Материалдар / Олимпиада материалдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Олимпиада материалдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылармен жұмыс істеуге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
2295
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АУДАНДЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ

ГЕОГРАФИЯДАН ТЕОРИЯЛЫҚ ТУР ТАПСЫРМАЛАРЫ

10 СЫНЫП


Тапсырманы орындау уақыты – 90 мин


1 - Тапсырма. Келесі ұғымдарға анықтама беріңіз: демаркация, самум, гамадалар, апвеллинг, изохрондар (әр дұрыс жауапқа 2 ұпай. Барлығы 10 ұпай).


2 - Тапсырма.

а) Неліктен жыл мезгілдері ауысады? (дұрыс әрі толық жауапқа 3 ұпай).


б) Уран Күн айналасын бүйіріне жатып айналады (яғни, айналу эклиптиканың жазықтығына параллель). Уранда жыл мезгілдері ауысады ма? (дұрыс әрі толық жауапқа 2 ұпай).


в) «жас» өзенді «қарт» өзеннен қалай ажыратуға болады? (дұрыс жауапқа 2 ұпай).


г) Тәуелсіздік алған жылдардан бастап қазіргі кезге дейін Қазақстан қандай демографиялық дағдарыстар мен жарылыстардан өтті? Қай жылдары халық саны өсті/кеміді және олардың себептерін түсіндіріңіз. (дұрыс жауапқа 3 ұпай).



3. Тест тапсырмалары

(әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай)


1.Адам даму индексі (АДИ) қандай белгілер бойынша өлшенеді?
A. өмір сүру ұзақтығы, білім деңгейі, табыс деңгейі
В. білім деңгейі, медициналық көмек көрсету деңгейі
С. табыс деңгейі, сәби өлімінің деңгейі
D. өмір сүру ұзақтығы, экономиканың даму деңгейі, табыс деңгейі
Е. медициналық көмек көрсету деңгейі, білім деңгейі, сәби өлімінің деңгейі


2. Қандай бағыт 135° азимутқа сәйкес?

A. Солтүстік-шығыс

B. оңтүстік- шығыс

C. оңтүстік - батыс

D. Солтүстік - батыс

E. дұрыс жауабы көрсетілмеген


3. Қандай тау жынысының «пайда болуы» тірі организмдерге байланысты?

A. Гипс

B. Тас көмір

C. Тас тұзы

D. Базальт

E. барлық жауаптар дұрыс


4. Қандай жанартау оңтүстікке қарай орналасқан?

A. Гекла

B. Везувий

C. Орисаба

D. Эребус

E. барлық жанартаулар бір бойлықта орналасқан

5. Дұрыс пікірді табыңыз.

A. Солтүстік Атлантиканың қоңыржай ендіктеріндегі судың температурасы, оңтүстік жарты шардағы осы ендікердегі температурасына (40–60⁰) салыстырғанда жоғары.

B. Тропиктік сулардың тұздылығы экваторлық суларға қарағанда жоары болып келеді.

C. Барлық суық ағыстардың температурасы 0°С шамасында болады.

D. Толысу мен қайтудың себебі мұхит табынындағы вулкандардың атқылауы.

E. барлық жауаптар дұрыс


6. «Отты шеңбер» шегінде орналасқан аралдарды табыңыз

A. Солтүстік Жер, Жаңа Жер, Гренландия, Исландия, Баффин Жері

B. Мадагаскар, Шри-Ланка, Суматра, Тасмания, Кергелен

C. Алеут, Куриль, Жапон, Филиппин, Жаңа Гвинея

D. Азор, Канар, Бермуд, Үлкен Антиль, Ньюфаундленд

E. барлық жауаптар дұрыс


7. Бір мұхит алабына жататын, өзендер көрсетілген нұсқаны табыңыз.

A. Амазонка, Миссисипи, Ніл, Ганг

B. Ніл, Конго, Лимпопо, Дунай

C. Волга, Енисей, Обь, Лена

D. Амур, Хуанхэ, Янцзы, Колорадо

E. дұрыс жауабы көрсетілмеген


8. Төменде көрсетілген тізімнен ауа – райының элементіне не жатпайды?

A. бұлттылық

B. орташа жылдық температура

C. ауа қысымы

D. желдің бағыты

E. желдің жылдамдығы


9. Қате ұғымды табыңыз.

A. Құнарлылық –топырақтың басты қасиеті

B. Қара топырақ – ең құнарлы топырақ

C. Қарашірік пен гумус – топырақтың минералды құрамбөлігі (органикалық емес)

D. Топырақ – тірі организмдердің тіршілік ортасы

E. дұрыс жауабы көрсетілмеген


10. Елтаңбасында оның шегінен тыс орналасқан, географиялық нысан бейнеленген ТМД елін табыңыз.

А. Армения

B. Әзірбайжан

C. Беларусь

D. Қазақстан

E. Қырғызстан


11. «Ақ алтын» деп аталатын ауыл шаруашылық өнімін табыңыз:

А. күріш

B. жібек

C. мақта

D. сүт

E. қымыз



12. Қазақстандағы қай облыс аумағында бойлығымен ендігі бірдей нүкте орналасқан.

А. Ақтөбе

В. Батыс-Қазақстан

С. Ақмола

D. Қарағанды

Е. Қостанай


13. Әлемдегі жалғыз«сұйық металлды» атаңыз. Ол табиғатта таза және минерал түрінде де кездеседі. Оны жиі киневарьдан алады.

А. галлий

В. темір

С. германий

D.осмий

E. сынап


14. Биологиялық айналымның бастапқы тобы:

А. тұтынушылар

B. ыдыратушылар

C. құрғақсүйгіштер

D. түзушілер

E. барлық жауаптар дұрыс


15. Африканың жер бедері туралы қате пікірді табыңыз.

A. 200 ден 1000м дейін биктіктегі жазықтар басым

B. Килиманджаро жанартауы – абсолютті биік нүктесі

C. Анд таулары сияқты материкте биік және созылып жатқан тау тізбегі жоқ

D. Ассаль көлі – ең аласа абсолютті биіктігі

E. материк шетінде көлемді жазықтар орналасқан


16. «Польдерлер» деген не?

A. Канадамен Аляскадағы тоңдық бедерінің түрі

B. Латын Америкасындағы халықты қоныстандыруды ұйымдастырудың түрі

C. Нидерландыдағы теңізден жаулап алынған жер

D. Скандинавии Скандинавиядағы діни қауымдастықтың атауы

E. Поляк биі


17. Христан дініне сенушілері басым болып келетін, Азиялық елді табыңыз

A. Филиппин

B. Иордания

C. Малайзия

D. Сингапур

E. Индонезия


18. Қай материкте сөнбеген жанартаулар мен қазіргі мұзбасулар кездеспейді?
А. Америка

B. Аустралия
С. Африка
D. Еуразия
Е. Азия


19. Ең ірі масштабты көрсетіңіз?
A. 1:1000000
В. 1:2000000
С. 1:10000
D. 1:5004
E. 1:250


20. Мәскеу қаласынан солтүстікке қарай орналасқан теңіз:
А. Ақ
В. Қара
С. Азов
D. Каспий
Е. Жерорта


21. Жердің орталығынан экваторға дейінгі қашықтығына қарағанда, Жердің орталығынан полюстерге дейінгі қашықтығы шамамаен 21 км аз, ол немен түсіндіріледі:

A.Жердің ішкі құрылымының ерекшеліктірмен

B. гравитациялық үрдістермен

C. Жердің өз осімен айналуымен

D.Жердің орбита бойымен айналуы

E. барлық жауаптар дұрыс


22. Механикалық құрамына байланысты 60% құм және 40% саздан тұратын топырақ:

A. балшықты

B. саздақ

C. құмдақ

D. құмды

E. глейлі


23. Тенерифе аралы қандай архипелаг құрамына жатады?

A. Азор

B. Мальдив

C. Жасыл Мүйіс аралдары

D. Фиджи

E. Канар


24. 1:7500 000 масштабтағы картада ұзындығы 3 сантиметр кесіндінің ара қашықтығы жергілікті жерде нешеге тең?

  1. 125 км

  2. 225 км

  3. 275 км

  4. 350 км

  5. 370 км


25. Қазақстан Каспий теңізі арқылы қандай елдерге шыға алады?
A. Армения, Әзірбайжан
B. Иран, Түркия
C. Әзірбайжан, Иран
D. Грузия, Армения
E. Иран, Грузия


26. Дұрыс жауапты таңдаңыз:
A. Каледон қатпарлығы – Сарыарқаның солтүстік-батысы, Солтүстік Тянь-Шань
B. Байқал қатпарлығы – Орталық, Солтүстік, Батыс, Тянь-Шань

C. Герцин қатпарлығы - Сарыарқаның шығысы, Мұғалжар, Шығыс Еропа жазығы
D. Мезозой қатпарлығы - Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Мұғалжар
E. Альпі қатпарлығы - Тянь-Шань, Жоңғар Алатау, Манғыстау.


27. Алакөл көлінен Ебі Нұр көліне дейін Жоңғар қақпасы арқылы соғатын Қытайда орналасқан жел
A. Шелек
B. Ебі
C. Сайқан
D. Арыстанды-Қарабас
E. Қордай


28. Салыстырмалы демографиялық көрсеткіщтер 1000 адамға шаққанда нені көрсетеді?
А. Промилле
В. Мың. адам
С. Млн. адам
D. Пайыз
Е. Адам/км2.


29. Қазақстан өнімінің (барлық экспорттың 60%) негізгі сатып алушылары:
A. Франция, Бельгия, Ресей, Украина
В. Польша, Германия, Чехия, Ресей
С. Ресей, Қытай, Үндістан
D. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан
Е. Швейцария, Италия, Ресей, Қытай


30. Бұл аймақ қант өндірісі бойынша республикалық өнімнің 100 %, сары майдың - 50 %, еттің - 30 % құрайды.
A. Оңтүстік
В. Солтүстік
С. Шығыс
D. Батыс
Е. Орталық





БАРЛЫҒЫ: 50 ұпай





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!