жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Өлкетану зертханасы: туған жерді танып-білу»
БАҒДАРЛАМА элективті курс
«Өлкетану зертханасы: туған жерді танып-білу»
10-11-сынып оқушыларына арналған аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат
Ақышев Руслан Жұмаханұлы
Ұлытау облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімінің
«Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-лицейі»
КММ-нің география пәні мұғалімі
Пікір жазғандар:
Абеужанова А. Б. Қарағанды облысы Шет ауданы Ш. Уәлиханов атындағы ЖББМ. География пәні мұғалімі Педагог-зерттеуші.
Кусаинова Г. Ж. Қарағанды облысы Шет ауданы Ақжал НОМ.
География пәні мұғалімі Педагог-зерттеуші.
Түсініктеме хат мазмұны
«Өлкетану зертханасы: туған жерді танып-білу» даму тұжырымдамасы - биосфера мен антропогендік жүйе арасындағы қатынастардың жалпы заңдылықтарын, табиғи, әлеуметтік ортаның адамдар тобына әсерін, өмір сүру жағдайларын және адамдардың күнделікті өмірін зерттейтін күрделі пән. Табиғат пен адам арасындағы үйлесімділікке тұрақты даму моделінің шеңберінде қол жеткізу адам өзінің іс-әрекетінің айқын көрсетілген экологиялық бағытын анықтайтын, өзін-өзі дамытуда экологиялық және әлеуметтік жетілуге жеткенде ғана мүмкін болады. Мұны табиғатты маңызды жеке басымдылықтар мен құндылықтар қатарына қосатын құндылық бағдарларының, дүниетанымдық ұстанымдарының кешенділігі қамтамасыз етеді, бұл адамды өзінің қызметі мен өзін-өзі дамытуында табиғатпен тығыз байланыс, кең және үйлесімді өзара әрекеттесуге бағыттайды. Сондықтан «Өлкетану зертханасы: туған жерді танып-білу» элективті курсы міндетті түрде адамның қоғамдағы өмір сүру жағдайлары мен өмірін, «адам-табиғат» және «қоғам мен табиғат» жүйелеріндегі қатынастар кезеңдерін, адамдардың денсаулығына байланысты мәселелерді және оған қоршаған ортаның әсері, экологиялық мәдениет пен демография, урбандалу, экологиялық білім, экологиялық құқық және басқа әлеуметтік -экономикалық мәселелерді қамтиды.
Ұсынылып отырған «Өлкетану зертханасы: туған жерді танып-білу» элективті курсы
10-11сынып оқушыларына арналған.
Элективті курс 34 сағатқа жасалынған. Элeктивті курсты оқыту барысындағы басты мақсат оқушыларға адам мен табиғат арасындағы өзара байланыс, табиғатты тиімді пайдалану және экологиялық тепе –теңдікті сақтау ұғымдарын меңгерту, тұрақты даму идеяларын түсіндіру және экологиялық жауапкершілікке тәрбиелеу. Оқушылар табиғат және экологияны сақтау туралы жан-жақты жүйелі білім ала отырып, практикалық жұмыстарды және өзіндік ғылыми-зерттеу-ізденіc жұмыстарын жүргізу дағдыларын қалыптастыруға арналған.
Курсты меңгерту барысында оқушылардың теориялық білімдерін практикада сынауға мүмкіншілік беріліп, зертеушілік, жауапкершілік, ізденгіштік, адами құндылықтары қалыптасады, оқушылардың танымдық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытады, оқушының жеке қызығу мүмкіндіктерін ашуға бағытталады.
Бағдарламаның негізгі мақсаты: адам мен табиғат арасындағы өзара байланыс, табиғатты тиімді пайдалану және экологиялық тепе –теңдікті сақтау ұғымдарын меңгерту, тұрақты даму идеяларын түсіндіру және экологиялық жауапкершілікті арттыруға тәрбиелеу.
Бағдарламаның міндеттері:
Адам мен табиғаттың әсерін ғылыми тұрғыда түсіндіру
Табиғи ресурстарды тиімді және ұқыпты пайдалануға баулу
Экологиялық тепе теңдік пен тұрақты даму ұғымын ашу.
Жергілікті экологиялық проблемаларды анықтап, шешу жолын ұсыну
Оқушыларды зерттеу бақылау, экологиялық жобалау дағдыларын дамыту.
Аумақтардың геоэкологяиылқ жағдайына болжам жасау.
Бағдарламаның өзектілігі: Қазіргі таңда климаттың өзгеруі, табиғи ресурстардың сарқылуы және экологиялық дағдарыстар, адам мен табиғаттың үйлесімді қатынасын қалыптастыруды қажет етеді.
Күтілетін нәтиже:
Бағдарламада курс бойынша оқушылар адам мен табиғат арасындағы өзара тәуелділікті түсінеді. Табиғат арқылы адамзат өзінің көптеген қажеттілігін қамтамасыз етеді. Адам – табиғат пен қоғам арасындағы күрделі жүйенің бір бөлігі. Табиғи ресурстардың түсрлерін және олардың маңызын ажырата алады және өз қажетіне тиімді пайдалану жолын үйренеді.
Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі
1-бөлім. Кіріспе. Курстың мақсaты мен мaзмұнын таныстыру (3 сағат). Адам мен табиғат арасындағы байланыс. Табиғат - адам өмірінің негізі;
Практикалық жұмыс: Адамның табиғатқа тигізетін әсері.
бөлім. Табиғатты пайдалану. (5 сағат) Табиғи ресурстар және олардың түрлері.Табиғатты пайдалану жолдарын зерттеушілер мен ғалымдар
Практикалық жұмыс. Жергілікті жердің экологиялық, қауіпсіздігін сақтау шаралары, Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жолдары;Табиғи қорлар және өндіріс
3-бөлім. Геоэкология зерттеу өзектілігі - (8 сағат)
Аумақтың геоэкологиялық жағдайын зерттеу; Кеңістік қамтуы бойынша нүктелік, алаңдық, сызықтық; Қазақстан аумағын геоэколог А.В. Чигаркиннің ұсынуымен экологиялық тұрғыда бөлінуі.Табиғатқа антропогендік факторлардың ықпалы; Ғаламдық экологиялық мәселелердің түрлері мен пайда болу механизмі.
Практикалық жұмыс. Ластану түрлерінің орналасуы бойынша топтастыру. Тұрақты және мобильді түрлері; Ластану мерзіміне қарай бастапқы және қосарланған түрі; Ластануды жаратылысы жағынан: химиялық, физикалық, биологиялық, эстетикалық түрлері;
4-бөлім. Қоршаған ортаның антропогендік өзгеруі - (6 сағат)
Адам әрекетінің табиғи ортаға әсері; Антропогендік факторлар және олардың түрлері; Адам және биосфера арасындағы өзара байланыс;
Ауа құрамының антропогендік өзгеруі; Қазақстанның өзен-көлдерінің экологиялық жағдайы;
Практикалық жұмыс. Қалдықтарды қайта өңдеу бойынша шағын жоба.
бөлім. Аймақтық және Қазақстандық бағыт. Барлығы - (8 сағат)
Қазақстан экологиясы: адам және табиғат байланысы;
Менің өңірімнің экологиялық мәселелері;
Каспий , Балқаш, Арал - адам және табиғаттың ортақ тағдыры.
Табиғатты пайдалану және экологиялық тепе - теңдік үслесі
Табиғатты тиімді пайдалану - біздің қолымызда!
Практикалық жұмыс.
Қазақстандағы негізгі экологиялық проблемаларды картаға түсіру.
Өз өңірімнің табиғи ресурстарын зерттеу және тиімді пайдалану жолдарын ұсыну.
Тұрақты даму мақсаттары (SDGs) бойынша Қазақстанның жетістіктерін талдау.
бөлім. Адам және табиғат, тұрақты дамудың негізгі заманауи зерттеушілік бағыттары - (4 сағат).
Экологиялық білім берудің қазіргі тенденциялары; Экологиялық сана және экологиялық мәдениет; Экологиялық иннвациялар мен тұрақты даму арасындағы байланыс;
Практикалық жұмыс. Менің өмірімнің экологиялық жағдайын зерттеу және жақсарту ұсыныста
Нормативті бөлім
10 сынып
(Барлығы – 34 сағат, аптасына – 1 сағат)
Р\с |
Бөлім Бөлімше Тақырып |
Оқу мақсаты |
Сағат саны |
Білім өнімі |
|||
Барлығы
|
Дәріс |
Тәжіри бе |
|
||||
1-бөлім. Кіріспе Барлығы 3 сағат: теория 2 сағат, практикалық жұмыс: 1 сағат |
|
||||||
1.1 |
Кіріспе. Адам мен табиғат арасындағы байланыс. |
10.1.1.Экологиялық сана ұғымы. |
1 |
1 |
- |
теориялық жұмыс |
|
1.2 |
Табиғат – адам өмірінің негізі.
|
10.1.2.Тaбиғaт туpaлы түciнiк қалыптастыру арқылы тaбиғaтты aялaуғa, қaмқopлық жacaуғa баулу. Тaбиғaттың aдaм өмipi үшiн маңыздылығын түсіндіру. |
1 |
1 |
- |
Эссе, сауалнама |
|
1.3 |
Адамның табиғатқа тигізетін әсері |
10.1.3.Aдaм мен экoжүйе apacындaғы қapымқaтынacты cипaттaу арқылы экoжүйедегі тепе- теңдік заңдылықтарын анықтап, алдын-алу шараларын ұсыну |
1 |
- |
1 |
№1 практикалық жұмыс |
|
2-бөлім. Табиғатты пайдалану Барлығы 5 сағат: теория 2 сағат, практикалық жұмыс 3 сағат |
|||||||
2.1 |
Табиғи ресурстар және олардың түрлері |
10.2.1.Табиғатты пайдалануды түрлері мен сипатына қарай тиімді және тиімсіз жақтарын саралап сипаттау. |
1 |
1 |
- |
Хабарлама, презентация |
|
2.2 |
Табиғатты пайдалану жолдарын зерттеушілер мен ғалымдар |
10.2.2.Табиғатты пайдалану жолдарын зерттеген ғалымдардың еңбектеріндегі реттеу шараларын талдау |
1 |
1 |
- |
Пікірталас, презентация |
|
2.3 |
Жергілікті жердің экологиялық, қауіпсіздігін сақтау шаралары |
10.2.3.Өзін тұратын табиғи аймақта ресурстарды пайдаланудың түрлері мен сипаттарына талдау жасау |
1 |
- |
1 |
№2 практикалық жұмыс |
|
2.4 |
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жолдары |
10.2.4. Ресурстарды үнемдеу, қайта өңдеу, қалдықсыз өнідіріс технологиялары туралы жоба жасау |
1 |
- |
1 |
№3 практикалық жұмыс |
|
2.5. |
Табиғи қорлар және өндіріс |
10.2.5.Қазақстанның табиғат қорларымен қамтамасыз етілу жағдайына баға береді |
1 |
- |
1 |
№4 практикалық жұмыс |
|
3-бөлім. Геоэкология зерттеу өзектілігі Барлығы 8 сағат: теория 5 сағат, практикалық жұмыс 3 сағат |
|||||||
3.1 |
Аумақтың геоэкологиялық жағдайын зерттеу |
10.3.1.Аумақтың геоэкологиялық жағдайын зерттеу кезеңдеріне талдау жасау |
1 |
1 |
- |
конспект |
|
3.2 |
Ластану түрлерінің орналасуы бойынша топтастыру. Тұрақты және мобильді түрлері. |
10.3.2. Ластану түрлерінің орналасуы бойынша топтастырып, тұрақты және мобильді түрлерін сипаттау |
1 |
- |
1 |
№ 5 практикалық жұмыс |
|
3.3 |
Кеңістік қамтуы бойынша нүктелік, алаңдық, сызықтық. |
10.3.3. Кеңістік қамтуы бойынша нүктелік, алаңдық, сызықтық түрлерін түсіндіру |
1 |
1 |
- |
Түсіндіру |
|
3.4 |
Ластану мерзіміне қарай бастапқы және қосарланған түрі. |
10.3.4. Ластану мерзіміне қарай бастапқы және қосарланған түрімен танысу |
1 |
- |
1 |
№6 практикалық жұмыс. |
|
3.5 |
Ластануды жаратылысы жағынан: химиялық, физикалық, биологиялық, эстетикалық түрлері |
10.3.5. Ластануды жаратылысы жағынан: химиялық, физикалық, биологиялық, эстетикалық түрлерін талдау |
1 |
- |
1 |
№7. Практикалық жұмыс, зерттеушілік іс-әрекет |
|
3.6 |
Қазақстан аумағын геоэколог А.В. Чигаркиннің ұсынуымен экологиялық тұрғыда бөлінуі. |
|
1 |
1 |
- |
Теориялық дәріс, ізденіс жұмыстары |
|
3.7. |
Табиғатқа антропогендік факторлардың ықпалы. |
10.3.7. Табиғатқа антропогендік факторлардың ықпалын түсіндіру |
1 |
1 |
- |
Ізденіс, дәріс |
|
3.8 |
Ғаламдық экологиялық мәселелердің түрлері мен пайда болу механизмі |
10.3.8. Ғаламдық экологиялық мәселелердің түрлері мен пайда болу механизмімен танысу |
1 |
1 |
- |
Ізденіс, дәріс |
|
4-бөлім. Қоршаған ортаның антропогендік өзгеруі. Барлығы 6 сағат: теория 5 сағат, практикалық жұмыс -1 сағат |
||||||
4.1 |
Адам әрекетінің табиғи ортаға әсері; |
10.4.1. Адам іс- әрекетінің табиғи ортаға әсерін түсіндіру |
1 |
1 |
- |
Конспект |
4.2 |
Антропогендік факторлар және олардың түрлері |
10.4.2. Антропогендік факторлардың әсерін бағалау және түрлерін анықтау |
1 |
1 |
- |
Ізденіс, дәріс |
4.3 |
Адам және биосфера арасындағы өзара байланыс; |
10.4.3. Адам мен биосфера арасындағы өзара байланысты талдау |
1 |
1 |
- |
Реферат |
4.4 |
Ауа құрамының антропогендік өзгеруі |
10.4.4. Ауа құрамына антропогендік әсерлерден өзгерісін болжау |
1 |
1 |
- |
Презентация |
4.5 |
Қазақстанның өзен-көлдерінің экологиялық жағдайы;
|
10.4.5 Қазақстанның өзен-көлдерінің ластану түрлерін анықтап, шешу жолын ұсыну |
1 |
1 |
- |
Хабарлама |
4.6 |
Қалдықтарды қайта өңдеу бойынша шағын жоба.
|
10.4.6. Қалдықтарды қайта өңдеу бойынша Эко қала және смарт-сити жобаларын жасау |
1 |
- |
1 |
№8. Практикалық жұмыс. Экологиялық мониторинг |
5-бөлім. Аймақтық және Қазақстандық бағыт Барлығы 8 сағат: теория 5 сағат, практикалық жұмыс 3 сағат |
||||||
5.1 |
Қазақстан экологиясы: адам және табиғат байланысы |
10.5.1. Қазақстан экологиясы: адам және табиғат байланысын анықтау |
1 |
1 |
- |
Дәріс |
5.2 |
Қазақстандағы негізгі экологиялық проблемаларды картаға түсіру |
10.5.2. Қазақстандағы негізгі экологиялық проблемалық аймақтарды картадан көрсету |
1 |
- |
1 |
№9 Практикалық жұмыс. |
5.3 |
Каспий , Балқаш, Арал - адам және табиғаттың ортақ тағдыры
|
10.5.3. Каспий , Балқаш, Арал - адам және табиғаттың ортақ тағдырын талдау |
1 |
1 |
- |
Баяндама |
5.4 |
Өз өңіріңнің табиғи ресурстарын зерттеу және тиімді пайдалану жолдары |
10.5.4. Өз өңіріңнің табиғи ресурстарын зерттеу және тиімді пайдалану жолдарын ұсыну |
1 |
- |
1 |
№ 10 практикалық жұмыс |
5.5 |
Табиғатты тиімді пайдалану - біздің қолымызда! |
10.5.5. Шығармашылық жұмыс |
1 |
1 |
- |
Эссе |
5.6 |
Менің өңірімнің экологиялық мәселелері; |
10.5.6. Менің өңірімнің экологиялық мәселелерін анықтау |
1 |
1 |
- |
конспект |
5.7 |
Табиғатты пайдалану және экологиялық тепе - теңдік үлесі |
10.5.7. Табиғатты пайдалану және экологиялық тепе - теңдік үлесін талдау |
1 |
1 |
- |
Ізденіс, талдау |
5.8 |
Тұрақты даму мақсаттары (SDGs) бойынша Қазақстанның жетістіктерін |
10.5.8. Тұрақты даму мақсаттары (SDGs) бойынша Қазақстанның жетістіктерін талдау |
1 |
- |
1 |
№11 практикалық жұмыс |
6-бөлім. Адам және табиғат , тұрақты дамудың негізіндегі заманауи және зерттеушілік бағыттары. Барлығы -4 сағат. Теория - 3 сағат, практикалық жұмыс -1 сағат. |
||||||
6.1 |
Экологиялық білім берудің қазіргі тенденциялары |
10.6.1. Экологиялық білім берудің қазіргі тенденцияларын түсіндіру |
1 |
1 |
- |
конспект |
6.2 |
Экологиялық сана және экологиялық мәдениет |
10.6.2. Экологиялық сана және экологиялық мәдениетті түсіндіру |
1 |
1 |
- |
Презентация |
6.3 |
Экологиялық инновациялар мен тұрақты даму арасындағы байланыс |
10.6.3. Экологиялық инновациялар мен тұрақты даму арасындағы байланысты анықтау |
1 |
1 |
- |
конспект |
6.4 |
Менің өңірімнің экологиялық жағдайын зерттеу және жақсарту ұсыныстары |
10.6.4. Менің өңірімнің экологиялық жағдайын зерттеу және жақсарту ұсыныстарын әзірлеу |
1 |
- |
1 |
№12. Практикалық жұмыс |
Барлығы |
34 |
22 |
12 |
|
||
Барлығы 34 сағат |
|
|
|
|||
Нормативті бөлім
11 сынып
(Барлығы – 34 сағат, аптасына – 1 сағат)
Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі
1-бөлім. Кіріспе. Курстың мақсaты мен мaзмұнын таныстыру - (3 сағат).
Сабақ 1: Табиғат пен адам арасындағы өзара байланыс (1 сағат)
Сабақ 2: Табиғат – тіршіліктің негізі (1 сағат)
Сабақ 3: Адам әрекетінің табиғатқа ықпалы (1 сағат)
Практикалық жұмыс: Адам әрекетінің табиғатқа ықпалы.
2-бөлім. Табиғатты пайдалану - (5 сағат)
Сабақ 1: Табиғи байлықтар және олардың топтары (1 сағат)
Сабақ 2: Табиғатты тиімді пайдалану мәселелерін зерттеген ғалымдар (1 сағат)
Сабақ 3: Жергілікті жердің экологиялық қауіпсіздік шаралары (1 сағат)
Сабақ 4: Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жолдары (1 сағат)
Сабақ 5: Табиғатты пайдалануды реттеу қағидаттары (1 сағат)
Практикалық жұмыс. Жергілікті жердің экологиялық қауіпсіздік шаралары; Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жолдары; Табиғатты пайдалануды реттеу қағидаттары.
3-бөлім. Геоэкологияның қазіргі заманғы мәселелері - (8 сағат)
Сабақ 1: Аумақтың геоэкологиялық ахуалы (1 сағат)
Сабақ 2: Экологиялық бақылау (1 сағат)
Сабақ 3: Кеңістік қамтуы бойынша нүктелік, алаңдық, сызықтық түрлері (1 сағат)
Сабақ 4: Табиғатты пайдаланудың тарихи кезеңдері (1 сағат)
Сабақ 5: Ластануды жағынан: химиялық, физикалық, биологиялық, эстетикалық түрлері (1 сағат)
Сабақ 6: Қазақстан аумағын геоэколог А.В. Чигаркиннің ұсынуымен экологиялық тұрғыда бөлінуі (1 сағат)
Сабақ 7: Қоршаған орта сапасын бағалау нормативттері (1 сағат)
Сабақ 8: Жаhандық экологиялық проблемалардың түрлері мен пайда болу механизмдері (1 сағат)
Практикалық жұмыс. Экологиялық бақылау; Табиғатты пайдаланудың тарихи кезеңдері; Ластануды жағынан: химиялық, физикалық, биологиялық, эстетикалық түрлері.
4-бөлім. Қоршаған ортаның антропогендік әсерден өзгеруі - (6 сағат)
Сабақ 1: Адам қызметінің экожүйеге әсері (1 сағат)
Сабақ 2: Антропогендік факторлар және олардың түрлері (1сағат)
Сабақ 3: Адам мен қоршаған орта арасындағы өзара байланыс (1 сағат)
Сабақ 4: Атмосфераның антропогендік өзгеруі (1сағат)
Сабақ 5: Елді мекендегі өзен-көлдерінің экологиялық жағдайы (1 сағат)
Сабақ 6: Қалдықсыз өндіріс технологиялары (1 сағат)
Практикалық жұмыс. Қалдықсыз өндіріс технологиялары
бөлім. Аймақтық және Қазақстандық бағыт - (8 сағат)
Сабақ 1: Қазақстанның экологиясы: адам және табиғат байланысы (1 сағат)
Сабақ 2: Қазақстанның экологиялық проблемалық аймақтатарын картаға түсіру(1 сағат)
Сабақ 3: Каспий , Балқаш, Аралдың экологиялық ахуалы (1 сағат)
Сабақ 4: Өз өңіріңнің табиғи ресурстарын зерттеу және тиімді пайдалану жолдары (1сағат)
Сабақ 5: Қоршаған орта және біз! (1 сағат)
Сабақ 6: Жергілікті жердің экологиялық проблемалары (1 сағат)
Сабақ 7: Дамушы және дамыған елдер экологиясының алуан түрлілігі (1 сағат)
Сабақ 8: Тұрақты даму мақсаттары (SDGs) бойынша Қазақстанның жетістіктері (1 сағат)
Практикалық жұмыс.
Қазақстанның экологиялық проблемалық аймақтатарын картаға түсіру; Өз өңіріңнің табиғи ресурстарын зерттеу және тиімді пайдалану жолдары; Тұрақты даму мақсаттары (SDGs) бойынша Қазақстанның жетістіктері.
бөлім. Адам және табиғат , тұрақты дамудың негізіндегі заманауи және зерттеушілік бағыттары - (4 сағат).
Сабақ 1: Экологиялық білім берудің негізгі бағыттары (1 сабақ)
Сабақ 2: Экологиялық сана және экологиялық мәдениет қалыптастыру (1 сағат)
Сабақ 3: Аймақтардың тұрақты даму қағидаттары мен стратегиялары (1 сағат)
Сабақ 4: Экология және біз (1 сағат)
Практикалық жұмыс. Экология және біз
Нормативті бөлім
11 сынып
(Барлығы – 34 сағат, аптасына – 1 сағат)
Р\с |
Бөлім Бөлімше Тақырып |
Оқу мақсаты |
Сағат саны |
Білім өнімі |
|||
Барлығы
|
Дәріс |
Тәжіри бе |
|
||||
1-бөлім. Кіріспе Барлығы 3 сағат: теория 2 сағат, практикалық жұмыс: 1 сағат |
|
||||||
1.1 |
Кіріспе. Табиғат пен адам арасындағы өзара байланыс. |
11.1.1. Табиғат пен адам арасындағы өзара байланысты түсіндіреді. |
1 |
1 |
- |
теориялық жұмыс |
|
1.2 |
Табиғат– тіршіліктің негізі.
|
11.1.2.Тaбиғaт туpaлы түciнiк қалыптастыру арқылы тaбиғaтты aялaуғa, қaмқopлық жacaуғa баулу. |
1 |
1 |
- |
Эссе, сауалнама |
|
1.3 |
Адам әрекетінің табиғатқа ықпалы. |
11.1.3. Адам әрекетінің табиғатқа ықпалын сипаттау. |
1 |
- |
1 |
№1 практикалық жұмыс |
|
2-бөлім. Табиғатты пайдалану Барлығы 5 сағат: теория 2 сағат, практикалық жұмыс 3 сағат |
|||||||
2.1 |
Табиғи байлықтар және олардың топтары. |
11.2.1. Табиғи байлықтар түрлерін анықтап және олардың түрлерін түсіндіру. |
1 |
1 |
- |
Хабарлама, презентация |
|
2.2 |
Табиғатты тиімді пайдалану мәселелерін зерттеген ғалымдар |
11.2.2. Табиғатты тиімді пайдалану жолдарын зерттеген ғалымдардың еңбектерін талдау. |
1 |
1 |
- |
Пікірталас, презентация |
|
2.3 |
Жергілікті жердің экологиялық қауіпсіздік шаралары. |
11.2.3.Жергілікті жердің экологиялық жағдайын бағалау және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған қауіпсіздік шараларын анықтау. |
1 |
- |
1 |
№2 практикалық жұмыс |
|
2.4 |
Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жолдары. |
11.2.4.Табиғи ресурстарды үнемдеп,тиімді пайдалану тәсілдерін зерттеу |
1 |
- |
1 |
№3 практикалық жұмыс |
|
2.5. |
Табиғатты пайдалануды реттеу қағидаттары |
11.2.5 Табиғатты пайдалануды реттеу қағидаттарын талдау |
1 |
- |
1 |
№4 практикалық жұмыс |
|
3-бөлім. Геоэкологияның қазіргі заманғы мәселелері Барлығы 8 сағат: теория 5 сағат, практикалық жұмыс 3 сағат |
|||||||
3.1 |
Аумақтың геоэкологиялық ахуалы |
11.3.1. Аумақтың геоэкологиялық ахуалын талдау жасау |
1 |
1 |
- |
конспект |
|
3.2 |
Экологиялық бақылау |
11.3.2. Қоршаған ортаның антропогендік өзгерістерін анықтау және олардың табиғи экожүйеге әсерін зерттеу |
1 |
- |
1 |
№ 5 практикалық жұмыс |
|
3.3 |
Кеңістік қамтуы бойынша нүктелік, алаңдық, сызықтық түрлері. |
11.3.3. Кеңістік қамтуы бойынша нүктелік, алаңдық, сызықтық түрлерін түсіндіру |
1 |
1 |
- |
Түсіндіру |
|
3.4 |
Табиғатты пайдаланудың тарихи кезеңдері |
11.3.4. Табиғатты пайдаланудың тарихи кезеңдерін талдау |
1 |
- |
1 |
№6 практикалық жұмыс. |
|
3.5 |
Ластануды жағынан: химиялық, физикалық, биологиялық, эстетикалық түрлері |
11.3.5. Ластануды жаратылысы жағынан: химиялық, физикалық, биологиялық, эстетикалық түрлерін сипаттау |
1 |
- |
1 |
№7. Практикалық жұмыс, зерттеушілік іс-әрекет |
|
3.6 |
Қазақстан аумағын геоэколог А.В. Чигаркиннің ұсынуымен экологиялық тұрғыда бөлінуі. |
|
1 |
1 |
- |
Теориялық дәріс, ізденіс жұмыстары |
|
3.7. |
Қоршаған орта сапасын бағалау нормативттері |
11.3.7. Қоршаған ортаның сапасын бағалау нормативтерін зерттеу |
1 |
1 |
- |
Ізденіс, дәріс |
|
3.8 |
Жаhандық экологиялық проблемалардың түрлері мен пайда болу механизмдері |
11.3.8. Жаhандық экологиялық мәселелердің түрлері мен пайда болу механизмін түсіндіру |
1 |
1 |
- |
Ізденіс, дәріс |
|
4-бөлім. Қоршаған ортаның антропогендік әсерден өзгеруі. Барлығы 6 сағат: теория 5 сағат, практикалық жұмыс -1 сағат |
||||||
4.1 |
Адам қызметінің экожүйеге әсері |
11.4.1. Адам іс- әрекетінің табиғи ортаға әсерін анықтау |
1 |
1 |
- |
Конспект |
4.2 |
Антропогендік факторлар және олардың түрлері |
11.4.2. Антропогендік факторлардың әсерін бағалау және түрлерін талдап түсіндіру |
1 |
1 |
- |
Ізденіс, дәріс |
4.3 |
Адам мен қоршаған орта арасындағы өзара байланыс |
11.4.3. Адам мен қоршаған орта арасындағы өзара байланысты түсіндіру |
1 |
1 |
- |
Реферат |
4.4 |
Атмосфераның антропогендік өзгеруі |
11.4.4. Атмосфера құрамына антропогендік әсерлерден болатын өзгерісін сипаттау |
1 |
1 |
- |
Презентация |
4.5 |
Елді мекендегі өзен-көлдерінің экологиялық жағдайы; |
11.4.5 Жергілікті жердегі өзен-көлдерінің ластану түрлерін анықтап, шешу жолын ұсыну |
1 |
1 |
- |
Хабарлама |
4.6 |
Қалдықсыз өндіріс технологиялары . |
11.4.6. Қалдықсыз өндіріс технологияларын зерттеп,олардың қоршаған ортаға әсерін бағалау |
1 |
- |
1 |
№8. Практикалық жұмыс. |
5-бөлім. Аймақ және Қазақстандық бағыт Барлығы 8 сағат: теория 5 сағат, практикалық жұмыс 3 сағат |
||||||
5.1 |
Қазақстанның экологиясы: адам және табиғат байланысы |
11.5.1. Қазақстан экологиясы: адам және табиғат байланысын анықтау |
1 |
1 |
- |
Дәріс |
5.2 |
Қазақстанның экологиялық проблемалық аймақтатарын картаға түсіру |
11.5.2. Қазақстандағы экологиялық проблемалық аймақтарын анықтап, талдап картадан көрсету |
1 |
- |
1 |
№9 Практикалық жұмыс. |
5.3 |
Каспий , Балқаш, Аралдың экологиялық ахуалы |
11.5.3. Каспий , Балқаш, Аралдың экологиялық жағдайын анықтау |
1 |
1 |
- |
Баяндама |
5.4 |
Өз өңіріңнің табиғи ресурстарын зерттеу және тиімді пайдалану жолдары |
11.5.4. Өз өңіріңнің табиғи ресурстарын зерттеу және тиімді пайдалану жолдарын ұсыну |
1 |
- |
1 |
№ 10 практикалық жұмыс |
5.5 |
Қоршаған орта және біз! |
11.5.5. Шығармашылық жұмыс |
1 |
1 |
- |
Эссе |
5.6 |
Жергілікті жердің экологиялық проблемалары |
11.5.6. Менің өңірімнің экологиялық мәселелерін анықтау |
1 |
1 |
- |
конспект |
5.7 |
Дамушы және дамыған елдер экологиясының алуан түрлілігі |
11.5.7. Дамушы және дамыған елдер экологиясының алуан түрлілігін талдау |
1 |
1 |
- |
Ізденіс, талдау |
5.8 |
Тұрақты даму мақсаттары (SDGs) бойынша Қазақстанның жетістіктері |
11.5.8. Тұрақты даму мақсаттары (SDGs) бойынша Қазақстанның жетістіктерін талдау |
1 |
- |
1 |
№11 практикалық жұмыс |
6-бөлім. Адам және табиғат , тұрақты дамудың негізіндегі заманауи және зерттеушілік бағыттары. Барлығы -4 сағат. Теория - 3 сағат, практикалық жұмыс -1 сағат |
||||||
6.1 |
Экологиялық білім берудің негізгі бағыттары |
11.6.1. Экологиялық білім берудің негізгі бағыттарын түсіндіру |
1 |
1 |
- |
конспект |
6.2 |
Экологиялық сана және экологиялық мәдениет қалыптастыру |
11.6.2. Экологиялық сана және экологиялық мәдениетті түсіндіру |
1 |
1 |
- |
Презентация |
6.3 |
Аймақтардың тұрақты даму қағидаттары мен стратегиялары |
11.6.3. Аймақтардың тұрақты даму қағидаттары мен стратегияларын анықтап талдау |
1 |
1 |
- |
конспект |
6.4 |
Экология және біз |
11.6.4. Адамның қоршаған ортаға әсерін талдау |
1 |
- |
1 |
№12. Практикалық жұмыс |
Барлығы |
34 |
22 |
12 |
|
||
Барлығы 34 сағат |
|
|
|
|||
Ақпараттық-әдістемелік бөлім
Оқушылардың жаңалықты өз бетінше іздеп ашатындай танымдық және оқытудың ғылыми-зерттеу бағыты бойынша дағдыларын қалыптастыру
Оқушы өз бетінше ізденіп, зерттеу жүргізуге машықтану қажет;
Жеке тапсырмаларды орындай алуға, топпен бірге жұмыс жүргізуге, түсініп оқуға қалыптасуы тиіс;
Теориялық білімін, танымдық, шығармашылық, ізденушілік, зерттеушілік дағдысын қалыптастыру;
Экологиялық үрдістерді талдай білу және табиғатты қорғау қызметінде нақтылы міндеттер қоя
Экологиялық сана мен экологиялық мәдениет танымын кеңейту
білу;
Оқушылардың білім, білік дағдыларына қойылатын талаптар:
Табиғи және жасанды ортаның ерекшеліктерін ажырата білу;
Тұрақты даму қағидаттарын өмірмен байланыстырып түсіну;
Өз аймағындағы экологиялық ахуалды бақылау және шағын зерттеу жобасын орындау;
Бағдарламада қалыптастырушы бағалау арқылы біліктілікпен жинақталған деректер деңгейлеп оқытуды іске асыруға, яғни әр оқушының қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескеруге ықпал етеді.
Мұғалім бағалауды оқыту нәтижесіне жету құралы ретінде қолдануы тиіс. Сыныптағы бағалау негізінде алынған ақпараттар арқылы мұғалім де, оқушы да тең дәрежеде оқыту және оқу әрекеттерін анықтай алады. Бұл ақпараттар әр түрлі жағдайда қалыптастырушы бағалау қызметін атқарады:
− үлкен тарауды бастағанға дейін кіріспе, тест ретінде және жеке оқушыны немесе жалпы топты оқыту барысында;
− қай оқушыларға көбірек тәжірибе қажеттігін талдау барысында;
− алынған нәтижелер негізінде нұсқаулықты үздіксіз қайталау кезінде;
− өзінің оқыту тәжірибесінің тиімділігіне рефлексия жасау барысында;
− оқушылармен олардың қабілеттерін және жақсартуды қажет ететін тұстарын талқылау барысында;
− жұптық жұмыстарға ықпал ету, үлгермейтін оқушылармен қандай оқушыларды жұптастыру қажеттігін ойлау кезінде қолданады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (ҚР БжҒМ 31.10.2018 ж. №604 бұйрығы).
2.https://ult.kz/post/ekologiya-pani-1-kyrkuyekten-bastap-zhuyeli-turde-bastalady-askhat-aymagambetov
3. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары (ҚР үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 Қаулысы).
4. «2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат. –Астана, 2019 жыл.
5. Жаратылыстану: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық/ Б. Ш. Әбдіманапов, С.Е. Нүркенова, А.Ұ. Әбілғазиев,Г.У. Әуезова. Алматы: Атамұра, 2018. – 240 бет
6.Баешова А.К. Өндірістік экология негіздері. Оқу-әдістемелік құрл.-80 бет. Алматы. 2012 - ISBN 978-601-247-463-3.
7.Рабочая программа. Экология. 8-11 классы: программы для общеобразовательных учреждений. Авт. Г. М. Пальдяева. «Дрофа», 2018 8. Бейсеева Г.Б. Экология. Алматы «Жания-полиграф»ЖШС. 2003. 193 б.
8. Экология (оқулық) – Алматы. 2008 - ISBN 9965-32-223-6. 10. Бейсеева Г.Б. Экология негіздері оқу құралы. Алматы. 2010. 168 б.
9.Баешова А.Қ. Экология және тұрақты даму: оқу құралы.-Алматы:Қазақ университеті, 2013. – 152 бет..
10.Бейсеева Г.Б., Қозыбаева Ф.Е., Өнербаева З.О., Мухатаева Н.Н. Экология. Алматы «Жания-полиграф»ЖШС. 2016. 556 бет.
11.Қуатбаев А.Т. Экология және қоршаған орта проблемалары: оқу құралы – 350 бет. Алматы. 2011 - ISBN 9965-29-654-5
12.Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы. Астана, 2015 ж.
Қосымша
практикалық жұмыстардың тақырыптары :
Практикалық жұмыс «Адамның табиғатқа тигізетін әсері»
Практикалық жұмыс. «Жергілікті жердің экологиялық, қауіпсіздігін сақтау шаралары»
Практикалық жұмыс. «Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жолдары»
Практикалық жұмыс: «Табиғи қорлар және өндіріс»
Практикалық жұмыс: «Ластану түрлерінің орналасуы бойынша топтастыру. Тұрақты және мобильді түрлері»
Практикалық жұмыс: «Ластану мерзіміне қарай бастапқы және қосарланған түрі. »
Практикалық жұмыс: «Ластануды жаратылысы жағынан: химиялық, физикалық, биологиялық, эстетикалық түрлері»
Практикалық жұмыс: «Қалдықтарды қайта өңдеу бойынша шағын жоба.
Практикалық жұмыс: «Қазақстандағы негізгі экологиялық проблемаларды картаға түсіру»
Практикалық жұмыс: «Өз өңіріңнің табиғи ресурстарын зерттеу және тиімді пайдалану жолдары»
Практикалық жұмыс:«Тұрақты даму мақсаттары (SDGs) бойынша Қазақстанның жетістіктерін »
Практикалық жұмыс: «Менің өңірімнің экологиялық жағдайын зерттеу және жақсарту ұсыныстары»
Практикалық жұмыс №8 Қалдықтарды қайта өңдеу бойынша шағын жоба
1 кезең. Анықтау.
Оқушылар орындау керек:
«Қалдық» және «қайта өңдеу» ұғымдарын анықтайды;
Өз мектептері мен үйлерінде қалдықтардың қандай түрлері көп жиналатынын бақылау арқылы анықтайды;
Интернет немесе жергілікті деректерден Қазақстандағы қайта өңдеу зауыттары мен бағдарламалары туралы мәлімет іздейді;
Қалдықтарды бөлу жүйесі (пластик, қағаз, әйнек, т.б.) туралы ақпарат жинайды.
Құралдар: дәптер, фотоаппарат/смартфон, интернет дереккөздері, бақылау парағы.
2 кезең: Бақылау және талдау.
Іс-әрекеттер:
Мектеп немесе үй ауласындағы қалдықтар көлемін және түрін анықтайды;
Қай қалдық түрлері қайта өңдеуге жарамды екенін белгілейді;
Қайта өңделмейтін қалдықтардың үлесін есептейді (пайыздық қатынаста);
Қоршаған ортаға әсерін талдайды (иіс, ластану, жану, т.б. факторлар).
Талдау нәтижесі:Кесте немесе диаграмма түрінде қалдық құрылымын көрсетеді;
Қайта өңдеуге болатын қалдықтардың үлесін анықтайды
Негізгі экологиялық проблеманы тұжырымдайды.
3 кезең: Ұсыныс және шығармашылық.
Оқушылар ұсынады.
Қалдықтарды азайту бойынша нақты 3–5 ұсыныс (мысалы: пластик бөтелкелерді қайта қолдану, қағазды бөлек жинау, ас қалдықтарын компост жасау, т.б.);
Мектеп немесе сынып ішінде қалдықтарды сұрыптау бұрышын ұйымдастыру жоспары;
«Қайта өңдеу – болашаққа қадам» тақырыбында шағын постер немесе бейнеролик дайындау;
Қалдықтардың табиғатқа әсерін бейнелейтін мини-көрме ұйымдастыру.
4 кезең. Қорытынды
Нәтижені топ ішінде таныстырады;
Әр топ өз ұсыныстарын қорғайды (3–5 минуттық баяндама);
Оқушылар өз тәжірибесінен не үйренгенін айтады (рефлексия парағы толтырылады).
Қорытынды пікірлер мысалы:
«Қалдықтарды дұрыс сұрыптау – экологиялық мәдениеттің алғашқы қадамы»
«Қайта өңдеу арқылы ресурстарды үнемдеуге болатынын түсіндім»
«Өз үйімде қалдықтарды бөлек жинауды бастаймын»

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген