400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

олимпиада жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
олимпиада жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

2 ЖББ ОМ

директоры

Ж.Д.Әбденова __________



ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН КҮНТІЗБЕЛІК ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫ

Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Паскаль тілінің элементтері

2

Сейсенбі 15.00

Сенбі 15.00


2

Тілдің алфавиті

1

Сенбі 15.00


3

Тілдің қарапайым объектілері

1

Сенбі 15.00


4

Мәлімет типтері

1

Сенбі 15.00


5

Программа құрылымы

1

Сенбі 15.00


6

Операторлар бөлімі

1

Сенбі 15.00


7

Паскаль тілінің операторлары

2

Сейсенбі 15.00

Сенбі 15.00


8

Паскаль тілінің басқару операторы

2

Бейсенбі 15.00

Сенбі 15.00


9

Таңдау операторы

1

Сенбі 15.00


10

Қайталау операторлары

1

Сенбі 15.00


11

Символдық мәліметтерді енгізу

1

Сенбі 15.00


12

Паскаль тіліндегі жиымдар

2

Сейсенбі 15.00

Сенбі 15.00


13

Көпөлшемді жиымдар

1

Сенбі 15.00


14

Қарапайым логикалық есептерді Паскаль тілінде шешу

2

Сейсенбі 15.00

Сенбі 15.00


15

Олимпиадалық есептер жинағынан есептер шығару

2

Сейсенбі 15.00

Сенбі 15.00






Пән мұғалімі: А.К.Базарова

Тақырыбы: Паскаль – программалау тілі. Оның негізгі элементтері мен тілінің алфавиті.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:1. Паскаль программалау тілі туралы түсіндіріп, оның элементтері мен алфавитімен таныстыру.
2. Программалау тілдерін үйрену, оны компьютерде қолдана білуде, өзіндік жұмыстарды орындауға үйрету.
Дамытушылық: 1. Өз ойын жеткізе білу және алғырлық қабілетін дамыту, пән бойынша білік - дағдыларын қалыптастыру.
2. Ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін, талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту
Тәрбиелілік: 1. Компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу, өзін - өзі ұстай білуге тәрбиелеу.
2. Сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Оқушыларды адамгершілікке, эстетикаға, еңбекке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Көрнекіліктер: оқу құралдары, компьютер.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
2. Оқушылардың қызығушылықтарын ояту
3. Сабақ тақырыбы мен мақсатын баяндау

ІІ. Жаңа сабақ. Паскаль программалау тiлiнiң алғашқы нұсқасын 1968 жылы Стэнфорд университетiнiң информатика кафедрасының профессоры Никлаус Вирт жасады.
Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады (машина тіліне аударылады), объекттік программаға түрлендіріледі де, содан кейін ғана орындалады. Осы сәтте компьютерде программаның екі нұсқасы болады, оның біріншісі – алгоритмдік тілдегі алғашқы түпнұсқасы, ал екіншісі – объекттік кодтағы жазылған программа. Есеп нәтижесін машиналық кодта жазылған программа арқылы аламыз, ал программаны түзету қажет болғанда, оның алгоритмдік тілде жазылған алғашқы түпнұсқасы өңделеді.
Паскаль тілінің негізгі элементтері. Паскаль тіліндегі программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі. Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады. Одан кейін программаның ішкі объектілерінің сипатталу бөлімі жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі. Сипаттау бөлімі бірнеше бөліктерден тұрады, бірақ программаның күрделілігіне байланысты көбінесе екі ғана бөліктен тұруы мүмкін.
Программаның соңғы және негізгі бөлімі – операторлар бөлімі болып табылады. Орындалатын іс әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, барлық атқарылатын операторлар тізбегі жеке - жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен аяқталады. Оны мына түрде кескіндеуге болады.

Program BASTAU:
Сипаттау бөлімі
begin
Операторлар бөлімі
end
Программалардың көпшілігі белгілі бір есепті шешу үшін жазылады. Ал есептің шешіміне ақпараттар мен деректерді өңдеу арқылы жетуге болады. Сондықтан программалаушы ретінде сізге қалай
• ақпараттарды программаға кіргізу – енгізу;
• ақпаратты сақтау – деректер;
• деректерді өңдеудің дұрыс командалар беру – операциялар;
• программадан деректерді алу (орындалулардың нәтижелері) – шығару
керек екенін білу қажет.
Сіз өзіңіздің командаларыңызды жазып, төмендегідей реттей аласыз:
• олардың кейбіреулері белгілі бір шарт немесе шарттар орындалған кезде ғана орындалатындай шартты орындалуы;
• басқалары белгілі бір рет орындалатындай – циклдер;
• тағы басқалары жеке топтарға жинақталып программаның бірнеше жерінде орындалатындай – қосалқы программалар.
Сонымен программалаудың негізгі түсініктері бар:
1. Дерек енгізу – бұл деректерді пернетақтадан, дискіден немесе енгізу - шығару порттарынан енгізу арқылы жүзеге асырылады.
2. Деректер – бұл тұрақтылар, айнымалылар, массивтер, жазбалар, жиындар, мәтіндер (символдар және жолдар), файлдар;
3. Операциялар немесе амалдар - мәндерді меншіктеуді, өрнектерді есептеуді (қосу, бөлу және т. с. с.), мәндерді салыстыруды (тендік, үлкен, кіші және т. с. с.) қамтамасыз етеді;
4. Шығару (нәтиже алу) – бұл ақпараттарды дербес компьютердің мониторындағы экранға шығару немесе енгізу - шығару порттарына жазу;
5. Шартты орындау – бұл бір немесе бірнеше командалардың белгілі бір шарт орындалғанда орындалуы. Егер шарт орындалмаса, онда бұл командалар өткізіліп жіберіледі немесе командалардың басқа жиыны орындалады.
6. Циклдер – мұнда командалардың жиыны қандай да бір шарт ақиқат болып тұрған кезде немесе шарт ақиқат болмайынша қайталанып орындалады.
7. Қосалқы (көмекші) программалар – программалардың кез келген жерінде аты арқылы шақырып орындауға болатын инструкциялардың белгілі атпен біріктірілген жиыны.
8. Түсініктеме – программа жолдары соңында немесе оның түйінді сөздері арасында қазақша (орысша) түсінік беретін пішінді жақшаға алынып жазылған сөз тіркестері.
Тілдің алфавиті. Тіл ерекшеліктеріне қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі топтарға жіктеуге болады:
• атаулар (идентификатор);
• цифрлар;
• айыру белгілері;
• арнайы символдар.
Атау символдары ретінде латын алфавитінің 26 әрпі мен цифрлары қолданылады.
а) Әріп ретінде латын алфавитінің бас әріптері мен кіші әріптері және астын сызу (_ ) қолданылады.
в) Ондық цифрлар, он алтылық цифрлар қолданылады.
с) Арифметикалық амал белгілері(+, -, /, *, DIV, MOD т. б.) және логикалық амал белгілері қолданылады.
d) Айыру белгілері қолданылады (бос орын, барлық басқару символдары, тыныс белгілері және т. б.).
Белгі Қолданылуы
1 2
{} Программаға түсініктеме беруде
(**) Программаға түсініктеме беруде
п Массив өлшемін белгілеуде
(..) Массив индексін, жолдың өлшемін белгілеуде
апостроф Символдар мен жолдық тұрақтыларды
белгілеуде
: = Айнымалы мәнін меншіктеуде
; Программаның жолдарын, операторларды, хабарламаларды айқындауда
: Айнымалылар типтерін айқындауда, (белгі мен оператордың арасына)
= Тұрақтымен оның мәнінің арасын бөлуде
, Тізім элементтерінің арасын айыруда
.. Диапазон типін беруде
. Программа соңында
^ Көрсеткіш типін анықтауда
@ Айнымалылар адресін, қосалқы программаны белгілеуде
# Символды оның коды бойынша белгілеуде
$ Компилятор мәліметін белгілеуде
е) Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері (тең, тең емес, кіші, үлкен т. б.) қолданылады.
Қызметші сөздер
Веgin басы -----Not терістеу
Саse нұсқа -----Object объект
Соnst тұрақты ------ inherited мұралау
Соnstructor конструктор ----Оr немесе
Destructor деструктор ------Раcked жинақталған
Div бүтін бөлу ------Procedure процедура
Do орындау ------Рrogram программа
Downto кеміту -----Record жазба
Еlse әйтпесе -----Repeat қайталау
Еnd соңы -------Set жиын
Exports экспорт -----String жол
External сыртқы -----Then онда
File файл -----То дейін
Ғоr үшін ------Туре тип
Function функция ------Unit модуль
Ғorward алдындағы ----Until соған дейін
Go to көшу -------Uses пайдалану
ІҒ егер ----------Var айнымалы
Іn қүрамында -------While әзір
Іnline негізгі ------With - дан,- ден,- тан,- тен
Interface интерфейс ------Хог алып тасталынған
Interrupt үзу
Арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалылар, атаулар, функциялар, жиымдар т. б. мағынасы бар сөздер тізбегі - өрнек деп аталады.
Программалау тілінің белгілі бір іс - әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлемі – оператор деп аталады.
Тіл объектілерін, яғни программада пайдаланылатын мәліметтердің құрылымы мен ұйымдастырылуын алдын-ала анықтайтын сөйлемдер жиыны – программаның сипаттамасы болып табылады.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Паскаль тілі қашан ұсынылды және кім ұсынды?
2. Паскаль тіліндегі программа неше бөліктен тұрады, қандай?
3. Операторлар бөлімінде орындалатын негізгі әрекеттер?
4. Тіл ерекшеліктеріне қарай символдар тобын қалай жіктеуге болады?
5. Пунктуация белгілерінің атқаратын қызметтері қандай?
6. Паскаль тілінің қандай қызметші сөздерін білесің?
7. Өрнек дегеніміз не?
8. Оператор дегеніміз не?
9. Программаның сипаттамасы дегенді қалай түсінесіз?

V. Сабақты қорытындылау.
• Тақырыпты қысқаша қорытындылау










Сабақтың тақырыбы: Паскаль – программалау тілі. Тілдің алфавиті.


Мақсаты: Паскаль программалау тілінің алфавитімен таныстыру және алгоритмді программалау тілінде жазу ережелерін түсіндіру.

Жасанды тілдің қалай құрылатынын сезіну.

Тәртіптілік пен жинақылық дағдыларының қалыптасуына әсер ету.


Көрнекілігі: Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мультимед.жабдықтар, компьютер, Паскаль-программа.


Өтілу әдісі: Мультитехникамен жабдықталған дәстүрлі сабақ.


Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:


1. Ұйымдастыру

3. Жаңа сабақты түсіндіру

4. Сабақты бекіту

5. Үйге тапсырма


Жаңа сабақ.

Паскаль тілі - ПС. Алгоритмнің бәрі формулалармен ғана емес сөздерменде жазылады. Ол сөздерді компьютер қалай түсінеді? Компьютер деген машина болса, ол командаларды қалай орындайды?

Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны машинаға түсінікті тілде жазамыз. Ондай тілдер өте көп. Солардың кең тараған бір түрі Паскаль. Одан басқа АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК, ДЕЛФИ... т.с.с болып кете береді. Паскаль тілін 1968-1970 жылдары швейцариялық ғалым Никалус Врит оқып-үйренуге қолайлы тіл ретінде ұсыған.

Паскал тілінде программа үш бөліктен тұрады:

2. сипаттау бөлімі

3. операторлар бөлімі

Түйінді сөз – мағанасы алдын ала анықталған, Паскаль тілінің құрамына кіретін ағылшын сөзі.

Мыс: program, var, begin, while…

Идентификатор – айнымалыларды белгілеу үшін және программалау үрдісінде қолданылатын арнайы таңбалар мен белгілер көбінесе латын әріптері және цифрлар).

Мыс:

x=9, y01:=0.1, y02:=0.5, mektep:=’Уалиханов’

мұндағы: x, y01, y02, mektep шамалары идентификатор болып табылады.

2. Тілдің алфавиті.

Паскаль – тіл деп аталған соң оның кәдімгі тілдегідей өз алфавиті бар.

Барлық латын әріптері – A … z;

Сандар: 0...9, 2-лік, 16-лық; (16-лық санды шатастырмау үшін оның идентификаторына $ белгісі тіркеліп жазылады, $1F);

Арифметикалық амалдар: +, -, *, /

Бұларды біз математикадан білеміз. Паскалда бұлардан басқа мынадай да амалдар қолданылады:

div — бүтін бөлу (бүтін санды бүтін санға бөлгендегі бөлiндінің бүтін бөлігін табу), мысалы, 10 div 3 = 3.

10 div 3 = 3

mod — қалдықты табу (бүтін сандарды бөлген кездегі бүтін қалдықты табу), мысалы, 10mod 3 — нәтижесі 1.

Логикалық амал белгілері:

and— және (логикалық көбейту) операциясы;

or — немесе (логикалык косу) операциясы;

x and y > 0

not — емес (терістеу немесе жоққа шығару) операциясы;

true – ақиқат

false - жалған

div – бүтін бөлу. Мыс: 10 div 3 =3 қалдығы еленбейді.

mod – қалдықты табу. Мыс: 10 mod 3 =1 бүтін бөлігі еленбейді.

And – және (логикалық көбейту);

or - немесе (логикалық қосу);

not – емес (терістеу).

‘ (апостроп) – символдық немесе жолдық шамаларды қоршау (тырнақшаға алу) белгісі

:= - меншіктеу белгісі

; - операторлар арасын бөлектеу үшін қолданылады.

Бұдан басқа да көптеген таңбалар бар. Оларды болашақ сабақтарымызда қажеттігіне қарай біртіндеп анықтап отырамыз.

Қатыс таңбалары : >, <, >=, <=


Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - оқушылардың үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс құндылығы байланысы


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

1.

2.




































Сабақтың тақырыбы:  Паскаль программасының құрылымы.


Мақсаты: оқушыларды Паскаль тілінің құрылымымен және оның орындалу ретімен таныстыру, программа бөліктерінде міндетті түрде қолданылатын түйінді сөздердің дұрыс жазылуын, орналасу ретін қатаң сақтауды үйрету.

Жауапкершілікті сезіну.


І. Сабақтың барысы: Жаңа сабақ


Программалау тілінде мына ұғымдар жиі қолданылады:

Өрнек

Арифметикалық немесе логикалықамалдар таңбасымен біріктірілген айнымалылар, атаулар, функциялар, жиымдар т.б мағанасы бар сөздер тізбегі өрнек деп аталады.

Өрнек жазуда кеткен қателікті компьютер анықтай алмауы мүмкін.

Оператор

Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тұрақты мағанасы бар сөйлемін оператор дейді.

Операторды жазғанда қате кетсе компьютер бірден анқытайды.

Тіл синтаксисі

Программа жазу барысында сақталуға тиісті тілдің ережелерін программалау тілініңсинтаксисі дейді.

Синтаксистік қатені де компьютер бірден анқытайды.

Тілдің семантикасы

Программа жазудың мағаналық ережелерін тілдің семантикасы дейді.

Семантикалық қателерді компьютер анықтай алмауы мүмкін.


Паскаль тілінде программа жеке жолдардан тұрады. Жол бойында бірнеше оператор жазылса, олардың арасы «;» -мен ажыратылады. Бір жолдағы таңбалар саны пробелді қосқанда 256-дан аспауы тиіс.

Паскаль программасының құрылымы.


program программа аты жазылады;

2. сипаттау бөлімі

Var типтері көрсетілген айнымалылар;


begin

3. операторлар бөлімі


Операторлар;


end.

var қызметші сөзі Паскалда жиі қолданылады, осы сөзден кейін программада қолданылатын барлық айнымалылар типтері көрсетіліп арасы үтірмен бөлініп, тізіліп жазылады. Бұл айнымалылар мәліметтер мен нәтижелерден және аралық шамалардын тұрады.

Мәліметтер – программа орындалуы үшін керекті айнымалылар.

Мәліметтер Паскаль тілінде READ операторының көмегімен компьютерге енгізіледі. Программа ішінен бұл операторды кездесітіріп, компьютер, «?» белгісін экранға шығарып сан (мәлімет) енгізуід күтеді.

Былай жазылады: read(x,y,z); клавиатурадан арасы пробелмен бөлінген үш сан теріп клавшін басамыз.

Readln(x) - сұрақ белгісі жаңа жолға шығып тұрады.


Нәтижелер – программа орындалып болған соң мәні анықталатын айнымалылар. Нәтижені экранға шығрау үшін Паскалда WRITE операторы қолданылады. Мыс: werite(‘natyje= ‘;x). ‘апостроф белгісінің арасындағылар экранға сол күйінде өзгеріссіз шығады да, х-тың орнына оны мәні шығады.

writeln(‘s= ‘,s) нәтиже жаңа жолға шығады.

Аралық шама – мәліметке де нәтижеге де жатпайтын, программа орындау барысында қажет болатын программалаушы енгізген айнымалылар.

Қосалқы программа – алдын ала ат қойылған программа. Ол негізгі программаның кез-келген бөлігінде атын көрсету арқылы шақырылып атқарыла береді.


ІІ.Сабақты бекіту:


Осы алған біліміміз негізінде шағын, сызықтық программа жаза аламыз.

ЕСЕП: Клавиатурадан екі бүтін сан сұрайтын және экранға олардың көбейтіндісін басып шығаратын программа жазыңыз.

Программаны есеп шығару кезеңдерін ескере отырып жазайық. Есептік математикалық моделін құрамыз:

Паскаль программа

1. Не белгілі? Екі бүтін сан, х, у – бүтін;

2. Не істеу керек?

Екі сан тенгізу; олардың көбейтіндісін

z:=х*у; аралық шама z-ке меншіктеу.

Нәтижені экранға шығару;

Соңы.

program esep01;

var x,y,z:integer;

begin

z:=x*y;

write(‘көбейтінді = ‘,z);

end.

Дайын нұсқасын компьютерде орындап көрсетеміз.


ІІІ. Сынып жұмысы

Жоғарыдағы программаны ары қарай дамытайық:

тапсырма: №1 Енігізілген екі санның көбейтіндісімен қатар қосындысын да шығаратындай етіп,

2 Енігізілген екі санның көбейтіндісімен қатар айрымасын да шығаратындай етіп,

3 Енігізілген екі санның көбейтіндісімен қатар бөліндісін де шығаратындай етіп программаға өзгеріс енгізіңіз. Мүмкін болса компьютерде орындаңыз.
































Сабақтың тақырыбы: Мәлімет типтері


Сабақтың мақсаты:
1. Дамытушылық: Оқушының пәнге деген сүйіспеншілігін ояту, оларды компьютерді тиімді пайдалана білуге меңгерту;
2. Білімділік: Оқушыларды мәлімет типімен және стандартты типтермен таныстыру, айнымалыларды сипаттау жолдарын үйрету.
3. Тәрбиелік: Оқушыны тиянақтылыққа, үлкенді сыйлай білуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес;
Сабақтың типі: Жаңа білімді беру, игерту;
Пайдаланылатын педагогикалық
Технологиялар, әдіс – тәсілдер: 1. Ақпараттық технологиялар;
2. СТО – технологиясы;
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Қызығушылығын ояту.
1. Кестені толтырыңдар.
Белгілер Атқаратын қызметі
{және }немесе
(*және*)
‘ Апостроф
:= меншіктеу
; нүктелі үтір
: қос нүкте
= теңдік
, үтір
.. екі нүкте
. нүкте
@
# нөмір белгісі
$ ақша белгісі
Қарама – қарсы сөздерді теңестір.
Бүтін сандар Real
Нақты сандар Integer
Идентификатор өзгертуге болмайтын сөздер
Қызметші сөздер мәндері өзгеріссіз қалатын шамалар
Айнымалылар программалаушының өзі беретін сөздер
Тұрақтылар әртүрлі мәндерді қабылдайтын шамалар
Тақырып жолы Program
Операторлық жақшаны ашылуы Var
Айнымалылар бөлімі End
Операторлық жақшаның жабылуы. Begin
ІІІ. Мағынаны тану.
Мәліметтердің немесе шамалардың типі деп, олардың қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиынын анықтауды айтады, яғни тип дегеніміз – шамалардың қабылдайтын мәндеріне берілетін сипаттама.
Паскаль тілінде шамалардың типін көрсету міндетті. Сипаттау бөлімінде олардың типін көрсетіп кетеміз.
Типтер
Қарапайым
Күрделі
Бүтін сан нақты сан жиымдар файлдар
Символдық логикалық жазбалар жиындар
Типтерді сипаттау диаграммасы
Типтерді анықтау диаграммасы
ІҮ. Ой толғаныс
А) Сызбамен жұмыс


Сабақтың тақырыбы:    Паскаль тілінің  қарапайым операторлары.

Сабақтың  мақсаты:  

            Білімділігі:    Оқушыларға Паскаль программалау тілінің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, стандартты функциялар, өрнектер және олардың жазылуы туралы толық мағлұмат беру.

Дамытушылығы:  Оқушыларды стандартты функцияларды пайдаланып берілген өрнектерді программалау тілінде жаза білуге дағдыландыру;

Тәрбиелік:  Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке патриоттыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:    практикалық сабақ

Сабақтың барысы:   

Ұйымдастыру

Өткен материалды қайталау

Жаңа сабақты түсіндіру

  1. Сабақты бекіту

  2. Үйге тапсырма

Компьтермен жұмыс

Жаңа сабақты түсіндіру

               Паскаль тілінің программасы блоктардан құрылады. Қандай да бір блок ішінде кішігірім блоктар орналасуы мүмкін. Блоктар екі бөлімнен тұрады, олардың алғшқысы мәліметтерді сипаттау бөлімі, ал екіншісі – сол мәліметтерді пайдаланып, әр түрлі әрекеттерді (операцияларды, амалдарды) атқару бөлімі.

              Міндеттерді сипаттау бөлімінің болуы міндетті емес, ал екінші негізгі бөлімі болуы міндетті. Басқа блокқа кірмейтін блок негізгі (глобальді) блок болып саналады блок ішіндегі блок – жергілікті (локальді) блок деп аталады.








Программа тақырыбы



блок

















 

Программа құрылымның диаграммасы

             Паскаль тілінде кез келген программаның тақырыбы, одан кейін ипаттау бөлімі және begin және end сөздерімен қоршалған операторлар бөлімі болуы керек. Сипаттау бөлімі толық жағдайда, 7 бөліктен тұрады, олар:

программамен байланысатын кітапханалық модульдер атауларының тізімі (ол түйінді сөзімен басталады);

белгілерді (label) сипаттау:

тұрақтыларды (const) сипаттау;

мәліметтер типтерін (type) анықтау;

айнымалыларды (var) сипаттау;

процедураларды (procedure) сипаттау;

функцияларды (function) сипаттау;

                 Белгілерді сипаттау. Белгі программаның бір жолын, яғни бір операторын ерекшелеп белгілеу үшін қолданылады. Бұл белгі арқылы қажетті жағдайда программаның кез келген жолынан осы белгісі бар операторға көшіп, оны қайталап кезексіз орындауға болады.

                Тұрақтыларды сипаттау. Программадағы тұрақтылар өз мінін (мысалы, 5, 14, 13.5 т.б.) немесе оған қойылған атау арқылы белгілеуі мүмкін.

                Пішімі: const атау 1=мәні; атау 2 =мәні;...., атау n =мәні;

                Мысалыconst рі =3.14; е =2.7; a = `bol`; max = 1000;

                Айнымалыларды сипаттауПрограммада пайдаланатын айнымлы шамалардың атаулар тізімі және олардың топтастырылып көрсетілген типтері төмендегі пішімде сипаттау бөлігінде көрсетілуі қажет.

                 Пішімі: var   айнымалы атауларының

                                       тізімі:                         тип:

                Мысалы:  var af, m, n:                      integer;

                                    h, sg:                               real;

                                    d, ch:                             char;

                                    kd, b:                            boolean;

Операторлар бөлімі

                Программаға енетін айнымалылар мен тұрақтыларды, сандарды пайдаланып түрлі әрекеттер (нұсқау, жарлық) орындай алатын сөйлемдерді Паскаль тілінде операторлар, ал алгоритмдік тілде командалар деп атайды. Операторлар қарапайым және күрделі (құрама командалар) деп екі топқа бөлінедіВegin және end түйінді сөздері операторлық жақшалар деп аталадыОператор дегеніміз – алгоритмді жүзеге асыру барысында орындалатын іс-әрекеттерді анықтайтын тілдің қарапайым сөйлемі. Олар жазылу ретіне біртіндеп бірінен кейін бірі тізбектей орвндалады.

Операторлардың жалпы жазылу түрі:

 Вegin

1-оператор;

2-оператор;

....................;

n-1- оператор;

n-оператор

end.

          Паскаль тіліндегі операторлар қарапайым және құрама (күрдлі құрылымды) болып екіге бөлінеді.

          Қарапайым операторлар деп құрамына басқа операторлар енбейтін (меншікте шартсыз көшу, процедура шақыру) операторларды айтады.

          Құрама операторлар біренше операторлардан құралады, оларға: Шартты операторларды таңдау операторы, қайталау операторлары жатады.




Операторлар


  

Операторлардың жіктелуі

 

Паскаль тілінің қарапайым операторлары

              Меншіктеу операторы. Меншіктеу операторы барлық тілде пайдаланатын негізгі оператор болып табылады. Математикадағы қарапайым теңдеу тәрізді айнымалылар сандық мән беру бұл жағдайда меншіктеу операторы деп аталады.  

               Меншіктеу операторы жазылан өрнектердің мәнін есептеп, оны айнымалы меншіктеу үшін қолданады. Өрнек мәнінің типі айнымалының типіне міндетті түрі сәйкес келуі тиіс. Оператордың жазылу ережесі: <айнымалы атауы>: = <өрнек>;

Мұндағы <айнымалы атауы> - айнымалы идентификаторы, : = - меншіктеу белгісі, <өрнек> арифметикалық өрнек немесе сан.

                 Бұл оператор екі міндет атқарады:

Айнымалылардың белгілі мәндері бойынша арифметикалық өрнектін сандар

                     мәнін есептейді.

Табылған мән айнымалы атауына меншіктеледі, яғни анықталған мән санды

                     Айнымалыға сәйкес компьютер жады ұяшығыа орналасады.

                  Көшу операторы. Көу немесе шартсызкөшу операторы операторлардың рет-ретімен орналасуын бұзып, келесі атқарылуды, яғни белгісі бар операторға көшуді орындайды. Бұл оператор GOTO (көшу) түйінді сөзінен басталады да, одан кейін LABEL бөліміне сипатталған белгі атауы жазылады. Көшу операторының форматы:

                  GOTO <белгі >;

                  мұндағы <белгі > - LABEL бөлімінде сипатталған белгінің біреуі.

                  Мәліметтерді енгізу операторы READ (ағылшынша оқу). Оператордың жалпы

                  түрі.

                  READ(al, a2,…,an);

                  READLN(al, a2,……,an);

                  READLN;

 Шығару операторы. Паскаль тілінде нәтижені экранға шығару үшін WRITE

                  операторы қолданылады.

                  WRITE (al, a2,…,an);

                  WRITELN(al, a2,……,an)

  1-мысал.  Екі  санның қосындасын табу программасын құру керек.

                  Program kosindi;

                  Var a, b, x  integer;

                  Begin

                  Write (‘a, b-сандарын енгіз');

                   Readln(a, b);

                   X:=a+b;

                   Writeln(‘x =’,x);

                  End.

 2-мысал. Екі санның бөліндісін табу программасын құру керек.

                  Program bolindi;

                  Var a, b, x:real;

                  Begin

                  Write (‘a, b-сандарын енгіз');

                   Readln(a, b);

                   X:=a/b;

                   Writeln(‘x=’,x);

                   End.

 

Компьютермен жұмыс

 

                Тақтаға жазылған 1-2 мысалды және кітаптың 70-72 беттеріндегі программасы құрылған дайын мысалдарды компьютерде Паскаль программасында теріп, тексеріп, нәтижесін көру.

 

Сабақты бекіту сұрақтары

 

Оператор дегеніміз не, олар қандай топтарға жіктеледі?

Меншіктеу операторы қандай қызмет атқарады?

Көшу операторы не үшін қажет?

Меншіктеу операторының форматы.

Енгізу және шығару операторларының атқаратын негізгі міндеттері қандай?

Енгізу операторының жалпы форматы қандай?

Шығару операторының жалпы форматы қандай?



























Олимпиада есептерін шығару жолдары



А есебі.

N саннан тұратын А сандар тізбегі берілген. Осы сандар тізбегін кері ретімен шығару керек.

Мəліметтерді енгізу форматы

Енгізу файлының бірінші жолында N (1

сандардың саны. Екінші жолда кемістікпен (пробел) бөлінген N сан берілген - A тізбегінің

сандары. Əрбір санның абсолют мəні 100 000-нан аспайды.

Мəліметтерді шығару форматы

Бір жолда N санды кемістік (пробел) арқылы бөліп шығарыңыз - A тізбегін кері ретімен шығарыңыз.

Есептің шешімі:

program a;

var n,i:longint;

x:array[1..1000000] of longint;

begin

readln(n);

for i:=1 to n do readln(x[i]);

for i:=n downto 1 do write(x[i],' ');

end.

А есебінің тесті


1 тест

2 тест

3 тест

4 тест

5 тест

Мәліметті енгізу

3

1 1 2

3

0 0 0

4

1 2 3 4

6

1 1 2 2 3 3

7

1 0 2 0 3 0 4

Мәліметті шығару

2 1 1

0 0 0

4 3 2 1

3 3 2 2 1 1

4 0 3 0 2 0 1

түсініктеме










В есебі.

Екі мысық тышқанды құбырға қуып кіргізді. Бірінші мысық координатасы x нүктесінде орналасқан, екінші мысық координатасы y нүктесінде, ал тышқан координатасы z нүктесінде орналасқан. Егер мысықтар бірдей жылдамдықпен қозғалса қайсысы тышқанға бірінші болып жететінін анықтау керек. Егер екеуі бірдей уақытта жетсе екі мысық кім бірінші жеткенін анықтап жатқанда, тышқан қашып кетеді.

Мəліметтерді енгізу форматы

Бір ғана жол берілген жəне бұл жолда x, y, z (1

Сандар бір біріне тең емес.

Мəліметтерді шығару форматы

Егер бірінші мысық бірінші жетсе 1 санын, екінші мысық бірінші жетсе 2 санын, екеуі

бірдей уақытта жетсе 3 санын шығарыңыз.

Есептің шешімі:

program b;

var x,y,z:0..1000;

begin

readln(x,y,z);

x:=abs(z-x);

y:=abs(z-y);

if xy then writeln(2) else writeln(3)

end.


1 тест

2 тест

3 тест

4 тест

5 тест

Мәліметті енгізу

1 3 2

1 1000 400

1 1 1

6 10 9

50 53 51

Мәліметті шығару

3

1

3

2

1

түсініктеме








С есебі.

Сізге a, b жəне n сандары берілген. ax саны n санына бөлгендегі қалдығы b болатын жəне

0

Мəліметтерді енгізу форматы

Бір ғана жолда үш сан берілген - a, b жəне n сандары берілген (0

Мəліметтерді шығару форматы

Бір ғана сан - барлық x сандарының санын табу керек.

Есептің шешімі:

program c;

label 1;

var a,b,n,x,k:0..1000000;

begin

readln(a,b,n);

if n=0 then begin writeln('на 0 делить нельзя'); goto 1 end;

for x:=0 to n-1 do

if a*x mod n = b then k:=k+1;

writeln(k);

1:end.


1 тест

2 тест

3 тест

4 тест

5 тест

Мәліметті енгізу

2 6 5

10 0 10

36 40 44

54 18 45

2 101 103

Мәліметті шығару

0

10

4

9

1

түсініктеме








D есебі.

5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен және ең кіші мәндерін табыңыз.

Мәліметтерді енгізу форматы

Бірінші жолда 5 бүтін сан берілген. Әр санның абсолют мәні 100-ден сапайды.

Мәліметтерді шығару форматы

Ең кіші және ең үлкен қосындының кемістік (пробел) арқылы бөліп шығарыңыз.

Есептің шешімі:

program d;

var i,min,t,max,k,s1,s2:integer;

a:array[1..5] of integer;

begin

for i:=1 to 5 do

read(a[i]);

max:=a[1]; k:=1;

min:=a[1]; t:=1;

for i:=2 to 5 do

begin

if a[i]

if a[i]max then begin max:=a[i]; k:=i; end;

end;

for i:=1 to 5 do

begin

if it then s1:=s1+a[i];

if ik then s2:=s2+a[i];

end;

writeln(s2,' ',s1)

end.


1 тест

2 тест

3 тест

4 тест

5 тест

Мәліметті енгізу

-5 -1 -4 -2 -3

78 45 89 56 12

-1 2 -3 4 -5

4 4 4 4 4

79 -46 13 -93 -41

Мәліметті шығару

-14 -10

191 268

-7 2

16 16

-167 5

түсініктеме








E есебі.

Батырхан 3-ке қалдықсыз бөлінетін сандарды жақсы көрді. Өкінішке орай, өте үлкен сандар үшін жақсы көру керек пе, әлді жоқ па тексере алмайды. Батырхан сіздің көмегіңізді сұрап жатыр, жақсы көру керектігін анықтайтын программа жазып беріңіз!

Мәліметтерді енгізу форматы

Бір ғана сан Х – тексеру керек сан (0X1000).

Мәліметтерді шығару форматы

Егер х саны 3-ке қалдықсыз бөлінсе «», егер бөлінбесе «» сөзін шығарыңыз (тырнақшасыз).

Есептің шешімі:

program e;

var st:string; s,i,a,code:integer;

begin

readln(st); s:=0;

for i:=1 to length(st) do

begin

val(st[i],a,code);

s:=s+a; end;

if s mod 3=0 then writeln('YES') else writeln('NO')

end.


1 тест

2 тест

3 тест

4 тест

5 тест

Мәліметті енгізу

28

12345

21212121212

77777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777

111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111

Мәліметті шығару

NO

YES

NO

NO

YES

түсініктеме



11 таңба

80 таңба

81 таңба



F есебі.

Cізге ұзындығы n болатын А массиві берілген. Сіз осы массивтің элементтерін алып тастай аласыз. Сізге элементтерді алып тастау арқылы массивті өспелі ету қажет. Соңында пайда болған өспелі массивтің ең үлкен бола алатын ұзындығын табу керек.

Мәліметтерді енгізу форматы

Енгізу файлының бірінші жолында N (1

Мәліметтерді шығару форматы

Бір ғана сан – есептің жауабын шығару керек.

Есептің шешімі:

program f;

var i,j,k,n,l,max:longint; a,c:array[1..100000] of longint;

begin

readln(n);

for i:=1 to n do

read(a[i]);

for j:=1 to n do

begin

k:=0;

max:=a[j];

for i:=j to n do

if a[i]max then begin max:=a[i]; k:=k+1; end;

l:=l+1;

c[l]:=k;

end;

max:=c[1];

for i:=1 to l do

if c[i]max then max:=c[i];

writeln(max+1);

readln

end.


1 тест

2 тест

3 тест

4 тест

5 тест

Мәліметті енгізу

9

1 2 3 4 5 6 7 8 10

9

9 8 7 6 5 4 3 2 1

8

1 2 1 3 2 1 2 4

5

3 4 3 9 7

10

2 3 9 6 3 1 2 3 2 4 5

Мәліметті шығару

9

1

4

3

5

түсініктеме

Сызудың қажеті жоқ

1 саны қалады

1 2 1 3 2 1 2 4

3 4 3 9 7

2 3 9 6 3 1 2 3 2 4 5



























Сабақтың тақырыбы: Есептер шешу бойынша практикум

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Паскаль есептерін шығару жолдарын үйрету;

Білімділігі: Типтердің Паскаль тілінде жазылу түрлері туралы ұғымдарын дамыту;

Дамытушылығы: Оқушыларды программалау тілінің командаларымен және құрылыммен таныстыра отырып, логикалық ой-өрістерін дамыту; Қоршаған ортаның ортақ қасиеттері мен жеке қасиеттерін айыра білуге тәрбиелеу.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Білім білікті қалыптастыру сабағы

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

2. Үй тапсырмасын тексеру

3. Есептер шығару



ІІ.Үйге берілген есептерді тексеру

ІІІ. Есептер шығару:


3 КЕ БӨЛІНСЕ САНДАРДЫ ҚОС, 3 КЕ БӨЛІНБЕСЕ АЗАЙТ

program esep;var n,m:integer; x:real;begin write('n='); read(n);

write('m='); read(m);if (n mod 3=0) and (n mod 3=0) then x:=n+m else x:=n-m;

{if a=m/3 then a:=n+m else a:=n-m;}

write('x=',x:6:2); end.


МАКСИМУМДЫ ТАБУ

program esep2;var a,b,c,max:integer;

begin read(a,b,c);if a>b then max:=a else if b>c

then max:=b else if a>c then max:=a else max:=c;

write('max=',max); end.




ПЕРИМЕТР, АУДАН ТАБУ

Program audan; Var a,b,c,p,s: real;

Write (‘a,b.c); Read(a.d,c)/2;

P:=(a+b+c)/2; S:=sqr(p*(p-a)*(p-b)*(p-c));

Write(p,s); End.


РАДИУС ЕСЕПТЕУ

Program Audan;Const r=5.2;

Var L,S:real;begin

L:=2*pi*r;S:=pi*sqr(r);

Writeln (‘Дөңгелек ауданы =’, S:4:2);

Writeln (‘Шеңбер ұзындығы =’, L:5:2)

end.


КУБТЫҢ КӨЛЕМІ

Program Pl1;

Var a,V: integer; a-кубтың қабырғасы, V-көлемі

Begin read(a); қабырғаны енгізу

V:=exp(3*ln(a)); (* куб көлемі V=a^3 *)

Writeln (‘V=’, V); end.


Екі санның үлкенін табыңдар.ШАРТ

Program m1;

Var a,b, max: integer;

Begin Write (‘2 санды енгіз’); read (a,b);

If a>b then max:=a else max:=b;

Writeln (‘Жауап:’, max);end.


Квадрат теңдеудің түбірін табыңдар.

Program m2;

Var a,b,c,D:integer; x1,x2: real;

begin Write (‘кв.теңдеу коэффициенттерін енгіз:’); readln (a,b,c);

D:=b*b-4*a*c;  дискриминантты есептеу

If d<0 then writeln (‘түбірі жоқ ’)

else begin x1:=(-b+sqrt(D))/(2*a); x2:=(-b-sqrt(D))/(2*a);

Writeln (‘x1=’, x1, ‘x2=’, x2); end; end.


ТАҢДАУ ОПЕРАТОРЫ

Program m1;

var n: byte; begin

write (1-ден 7-ге дейінгі санды енгіз);

read (n); сase n of

1: Writeln (Дүйсенбі);2: Writeln (Сейсенбі);

3: Writeln (Сәрсенбі);4: Writeln (Бейсенбі);

5: Writeln (Жұма);6: Writeln (Сенбі);

7: Writeln (Жексенбі) else writeln (Дұрыс емес)

end; end.


5 санының көбейту кестесін экранға шығаратын программа құрыңдар Program m1;

var i, p : integer;begin

for i:=1 to 9 do begin

p:=5*i; Writeln (i,'*5=', p)

end;end.


n!-мәнін есептеу программасын әзір циклі арқылы жазайық..

PROGRAM M1; var i, n: integer; P: longint;

Begin read (n);

P:=1; i:=1; While i<=n do

Begin P:=P*i; i:=i+1;

end; Write ('n!=', P);end.


x-тің мәні -5-тен 5-ке дейін 0,2 қадаммен өзгерген мәндері үшіну=х2-1 функциясының мәндерін экранға шығарындар.

PROGRAM M1; var X, y: real;

Begin x:=-5; While x<=5 do

Begin y:=sqr(x)-1; Writeln (x,'---',y);

x:=x+0.2; end; end.


бүтін сан берілген. Олардың көбейтіндісін есептеңдер. Егер сан 0-ге тең болса, циклден шығу үшін Break операторын қолданыңдар.

var i, n, x, P: integer;

begin read (n); санның нешеу екенін енгізу

for i :=1 to n do

begin readln (x); әрбір санды енгізу

if (x=0) then break;

P:=P*x;end;writeln ('P=',P) ;end.


[10,50] аралығындағы 5 кездейсоқ бүтін санды шығару программасы.

Var x: real; i: byte;

Begin for i:=1 to 5 do

Begin x:=random (40)+10;

Writeln (x) ;end;end.





































Есептер мен жаттығулар жинағы

 



1.үш натурал сан берілген. Олардың арасында тең сандар болмаса, «жоқ» деп, егер   олардың екеуі бір-біріне     тең болса, «иә» деп, ал үшеуі де бірдей сан болса, бәрі тең деп жазу керек.



    шығарылуы




2. Екі үшбұрыш қабырғалары a, b, c және d, e, f  берілген. Қайсы үшбұрыштың ауданы үлкен екенін анықтау       қажет.



    шығарылуы




3.  a, b, c және тµрт түзу сызығының ұзындықтары берілген. Осылар квадраттың немесе тікбұрышты                  тµртбұрыштың қабырғалары бола алады ма? Соны тексеріңдер.



     шығарылуы




4. үшбұрыштың қабырғалары xy және z берілген. Осы үшбұрыштың тікбұрышты үшбұрыш екенін анақтау          керек. Егер солай болып шықса, онда оның қай қабырғасы гепотенуза болатынын табыңдар.


     
шығарылуы






























Есептердің шығарылуы

 1.

program esep1;

var a,b,c:integer;

begin

 writeln(’үш сан енгіз’);

 read(a,b,c);

 if (ab) and (bc) and (ac) then writeln(‘жоқ’)

               else if (a=b) and (b=c) and (a=c) then writeln(‘бәрі тең’)

                                                                else writeln(‘екеуі тең’);

end.



2.

program esep2;

var a,b,c,d,e,f,p1,p2,S1,S2:real;

begin

writeln(’1-ші үшбұрыш қабырғаларын енгіз:’);

readln(a,b,c);

writeln(’2-ші үшбұрыш қабырғаларын енгіз:’);

readln(d,e,f);

p1:=(a+b+c)/2;

p2:=(d+e+f)/2;

S1:=sqrt(p1*(p1-a)*(p1-b)*(p1-c));

S2:= sqrt(p2*(p2-d)*(p2-e)*(p2-f));

if S1S2 then writeln(‘‡лкені 1-үшбұрыш, ауданы =’, S1:8:2)

                    else writeln(‘‡лкені 2-үшбұрыш, ауданы =’, S2:8:2)

end.



  3.

program esep3;

var a,b,c,d:integer;

begin

writeln(’¦зындықтарды енгіз:’);

write(’a=’); read(a);

write(’b=’); read(b);

write(’c=’); read(c);

write(’d=’); read(d);

if (a=b) and (a=c) and (a=d) and (b=c) and (b=d) and (c=d)

                           then writeln(‘Квадрат қабырғалары бола алады’);

if (a=c) and (b=d) then writeln(‘Тікбұрышты тµртбұрыштың қабырғалары бола алады’)

                                 else writeln(‘Тікбұрышты тµртбұрыштың да, квадраттың да қабырғалары бола алмайды’)

end.



4.

program ushburish;

  uses crt;

  var x, y, z:real;

begin

        clrscr;

        writeln;

        writeln('usburish kabirgalarin engiz');

        write('x='); readln(x);

        write('y='); readln(y);

        write('z='); readln(z);

        if (zsqrt(sqr(x)+sqr(y))) and (xsqrt(sqr(z)+sqr(y))) and (ysqrt(sqr(x)+sqr(z)))

        then writeln('tik burishti ushburish bola almaidi');

        if (z=sqrt(sqr(x)+sqr(y)))

        then writeln('tik burishti ushburish bola aladi, gepotenuzasi z=',z:6:2);

        if (x=sqrt(sqr(z)+sqr(y)))

        then writeln('tik burishti ushburish bola aladi, gepotenuzasi x=',x:6:2);

        if (y=sqrt(sqr(x)+sqr(z)))

        then writeln('tik burishti ushburish bola aladi, gepotenuzasi y=',y:6:2); end.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
04.06.2019
1302
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі