Олимпиада тапсырмалары 3-4
сынып .
1.Көбейтумен алмастыруға
болатын амалды тап.
А.6+3+4+2
В.8-8-8+8
С.6+6+6+6
Д.9-2+4-2
2.3+3+3+3+3 амалымен
алмастыруға болатын сандар көбейтіндісін
белгіле.
А.3*4
В.3*3
С.5*5
Д.3*5
3.Қандай әрекет кезінде сан :
бөлінгін, бөлгіш, бөлінді деп аталады ?
А.:
В.+
С.*
Д.-
4.Дұрыс анықтаманы
белгіле.
А.Егер айырмадан азайғышты
алып тастаса, азайтқыш шығады
В.Егер көбейтіндіні
көбейткішке бөлсе, басқа көбейткіш шығады.
С.Егер бөлінгішті бөлгішке
бөлсе, онда көбейтінді шығады.
Д.Егер бір қосылғышқа екінші
қосылғышты қосса, онда айырма шығады.
5.Мәні 25 болатын өрнекті
тап.
А.2*4+8*3-18:3
В.5*3+7*2-24:8
С.4*6+2*3-25:5
Д.8*3+5*6-42:6
6.Егер бір дәптер 7 теңге
тұрса, 3 дәптердің бағасын тап.
А.21 тг
В.10тг
С.15тг Д.
4тг
7. 4 люстрада 20 лампа бар
болса, 1 люстрада неше лампа болады?
А.16л
В.4л
С.24л Д.
5л
8.х: 9=3 теңдеуіндегі х-тің
мәнін тап.
А.х=3 В.х
=27
С.х=12 Д.х
=6
9.Тура теңдікті
тап.
А.(7*9)-7=14 В.10:
(8-6)=5
С.(19-9)+6=4
Д.24:6+2=3
10.Қай бағанның мәні 389-ға
тең?
А.455+297
В.900-531
С.874-485
Д.508+349
11.Кез келген санды 0-ге
көбейткенде, болады:
А.0
В.1
С.сол санның өзі
Д.10
12.Кез келген санды 1-ге
көбейткенде, болады:
А.0
В.1
С.сол санның өзі
Д.10
13.Қабырғасы 15 м болатын
квадраттың периметрін тап:
А.30м
В.45м
С.50м
Д.60м
1.Санмен жазып көрсет: жеті
жүздік , тоғыз ондық, бес бірлік
А. 795 Б.354
В.759
2.584 санын разрядтардың
қосындысы түрінде жаз:
А. 67= 60+7 Б.287= 200+80+3
В.584= 500+80+4
3.Түсіп қалған сандарды
жаз:8м+4дм+ ...846 см
А. 6 Б.5
В.7
4.Амалдарды орында:
40+ (
50 – 20 )
А. 90 Б.70
В.30
5.Амалдарды
орында: (
43 +7 ) -5
А. 55 Б.45
В.74
6.Амалдарды
орында: (
790-70 ) -320
А.700 Б.400
В.620
7.Сағат түрінде көрсет : 2
тәулік 4 сағат
А.52сағ Б.28сағ
В.3сағ
8.Өрнекті дұрыс жаз: 260 пен
24-тің айырмасына 4-ті қосамыз
А.260+24 +4 Б.(260-24) +4
В.260-4+24
9.Теңдеуді шеш: 72+х =
90
А.5 Б.57
В.18
10.Үш таңбалы сандар құр:
5,3,0
А.530,503,305,350
Б.53,35,50,30 В.53,503,35,305
11.Шаршының бір қабырғасы 7 см
болса, ауданы неге тең?
А.14см Б.28см
В.49см2
12.Кітап сөресінде 45 кітап
бар, ал екіншісінде одан 25 –і артық. Барлығы қанша кітап
?
А.115 Б.128
В.125
Логикалық тапсырмалар
І топ. 14 - бөлшек. Менің ақшам осы ақшамның жартысын қосса, 150
теңге болар еді. Менде қанша ақша болған? (100 теңге болған)
ІІ топ. 15 – бөлшек. Шешесі балаларына 10 шоколадты бөліп,
қыздарына үш - үштен, ұлдарына екі - екіден берді. Қыздар нешеу,
ұлдар нешеу? (2 ұл, 2 қыз)
ІІІ топ. 16 - бөлшек. Кез келген нәрсенің төрттен бір бөлігі көп
пе, әлде жартысының екіден бір бөлігі көп пе? (екеуі
бірдей)
Тест
-
V¹=20 км/сағ---------------t
=? сағ---------------V²=26 км/сағ
--------------------------------S = 460 км
t = 2 сағ
t = 10 сағ
t = 5 сағ
2. V¹=60 км/сағ-------------t = 2 сағ---------------V²= 80
км/сағ
--------------------------------S =? км
280 км
360 км
140 км
3. V¹=? км/сағ-------------t = 3 сағ-----------------V²=5
км/сағ
----------------------------S = 27 км
5 км/сағ
6 км/сағ
4 км/сағ
4. Жақындау жылдамдығы неге тең?
Жылдамдықтардың қосындысына
Жылдамдықтардың айырмасына
Жылдамдықтардың көбейтіндісіне
5. Автокөлік 65 км/сағ жылдамдықпен 2 сағат жолда болса, қанша
жолды жүріп өтеді?
67
км
120 км
130 км
Топтарға
тапсырма
-
37 л су екі шелекке құйылған.
Біраздан соң бір шелектен 2 л суды, екінші шелектен 5 л суды құйып
алып кетті. Енді екі шелектегі су бірдей болды. Әуелде олар неше
литрден болып еді?
2. Қосаяқ минутына 70 рет секіріп, әр секірістің жылдамдығы 10
м/сек болған. Ал қосаяқты қуып келе жатқан адам 10 м/сек
жылдамдықпен жүгірсе, ол қосаяқты қуып жете ме, әлде қуып жете
алмай ма?
3. Үй иесі көкөніс алуға базарға келді. Ол ақшасының 5/8 бөлігіне
орамжапырақ алды, 1/8 бөлігіне сарымсақ алды, ал қалған 20
теңгесіне сәбіз алды. Үй
иесінің барлық ақшасы қанша болған?
-
Айгерім 45 м-ді 3 минутта
жүрдім десе, Азамат 60 м-ді 4 минутта жүрдім дейді.Айгерім мен аз
уақыт жұмсадым десе, Азамат мен ұзақ жол жүрдім дейді. Екеуінің
дауын шешуге бола ма? Көмектесіп көрейік! (Топта
талқылау)
-
Досан Асаннан үш күнге кітап
сұрап алды. Бірінші күні ол кітаптың жартысын оқыды. Екінші күні
қалған жартысының үшінші бөлігін оқыды. Үшінші күні алғашқы екі
күнде оқығанының жартысын оқыды. Сонда Досан үш күнде кітапты оқып
үлгерді ме?
2. Пенал мен бір қорап фломастер 520 теңге тұрады. Фломастерлер
пеналға қарағанда 100 теңгеге арзан. Пенал мен фломастерлердің
бағасын тап.
3. Мәдина Асқардан «Сенің жасың нешеде?» деп сұрады. Асқар: «Егер
менің жасымды 3 есе көбейтіп, сосын 16 - ға азайтсаң, менің жасым
17 - де болар еді», - деп жауап берді. Демек Асқардың жасы қаншада
екен?
4. 4 қой қойлардың алдында келе жатыр, 4 қой артында келе жатыр, 1
қой ортасында келе жатыр. Барлық қойдың саны қанша?
5. Екі қапта 100 кг картоп бар. Оның біреуінде екіншісіне қарағанда
4 кг кем. Сонда бірінші қапта қанша, екінші қапта қанша килограмм
картоп бар болуы тиіс?
1. Сүт екі шелекке бөліп
құйылған. Бірінші шелектегі сүт екінші шелекке қарағанда екі есе
көп. Енді екі шелектен де 10 литрден сүт құйып алғанда, бірінші
шелекте екіншіге қарағанда 3 есе көп сүт қалды. Әуелде әр шелекте
неше литр сүт болған?
2. Ермек 4 кітап сатып алды. Бірінші кітапты санамағанда қалған үш
кітап 420 теңге тұрады, екінші кітапты санамағанда қалған үш кітап
400 теңге тұрады, үшінші кітапты санамасы 380 теңге, төртіншіні
санамаса 360 теңге тұрады. Енді әр кітаптың бағасын табыңдар.
3. Құмырсқа көрші илеуге барғанда жаяу барған, қайтарында көбелек
құртына мініп келген. Жолдың бірінші жартысын көбелек құртына мініп
өте ақырын жүрген. Бұл жаяу жүргенге қарағанда екі есе ақырын еді.
Ал екінші жартысын ол шегірткеге мініп келді. Бұл жолы ол жаяу
жүргеннен 5 есе жылдам жүрді. Құмырсқа қонаққа бара жатқанда аз
уақыт кетті ме, келе жатқанда аз уақыт кетті
ме?