Олимпиадаға
дайындық
1-есеп.Жұлдызшаның орындарындағы
цифрларды табыңдар:
*6*
+ *7
**24
2-есеп.Арифметикалық ребусты
шешіңдер:
**03
- *8*
*6
3-есеп. Арифметикалық ребусты
шешіңдер:
3*
**
26*
+ **
**26
4-есеп. 4 «Б» сыныпта 25 бала оқиды.
Сынып бойынша неше тәсілмен екі тағайындауға
болады?
5-есеп. Бала мен қыз қатар отыр. « Мен
ер баламын ». – дейді қара шашты бала. « Мен қыз баламын », - дейді
жирен шашты бала. Егер кемінде екеуінің біреуі жалған сөйлеген
болса, онда ер балның шашы қандай түсті және қыз баланың шашы
қандай түсті болған?
6-есеп. Үш сыныптың оқушылары туристік
жарысқа қатысты. Сыныптардың біреуі 1- орын алды, екіншісі 2- орын
алды, ал үшіншісі 3-орын алды. Жарыс басталар алдында жанкүйерлер
мынадай болжам жасады:
1) 4 «А» сынып 1- орын
алады;
2) 4 «В» сынып 1- орын
алмайды;
3) 4 «Б» сынып соңғы орын
болмайды.
Бұл жағдайлардың біреуі –
дұрыс, ал қалған екеуі қате. Әрбір төртінші сынып жарыста қандай
орындар алды ?
7-есеп. Мәтіндік есептерді шығарғанда
оқушылар мынадай өрнектердің мағынасын дұрыс түсіне білу
қажет:
«Сыныптағы оқушылар 30-дан
артық емес» - сыныптағы оқушылар 30 немесе 30- дан кем дегенді
білдіреді.
«Кемінде екі оқушы өздерінің
туылған күндерін бір күнде атап өтеді» -екі оқушыдан аз емес (екі
немесе екі оөушыдан көп) оқушылар өздерінің туылған күндерін бір
күнде атап өтеді дегенді білдіреді.
Есепті шешіп болған соң
табылған шешімнің есептің шартын қанағаттандыратынын тексерген
пайдалы.
7-есеп. Айгүл, Сәуле және Раушан
мерекегк 12 бәліш сатып алуға келісті. Сәуле бірдец бағамен 5 бәліш
сатып алды, Раушан сол бағамен 7 бәліш сатып алды, ал Айгүл өзінің
үлесі үшін 24 теңге берді. Егер бұл қыздар бірдей бәліш жеген
болса, онда бұл ақшаны Сәуле мен Раушан қалай бөлісіп алулары
қажет?
8-есеп. Бір бай кісі өзінің екі үйін
үш ұлына мұра етіп қалдырды. Балалары мұраны теңдей етіп бөліп
алғысы келді. Әрбір үлкен екі ағасына бір үйден тиді, ал кішкентай
інісіне әрбәр ағасы 500 динардан ақша берді. Бір үй қанша динар
тұрады?
9-есеп. Қорада жайылып жүрген қаздар
мен ешкілердің бастарының 8-ге, ал аяқтарының саны 26- ға тең.
Қорада неше қаз және қанша ешкі жайлып
жүр?
10-
есеп. Қорапта 80 фломастер жатыр:
қызыл және жасыл. Қорапқа қарамай алғанда кемінде бір түстен 10
фломастер шығуы үшін қанша фломастер алу
қажет?
11-есеп. Кәрзеңкеде шамалары бірдей
түрлі түсті шарлар жатыр: 7 қызыл, 5көк, 3 жасыл және 10 ақ.
Кәрзеңкеге қарамай бір түстен кемінде 3 шар шығу үшін қанша алу
қажет?
13-есеп. Жәшікте 20 пар (жұп) қызыл
қолғап және 10 пар ақ қолғаптар жеке жатыр, яғни оң қолға киетін
қолғаптар мен сол қолға киетін қолғаптар араласып
жатыр.
Жәшікке қарамай одан 30 немесе
30-дан аз қолғап алатын болсақ, онда олардың ішінде 20 немесе
20-дан аз бір қолға киетін қызыл қолғаптар және 10 немесе 10-нан аз
бір қолға киетін ақ қолғаптар шығады, яғни 30 немесе 30-дан аз
қолғаптар ішінде бір түстен бір пар қолғап шықпай қалуы
мүмкін.
Жәшікке қарамай 31 қолғап
аламыз. Сонда олардың ішінде бір түсті бір пар қолғап бар болады.
Себебі бір қолға киетін қолғап 20 өызыл және 10 ақ қолғаптардан
артық болмайды.
14-есеп. Үш қалың дәптер, бір өарындаш
және екі блокнот 220 теңге тұрады. Бір қалың дәптер, 3 қарындаш
және 2 блокнот 380 теңге тұрады. Бір өалың дәптер, бір қарындаш
және бір блокноттан құралған комплект
тұрады?
15-есеп. Төрт мысық пен оның үш
баласының салмағы 15 кг, ал үш мысық пен оның төрт баласының
салмағы 13 кг тартады. Жеке алғанда әрбір мысық пен оның баласы
қанша салмақ тартады?
16-есеп. Кітаптың біраз беті түсіп
қалған. Түсіп қалған бетінің бірінші нөмірі 143, ал кітаптың соңғы
беті осы цифрлар арқылы жазылған. Кітаптың неше беті түсіп
қалған?
17-есеп. Кітаптың беттерін нөмірлеу
үшін 688 цифр қажет болған. Кітапта неше бет бар? Кітаптың бетін
нөмірлеу үшінші беттен басталады.
18-есеп. Пәтердің есіктеріне жеке
метплл цифрлар жабыстырылған. Жаңа үйдегі пәтерді нөмірлеу үшін
осындай барлығы қанша цифр қажет?
19-есеп. Айман, Асан, Шолпан және Досан
олимпиадаға қатысты. Досан барлығынан көп 8 есеп шығарды. Айман
барлығынан аз 5 есеп шығарды. Олимпиаданың әрбір есебін төрт
оқушының үшеуі шығарды. Олимпиадада неше есеп болған
еді?
20-есеп. Мектепте 400 оқушы оқиды. Осы
мектептің кемінде екі оқушы өздерінің туылған күндерін жылдың бір
күнінде атап өтуі мүмкін бе?
21-есеп. Мектептің 30 сыныбында 880
оқушы оқиды. Осы мектепте 30 оқушыдан кем емес сынып бар
ма?
22-есеп. Бал құйылған банканың салмағы
500г. Ал керосин құйылған сол банканың салмағы 350г. Керосин балдан
2 есе жеңіл. Бос банканың салмағы қандай?
23-есеп. Мектеп викторинасында 20 есеп
ұсынылды. Оған қатысушыларға дұрыс жауап берген әрбір сұрағына 10
ұпай жазылып, ал қате жауап берген сұрақтарына 8 ұпай сызылып
тасталды. Викторинада 30 ұпай жинаған қатысушы неше сұраққа жауап
берген?
24-есеп. Аулада Асан мен Үсен асық
ойнап жүр. Асан Үсенге былай деді: «Егер сен маған бір асық берсең,
онда менің асықтарым сенікіне қарағанда 2 есе көп болады». Ал Үсен
оған былай деп жауап берді «Жоқ. Сен одан да маған бір асық бер,
екеуіміздің асықтарымыз тең болсын». Бұлардың әрқайсысында неше
асық бар?