400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ом және Кирхгоф заңдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ом және Кирхгоф заңдары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Білім беру ұйымының атауы

Тараз политехникалық колледжі

Сабақтың тақырыбы

1.2. Ом және Кирхгоф заңдары

Модуль/пән атауы

ОН-2.6. Резисторлар мен конденсаторлардың, индуктивтілік пен трансформаторлардың мәндерін анықтау

Педагогтің аты-жөні

Ниязымбетов Талгат Азиралиевич

Күні

20 .01.2026

Курс, топ

2РЭТ-2-24

Сабақтың түрі

Лекция

Мақсат, міндеттері

Студенттерге тұрақты ток тізбектеріндегі негізгі заңдар – Ом заңы мен Кирхгоф заңдарының физикалық мағынасын және оларды есептеулерде қолдану жолдарын түсіндіру.

Күтілетін нәтижелері

Студенттер Ом және Кирхгоф заңдарымен таныс болады.

Қажетті ресурстар

Презентация, слайдтар. Оқу құралдары мен қосымша әдебиеттер. Ақпараттық технологиялар (компьютер, проектор).

Сабақтың барысы

Негізгі бөлім:

1. Ом заңы

Ом заңы – ток күші, кернеу және кедергі арасындағы байланысты сипаттайды.

Формуласы: I = U / R

Мұндағы:

- I – ток күші (ампер, A)

- U – кернеу (вольт, V)

- R – кедергі (ом, Ω)

Қолдану мысалы:

Егер U = 12 В, R = 6 Ом болса, онда I = 12 / 6 = 2 А

2. Ом заңының тізбектей және параллель қосылудағы қолданысы

Тізбектей қосу:

- Жалпы кедергі: Rₒ = R₁ + R₂ + ... + Rn

- Жалпы ток барлық элементтер үшін бірдей: I = I₁ = I₂ = ...

- Жалпы кернеу: U = U₁ + U₂ + ...

Параллель қосу:

- Жалпы кернеу бірдей: U = U₁ = U₂ = ...

- Жалпы ток: I = I₁ + I₂ + ...

- Жалпы кедергі: 1/Rₒ = 1/R₁ + 1/R₂ + ...

3. Кирхгоф заңдары

Күрделі электр тізбектерін есептеуге арналған екі негізгі заң.

1-Заң (Тоқтар заңы): Түйінге кіретін токтардың қосындысы, одан шығатын токтардың қосындысына тең.

ΣI (кіріс) = ΣI (шығыс)

Токтың сақталу заңы.

2-Заң (Кернеулер заңы):

Тұйық контурдағы барлық кернеулер алгебралық қосындысы нөлге тең.

ΣU = 0

Энергияның сақталу заңы.

4. Қолдану мысалы

Контурда екі резистор және ЭҚК көзі болса:

E - I·R₁ - I·R₂ = 0 → I = E / (R₁ + R₂)

5. Тәжірибелік маңызы

- Электр тізбектерін жобалау

- Қауіпсіздік есептері

- Электр жабдықтарының жұмысын талдау

- Жөндеу және диагностика

Қорытынды: Ом және Кирхгоф заңдары – электр тізбектерін түсінудің негізі. Бұл заңдарды меңгеру – күрделі жүйелермен жұмыс істеудің алғышарты.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11.03.2026
1
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12