Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Олимпиада тапсырмалары 4-сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақ тілінен олимпиада тапсырмалары
4-сынып
№ |
тапсырмалар |
ұпайы |
||||||||||||||||||
1 |
-Тұрақты тіркесті табыңыз: а/ит өлген жер ә/дүкенге бару б/Мен кітап оқимын. -Қаратпа сөзі бар сөйлемді белгіле: а/Айжан мектепке барды. ә/Айжан,мектепке барасың ба? б/Айжан мектепке бара жатыр. -«Адамгершілік»сөзінде неше буын бар? а/ 5 ә/4 б/7 |
4ұпай |
||||||||||||||||||
2 |
Метаграмманы шеш: -Тұтас оқысаң- Қолына ұстар жылқышы. Екі шеткі әрпін қысқартсаң Қылмыскер-бұл кісі. «Ж»-дан бастасаң жер биігі. «Б»-дан бастасаң мал түлігі Оңға қарай оқысаңда -бір халық, Солға қарай оқысаңда –бір халық |
5ұпай |
||||||||||||||||||
3 |
Қазақша жаз: Родина- Добрый- Огород - Помощник- Ласточка- |
5ұпай |
||||||||||||||||||
4 |
Шығармашылық тапсырма: Отан менің ------бағым, -------------- да аяладым. Отанымның ақ-------------- ----------таңнан оянамын. Керекті сөздер: тілеп,сондықтан,сая, тілеуін |
3ұпай |
||||||||||||||||||
5 |
Мына ертегіні әрі қарай аяқтап жаз. Ит-жеті қазынаның бірі Ертеде сіңірі шыққан кедей болыпты.Өзінің ішерге асы,киерге киімі болмаса да,итін қумай асырапты.------------------------------------------------------------------------------------------------ |
5ұпай |
||||||||||||||||||
6 |
Ұйқасын тап: а/Тұмсығымен шымшып, ә/Үні ғажап дүлдүл, Құрт тереді------------------ Бақта сайрап---------- |
2ұпай |
||||||||||||||||||
7 |
Жұмбақты шеш: Көмегін көрсетеді ақы алмай-ақ, Алысты жақындатар апармай-ақ. |
2ұпай |
||||||||||||||||||
8 |
Берілген сөздерді алфавит ретімен
жаз. |
2ұпай |
||||||||||||||||||
9 |
Шарадалар: а/Етістікке ал
деген,
ә/Жоғарыда
тұрағы, |
2ұпай |
||||||||||||||||||
10 |
Төмендегі сөздердің мағынасын түсіндіріп бер. «Екі жақты түсіндірме күнделігі»стратегиясы
|
3ұпай |
||||||||||||||||||
|
|
|
Әдебиеттік оқу пәнінен олимпиада тапсырмалары
4-сынып
№ |
тапсырмалар |
ұпайы |
1 |
Жезқазған, Қарағанды, Алтай жер аймақтарын зерттеп, көптеген кен орындарын ашқан қазақтың геолог-ғалымы A) Ә. Тәжібаев B) Ә. Жапаров C) Б. Соқпақбаев D) Қ. Сәтбаев |
2ұпай |
2 |
Ертегінің түрлеріне жатпайды A) қиял ғажайып B) шыншыл C) жануарлар туралы D) аңыз |
2ұпай |
3 |
Тарихта болған адамның басынан өткен жайттар мен қиял-ғажайып оқиғалар араласып келетін шығарма A) батырлар жыры B) халық ауыз әдебиеті C) аңыз D) өтірік өлең
|
2ұпай |
4 |
Есімі Отырар қаласымен байланысты ғұламаны тауып, көрсет A) Қожа Ахмет Йассауи B) Жүсіп Баласағүни C) Махмұд Қашқари D) Әбу Насыр әл-Фараби |
2ұпай |
5 |
Құртқа сұлу баптаған тұлпар A) Байшұбар B) Тайбурыл C) Тарлан D) Жиренкөк |
2ұпай |
6 |
Кейіпкердің ішкі сезімін білдіру үшін өзімен-өзі сөйлескен сөзі A) диалог B) әсірелеу C) монолог D) сюжет |
2ұпай |
7 |
Дұрыс жауабын тауып,мақал-мәтелді аяқта. а/Адамның қай мүшесі батыр,қай мүшесі қорқақ.? ә/Ауыз бен қолды қандай жерде тыю керек?
б/Ер неше рет өледі,қорқақ неше рет өледі?
|
3ұпай |
8 |
Мына сөздердің баламасын тауып жаз: Бармағын тістеді - Кежегесі кейін тарту – Мұзға отырғызу – Төбе шашы тік тұру-- |
3ұпай |
9 |
Берілген үзінді бойынша әңгіменің атын және авторын тап. ...Үрейі ұшқан балапан жүнін үрпейтіп,дуалға жабыса түсті.Әлсіз аяқтары сырғанап,сүріне құлап «Аяшы!» «Атпашы!»деп жалынғандай шыр-шыр етеді.Бірақ безбүйрек Жантас оған құлақ аспады. |
4ұпай |
10 |
Төрт түліктің пірлерін ата Түйе атасы---------------------- Жылқы атасы------------------------ Қой атасы --------------------------------------- Сиыр атасы------------------------------ Ешкі атасы-------------------------------- |
2ұпай |
Дүниетану пәнінен олимпиада тапсырмалары
4-сынып
№ |
тапсырмалар |
ұпайы |
1 |
Әлемнің жеті кереметін атап жаз. |
1ұпай |
2 |
Қазақстанда неше қорық бар?Атауларын жаз |
1ұпай |
3 |
Шипалы су шығатын орын қалай аталады? а/құдық ә/бастау б/арасан в/бұлақ |
1ұпай |
4 |
Қазақстан қай елмен шекаралас? а/Қытай ә/Украина б/Эстония в/Индия |
1ұпай |
5 |
Бос жыныстардың үйінділері қалай аталады? А) Шахта В) Тау С) Террикон Д) Терасса
|
1ұпай |
6 |
Ежелгі адамдардың негізгі кәсібі не
болды? |
1ұпай |
7 |
Адамдардың жануарлардан айырмашылығы: а/дене өлшемінде ә/ойлауы,тік жүруі б/жануарлардан қорғануы в/тұрағын орнату |
1ұпай |
8 |
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар А) тұз, әктас В) алтын, алюминий С) темір, мыс Д) қорғасын, никель |
1ұпай |
9 |
Тау басына жиналған қар мен мұзды не дейді? А) Мұздық ә) Бұршақ б) Шық в) Бұлақ |
1ұпай |
10 |
Күнге ең жақын орналасқан ғаламшар А) Меркурий ә) Шолпан б) Марс в) Плутон |
1ұпай |
|
|
|
Математика пәнінен олимпиада тапсырмалары
4-сынып
№ |
тапсырмалар |
ұпайы |
1 |
Теңдік тура болу үшін тиісті таңбаларды қой. 9 9 9=2 9 9 9=9 |
2ұпай |
2 |
Таңертеңгілік спортшы 45минут бойы стадионда жүгіреді.Егер спортшы өзінің жаттығуын 7сағ.10мин-та аяқтаса,ол сағат нешеде жаттығуын бастаған? |
1ұпай |
3 |
Ұшып келе жатқан 6қаздың жартысы және бір қаз бірінші көлге,ал қалған қаздардың жартысы және бір қаз екінші көлге қонды.Әр көлге неше қаз қонды? |
1ұпай |
4 |
Бес екіліктен қосу амалын қолданып,28санын шығар |
2ұпай |
5 |
Сен нешедесің?-деп сұрағанда Арман:-егер ең кіші үш таңбалы саннан ең кіші екі таңбалы санды азайтып,оннан бір бөлігін тапсаң менің жасымды табасың,-деп жауап берді.Арман нешеде? |
3ұпай |
6 |
Айсбергтің су бетіндегі биіктігі 30метр.Бұл оның жалпы биіктігінің бестен бір бөлігі болса,айсбергтің жалпы биіктігін тап. а/108м ә/6м б/24 м в 150м |
2ұпай |
7 |
Нұртуған мектептен үйге дейінгі қашықтықты адыммен өлшеді.Ол қос-қостан 72рет,үш-үштен 27рет адымдады.Нұртуған қанша адым жасады? а/ 81 ә/225 б/27 в/99 |
2ұпай |
8 |
Бір-біріне қарама-қарсы келе жатқан екі пойыздың арақашықтығы 1200км.Бір пойыздың жылдамдығы-58км/сағ.,екінішісінікі-72км/сағ.3сағаттан кейін бұлардың арақашықтығы қандай болмақ? а/ 810км ә/910км б/820км в/930км |
2ұпай |
9 |
27жылқысы бар үйірден келесі үйірге үштен бірін және екеуін айдап әкетті.Сосын қалған жылқылардың жартысын әкетті.Қанша жылқы қалды? а/ 16 ә/8 б/11 в/6 |
2ұпай |
10 |
Санның екі таңбасының қосындысы 10-ға тең.Егер осы санннан осы санның кері жазғандағы түрін азайтсақ,шешімі 72болады.Алғашқы екі таңбалы санды тап. а/ 91 ә/95 б/ 73 в/82 |
2ұпай |
|
|
|
Эрудит турнирі
4-сынып
№ |
тапсырмалар |
ұпайы |
1 |
Әлемде күнтізбелік жыл 1-қаңтардан басталады.Шығыс күнтізбесінде жаңа жыл қашан басталады? |
1ұпай |
2 |
7 ер баланың бір-бірден қарындасы бар.Жанұяда қанша бала бар? |
1ұпай |
3 |
Аңдар жарақатын неге жалайды? а/ауырғандықтан ә/тез жазылу үшін б/жауынан қорғану үшін |
1ұпай |
4 |
Ең,ең ең.................... Дүниежүзіндегі ең биік тау---------- Дүниежүзіндегі ең халқы көп мемлекет----- Дүниежүзіндегі ең суыққа төзімді құс---- Дүниежүзіндегі ең сүт қоректі------------- |
1ұпай |
5 |
Сәйкестендіру: Аққудың балапаны қонжық Қасқырдың күшігі көгілдір Қаздың балапаны шөнжік,мәулен Жолбарыстың күшігі- мамыр Қабыланның күшігі- мыршай,жаутаң Түлкінің баласы- бөлтірік |
3ұпай |
6 |
Хайуанаттар аналығын атауларын тап. Піл аналығы- Түйенің аналығы Аюдың аналығы- Бүркіттің аналығы Барыстың аналығы |
3ұпай |
7 |
Адамдардың парықсыз қызметі салдарынан өзгелерден көбірек жапа шеккен арал немесе көл? |
1ұпай |
8 |
Аулада тауықтар және иттер жүр.Бала олардың аяқтарын санағанда 10болды,ал бастары 4-еу.Неше тауық,неше ит болуы мүмкін? |
1ұпай |
9 |
Нанды 3бөлікке бөлді.Неше бөлік шықты? |
1ұпай |
10 |
№1,2,3 пәтерде 3мысық тұрады:ақ.қара.сары.№1,2пәтерде қара мысық тұрмайды.Ақ мысық №1пәтерде тұрмайды.Қай мысық қай нөмерлі пәтерде тұрады. |
1ұпай |
|
|
|
Сатыбалды негізгі жалпы білім беретін мектебі
Құрастырған:Темірғалиева Назым Фатихқызы
бастауыш сынып мұғалімі
2016/2017оқу жылы