Өзге ұлт өкілдеріне арналған мектепішілік олимпиада тапсырмасы
9-сынып.
І кезең.
Эссе тақырыптары:
-
Заңды білу-өмір талабы.
-
Ел болашағы- жастар
-
Экология және жердің болашағы.
ІІ кезең. Мәтінді оқып, берілген тапсырмаларды орындаңыз.
Дүниежүзіндегі жеңіл автокөліктер жылына 1 триллион литрдей жанармай жағады. Қазіргі таңда шамамен 806 миллион көлік құралы бар екен. Көліктің саны да, ауаға шығарылатын зиянды газдың көлемі де қарқынды өсіп келеді. Ал оларға қажетті табиғи отынның қоры азайып бара жатыр.
Жердегі қуат көздерін тиімді пайдалануға шындап кіріскен болсақ, әуелі адамзат үшін аса маңызды көлік мәселесін тиімді шешу керек. Ал оның қандай жолдары бар? Көлікте пайдаланылатын биоотынның екі түрі бар: биодизель және этанол. Биодизельмен жүретін көліктер дизельді отын мен өсімдік майының қоспасымен жүреді. Этанолды көлік қант құрағы, жүгері немесе арпа сияқты дақылдардан жасалатын отынмен жүреді. Биоотын да парниктік газдар шығарады, бірақ оның мөлшері табиғи отынға қарағанда аз.
Электр көліктері тек электр энергиясымен қозғалады. Олардың үнемі зарядталатын үлкен аккумуляторлары бар. Олар атмосфераны ластамайды, бірақ қуаты біткен аккумулятор 10 сағатқа дейін күш жинайды және оларды электрмен қамтамасыз ету парниктік газдар шығаратын электр станциялары арқылы ғана жүзеге асады.
Сутегімен жүретін көліктер ең тиімді эко-көлік технологиясына жатады. Сутегімен жүретін көлік шығаратын жалғыз ғана қалдық – су, сондықтан да бұл ең таза экокөлік технологиясы деп танылған. Бірақ, мұндай көліктерді жасау өте қымбат және көпшілікке қолжетімді болғанша көп уақыт керек
1.Сұрақтартаға жауап беріңіз:
-
Биоотынның табиғи отынға қарағанда ерекшелігі қандай?
-
Аккуммуляторды қайтадан қалай зарядтауға болады?
-
Зиянсыз көлік дегенді қалай түсінесіз?
-
Сумен жүретін көліктерді шығаруда қандай мәселелер туындап отыр?
2. Автордың пікірінше, жердегі қуат көзін тиімді пайдалануда көлік мәселесін тиімді шешудің себебі неде? Өз тұжырымыңызды білдіріңіз.
3. Мәтінде қандай мәселелер көтерілді? Мәтіннің негізгі ойы қандай?
Мектепішілік олимпиада тапсырмасы
10-сынып.
І кезең.
Эссе тақырыптары:
1. Қазіргі заманда қандай кәсіппен айналысқан тиімді?
2.Ел ертеңі-жастар.
3.Қазақстандағы экология мәселесі.
4.Көшпенділері мәдениеті-өркениеттің бастауы.
ІІ кезең. Оқылым. Тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап беріңіз
Қазақ әйелдері көйлектің сыртынан камзол киген. Олар көбіне жеңсіз болған. Камзолды барқыттан және басқа маталардан тіккен, оны ілгегі мен ілмегі бар күміс қапсырмамен қапсырған. Әйелдердің ежелгі сырт киімі – ұзын жеңді шапан.
Бас киімдер әйелдердің отбасы жағдайын білдіретін. Қыздардың бас киімі – кестемен тігілген, төбесіне бір шоқ үкі тағылатын тақия. Үкілі тақия – қазақ қыздарының ерекше ұнатып киетін бас киімі. Қыздардың тақиясы қызыл, күлгін, жасыл т.б. түстермен, шұға, барқыт сияқты маталармен тігіледі. Түрлі-түсті моншақ-маржан, алтын, күміс теңгелер және асыл тастармен безендірілген.Үкінің қауырсынын әсемдік үшін тақияның төбесіне қадайды. Бұл қазақ көне діни ұғымға байланысты үкі құсын «қасиетті құс» деп санағанынан пайда болған.
Тұрмысқа шығатын кезде киетін сәукеле – орташа биіктігі 70 см шамасындағы конус тәріздес бас киім. Сәукелеге күміс пластиналар тігіледі. Сондай-ақ кестемен, маржанмен әшекейленеді.
Кимешек – тұрмыстағы әйелдің бірінші баланы босанғаннан кейін киетін бас киімі. Әйелдердің аяқ киімі ерлердікінен ерекшеленбеген. Қыздар мен жас келіншектер биік өкшелі етік кисе, кексе әйелдер аласа өкшелі киген, бірақ көбіне мәсі және оның сыртынан кебіс кигенді тәуір көрген.
1. Мәтіннің негізгі ойы қандай?
2. Жалпы қазақ әйелдерінің ұлттық киімдерінің ерекшелігі неде?
3. Мәтін қай түрде берілген?
А) әңгіме
В) жарнама
С) мақала
Д) эссе
4. Мәтін қай стильде берілген?
А) ғылыми
В) көркем-әдеби
С) публицистикалық
Д) ресми
3. Мәтіннің тақырыбы қандай?
4. Мәтіннің түрі қандай?
5. Мәтін қалай рәсімделген?
6. Мәтінге қатысты өз ойыңызды білдіріңіз. Тақырыпты ескеріңіз және тұжырым жасаңыз.
Мектепішілік олимпиада тапсырмасы
11-сынып.
І кезең.
Эссе тақырыптары:
1.Елдің болашағы жастардың қолында.
2. Мамандықты дұрыс таңдау-болашағыңды дұрыс таңдау.
3. Экология және біз.
4. Туған жерім-алтын қазығым.
ІІ кезең. Оқылым. Тапсырма.
Қазақ киносының алтын ғасыры саналатын 60 жылдар бiздiң кино тарихымызға қайталанбас, құнды туындыларды алып келдi десек артық емес.
Әрине, “Қыз Жiбек” те, “Менiң атым Қожа” фильмi де – классикалық дүниелер. “Мұндай классиканы дүниеге әкелу жүз жылда бiр-ақ жүзеге асады,” - дейдi кейбiр мамандар. Жарайды, классикалық дүние тудыру қиын делiк, бiрақ сарабдал оқырманның көңiлiнен шығар жақсы туынды соңғы он жылда дүниеге келдi деп сенiммен айта аламыз ба?
Бiр кездерi кино өнерiнiң майталмандарының бiрi Мәжит Бегалин: “Мен фильмдi өзiмнiң қазақ көрермендерiм үшiн түсiрем. Ең әуелi менiң фильмiмдi өз елiм қабылдауы керек. Содан кейiн өзге елдер мойындасын,” - деген пiкiр айтыпты. Соған қарағанда, қазақы көрерменге ұнамаған фильмнiң өзге елде неше жерден жоғары атақ алса да, бiр тиындық құны болмайтынын режиссер жақсы түсiнiп отыр. Сондықтан қазақ киносы қазақ көрерменi үшiн түсiрiлуi қажет және әуелгi бағаны да беретiн қазақ көрермені. “Сатайфильм” ұсынған “Рэкетир“, “Ағайынды” немесе “Адасқандар” фильмiн көпшiлiк жылы қабылдады. Қазақ өмiрiнiң сұрқай тiршiлiгi емес, бүгiнгi қоғамның кейбiр келеңсiз әрекеттерi бейнеленген фильмдер қазақ көрерменiнiң сұранысына ие болды. Демек қазақ режиссерлерi жақсы фильм түсiре алады екен.
Елбасымыз “Қазақфильмге” келген сапарында қазақ киносы жастарымызды отансүйгiштiкке, ұлтты сүюге тәрбиелеу керек дегендi қадап айтып едi. Келешек түсiрiлетiн қазақ киносының да өн бойында ұлттық рух, патриотизм болуы шарт. Сонда ғана, бiз кино арқылы өзiмiздi өзiмiз тәрбиелей аламыз. Қазақты ұлт ретiнде сақтаудың да алғышарты қазақ киносында жатыр. Қазақ киносын түсiретiн режиссерлерiмiз де әуелi осыны ескергенi ләзiм.
-
Сұрақтарға жауап беріңіз.
-
«Мен фильмдi өзiмнiң қазақ көрермендерiм үшiн түсiрем. Ең әуелi менiң фильмiмдi өз елiм қабылдауы керек. Содан кейiн өзге елдер мойындасын” деген пікірге не айтасыз?
-
Өзіңізге ұнайтын отандық фильмдеріңіз бар ма? Себебі неде?
-
Мәтін мазмұнының негізгі ойы не?
-
Қазргі қазақ киносына не жетпейді? Өз ойыңызды тұжырымдап жазып кетіңіз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Олимпиада тапсырмалары 9-10

шағым қалдыра аласыз