жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ӨЛКЕМНІҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫ – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ НЕГІЗІ
ӨЛКЕМНІҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫ – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ НЕГІЗІ
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық
мақаласында жаһандық бәсекелестік барысында білім саласының алдына бірқатар міндет
қойып, өскелең ұрпақтың өмір талабына бейімделуіне баса назар аударған болатын.
«Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға елім деген әр азамат өз үлесін қосуда. Халқымыз
«Отан отбасынан басталады» дейді. Яғни, Отанды сүюдің іргетасы алдымен туған жерге деген
сүйіспеншіліктен қаланады. Сондықтан мемлекет басшысы ұсынып отырған «Туған жер»
бағдарламасын көп болып, қолдап алып кету керек. Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды
өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға
баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына
келтіруді көздейді.
Бүгінде Қызылорда облыстық тарихи ескерткіштерді қорғау мемлекеттік мекемесінің мәліметі
бойынша Сырдария ауданында республикалық маңызы бар ескеткіштер саны 2, жергілікті
маңызы бар ескерткіштер саны 20, алдын ала есепке алынған ескерткіштер саны 39 болып тұр[4].
Сонда ауданда барлығы 61 ескерткіш тіркеулі. Қазіргі кезеңде «Мәдени [ескерткіштерді сақтауға
үлкен мән беріліп отыр. Бұл-Сыр өңірінің қазақ өркениетінің бастауы екендігін айқындай түседі.
Сырдария ауданы жеріндегі көне қалалар ұлттық мәдениет пен өнердің ертеден қалыптасқанын
көрсетеді. Демек, Сыр өңіріндегі ежелгі қалаларды зерттеу-тарихымызды тереңдетіп қана
қоймай, ұлттың ұлылығын көрсететін мәдени мұрамыз деп білеміз.
Бүгінгі Сырдария ауданы жеріндегі ғасырлар қойнауынан жеткен тарихи-мәдени ескерткіштер
шын мәнінде кімге болса да ғажайып әсер қалдырады. Бүтін бір халықтар мен мемлекеттердің
гүлдену мен құлдырау кезеңдерін бастан өткерген, тарихтың бізге беймәлім жұмбақ сырлары
тұнған бұл мұралар қазақ халқы ата-бабаларының өткен өмірінің тілсіз куәгерлері болып қала
береді.
Патриотизмнің ең жақсы үлгісі колледждерде туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі.
Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының
төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана,
ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас
ұрпақ біліп өсуге тиіс. Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де, туған жерлерін ұмытпай, оған
қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды
ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл — қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы
мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек. Үшінші, жергілікті билік «Туған
жер» бағдарламасын жинақылықпен және жүйелілікпен қолға алса, осы арқылы қалаларды
көгалдандыруға, мектептерді компьютерлендіруге, жергілікті жоғары оқу орындарына демеушілік
жасауға, музейлер мен галереялар қорын байыта түсуге болады. Қысқаша айтқанда, «Туған
жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады. Туған жерге деген
сүйіспеншілік Туған елге — Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады.
Қазіргі таңда білім жүйесіне қойылып отырған қоғамдық-әлеуеттік сұраныс талабы да жоғары.
Оқу орнында тәрбиенің әлеуметтік статусын көтеру, жастардың интеллектуалдық жетістіктерін
көрсетулеріне мүмкіндік жасау, дені сау, тәні таза, рухани ойлау дәрежесі биік, еңбекқор,
қоғамға қажетті дағдылары қалыптасқан, саяси мәдениетті, сыни көзқарасы бар, өздігімен саяси
таңдау жасай алатын белсенді, азаматтық позициясы қалыптасқан жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Осы мақсатта колледжде Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие
тұжырымдамасының нақты 12 бағыты бойынша жұмыс жасап келеді. Мұндағы бағыт тәрбиелік
шаралардың мазмұнын жетілдіру және сапасын арттыру болып саналады. Төмендегі кестеде:
70
Қоғамдық ұйымдар мен үйірмелерде жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру: тәрбие
жұмыстары сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жұмыс деп аталады. Бұл мұғалім сабақ үстінде
жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен балалардың
таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың бір нәрсеге қызығушылығы
мен ынтасын оятудың құралы ретінде қызмет атқарады, ол оқушылардың бос уақытын
ұйымдастырудың және олардың адамгершілік мінез құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың
формасы болып табылады.
Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие гуманизмге,
қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін
сақтауға және оны дамытуға, Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге
негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, құқықтық және полимәдениетті,
ұлт аралық мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастыруы тиіс.
Қоғамдық ұйымдар мен үйірмелерде жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру барысында
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өлкетану» базалық жобасы бойынша колледжімізде
«Яксарт» өлкетану үйірмесі жұмыс жасап келеді.
Үйірменің мақсаты: Дүниежүзілік танудағы адамзаттың орны ерекше екендігін, ол жасаған
бүкіл әлемдік құндылықтарды (өндірістік, саяси, мәдени және әлеуметтік салалардағы
жетістіктерді) білетін және оларды өз өлкесінің дамуы үшін пайдалануға ынталы, жан-жақты
жетілген, өзінің тарихи тамырларын, қоғамдағы орнын түсінетін белсенді азамамттарды
қалыптастыру.
Міндеті: Оқушыларға өз өлкесінің тарихы мен мәдениетіне, өркениеттің қайталанбас
ғажайып үлгілерінен ұрпақтарына қалдырған бабалар даналығы мен бейбіт жасампаздық
құндылықтарына қызығушылығын арттыру және құрметтпен қарастыру, оқушылардың тарихи
білімді шығармашылықпен қолдану, тарихи деректермен жұмыс істеу, тарихи оқиғалар
мен құбылыстарды салыстырмалы талдау негізінде ой елегінен өткізе білу дағдыларын
қалыптастыру.
71
«Яксарт» үйірмесі құрамындағы білім алушылардың жұмыс жасау бағыттары және осы
бағыттар бойынша атқарылатын жұмыстардың күтілетін нәтижелері.
Яғни, сабақ барысында оқушылар аймақтың қалыптасуы, табиғи-географиялық
ерекшеліктері және туған өлкенің жалпы тарихынан мол мағлұмат алады. Бұдан бөлек, туған
өлкеге экскурсиялық саяхатты қамтыған әлеуметтік маңызы бар 10 жоба шеңберінде облыстың
5 мың оқушысы Қорқыт ата мемориалды-туристік кешеніне, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет
Яссауи кесенесі, Арыстан баба кесенесіне, Сығанақ ескі қорымдарына саяхаттап қайтты.
Олар тарихи мәдени ескерткіштермен және мұрағаттармен танысып, туған жердің таңғажайып
сырларына қанықты.
Колледж базасындағы 1-2 курс студенттеріне ел тарихындағы ежелгі қалалардың орнына,
тарихи-өлкетану музейлеріне, киелі орындарға туристік іссапарлар тұрақты ұйымдастырылып
келеді.
Осы орайда облыс, республика аумағында ұйымдастырылған 646 туристік сапарға барлық
облыс көлеміндегі білім беру басқармаларының техникалық және кәсіптік білім беру оқу
орындарының оқушылары қамтылған. Жалпы, «Өлкетану» базалық жобасын жүзеге асыру
барысында колледж оқушыларын түгел қамтуға қажетті шаралар ұйымдастырылып отыр.
Алты Алашқа ана болған Сыр өңірінің бас қаласы – Қызылордаға 200 жылдық мерейтойға
байланысты облыстық мұрағатпен байланыса отырып, «Қызылорда – кеше, бүгін, ертең»
тақырыбындағы тарихи танымдық шараға саяси, рухани және мәдени орындарға саяхат
сабақтарын жүргізу жоспарлануда. Жоба аясында оқушының білім сапасын жетілдіруіне,
сабақтан тыс уақытын тиімді өткізуіне лайықты жағдай жасалып, олардың болашаққа қажетті
мамандық таңдауына барынша көңіл бөлінеді. «Қазақылықтың қайнары, Алаштың – Ақмешіті
атанған бұл қала, кешегі өткен алаш қайреткерлері мен ұлт зиялыларының басын қосқан киелі
мекен, қазақ тарихындағы талай бастамалар мен тың жаңалықтардың қасиетті ордасы. Тарих
қойнауында қатпарлы ізі қалған талай оқиғаның құрбанына айналған жандарға пана болған, сан
ұлт пен ұлысты жатсынбай бауырына басқан алты Алаштың анасы, Сыр өңірінің бас қаласы
– Қызылорда қаласының 2 ғасырлық тарихындағы жетістіктері мен айтулы кезеңдері туралы
кеңінен насихаттау.
Қадым заманнан мұқым қазаққа ана да, пана да болған Сырдарияның бойын жағалаған
қасиетті топырақта ашылмаған қаншама сыр жатыр. Осындай, ұлт тарихындағы ең айтулы
кезеңдерді бастан кешірген, қазақ елінің қасиетті мекендерінің бірі – Қызылорда туралы өткеніміз
бен бүгініміздің бағасын айқындап, болашақ ұрпаққа мол рухани азық болатындай осындай
72
тағылымы мол танымдық шараларды өткізудің маңызы зор. Расында, қаймағы бұзылмаған
қазақ халқының қасиетті мекеніне айналған, Сырдария жағалауындағы шырайлы шаһардың
өткені мен бүгіні тарихта алтын әріптермен жазылмақ. Білім алушылардың әлеуметтік нормалар
мен дүниетанулық құндылықтардың тарихи тамырын білуі, өз халқының тарихи тәжірибесін
түсінуі саналы түрде ұлттық бірегейлікті анықтауына мүмкіндік береді. Білім алушылардың өзін
тұлғалық анықтауы ұлттық мәдениет пен тарихи дәстүрді қабылдауымен тығыз байланысты.
Бұдан шығатын қорытынды, рухани жаңғыру талабына сәйкес қазіргі қоғам мен өткенді
байланыстыратын тарихи сана өскелең ұрпаққа бүгінгі күнгі оқиғалардың мәні туралы түсінік
қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Әдебиеттер тізімі:
1. Сыр елі. Қызылорда обл. энциклопед. - Алматы, 2005. - 496 б.
2. Сырдария (Тереңөзек) ауданы. - Алматы, 2009. - 18 б.
3. Қоңыратбаев Т. Ертедегі ескерткіштер. - Алматы, 1996. - 36 б.
4. Қызылорда облыстық тарихи ескерткіштерді қорғау мекемесінің мәліметі
5. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 10 қаңтар.
«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»
6. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 12 сәуір 2017 жыл.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы.
Аңдатпа. Мақалада колледж базасындағы өлкетану үйірмесінің нәтижесі баяндалады,
сонымен бірге туған өлкенің, жергілікті жердің тіпті, аймақтың өз ерекшеліктерін, табиғатын,
тарихын, халқы мен тұрмысын сипаттайтын факторларды зерттеп, оны жас ұрпақ тәрбиесінде
пайдалану туралы айтылады. Өлкетану жұмыстары тұлғаның дүниеге деген дұрыс көзқарасын
қалыптастыру мен сенімін нығайтуға негіз болады. Өлкетану арқылы жастарды отансүйгіштікке
тәрбиелеудің бір жолы-туған аймақтың археологиялық ескерткіштерімен таныстыру. Әрбір жас
өзінің кіші Отаны - туған аймағында тарихтан қалған қандай жәдігерлер барын, олардың мән-
маңызын білгенде ғана туған өлке тарихын білуге, құрметтеуге деген сезімі оянады.
Аннотация. В статье излагаются результаты регионального кружка на базе колледжа, а также
исследуются факторы, характеризующие природу, историю и людей на родине, и регионе и ее
использование в воспитании подрастающего поколения. Местные исследования послужат
основной для формирования позитивного взгляда на личность и укрепления доверия. Одним
из способов воспитания патриотизма молодежи является ознокомление с археологическими
памятниками региона. Каждый молодой человек пробуждается, чтобы знать и уважать историю
своей родины только тогда, когда он узнает о сущности истории своей родины.
Abstract. The article describes the results of the regional circle on the basis of the college, as
well as factors characterizing the nature, history and people in the homeland and the region and its
use in the upbringing of the younger generation. Local research will serve as the basis for forming a
positive outlook on the individual and building confidence. One of the ways to educate the patriotism
of young people is to update the archaeological monuments of the region. Every young man wakes
up to know and respect the history of his motherland only when he learns about the essence of the
history of his motherland.
Түйін сөздер: Өлкетану, мәдени құндылық, полимәдениеттік тәрбие, тұтынушы қоғам,
тарихи археологиялық ескерткіштер және мәдени ескерткіштерді қорғау, мәдени мұраны таныту.
Ключевые слова: Местная история, культурная ценность, многокультурное образование,
потребительское общество, исторические археологические памятники и охрана культурных
памятников, культурное наследие.
Key words: Local history, cultural value, multicultural education, consumer society, historical
archaeological sites and the protection of cultural monuments, cultural heritage.__

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген