|
Қызыл, сары және
жасыл кішкентай доптарды алу арқылы үш топқа бөлінеміз. Топтар
арасында жарыс тапсырмалар болады, қай топ көп ұпай жинаса сол топ
жеңіске жетеді.
«Ақылдылар» ,
«Білімділер» және «Тапқырлар» тобы болып үшке
бөлінді.
Балалар өткен
тақырыпты қайталауға көшейік. «Қолшатыр» ойыны. Қолшатырға үй
жануарлары, өсімдіктер, адамдар, жәндіктер, құстар, балықтар,
ағаштар суреттері ілінеді. Сол суреттерді атап тірі табиғатты еске
түсіреді.
Тақырыпты
болжау. «Миға
шабуыл» әдісі.
Балалар қазір мен
жұмбақ жасырамын, сендер жауабын дұрыс тапсаңдар бүгін із қоршаған
ортамен танысу іс-әрекетінде қандай тақырыпта әңгімелесетінімізді
білетін боламыз.
Өте жақсы балалар
жарыса жауап беріп жатырсыңдар. Енді жұмбақтың жауаптарына
байланысты біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз қоршаған ортадан «Өлі
табиғат» деп аталады. Тірі табиғат иелері қозғалып,
көбейіп,өсіп-өнетін, қоректенетін және тыныс алатын болса, өлі
табиғат өспейді, қоректенбейді, тұқым шашпайды.Бірақ оларда бізге
керек. Олардың бізге пайдасы өте
көп.
Ол туралы әліде
айтатын боламыз. Өлі табиғатқа су, ауа, құм, топырақ,
тау-тас,бұлт,аспан, күн мен ай, жұлдыз жатады
екен.
«Мультифото»
ойынын ойнаймыз. Бұл ойында бүгінгі тақырыпқа
байланысты тақтада суреттер шығады. Сол суреттерге мұқият қарап
аламыз. Ненің сурет жоқ болып кетті соны тез
атаймыз.
Сергіту
сәті. «Ырғақты жаттығу.
Шапалақтау, партаны саусақпен ұру, ауысып
жүру»
«Фонарик «
ойыны.
Енді «Фонарик»
жағамын қағазда не
жазылғанын
жарықтан оқисыңдар.
Буындап оқиық.
Алдарыңда тастар тұр
енді осы тастарға сурет
салайық.
«Ыстық
орындық »
ойыны.
-Балалар бүгінгі
тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылады, орындықта отырып күйіп
қалмай үшін тез әрі дұрыс жауап беруіміз
қажет.
-Балалар судың
ауаның құм мен топырақтың, жаңбыр мен желдің, ай мен күннің,тау мен
тастың, жұлдыздың, бұлттың, қардың пайдаларын
айтамыз.
Үй, жиhаз,көліктер
суреті неліктен ілінді? Бұлар өлі заттар екен. Яғни адам қолымен
жасалған заттар. Бұлардың пайдаларын сендер өте жақсы
білесіңдер.
Өлі табиғат пен өлі
заттар арасындағы айырмашылықты
білдік.
|
-
Айнымайды
шыныдан
Қорқады тек жылыдан (Мұз)
-
Гуілдейді
құлаққа
Оны ешкім көрмейді (Жел)
3. Бір үйде қос сұлу
ағайынды
Қызықтырған
талайыңды
Жылдың ол төрт
мезгілінде
Тұрады нұрға шалып
маңайыңды (Күн мен ай)
4.Бірі түкті
кілем
Бірі түксіз кілем (
Аспан мен жер)
5.Тақиям толған сөк
Таңертең тұрсам жоқ (Жұлдыз)
6. Қыстыгүні
аппақ
Жаздыгүні сұйық
(Қар, су)
7.Үлкен,үлкен
түйені
Тастапты атам шөгеріп
Өркеші бұлтқа
тиеді
Бауыры жатыр көгеріп
(Тау)
8.Өзі қатты, жерде жатыр (Тас)
9.Қолыңа ұстасаң үгілген
Жел соқса сан-саққа
жүгірген (Құм мен топырақ)
10.Көзі жасты
Тұра қашты (Бұлт)
Жұмбақтарды
шешеді.
Балалар ненің суреті жоқ екенін тез табуға
тырысады.
Балалар «су, жер,
ауа, ас-пан,жұл-дыз, жаңбыр» сөздерін
оқиды.
Тастарға үлгі
бойынша суреттер салады.
Балалар пайдаларын
айтады.
Топтардың жинаған
ұпайларын санап,
мараппаттау.
|