400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Олимпиадалық есептерді шешу

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мұғалімдерге сабақ барысында пайдалануға тиімді деген ойдамын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары Тексерілді:

Күні:

6.03.2019 ж.

Мектеп: №21 ЖОМ

Мұғалімнің аты-жөні:

Искабекова Рима Есенбекқызы.


Сынып: 6 «в»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Олимпиадалық есептерді шешу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Өткенді ескеалу арқылы олимпиадалық есептерді шешу;

Көбейткіштерге жіктеу арқылы өрнектерді шешу.

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларға есептерді шешуді үйрету.

  • Көбейткіштерге жіктеу арқылы өрнектің мәнін табуға дағдыландыру.


Бағалау критерийлері

  • Өрнектердің мәнін табады;

  • Тест тапсырмаларын орындайды.

Тілдік мақсаттар

Терминология: өрнектің мәні, белгісіз сан.

Құндылық-тарға баулу

Бірлескен жұмыста оқушылардың бір-біріне деген сыйластығын арттырып, белсенді әрекеттер арқылы белсенді азаматтық көзқарасты тәрбиелеу.


Пәнаралық байланыс

«Су асты әлемі» деп аталатын тапсырмасында сурет пәнімен байланыс орнатылады. Тапсырманы орындай отырып оқушылар суасты әлеміне барып қайтқандай әсер алады, пәнге деген қызығушылықтары артады.


Алдыңғы білім

«Шахеризада санын» пайдаланып есеп шығару

Саралау

Қолдау тұрғысынан жасалады: бір тапсырма беріледі, алайда оны орындауда оқушыларға әртүрлі қолдау жасалады. Диалогта оқушылардың деңгейіне қарай жетелеуші, бағыттаушы, түрткі сұрақтар қолданылады.


Бағалау

Оқушылардың жұмысын бақылау, оларға қосымша сұрақтар қою, диалогқа тарту, кері байланыс беру.


Сабақ барысы



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

6 минут

Ұйымдастыру кезеңі: Сыныптың сабаққа даярлығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа кешікпеуін қадағалау. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Үй тапсырмасын тексеру. Қателермен жұмыс жасау. Дайын жауаптар арқылы өзін-өзі бағалау.


Презентация

Сабақтың ортасы

5 минут


Жаңа сабақ:

  1. Сабақтың тақырыбын жариялау.

  2. Оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылау.

  3. Күтілетін нәтижелерге тоқталу.


Презентациядағы мысалдар қарастырып, сұрақ қою арқылы жаңа сабақ түсіндіріледі. Тақырыптың мағынасын оқушылар диалогқа араласа отырып өздері ашады.



Презентация



8 сынып, Алгебра оқулығы,

Алматы «Мектеп» 2018 ж.

10 минут

«Щахеризада саны» әдісі.

Оқушылар топпен жұмыс жасайды.


Есептеңіз:

101101*999-101*999999


Шешуі: 101101*999-101*999999=101*1001*999-101*1001*999=0


Жауабы: 0


Тапсырма № 1.

Өрнектің мәнін табыңыз:

26•25-25•24+24•23-23•22+22•21-21•20+20•19-19•18+18•17-17•16+16•15-15•14


Шешуі:

26•25-25•24+24•23-23•22+22•21-21•20+20•19-19•18+18•17-17•16+16•15-15•14=
25(26-24)+23(24-22)+21(22-20)+19(20-18)+17(18-16)+15(16-14)=2•(25+23+21+19+17+15)=2•(40+40+40)=2•120=240

Жауабы: 240


Әр нұсқада бір мықты оқушы тапсырманы берілген парақшаға орындайды. Қалған оқушылар дәптерлеріне жазады. Соңында салыстырылады, талданады.


Қосымша 1


Кеспе парақтары, презентация








Тапсырма №2

Жжұптық жұмыс. Тест жұмысы. Олимпиадалық есептер


Тест тапсырмасын оқушылардың барлығы орындай алуы керек.


Мұғалім аралап жүріп тексереді, қолдау қажет болса жетелеуші сұрақтар қойып отырады.


Тапсырма№3

Жеке жұмыс.

Оқушылар адасқан сөздер арқылы ережелерді құрастырады.


Адасқан сөздер
1)Егер , дұрыс бөлшек, алымы , кіші болса, бөлімінен ,бөлшектің , онда ,аталады, деп,бөлшек.
2) Егер ,бөлімінен, бөлшек, бұрыс бөлшек, алымы , үлкен, бөлшектің ,аталады, болса, деп,онда.
3) Бүтін ,аралас сан, бөліктен , және , бөлшек ,бөліктен, сан, деп , аталады ,тұратын.



















Қосымша 3

7 минут

Сабақты бекітуге арналған тапсырмалар

Тапсырма№4

Бағалау: мұғалімдер аралап жүріп тексереді, кері байланыс береді.


Тапсырма №5

«Суасты әлеміне саяхат» тапсырмасы. Оқушылар есептерді шығару арқылы суретті бояйды.

Қосымша 4

5 минут

Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау. Кері байланыс. «Бес саусақ» әдісі.


Сабақтың соңы

3 минут

Сабақ бойынша рефлексия. Стикерлерге пікірлер қалдырады.





Қосымша ақпарат


Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

Сынып топтық жұмысқа ыңғайлы түрде жабдықталады. Оқушыларға «Go to» тапсырмасы қабырғаларда ілулі парақшаларда беріледі, яғни оқушылар жүріп есеп шығарады. Партада дұрыс отыруы қадағаланады. Белсенді топтық жұмыс орындатылады. Техника қауіпсіздік ережелерін сақтауы қадағаланады.


Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Біз жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Біз берілген уақыт ішінде үлгердік пе?



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?

1:

2:




































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
6 наурыз
915
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі