400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Олимпиада маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала Олимпиада маңызы Пән олимпиадалардың оқушылар білім сапасын арттыруға әсері, ұстаздарға пайдасы жайлы
Материалдың қысқаша нұсқасы

ПӘН олимпиадаЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ маңызы


Сатеев Пердебек Умирбекович

Директордың бейіндік істер жөніндегі орынбасары

С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

Қазығұрт ауданы, psateev@mail.ru


Атағы мен даңқы, айбыны мен ауқымы спорттық олимиададан аласалау болса да, маңызы одан кем қалмас ғылым бәсекесінің алғашқы әрі маңызды басқышы – пән олимпиадасы.

Дамыған мемлекеттердің баршасында өте жоғары деңгейде жолға қойылған, кейде әлемдік білім сапасын, орта білімнің деңгейін, жоғары білімнің өресін бағалайтын негізгі көрсеткіштердің бірі осы пән олимпиадасы есептеледі.

Олимпиада – ғылымның алғашқы баспалдағы, бала санасына ғылымның алғашқы ізденістерін қалыптастырып, болашақ ғалымдарды баулитын, ғылымға еркін бойлайтын жастарды қалыптастыратын ең үлкен білім сайысы.

Бәсекеге білім түскен, ғылым-техниканың көз ілеспей дамыған мына заманында ғылымның терең сырына баланы жастан бейімдеу елдің ертеңгі деңгейін көтеруге дайындық.

«Біз әлемнің алдыңғы елдерімен бәсекелес болу үшін ең алдымен технократтық мемлекетке айналуымыз керек», — дейді заманның заңғар математигі Асқар Жұмаділдаев. Ғылымның тереңіне үңілу мына заманның алғы шарты пән олимпиадасы болады.

Олимпиадаға дайындық, адам миының ең жоғары қабылдау кезеңінде басталатындықтан, ол оқушылардың логикалық ойлау формасын дамытып қана қоймай, ғылымға деген көзқарасын қалыптастырып, болашақ бағдарын айқындайтын тамаша ғылыми ізденіс. Жүйелі дайындық — тек баланың ғылымға ғана көзқарасын қалыптастырып қоймай, болашаққа деген нық сенімін орнатып, өзіне деген сенімін нығайтып, биік мақсаттар қоя алатын тұлға тәрбиелеудегі тамаша дағды.

Келешек қазақ ғалымдары бүгінгі олимпиада жеңімпаздарынан шығады деген үміттеміз. Әрі олимпиада жеңімпаздарынан шыққан ғалым ол болашақта қазақ ғылымына локомотив боларына сеніміміз кәміл. Бастысы, жүйелі дайындық және тынымсыз еңбек — пәндік олимпиаданың шыңын бағындыруға қажетті ең негізгі критерий.

Қазақстанда көп жылдар бойы ғылым негіздерін құрайтын барлық пәндер бойынша мектепішілік, аудандық, облыстық және республикалық олимпиадалар өткізіліп келеді. Қазақстанның барлық аудандары мен облыстарында өткізілетін пәндік олимпиадаларының тапсырмалары бірдей болуы үшін әр пән бойынша берілетін олимпиада тапсырмаларын сол пәннің тәжірибелі мамандары Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының басқаруымен жыл сайын жаңарып, заман талабына сай құрастырылып отырады.

Ғылым – бұл күннің экономикасының негізгі өндіргіш күші. Әлемнің дамыған елдерінің барлығы ғылым техникасына басты назар аударуда.

Пәндік олимпиадалар ең алғаш рет әр елде әр түрлі атпен өте бастағалы ғасырдан астам уақытқа таяды.

Еліміз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін ғана ұлттық ғылым көкжиегінің кеңеюіне байланысты, облыстық, республикалық деңгейдегі пән олимпиадалары ұйымдастырылды. Елімізде алғаш рет 1992 жылы Қызылорда қаласында бес пәннен Республикалық пән олимпиадасы өткізіліп, Республикалық жеңімпаздар тәуелсіз Қазақстанның дипломдарымен марапатталды. [2]

Бүгінгі күнде ғылымдағы бәсекелестік мемлекеттік қуаттың көрсеткішіне айналып кетті. Жаһандану заманында әрбір ел ғылым мен техниканың дамуы арқылы мақтана алады. «Біздің елімізде элементердің периодтық кестесіндегі барлық элементтер бар», — деп көкірек соғамыз. Одан өзге жұртты мойындатқан қандай өнім шығарып отырмыз? Біздің елде ғылым қаншалық дамыды? Пән олимпиадасын дамыту осы сұраққа толық жауап береді, осындағы өзекті мәселелерді шешуге түрткі болары анық. [1]

  Пән олимпиадасының елдің ертеңіне әкелер мол үлесі туралы бұл күнде көп айтыла бермейді.

Пән олимпиадасы елдегі дарынды балаларды анықтаудың, оларды ғылым жолына бағыттауда баламасыз жоба. Себебі, дарынды балаларды анықтау және оларды ғылымға тарту елдің ертеңіне іргетас қалау деген сөз. Дарынды тұлғаларды олимпиадаларға дайындауда олимпиадалық есептер, логикалық тапсырмалар, күрделенген олимпиадалық сұрақтар бала дарынының өсуіне, логикасының артуына үлкен септігін тигізіп, баланы мұқияттылық пен еңбекқорлыққа тәрбиелейді. Бұл өз кезегінде, елдің интелектуальдік деңгейіне себілген тыңайтқыштың рөлін атқармақ. [1]

Пән олимпиадаларына дайындау балалардың ғылым жолына түсуіне көмек жасап, елдің болашақ ғылыми базасын қалыптастыруға тың үлес қосады. Себебі, спорттық олимпиадалар секілді ғылым жолына ізденіс бала жастан қалыптасқанда ғана үлкен нәтижеге жеткізері анық. Олимпиадалық тапсырмалар оқушыларға дұрыс ғылыми көзқарас қалыптастыруға бағыт сілтеп, ғылымға деген құштарлығын арттырады.

Фарабидің анықтауы бойынша, логика — ойлаудың заңдары мен ережелері туралы ғылым. Бұл ғылымның арқасында адам өзінің ойлау əрекетін тəрбиелей алады; өзінің ойын анықтап айқын, жүйелі түрге келтіреді; ой қорыту, талқылау барысында логикалық қателер жіберуден аулақ болады. [4]

Логикасы дамыған, ғылыми көзқарасы сауатты жастардың ғылыми жаңалықтар ашу мүмкіндігі өте жоғары. Бұл өз кезегінде ел ғылымына үлкен локомотив қалыптастыруға арналған күш болмақ. Ал, ғылым ХХІ ғасырдағы әлемді өз уысына ұстаған бірден-бір күш болғандықтан, бұл салаға баса мән беру елдің ертеңгі дамуы мен баяндылығына қосқан үлес болмақ.

Халықаралық сарапшылар елдің ғылымға деген көзқарасы мен әр елдің ғылымдағы рөлін, мектептердегі білім сапасын, ұлттық интелектуальдіқ деңгейін осы пән олимпиадалары арқылы сараптайтындықтан, елдің әлем алдындағы беделіне әсер етеді.

Пән олимпиадалары ұстаздардың деңгейін арттырып, ұстаздар қосынын сапаландырады. Себебі, пән олимпиадаларына шәкірт тәрбиелеу ұстаздардың күнделікті бір ізді сабақ беруден құтылдырып, жаңа ізденіске жетелейді. Оқушының пән олимпиадасындағы деңгейі жоғарылаған сайын сәйкесті түрде ұстаздың да деңгейі жоғарылай түседі. Ал, ұзақ уақыт олимпиадаға шәкірт тәрбиелеген ұстаздың кәсіптік білімі өзгеден оқ бойы озық тұрары анық. Бұл елдің білім сапасын арттыруға үлкен үлес болмақ, себебі елдің білім сапасын белгілейтін ең негізгі түйін ол – ұстаз сапасы.

Пән олимпиадаларын дамытудың елдің дамуы мен нағыз мәңгілік елге айналуына қосатын үлесі аса зор, оны ғылыми сараптамадан өткізіп дамыту — кезек күттірмейтін маңызды шаруалардың бірі. Ал, химия, физика, математика, биология және география секілді математика-жаратылыстану бағытындағы пәндерге басымдылық беру — елдің географиялық ерекшелігі. Себебі, елдің териториялық ауқымдылық ерекшелігі мен байлық қоры осы ғылымдарға мән беруді қажет етеді. Ал, жоғарыда айтқандай, ғылымды дамытудың алғышарты — пән олимпиадаларын дамыту болмақ. Олай болса, біз өзіміз тарапымыздан, әлемнің басқа елдеріндегі пән олимпиадаларының өту және оларға қойылатын талаптарды зерттей келе, еліміздегі пән олимпиадаларын дамытуға бағыт сілтей кетсек. [1]

  Бүгінде пән олимпиадаларына мектептер баса мән бермеуі, пән олимпиадаларына елдегі дарынды балаларға арналған мектептер мен санаулы сапалы мектептер болмаса, басқа мектептер мүлде назар аудармайды. Себебі, біріншіден, көптеген мектептегі дарынды оқушылар мен жұмыс жүйеге түспеген әрі жоғарыдан қадағалау сараптау болмағандықтан, пән олимпиадалары тұсында тек оқушы санын толтырып, оның сапасына мән бермейді де, нәтиже шықпайды. Ал, пән олимпиадаларына оқушыны дайындамай жіберу олардың талабын мұқалтып, тіпті жақсы оқитын баланың ынтасын қайтарады.

Пәндік  олимпиадаға дайындықта есептерді шығартумен қатар, теориялық мазмұндарға мән берген дұрыс. Мектептегі зертхана кабинеттерінің сапасын арттырып, болашақ мамандардың ғылым негізін мектептен бастауына ғылыми негіз қалыптастыру керек. Бұл пән олимпиадаларының сапасын арттырып, өз кезегінде бәсекелестікті күшейтеді, ал, бәсекелестік ғылымдағы шын дарындардың шығуына жол ашып, еліміздің халықаралық олимпиадаларда оза шабуына үлкен базалық күш болары ақиқат.

Патриот, зияткер ұрпақ қалыптастырудағы пәндік олимпиадалардың маңызын айқындап, пәндік олимпиадаларға ұлттық рең беру керек. Мектептегі оқушыларды ғылымға бағыттаудың ұлттық педогогикалық негізін жасау керек. Әр ұлттың өзіндік ұлттық менталитетін ескере отырып, оқушы бойындағы дарындылықты дамыту керек, себебі, оқушының ұлттық генетикасы ескерілмеген жағдайда оның дарыны мен қабілеті толық ашыла қоюы екіталай.

Қазақ тіліндегі олимпиадалық материалдарды көбейтіп, қазақ тілінің ғылым тіліне айналуына күш салуымыз керек. Мектеп мұғалімдеріне олимпиадалық дайындыққа арналған әдістемелік құралдар жасап, шеберлік курстар мен семинар-тренингтерді көптеп ұйымдастыру керек. Себебі, ғылым қазақ тілінде сөйлемей, ешқашан қазақ тілі мемлекеттік деңгейге, ғаламдық деңгейге көтеріле алмайды. Сондықтан қазақ тіліндегі олимпиадалық материалдарды топтастырып, сапасын арттырып, ғылымның қазақ тілінде сөйлеуіне мән беру керек. Бұл қазақ мектептерінің сапасын арттырып, қазақ тілінде сөйлей алатын, қазақы болмыстағы ғалымдардың шығуына түрткі болары анық. [2]

Спорттық олимпиадалар секілді олимпиада жеңімпаздары мен жетекшілеріне марапаттаулар мен қолдаулар жасалу керек. «Шабыттандыру болмаған жерде талаптану болмайды» деген философиялық заңдылықты ескерсек, олимпиадада жеңімпаз болған оқушыға және оқушының жетекшісіне тек алғыс хаттар емес, қаржылай немесе басқа қолдау жасап, оларды ақпараттық құралдар арқылы насихаттау керек. Бұл еліміздегі қаншама оқушыны олимпиадаға қарай талаптандырып, ұстаздардың еңбекке, шәкірт тәрбиелеуге деген ниетін күшейтері анық.

Дарынды оқушылардың өмірін ғылыми ізденіске салып, олимпиаданы күнделікті өмірінің мәні ретінде қалыптастыратын оқушыларды көптеп дайындап, еліміздің ертеңіне интелектуальді ғылыммен жабдықталған жастарды қалыптастыруға тың үлес қосуымыз керек. Ол үшін дарынды оқушылардың логикасын арттырып, ғылыми ойлау өресін жетілдіруге баса назар аударған жөн.

  Оқушы психологиясы — ең күрделі психология. Әлемнің екінші ұстазы Әл Фараби: «Адаммен жұмыс істеу – ең үлкен өнер»,- дейді. Сол үлкен өнердің кілтін ұстаған біздер үшін, мұғалімдер үшін әр баланың тағдыры – үлкен жауапкершілік. [4]

Олимпиадаға дайындық мектептің оқу бағдарламасынан тысқары қосымша білім алу болғандықтан, ол өте жоғары мотивациямен өз бетінше жұмыс істеуді қажет етеді. Көптеген талапты балалар өз бетінше оқып, үлкен табыстарға жетеді. Ал мұғалімнің оқушыны еңбекке баулуда, ұқыптылыққа үйретуде көп жұмыстар істеуі керек.

«Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден», – дейді Әлихан Бөкейхан. Иә, тек ұлтқа қызмет ғана емес, мінез табысқа жетуде басты рөл атқарады. Ал, болашақ олимпиада шыңын бағындыратын оқушыда көркем мінездің үлгісі болу керек. Себебі, аз қиыншылыққа жасып қалатын, немесе аз жеңіске дандайсып кететін мінез, орнықсыздық немесе жігерсіздік  –  бойдағы дарынның жауы.

Ұстаз Байтұрсынұлы Ахметтің сөзімен айтсақ, бір білікті ұстаз — бір қауым жұрттың сөзін айтар ақылшы.  Ал, дарынды баламен жұмыс істеуде ұстаз өзін күн сайын жетілдіріп, күн сайын дамытып отыруы шарт. Бұдан басқа, олимпиадалық дайындықта ұстаз шәкірт білімін жетілдіру барысында өзінің өзіндік білімін үздіксіз көтеріп отырады.

Олимпиада — үздіксіз ізденісті талап ететін, үзіліссіз жұмыс арқылы дамитын логикалық ойлау мен ғылыми көзқарастың үйлесуі нәтижесінде адамның білім потенциялын арттыратын әлемдік білім сапасын көтеруге арналған жобалардың бірі.

Олимпиада — үздіксіз ізденіс пен қажырлылықтың жемісі, оның бала логикасы мен ғылыми ойлау өресіне тигізер мол пайдасын, еліміздің ғылым саласына тигізер мол пайдасын ескере отырып, пән олимпиадаларын дамытып жетілдіріп отыру — кезек күттірмейтін шаруа.

Біз олимпиада барысында бәсекеге қабілетті дарынды ұрпақ тәрбиелеуге міндеттіміз. Себебі, пән олимпиадаларының мақсаттары — зияткерлік дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау, оларды жетістікке жетелеу.

Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу, бір жағынан, қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.

Олимпиадалық тапсырмаларды орындау жай есептерді шешу ғана емес, ол мәселеге ғылыми тұрғыда талдау жасап, ғылыми ізденіс қалыптастыруына жол ашатын дарынды балаларды тәрбиелеуде баламасыз жоба екен.

Қорытынды:

Пән олимпиадалары ұстаздардың деңгейін арттырып, ұстаздар қауымын сапаландырады.

Олимпиадаға шәкірт тәрбиелеген ұстаздың кәсіптік білімі көтеріледі.

Олимпиадалық дайындықта ұстаз шәкірт білімін жетілдіру барысында өзінің өзіндік білімін үздіксіз көтеріп отырады.

Олимпиадаға дайындық, адам миының ең жоғары қабылдау кезеңінде басталатындықтан, ол оқушылардың логикалық ойлау формасын дамытып қана қоймай, ғылымға деген көзқарасын қалыптастырып, болашақ бағдарын айқындайды.

Олимпиадалық тапсырмалар оқушыларға дұрыс ғылыми көзқарас қалыптастыруға бағыт сілтеп, ғылымға деген құштарлығын арттырады.

Пән олимпиадаларына шәкірт тәрбиелеу ұстаздардың күнделікті бір ізді сабақ беруден құтылдырып, жаңа ізденіске жетелейді.

Оқушының пән олимпиадасындағы деңгейі жоғарылаған сайын сәйкесті түрде ұстаздың да деңгейі жоғарылай түседі.

Олимпиадаға дайындық — тек баланың ғылымға ғана көзқарасын қалыптастырып қоймай, болашаққа деген нық сенімін орнатып, өзіне деген сенімін нығайтып, биік мақсаттар қоя алатын тұлға тәрбиелейді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2050» жолдауы. // www.akorda.kz

  2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы». 2007 жылы 27 шілдеде № 319 бұйрықпен бекітілген // edu.gov.kz.

  3. Д.Алиасқаров, Ж.Бейсеков, О.Маханбетов. 8 сыныптағы оқушыларды математикалық олимпиадаға даярлау. «Шымкент», 2013ж, 300б.

  4. Шолақова Р. Əл-Фараби — Шығыстың ғұлама ғалымы // Қазақ тарихы. — 2012. — № 5 (116). — 32, 33 б.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1477
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі