Олимпиадалық тапсырмалар. 5
сынып.
-
Оқылым.
Қазақтың
дастарханы
Қонақжайлық – қазақтың ерекше
белгісі. Қазақ халқы дастарханнан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ деп
есептейді. Қазақтың ұлттық дастарханында мынадай тамақ түрлерін
көруге болады. Ет тағамдары: қазы, қарта, жая, жал, құырдақ. Сүт
тағамдары: қымыз, шұбат, айран, қаймақ, ірімшік, құрт, сүзбе. Нан
тағамдары: бауырсақ, таба нан, күлше нан,
шелпек.
Ең негізгі ұлттық тамақ-
қазақша ет. Оны кейбір кісілер «бесбармақ» дейді. Ең құрметті
қонақтарға, жасы үлкен қарттарға бас беріледі. Қызға жілік, күйеу
балаға төс беріледі. Етті майлы сорпаға піскен нанымен қосып жейді.
Тамақтан соң жасы үлкен, құрметті кісі бата
береді.
-
Мәтін
мазмұнына 5 сұрақ құрастыр 5 балл
-
Мәтіннен 2 сын есімді теріп
жаз. 2 балл
-
Мәтіннен 3 тірек сөзді теріп
жаз. 3 балл
-
Септік жалғауы бар 5 зат
есімді теріп жаз. 5 балл
Барлығы: 15
балл
-
Лексика-грамматикалық
тест.
1.Қазақ алфавитінде неше
әріп бар?
А) 43 В) 25 С) 42 Д) 17 Е)
28
2.Фонетика нені
зерттейді?
А) сөз таптарын В) сөйлем
мүшелерін С) сөздің жасалу жолдарын Д) сөз мағынасын Е)
дыбыстарды
3.Дыбыстар нешеге
бөлінеді?
А) 5 В) 2 С) 3 Д) 7 Е)
4
4.Дауысты дыбыстар тілдің
қатысына қарай қалай бөлінеді?
А) жуан жіңішке В) еріндік,
езулік С) қатаң, ұяң Д) тұйық, бітеу Е) ашық,
қысың
5.«Ө» қандай
дыбыс?
А) жіңішке, қысаң, , ашық В)
жуан, , еріндік езулік С) жіңішке, қысаң, еріндік Д) жуан, ашық,
езулік Е) жіңішке, ашық, еріндік
6.Ұяң дауыссыз дыбыстарды
табыңдар.
А) с,т,п,к,қ,х,ч,ш,щ,ц,ф В)
б,в,г,д,е,л,р С) р, л, м,н,ң,й,у Д)
б,в,г,ғ,д,ж,з,h
Е)
с,п,т,к,а,р,ы
7.«Қ» қандай
дыбыс?
А) ұяң В) еріндік С) қатаң Д)
ашық Е) үнді
8.Буын түрлерін
табыңдар.
А) қатаң, ұяң, үнді В) ашық,
тұйық, бітеу С) ашық, қысаң, езулік Д) жіңішке, қысаң,
еріндік
Е) жуан, ашық,
еріндік
9.Бітеу буынды сөздерді
табыңдар.
А) қабырға, ұшақ В) деңгей,
сұрақтар, С) құлақшын, сынып Д) қармақ, жаңбыр Е) бор,
отбасы
10. Қатесі бар сөзді
белгілеңіз.
А) қалам В) кітап С) жумыс Д)
үй Е) оқимын
Барлығы-10
балл
3.
Жазылым.
Өзіңнің шетелдік досыңа
«Қазақстанның мерекелері» туралы хат жаз.
Барлығы-10
балл.
Олимпиадалық тапсырмалар. 6
сынып
-
Оқылым.
1-тур
Қазақстандағы ең биік әрі
танымал таулардың бірі - Іле Алатауы. Ол республиканың оңтүстік
шығысында орналасқан. Бұл Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік
тізбегі.
Тянь-Шаньнің оратлық
бөлігінде, Қазақстан, Қырғызстан мен Қытай шекараларының қиылысқан
жерінде ең биік шыңдардың бірі, Қазақстанның ең биік нүктесі
Хан-Тәңірі шыңы жатыр. Оның биіктігі - теңіз деңгейінен 6 995 метр.
Ал республиканың оңтүстік-батысында Жоңғар Алатауы тауы жатыр. Бұл
тұмса табиғатының көркі таңдандыратын тамаша жер. Мемлекеттің
шығысында Зайсан көлінен Қара Ертіс алабына дейін Алтай таулары
созылып жатыр. Оларды үш аумаққа бөледі: Оңтүстік Алтай, Кенді
Алтай, Қалба жоталары. Мұнда Алтайдың символы Мұзтау тауы
орналасқан. Ол - басын мәңгі қар мен мұз басқан Алтай мен Сібірдің
ең биік нүктесі. Оның биіктігі - теңіз деңгейінен 4 506
метр.
1 тапсырма. Мәтінге 5 сұрақ
құрастырып жаз. 5 балл
2 тапсырма. Сан есімдерді
теріп жазып, олардан реттік сан есім құра. 5
балл
3 тапсырма. Мына сөздерге
синоним тауып жаз: мәңгі , көркі,әйгілі 3
балл
4 тапсырма. Мына сөздерге
антоним жаз: биік, үлкен. 2 балл
Барлығы: 15
балл
|
2. Лексика –грамматикалық
тест
|
1.Екі буынды сөзді
белгілеңіз.
A) орамжапырақ B) арзан
C) мемлекеттік D) қалашық
|
2. Сөздері үнді
дауыссыздан басталған сөйлемді табыңыз.
A) Ағам жоғарғы оқу
орнында оқиды. B) Елімізде ақылды балалар
көп.
C) Мен нағыз маман
Ләззатқа ризамын. D) Вокзалға қандай автобуспен баруға
болады?
|
3.Негізгі түбірді
анықтаңыз.
A) Атамекен. B)
Ата-ана. C) Дос. D) Ағалық.
|
4.Туынды зат есімді
табыңыз.
A) Білімді. B) аспан.
C) отан. D) жер.
5.Синонимдік жұпты
анықтаңыз.
A) Күшті – қорқақ. B)
Сыйламау – сыйлау. C) Әсем – көркем. D) Ұзын –
қысқа.
6. Еңбек туралы
мақал-мәтелді белгілеңіз.
A) Кісі елінде сұлтан
болғанша, өз еліңде ұлтан бол. B) Кітап – ғылым, тілсіз
мұғалім.
C) Отан үшін күрес –
ерге тиген үлес. D) Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны
тәтті.
|
7. Жіктік жалғауы бар
зат есімді көрсетіңіз.
A) Оқушының. B)
Оқушыны. C) Оқушымын. D) Оқушынікі.
8. Мақалдың екінші
бөлімін табыңыз.
«Отансыз адам,
...».
A) ......оттан да
ыстық. B) ....., қаларсың ұятқа.
C) ......ормансыз
бұлбұл D) ..... ескісі жақсы.
9. Синоним сөздерді
табыңыз.
А) Сұлу, бай, байтақ В)
Ұлаң-байтақ , кең, ұлаң-ғайыр
С) Жақын, шалғай, биік D)
Алыс, үлкен, кең
10. Тань-Шяньнің ең биік
нүктесін тап
А)Сарыарқа таулары В)
Жұмбақтас С) Хантәңірі D) Алатау
(Барлығы 10
балл)
2-тур
3.Жазылым. Өзіңнің шетелдік досыңа
«Қазақстанның таулары» туралы хат жаз. (хаттың стилі мен жанрын
сақта).
Барлығы 10 бал