман неге шулайды?

Теңіз неге тулайды?

Қадыр атамыз балаларға арнап көптеген жұмбақтар, жаңылтпаштар,

санамақтар жазған.Ендеше қазір барлығымыз жұмбақтар шешіп көрелік.

Жұмбақтар
1)Дос үйіне түстің бе?
Түгел соның үстінде.(дастархан)
2)Қайнаған шілдеде оған суық,
Ыссыға төзбегенді тығам қуып.(тоңазытқыш)
3)Бояуларым қашып кетті,
Көк қағазды басып кетті,
Қатарларын тізіп алды
Арттарында ізі қалды.(кемпірқосақ)
4)Екі езуі құлағына жетеді,

Тамақ жесе ызың-ызың етеді.(Ара)
5)Жоқ өзінде баста,
Қаста,мойында
Ұзындығы жазулы тұр бойында.(сызғыш)

Алдында бір нәрсе әкеп берсе, тегі

Оңын сол, солын оң ғып көрсетеді.         (Айна)

Көліксіз өмір сүрмейді,

Ғұмыры жаяу жүрмейді.                      (Ер-тоқым)

Қанатсыз құс маңып барады,

Көзінен жас тамып барады.                  (Бұлт)

Мың найзалы жалғыз батыр,

Жауларына алғызбай тұр.                     (Кірпі)

Жалпақ желке, сопақ бетті,

Орманымды отап кетті.                      (Балта)

Жүргізуші :.Қорытынды: Қадыр атамызды әлі әріп танымаған бүлдіршін бөбек-тен бастап,әріпті көзілдіріксіз көре алмайтын қарияға дейінгінің бәрі біледі.

Мұндай даусыз даңқ, танымалдықтың сыры-Қадыр талантының қарапайым-дылығында.Ендеше Қадыр жырлары ешқашан ұмытылмай ұрпақтан ұрпаққа насихатанна бермек. Барлығымыз бірге « Ақ көгершін »әнін бірге орындайық. Бүгінгі « Өлеңнің тау тұлғасы – Қадыр ақын» атты тәрбие сағатына қатысқаныңызға үлкен рахмет.


































































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1249
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі