400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Олимпиадалық тапсырмалар 5сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Олимпиадалық тапсырмалар 5-сынып оқушыларына арналған. Тапсырмалар оқылым, жазылым, тыңдалым бөліктерінен тұрады. Оқылым бөлігінде мәтінмен байланысты 4 сұрақ құрастырылған. Жазылым бөлігі тест сауалнамалардан тұрады. Тыңдалым бөлігінде мәтінді тыңдап 10 сұрақ бойынша жұмыс істейді. Бұл тапсырмалар оқушылардың қызығушылықтарын арттырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

5 – сыныпқа арналған мектепішілік олимпиадалық тапсырмалар

Оқылым бөлігі

Оқыңыз.

Қазақ музыка мәдениеті тарихында домбыра ел ішінде кең таралған музыкалық аспап ретінде ертеден белгілі.

Домбыра халқымыздың тарихи өмір жолымен тығыз байланысты. Ол халық әндерін сүйемелдеуге және күйлер тартуға қолданылады.

Қазақ халқының небір ән-күйлері мен жыр-дастандары кейінгі ұрпаққа осы домбыра арқылы жеткен. Қазір оркестрге лайықталып жасалған домбыраның прима, тенор, бас сияқты түрлері өмірге келді. Осы секілді он тоғыз пернелі жетілдірілген жаңа домбырамен нотаға жазылған кез келген музыкалық шығарманы орындауға болады.

(«Ұлттық саз аспаптары» кітабынан 73 сөз).


1. Мәтін не туралы?

А) мәдениет

В) халық мәдениеті

С) домбыра

D) жетіген


2. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз.

Домбыра ел ішінде кең таралған музыкалық аспап ретінде ертеден белгілі.

А) ғасырлардан

В) ескіден

С) баяғыдан

D) замандардан


3. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз.

Осы секілді он тоғыз пернелі жетілдірілген жаңа домбыра.

А) үшін

В) тәрізді

С) туралы

D) турасында


4. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз.

Қазір оркестрге лайықталып жасалған домбыраның түрлері бар.

А) лайықты

В) лайық

С) арналып

D) арналатын







2) Берілген 4 тапсырмаға жауапты 4 нұсқадан (А, В, С, D) табыңыз.

Үлгі:

1. Маржан қазақша жақсы жаза, ... А) оқу

2. Сен мына кітапты ... В) оқи алады

3. Дастан мына журналды ертең ... С) оқиды

4. Жақсы ... міндетің D) оқыдың ба?

Жауаптары: 1 – В; 2 – D; 3 – С; 4 – А.

Жауаптарын оң жақ нұсқадан таңдайсыз.

Дұрыс нұсқасын таңдаңыз.

1. Мен ... жиі барамын A) жаңа бассейн туралы

2. Біз ... туралы айттық B) бассейнге

3. Менің танысым ... жұмыс істейді. C) бассейнде

1. - ... 2. - ... 3. - ... D) бассейнмен


4. Айжанға менің ... ұнайды. A) ағам туралы

5. Ол хатында ... жазды. B) үлкен ағам

6. Біз көрмеге ... бірге бардық. C) ағаммен

7. Мен ... кітап сатып алдым. D) ағама

4. - ... 5. - ... 6. - ... 7. - ...


8. Назым ... танысты. A) белгілі жазушымен

9. Біз ... гүл сыйладық В) белгілі жазушыға

10. Менің досым – .... C) белгілі жазушы

11. Мен көрмеде ... кездестірдім. D) жазушыны

8. - ... 9. - ... 10. - ... 11. - ...


12. Мен мұражайда ... кездестірдім. A) досым туралы

13. Мен .. бірге ән айтуды жақсы көремін. В) менің досым

14. ... осы жерден ылғи гүл сатып алады. C) досымды

15. Айдос менен ... жиі сұрайды. D) досыммен

12. - ... 13. - ... 14. - ... 15. - ...


16. Студенттер ... шықты. A) соңғы лекция

17. Жанар соңғы ... болды. В) соңғы лекцияда

18. Бүгін бізде ... болмайды. C) соңғы лекциядан

19. ... сағат 14-те басталады. D) соңғы лекция

16. - ... 17. - ... 18. - ... 19. - ....


20. Біз ... айттық. A) осы кітаптан

21. Маған осы ... беріңізші. В) осы кітап

22. Маған ... өте керек. C) осы кітапты

23. Мына ақпаратты ... оқыдым D) осы кітап туралы

20. - ... 21. - ... 22. - ... 23. - ...


24. Менің інім ... туған. A) көктем

25. Бұл өлеңдер ... В) көктемде

26. ... жылдың ең жақсы мезгілі. C) көктем туралы

24. - ... 25. - ... 26. - ...



27. Жазда Айдос ... барады A) әкесі туралы

28. Менің досым ... өте жақсы көреді. В) әкесіне

29. Ол ... жиі айтады. С) әкесін

27. - ... 28. - ... 29. - ...




Тыңдалым

1-тапсырма.Аудиомәтінді тыңдап, берілген нұсқалардың ішінен дұрыс жауапты таңдаңыздар.

1. Анна қандай мұражайға барды?

а) музыкалық

в) ұлттық

с) қалалық

2. Ол мұражайдан қандай әсер алды?

а) онша емес

в) ұнамсыз

с) ерекше

3. Ұлттық мұражайдан не туралы білуге болады?

а) кинолар, мультфильмдер, спектакльдер туралы

в)тарих, мәдениет туралы, материалдық және рухани құндылықтар туралы

с)ойындар, билер, әндер туралы

4. Анна үшін қандай экспонаттар таңсық болды?

а) қару-жарақтар, киімдер

в)киіз үй және оның ішкі жабдықтары

с) суреттер мен мүсіндер

5. Аннакиіз үйді...

а) бұрын көрген

в) бұрын көрмеген

с) алғаш рет көріп тұр

6. Аннамұражайдакиіз үй туралы нені көбірек білді?

а) киіз үй туралы салт-дәстүрлерді

в) адамдардың қалай отыратынын

с)құрылысы, ішкі жабдықтары туралы

7. Киіз үй ... өмірге аса ыңғайлы.

а) қазіргі

в) көшпелі

с) отырықшы


8. Аннаға ұлттық киімдер қандай болып көрінді?

а) қарапайым

в) салтанатты

с) тар

9. Анна мұражайдағы зергерлік бұйымдарды қалай бағалады?

а) мүлдем көрікті емес

в) қарайтын түгі жоқ

с)нағыз шеберліктің үлгісі

10. Анна ұлттық мұражай туралы ... лебіз білдірді?

а) жылы

в) суық

с) өткір


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
8126
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі