400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Олимпиадаға тест

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі 2-сынып

1. Қазақ тілінде қанша әріп бар?

А) 25 В) 35 С) 42 Д) 40

2. У дыбысы дауыссыз болатын сөзді белгіле.

А) сурет В) дәулет С) қурай

3. Заттың қимылын білдіретін сөзді тап

А) балалық В) теңіз С) жайлау Д) жүгіру

4. Дұрыс буынға бөлінген сөзді тап

а) құл-ын-шақ ә) құ-лын-шақ б) құ-лы-нш-ақ

5.Дұрыс тасымал жасалған сөзді тап

а) ба-уырсақ ә) бау-ырсақ б) бауы-рсақ



Әдебиеттік оқу 2- сынып

1. Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген кім?

А) А. Байтұрсынов в) Ы.Алтынсарин с) А.Құнанбаев

2. Тұңғыш әліппе оқулығын жазған кім?

А) А. Байтұрсынов в) Ы.Алтынсарин с) Ж.Аймауытов

3. «Көзі моншақтай,

Өзі жұп - жұмыр

Құйрығы шашақтай,

Ерні жып - жымыр» деген жолдарда қай төл туралы айтылған?

А) Бота в) Бұзау с) Құлын

4. «Еңбек байлыққа жеткізер» деген негізгі ойға құрылған ертегіні ата.

А) Қасқыр мен түлкі в) Ұр, торпақ с) Байлық пен ақыл



5. Жан - жануарлар, аңдар жөнінде әңгімеленген ертегіні тап.

А) Байлық пен ақыл в) Аңқау арыстан с) Шибұт, Қылмойын, Қарынбас.



Математика

1. 43 пен 30 сандарының қосындысының мәнін көрсет:

А) 13 в) 46 с) 73

2. Азайғыш – 87, азайтқыш – 80.Айырманың мәнін көрсет.

А) 7 в) 80 с) 87

3. Жоғарғы сөреде 30 стақан тұр, ал төменгіде жоғарыдағыға қарағанда 20 стақан артық. Екі сөреде барлығы неше стақан тұр? Дұрыс жауапты көрсет.

А) 50 в) 100 с) 80

4. 3 ондықта неше бірлік бар?

А) 3 в) 0 с) 30

5. х-3=7 теңдеуіндегі х-тің мәні нешеге тең?

А) 4 в) 10 с) 9



Дүниетану 2-сынып

1). 1. Адам қолымен не жасалады?

а) ағаш, құс, шөп ә) үстел, машина, есік б) ауа, үстел, жаңбыр

2. Сезім мүшелері

а) бас, тұлға ә) көз, мұрын, құлак, тіл б) қол, аяқ, бас

3. Егістікке қарды не үшін тоқтатады?

а) Көктемде өсімдіктерге ылғал көп болу үшін. в) Топырақ үсіп кетпеуі үшін.

с) Су тасқынын болдырмау үшін.

4. Адам тіршілігіне ең қажетті жағдайлар?

А) Ауа, су, тамақ, жылу, жарық. В) Доп, машина, компьютер, телефон, велосипед.

С) Кітап, дәптер, қалам, сызғыш, бор.

5. Қысты ұйқымен өткізетін жануарлар:

А) Аю, борсық В) Түлкі, қасқыр С) Тышқан, суыр





Қазақ тілі 3-сынып

1. Түбір сөзді тап.

а) әнші б) кітап с) кәсіпкерден

2. Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай табамыз?

А) оқимыз Ә) сұрақ қоямыз Б) жазамыз

3. Сөйлемнің ережесін тап.

А) Сөйлем аяқталған ойды білдіреді б) Сөйлем бірнеше сөздерден құралады.

с) Сөйлемнен соң тек қана нүкте қойылады.

4. Ұяң дауыссыз дыбыстар қатарын тап.

А) б,в,г,ғ,д,ж,з Ә) т,п,с,х,а Б) м,н,г,о,к

5 Мәтін дегеніміз не?

А) Өз ойыңды жүйелі жеткізу в) жазбаша немесе ауызша ойды жеткізу.

с) Аяқталған ойды білдіреді



Әдебиеттік оқу 3-сынып

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңін кім жазған?

А) Ілияс Жансүгіров В) Ыбырай Алтынсарин С) Абай Құнанбайұлы

2. Мәтіннің тақырыбы дегеніміз - .......

А) Мәтіннің атауы Б) Мәтіндегі оқиға желісі В) Мәтіндегі кейіпкерлер сөзі.

3. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қой:

«.....- өшпес жарық, кетпес байлық».

А) Байлық б) Мектеп, кітап с) Даналақ

4. Қазақстан туындағы еркіндіктің, тәуелсіздіктің, бостандықтың,жомарттық пен қырағылықтың нышаны.......

А) Күн Б) Қыран В) Жұлдыз

5. Елтаңбадағы « Отан от басынан басталады» деген киелі ұғым не арқылы бейнеленген?

А) Тұлпар б) Шаңырақ с) Күн



Математика 3-сынып

1. Сан қатарын жалғастыр. 0, 3, 6, 9,...

A) 12, 14, 16, 18, 20. B) 12, 15, 18, 21, 24, 27, 30. C) 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20.



2. Х - пен 14 - тің қосындысы 60 - қа тең. Х нешеге тең?

A) 46 B) 64 C) 74

3. Бірінші орамда 81 м мата, ал екінші орамда одан 25 м артық мата бар. Екі орамда барлығы неше метр мата бар?

A) 106 м мата B) 187 м мата. C) 56 м мата.

4. (355 - 138)+657=?

A) 217 B) 614 C) 874

5. Қабырғаларының ұзындығы 17 см, ал ені 12 см болатын тік төртбұрыштың периметрін тап.

A) 58 см B) 29 см C) 54 см.





Дүниетану 3-сынып

1. Тірі табиғат дегеніміз - ...

а) ағаш, адам, аңдар в) жұлдыздар, қар, жел с) жануарлар, өсімдіктер

2.Мына сөйлем қай жыл мезгілін суреттеп тұр?

Бояу қылқаламсыз келіп, барлық жапырақтарды бояп шықты.

а) кыс в) көктем с) күз

3.Ауа температурасын ненің көмегімен өлшейді?

а) барометр в) тұсбағдар с) термометр

4.Ағаштың топырақ астындағы бөлігі - ..

а) жапырақ в) тамыр с) дің

5.Қыста жеміс ағаштарының түбіне қарды неге үйеді?

а) Атыздар таза болу үшін. в) Тышқандарға жылы болу үшін. с) Ағаштың тамыры үсіп кетпес үшін.

Қазақ тілі 4-сынып

1. «Сұлу» сөзінің синонимін табыңыз.

А) Әдепті. В) * Әдемі. С) Сыпайы.

2. «Домбырашылардан» деген сөзде неше қосымша бар?

А) 2 В) 3 С) 4

3. Туынды зат есімді анықтаңыз.

А) * Оқытушы В) Ғалым С) Ел.



4. Тек үнді дауыссыздары бар сөзді табыңыз.

А) Сапар В) * Айман С) Аймақ



5. Реттік сан есімді табыңыз.

А) Он бір В) Он - он бес С) * Он бірінші.



Математика 4-сынып

1. Теңдеуді шеш: х+(345-15)=856

А) 526 в) 562 с) 652

3. Граммен өрнекте: 200кг 200г

А) 200200г в) 20020г с) 20200г

3. Жүргіншілер 94 км жүргеннен кейін демалыс жасады. Одан кейін демалысқа дейінгіден 12км кем жүріп, түнеуге тоқтады. Олар енді әлі 2 есе артық жол жүрулері керек. Саяхатшылар жоспарлаған жолдың қашықтығын тап.

А) 352 км в) 528 км с) 446 км

4. Бірінші кластың 4 бірлігі және екінші кластың 8 бірлігі бар сан

А) 804 в) 8004 с) 80004

5. Тік төртбұрыштың ұзындығы 8 см, ені одан 2 есе қысқа. Осы тік төртбұрыштың ауданын тап?

А) 16 см2 В) 24 см2 С) 80 см2 Д) 32 см2



Әдебиеттік оқу 4-сынып

1. «Адам да мал да өзінше

Жүр жадырап далада.

Жаңа жылды қарсы ап тұр

Кәрі де, жас та, бала да» - деген өлең жолдарында қай жыл мезгілі туралы айтылып тұр

А) көктем в) күз с) жаз

2. Ертегінің түрлеріне жатпайды

А) қиял ғажайып в) жануарлар туралы с) аңыз әңгімелер



Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға жұрыс жауап беріңіз».

Сиқырлы күрек

Ертеде бір шаруа болады. Оның үрерге иті де болмайды. Байдың қойын бағып, отымен кіріп , күлімен шығып, адал еңбегімен күнелтеді. Бар сүйеніші жалғыз ұлы екен.

Ұлы он екі жасқа толғанда, шаруа кенеттен ауырып қалады.

Ойнап жүрген баласын шақырып алып, былай дейді: -Балам, мен енді көп ұзамаймын, дегенмен құр қол да емеспін. Саған бір сиқырлы күрек қалдырып барамын. Ол күрек кебеженің ішінде жатыр. Күректі мен өткеннен соң ал да, Мүктікөлде тұратын бағбан қартқа бар. Ол күректі жақсылап саптап береді. Сол күректен сен бақытыңды табасың.

Шаруа дүниеден өтеді. Уақыты келе баласы ескі кебеженің түбінде жатқан, тот басқан күректің басын тауып алады. Оны Мүктікөлдегі қартқа алып келеді. Әкесінің дүниеден озғанын естіртіп, сиетін айтады. Қарт баланың күрегін жақсылап саптап беріп тұрып: -Әкеңнің маған келіп күрегіңді саптап ал деп айтқаны, сені маған тапсырып кеткені екен. Сен енді менің ақылымды тыңда. Мына күрекпен жер қазып, мен нені ек десем, соны ек, нені отырғыз десем, соны отырғыз, - дейді. Бала ерінбей күні-түні жер қазып, түрлі жеміс отырғызады. Мол жылы жаз жаңбырлы болып, жемісі бітік шығады. Бала алған мол өнімін көрші қаладағы базарға апарып сатып, басына үй тігіп, алдына мал салады.

3. Әкесінің баласына қалдырған құрал-сайманы

А) күрек в) тырма с) кетпен



4. Ертегінің негізгі ойын айқындайтын мақал-мәтел

А) Еріншектің ертеңі бітпес, Жеңілтектің селтеңі бітпес.

В) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

С) Мал баққанға бітеді.



5. Күрек арқылы әкесінің перзентіне өсиет еткісі келгені

А) қазу в) күреу с) еңбектену





Дүниетану 4-сынып

1. Ауаны тазартудың ең тиімді жолы

А) көгалдандыру В) тазаландыру С) тозандандыру Д) қондырғыдар орнату



2. Судың қасиеті

А) мөлдір, иіссіз, түссіз В) ақ, таза С) жылт – жылт Д) сүттей ақ



3. Өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайларды белгіле

А) ылғал, топырақ В) тамақ, ауа, күннің көзі С) су, тамыр, көлеңке

Д) ауа, ылғал, жылу, жарық, көлеңке



4. Табиғаттағы судың күйі

А) көгілдір, қатты В) сұйық, қатты, газ С) таза, мөлдір, бос Д) суық, сұйық, ақ



5. Желтоқсан оқиғасының құрбаны

А) Төлеген Тоқтаров В) Сұлтан Баймағамбетов

С) Қайрат Рысқұлбеков Д) Әлия Молдағұлова

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
21 қазан
658
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі