Олимпиада 8,9 сыныптар. Қазақ тілі. Нақты келген сұрақтар!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Олимпиада 8,9 сыныптар. Қазақ тілі. Нақты келген сұрақтар!

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі Олимпиада 8,9 сынып. Тест сұрақтары. Нақты келгендері.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Олимпиадалық тапсырмалар. 9-сынып.

  1. Оқылым.

Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырманы орындаңыз.

Татулық пен достық – мағынасы тереңде жатқан асыл сөз. Қазақта «Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас» болмаса «Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас», немесе «Бөлінгенді бөрі жейді» деген аталы сөзі бар. Жалғыз адам айдалада өскен ағашпен тең. Сондықтан да «Жалғыздық құдайға ғана жарасқан, адамның күні адаммен» дейді. Ал көппен қарым-қатынаста болу, береке-бірліктің, татулықтың ізгі бастауы болмақ. Адам баласы әр атқан таңдағы күнін игілікті істермен бастап, берекелі тірлік етсе, айналасындағы жандарға шапағатын тигізсе нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Ізгі ниетті, жаны таза адал жандар осылайша көптің «Алтын алма, алғыс ал, алтын деген жер сыйы, алғыс деген ел сыйына» ие болады.

  1. Мәтін мазмұнына 5 сұрақ құрастыр

  2. Мәтіннен 2 күрделі зат есімді теріп жаз.

  3. Терең, күн сөздеріне антоним жаз.

  4. Мәтіннен 5 тірек сөзді теріп жаз.

  5. Септік жалғауы бар 5 зат есімді теріп жаз. (Барлығы-5 балл)

  1. Лексика-грамматикалық тест.

1. Қалау райлы етістікті табыңыз.

A) Толқыса B) Алса игі еді C) Оқығым келеді D) Айтсаңшы E) Көрген

2. Бұйрық райдың 3-ші жағын табыңыз.

A) Табыңдар B) Түсініңіздер C) Үйренгісі келеді D) Жетсін E) Ұнатты

3. Бұрынғы өткен шақтың жұрнағын табыңыз.

A) –атын B) –п C) –ғалы D) –ған E) -а

4. Қай сөйлемде етісітік бастауыш қызметін атқарып тұрғандығын анықтаңыз.

A) Балалы үй-базар B) Сабыр түбі-сары алтын C) Бүгін ауылда қалың думан бар

D) Абай аға, мынау – бізідң үйлер E) Шапқан – озар, жатқан-тозар

5. Баяндауыш қызметіндегі етістікті табыңыз.

A) Күрең ат-Бөжейдің қыс мінетін аты B) Олжабек ойланып қалды C) Содан бері осындамын

D) Ашынғанның тілі ащы E) Абайдың тілегі солай

6. Тұйық етістікті тіркесті табыңыз.

A) Келер еді B) Танысыпты C) Тапсырманы орындамақпын D) Барғым келеді E) Адал еңбек ету

7. Мезгіл үстеуін көрсетіңіз

A) Қашаннан B) Қаншама C) Қайдан D) Кімше E) Қандай

8. Мақсат үстеуін табыңыз

A) Әлгінде, емін-еркін B) Орасан, әжептәуір C) Жорта, әдейі D) Тысқары, мұнда E) Амалсыздан, бекерге

9. Мөлшер үстеуді табыңыз

A) Әжептәуір B) Әрең C) Ілгері D) Кеше E) Тым

10. Көмектес септігіне қатысты септеулікті табыңыз

A) Кейін B) Шейін C) Соң D) Бірге E) Үшін (Барлығы-10 балл)

3. Жазылым.

Өзіңнің шетелдік досыңа «Қазақстан астанасы-Нұр-Сұлтан» туралы хат жаз.

Барлығы-5 балл.



8-сынып

1-тапсырма. Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.

Жолбарыс пен тышқан

Бір жолбарыс ұйықтап жатса, үстіне бір тышқан жорғалап шығып кетіпті. Оны жолбарыс ұстап алады. Сонда тышқан айтыпты:

- Ағатай, мені қоя беріңіз. Кім біледі, менің де сізге бір керегім боп қалар. Сонда жолбарыс: «Жесем, ас та болмайды, жөніне жіберейін» - деп, тышқанды қоя береді.

Әлгі тышқан баяғысынша жорғалап келе жатады. Кенет ол бір ақырған дауысты естиді. «Апырау, мынау жолбарыс қой. Үнінде бір ауырсыну бар сияқты ғой». Тышқан жорғалаған күйі солай қарай тартады. Сөйтсе, баяғы жолбарыс тұзаққа түсіп қалыпты. Жолбарысқа да жан керек, тышқанды көріп жылап жібереді.

- Ал, достым, бір амалын тауып, мені құтқар, - деп тышқанға жалыныпты. Сонда тышқан: «Асықпа, саған қарыз боп қалмаспын» - деп тұзақты тісімен кеміріп, қиып жібереді. Сөйтіп жолбарысты ажалдан құтқарды. Жолбарыс сол жолы біреуге жақсылық жасасаң, оның іссіз кетпейтінін алғаш түсініпті.


Мәтінге байланысты тест тапсырмалары:

1. Жолбарыс тышқанға қандай жақсылық жасады?

а) дос тауып берді

ә) аштықтан аман алып қалды

б) жемей, жөніне жіберді

в) қонаққа шақырды


2. Мәтінде қандай антонимдер бар?

а) жолбарыс, тышқан

ә) ұста, жібер

б) көмек, жұмыс

в) жалын, құтқар


3. Мәтінге сәйкес мақалды белгілеңіз.

а) Жақсының өзі өлгенмен, сөзі өлмейді. ә) Жақсылық ұмытылмас.

б) Күлме досыңа, келер басыңа.

в) Заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы.


4. Мәтіндегі негізгі ой қандай?

а) Бірге көтерген жүк жеңіл.

ә) Біреуге жасаған жақсылығың ізсіз қалмайды.

б) Бір–бірімізге көмектеспесек, қалайша дос боламыз?

в) Жолдасын тастаған жолда қалар.


5. Тышқанды қай қасиеті құтқарды?

а) аңқаулығы

ә) сараңдығы

б) жайдарлығы

в) тапқырлығы


2- тапсырма Жазылым (эссе) Жалпы ұпай:5

8-cынып

1. Денсаулық – зор байлық

2. Мен үшін кім жақсы адам?

3. Отбасының маңызы


4-тапсырма Өзіңнің сүйікті өленіңді мәнерлеп оқы Жалпы ұпай:5

6-тапсырма. Лексикалық–грамматикалық және елтану тестілері Жалпы ұпай:20

8-сынып

1. Келер шақтағы етістікті табыңыз.

A) кешікті

B) айтқан

C) отыр

D) жүзеді

E) айтты

2. Антоним сөзі бар мақал-мәтелді табыңыз.

A) Ақылың аз, ашуың көп болса – қор боласың.

B) Адал достық алтыннан да қымбат.

C) Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.

D) Ашуың келсе, қолың тарт.

E) Татулық – табылмас бақыт.

3. Сырға, білезік, алқа жасайтын адамды қалай атайтынын белгілеңіз.

A) ұстаз

B) шебер

C) жүргізуші

D) зергер

E) оқытушы

4. Сөздердің қайсысы туынды түбір, көрсетіңіз.

A) аспанда

B) сызғыш

C) аста

D) ақылым

E) менде

5.Дара бастауышы бар сөйлемді белгілеңіз

A) Талаптыға нұр жауар. 
B) Еңбек түбі – береке. 
C) Үш салт атты жүріп келеді. 
D) Шу өңірі өнімді мол береді. 
E) Сегіз қырлы, бір сырлы. 

6. Сілтеу есімдіктерін атаңыз.

A) әне, міне, ана

B) бәрі, бүкіл, түгел

C) өзім, өзі, өз

D) біреу, кейбір, бірнеше

E) қай?, кім?, не?

7.Сынып кезекшісінің атқаратын қызметін анықтаңыз.

А) Бала оқытады.

В) Телевизор көреді.

С) Тақта сүртеді.

Д) Гүл тереді.

Е) Тамақ ішеді.

8. Ауыспалы осы шақтағы сөз тіркесін табыңыз.

A) Ән салмақ.

B) Ұзақ қарап отырды.

C) Ашық айтамын.

D) Жақсы түсіндіңіз бе?

E) Біз тыңдадық.

9. Читатель сөзінің аудармасын табыңыз.

A) оқытушы

B) оқу

C) оқырман

D) оқушы

E) жабдықтау

10. Қалау райды табыңыз.

А) Менікі емес.

В) Бара жатыр.

С) Көргім келеді.

D) Көрдім.

Е) Кездесетін болдық.

11.Синоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Жылдам, тез.

В) Ауру, сау.

С) Дос, қас.

Д) Бас, аяқ .

Е) Жақсы, жаман.

12.Өздік етісті табыңыз.
А) Еден жуылды

В) Досымен сырласты.

С) Сурет ілінді. 

Д) Тастан сарай салғызды.

Е) Асыл киім киінді. 

13. «Арық ...» сөзімен тіркесетін сын есімді табыңыз.

А) Қалам.

В) Аспан.

С) Ағаш.

D) Қой.

Е) Дәптер

14. Сөйлемді аяқтаңыз. Табиғатты ... !

А) Қайтар.

В) Қорға.

С) Өткіз.

D) Апат.

Е) Күрес.

15.Жинақтың сан есімді табыңыз.

А) Төрттен бір.

В) Бір.

С) Жетеу.

Д) Үшінші.

Е) Сегіз.

16.Бірыңғай бітеу буынды сөзді табыңыз.

А) Қасқыр.

В) Құмырсқа.

С) Қарға.

Д) Қарағай.

Е) Қаршыға

17. Мемлекеттік тудағы көк түс ненің белгісі екенін белгілеңіз.

А) Қуаныштың, бейбітшіліктің.

В) Адалдықтың, тазалықтың.

С) Жамандықтың, бейбітшіліктің.

D) Қуаныштың, жеңістің.

Е) Еркіндіктің, бақыттың.

18. Мемлекеттік рәміздер қабылданған жылды белгілеңіз.

А) 1996

В) 1993

С) 1995

D) 1992

Е) 1998

19. Ғарышқа екінші боп ұшқан қазақ ғарышкерін табыңыз.

A) Т. Әубәкіров

B) Д. Оңалбеков

C) Д. Жолжақсынов

D) Т. Мұсабаев

E) М. Әлібеков

20.Үндестік заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.

А) Іскер

В) Қайраткер

С) Қолғанат

Д) Қуанышты

Е) Саяхат






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.12.2024
334
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі