Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өлі және тірі табиғат

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық оқу қызметі. Мақсаты:балаарға айналадағы құбылыстар және табиғат ерекшеліктері туралы түсінік беру.Өлі және тірі табиғат туралы білімдерін кеңейту.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ортаңғы «Балбөбек» тобында ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы.

Күні: 12.10.2021ж

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Жаратылыстану»

Тақырыбы: «Тірі және өлі табиғат»

Мақсаты: Табиғатқа деген танымдық қызығушылықтарын дамыту. Тірі және өлі табиғат туралы түсінік беру. Өсімдіктердің құрамын,пайдасын,айырмашылығын түсіндіру. Айналадағы табиғатқа, қоршаған әлемге қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Қажетті құралы: ақпараттық технология,зерттеу құралдары,дидактикалық ойын суреттері, бөлме гүлі, жануарлар (қоян,көгершін,аквариумдағы балықтар).

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық кезең







Ұйымдастыру-іздену






















































Рефлекциялық-түзетушілік

-Сәлеметсіздер ме, балалар?

-Сәлеметсіздер ме, қонақтар?

Шаттық шеңбері:

Барлығымыз табиғатты сүйеміз,

Үлкендердің сөзін ойға түйеміз.

Денсаулықты әрқашан да сақтаймыз,

Бейбіт өмір баршаңызға тілейміз!


-Жарайсыңдар,балалар!

Балалар бұл қай мезгіл?

Олай болса балалар күз мезгілі туралы видио тамашалап алайық.

-Балалар табиғат тірі және өлі табиғат болып екіге бөлінеді.

Табиғат бұрышына саяхат.

Тірі табиғатқа:ағаштар,шөптер,гүлдер, жануарлар, жәндіктер және адамдар жатады.

Ал, өлі табиғатқа тас, таулар,топырақ, су,көмір жатады.

Тірі табиғат өседі,қоректенеді, көбейеді, өледі.

Өлі табиғат:өспейді, қоректенбейді,көбеймейді,өлмейді.


Өсімдіктер табиғаттың бір бөлшегі.Сендер табиғатқа қандай қамқорлық көрсете аласыңдар?


Ғажайып сәт: топқа Бағбан кіреді.

-Ой мына жаққа қандай ақылды балалар жиналған .Бұл балалар табиғат туралы, өсімдіктер туралы өтіп жатыр екен. Өсімдіктің құрылысын біле ме екен сұрап көрейік.

-Бұл не? Мұнымен не істейді? Балалар бөлме гүлін не үшін терезенің алдына койып қойдыңдар?

Осы балақайларға біз де өзіміздің жұмысымызды үйретіп кетейік .

-Балалар біз ағаштар ,гүлдер отырғызумен айналысамыз қазір сендерге бөлме гүлін қалай отырғызу керектігін көрсетемін.Көмекшелерімен көрсетеді.

Бағбан: Өсімдіктерді бекерге жұлмандар,өйткені олар біз тыныс алатын ауаны бөледі.

-Өсімдіктердің жапырағы неге біркелкі емес?

-Ағаштардың жапырағы неге күзде сарғайып түседі?

Сергіту сәті:

Ағылшын тілінде.



Лупамен жапырақтарды бөлме гүлдерін зерттеп салыстыру.


Видио:Өсімдіктердің крахмалды бойына сіңіру процесі және нәтижесі.

Өсімдіктердің оттегі бөлу поцесі эксперимент жасау.


Дидактикалық ойын: «Қалай ойлайсың?»

Шарты: болады , болмайды екі белгінің астына суреттерді дұрыс орналастыру.

Тақпақтар:

Алиасқар, Ұлжан

Балаларды мадақтау: смайликтер тарату, қонақтармен қоштасу көтеріңкі көңіл күй тілеп оқу қызметін аяқтау.










-Сәлеметсіздер ме, апайлар?







-Күз мезгілі.


Видионы тамашалайды.





Балалар бірге қайталайды.








Ағаштарды сындырмаймыз,орманда от жақпаймыз,гүлдерді жұлып,таптамаймыз,қоқыс тастап айналаны ластамаймыз.



Балалар сәлемдеседі.





Бұл өсімдіктің тамыры,онымен қоректенеді.

Сабағы, жапырағы .

Өйткені өсімдіктер күн сәулесін мол алса улкен және әдемі болып өседі.





Балалардың жауабы


Мансур: Күннің жылуы мол тускен ыстық кезде жапырақтар жасыл түсті болады.Ал күннің жылуы азайып суыта бастағанда олар сарғайып түседі.



Алиасқар: тікенекті,түкті өсімдіктер.


Балнұр шыны ыдыстағы суға балдырларды салу арқылы ауанын пайда болуын балаларға көрсетеді.


Балалар ненің дұрыс,ненің бұрыс екенін ажыратып суреттерді тақтаға орналастырады.


Күтілетін нәтиже:

Түсінеді:Табиғаттың адамдарға пайдасын. Оларға жақсы күтім жасап,қамқорлық көрсетуді.

Қолдана алады: Бағбаннан үйренген күтім жасау ережесін .



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.12.2021
623
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12