400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Олимпиада по самопознанию

Материал туралы қысқаша түсінік
Данная разработка поможет учителям самопознания при проведения олимпиады по самопознанию. Здесь указаны конкурсы , которые будут проведены. Имеются слова ведущих.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бопобаева К.К.

Мазыбаева Б.К.

учителя самопознания

КГУ «Средняя школа им. Ауэзова»


Фанфары

2 жүргізуші ортаға шығады.


Гүлжан: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Әли: Бүгін Әуезов атындағы орта мектебімізде 6-7сыныптар арасында «Өзін-өзі тану» пәнінен олимпиада өткелі жатыр.

Гүлжан: Жарыстан қапы қалып қоймаңыздар!

Әли: Өз білімдеріңізді көрсетуге асығыңыздар!

Гүлжан: Қайырлы күн, Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Әли: Бүгінгі өтетін мектепішілік «Өзін-өзі тану» пәні олимпиадасына қош келдіңіздер!

Гүлжан: Жалпы олимпиадалар ертеден қалыптасып, келе жатқан сайыс. Алғашқы сайыс Олимп елінде өткен. Бұл сайысқа Зевс құдайдың бес ұлы қатысыпты. Ағайындылардың үлкені Геракл барлық сайыстарда жеңіске жетіп, зәйтүн жапырағынан жасалған тәжімен марапатталыпты.

Әли: Сол күннен бастап Геракл 5 жылда 1 рет осындай сайыстар өтетінін жариялады. Олимпия елінде өткен жарыс құрметіне барлық спорт және білім жарыстарын бүгінгі күнде Олимпиада деп атайды. Бүгінгі біздің өткізгелі жатқан Олимпиаданың мақсаты ең білімді, ең үздік, ең озат оқушыларды айқындау.

Гүлжан: Мектепішілік 7-9-сыныптар арасында өткізгелі отырған «Өзін-өзі тану пәні» бойынша олимпиаданы ашық деп жариялаймыз.

Әли Құрметті қонақтар, олимпиадаға қатысушыларды құрметпен ортаға шақырамыз!


1-топ 7 «А» сынып оқушыларынан құралған «Күншуақ»

2-топ 8 «А» сынып оқушыларынан құралған «Лүпіл»

3-топ 9 «А» сынып оқушыларынан құралған «Қөнілді күн»

4-топ 9 «Ә» сынып оқушыларынан құралған «Күншуақ»                                                                                                                                                                      Гүлжан:

«Өзіңді таны, сонда айналаң Қайырымды,                                                                            Жарқын, танымды, әсем болады!

            Және әрбір атқан таңың.

            Айналаң қуаныш пен бақытқа толы болады!»


Әли:

«Өзін-өзі тану» пәні – сан қырл,

Айтар ойы, мақсаты оның мазмұнды.

Жеке тұлға қалыптасса жан-жақты,

Болашағы болар елдің таң нұрлы.

Өзін-өзі, өзгені де танитын,

Мейірімділік, ақылдылыққа баулитын.

Сездіретін жүректерге жылуын,

Шәкірттерге бұл жақсы пән тартымды.


Гүлжан Оқу, білім жанған шырақ, ойласаң,
Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң.
Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал.
Пайда аларсың, қаужанарсың тоймасаң.

Әли: Салтанатты жиынымыздың алғашқы құттықтау сөзін мектеп директоры Турлыбеков Дулат Сейтаханұлына беріледі.



Әли:

Биылғы олимпиада ерекше, «Өзін-өзі тану пәні» олимпиадасы мектебіміз бойынша бірінші рет өтілуде. Бұл сайысқа 7,8,9 сыныптардан таңдаулы, білімді, зерек оқушылар келіп отыр. Сендердің білімдерің болашақта мектептің, ауданымыздың, еліміздің көркеюіне зор үлес қосады деп сенеміз.

Гүлжан: Олимпиада қатысушыларының құрметіне Сахипжанов Жанболаттың орындауында әнді қабыл алыңыздар.

Әли:
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба орта жолда қалыспа.
Әділқазы бағалайды сіздерді,
Жеңіс мәре жақын ба әлде, алыс па? — дей отырып әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар. (Әділқазылар таныстырылады)

Гүлжан:

Алкеева Гүльнар Советовна, Мукушева Мадина Мухтаровна, Баймомырова Жулдыз Каирлиновна


Әли: Олимпиаданың кезеңдері:

І-кезең – Әр топ өз командаларын таныстырады.

ІІ – кезең – «Менің сыныбым» тақырыбында презентация қорғайды

ІІІ – тур - Шығармашылық тапсырмалар.




Гүлжан:
Өнерменен білімде,
Әркімнің өз жолы бар.
Сайысарлық бүгінде,
Өзіндік менің үнім бар, — дей отырып,
І кезең әр топ өз командаларын таныстырады.


Әли:

Балнұрдың орындауында әсем әнді қабыл алыңыздар.


Гүлжан:

Жұп жазбастан жүреміз,

Біздің сынып – мақтаулы.

Өйткені біз сүйеміз

Дәйім тәртіп сақтауды.

Біздің сынып – мақтаулы. – дей отыра, ІІ кезеңді бастаймыз.

Үй тапсырмасына берілген «Менің сыныбым» тақырыбында презентация қорғау. (3-5 минут)


Әли:

Балалар, бұл — жол басы даналыққа,
Келіңдер түсіп, байқап, қаралық та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?

- дей отыра олимпиадамыздың

ІІІ-кезеңі шығармашылық тапсырмаларға кезек берейік.


Гүлжан: Сыныптар бойынша тест тапсырмалары таратылады, 15 минут уақыт беріледі, мұқият орындайық.

Әли: Іске сәт, құрметті оқушылар! Жұлдыздарың жансын!

Гүлжан:

-Келесі тапсырма топта орындалады. «Дәйексәздің» мағынасын ашу.

4-топқа 4 дәйексөз таратылады.

Ән «Мектебім»

Әли: Құрметті олимпиадаға қатысушылар! Барлықтарыңызға көп рахмет.

Гүлжан: Келесі сқз кезегін әділқазы алқасына береміз.

Әли: Келесі кездескенше сау болыңыздар!



































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18.12.2017
1392
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі