Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Омарташылар"

Материал туралы қысқаша түсінік
даярлық топқа арналған ұйымдастырылған іс әрекет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық есік күні


Жоба тақырыбы: «Аралар әлемінде»


12 «Айналайын» мектепалды тобы


Мақсаты: балалардың ара туралы түсініктерін, жәндіктер классының өкілдері екенін айту.

Білімділік: табиғат туралы шынайы түсініктерді қалыптастыру, ара шаруашылығы өнімдерімен танысу, балалардың жәндіктер жайында ойларын кеңейту, модельдермен танымдық тәжірибесін дамыту. Балалардың аралар туралы білімін кеңейту және дыбыстар жайлы түсініктерін кеңейту, буынға бөлуге үйрету. Дыбыстық талдау арқылы ой-өрісін дамыту ойлауды, зейінді, есте сақтау қабілетін, белсенді сөйлеу дағдыларын, ұсақ моториканы дамыту.

Дамытушылық: жәндіктердің тіршілік ететін ортасын анықтау, олардың сыртқы келбетінің ерекшеліктері, саяхат жасайтын мекен ететін жерлері жайында айтып түсіндіру және осы тақырып бойынша балалардың сөздік қорын байыту, кеңейту, заттардың көлемі, саны, түсі туралы тұрақты түсініктерін қалыптастыру. Түс атауларын білімдерінде жалғастыру, бекіту.

Тәрбиелілік: Дәстүрден тыс әдістері арқылы баланың шығармашылығын арттыру . Шыдамдылыққа баулу, ұқыптылыққа тәрбиелеу, қызығушылықты, тірі табиғатқа қызығушылықты, оған ұқыпты қарауды үйрену.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: көрнекіліктер аралардың суреттері, үлестірілмелі тапсырмалар, қыстырғыштар, тірі гүлдер, лупалар, балдың түрлері, түтікшелер, қақпақтар, втулкалар, тастанды материалдар: картон қағаз, түрлі-түсті таяқшалар, жіптер т.б.

Тәрбиешінің іс әрекеті:

Балалар бүгінгі күніміз ерекше болмақ, өйткені бүгінгі оқу қызметімізге қонақтар келіпті. Ендеше қонақтармен амандасаып алайық.

Шаттық шеңбері:

Айналайын тобының балалары,

Бақшамыздың бетке ұстар даралары.

«Бал арасы» жобасын таңдадық біз,

Мінеки, қалықтап жүр араларым.

Әрине, бақшамыздан көп аларым,

Ертегі айтам, жазуда жаза аламын.

Қарсы алады құрметті қонақтарды,

«Айналайын» тобының балалары.

Ғажайып сәт:

«Араның ұшуы» аудиожазбасы ойнайды.

- Балалар, бұл ненің дыбысы? Иә, дұрыс айтасыңдар, бұл аралардың дыбысы, араны көрсетіп, қараңдаршы оның басы, екі қанаты, алты аяғы және денесі бар екен. Денесінің түсі қандай? Дұрыс сары және қара түс екен. Қане біріміз қайталайықшы ЗЗЗЗЗЗЗЗЗЗЗЗ

- Ернімізді созайық, күлейік, қайталап айтып көрейік ззззззззз

- Араның қандай пайдасы бар деп ойлайсыңдар?

- Зиянды немесе пайдалы жәндік пе?

Адина: Ара, ара, аралар,

Гүл қауызын жағалар.

Оны баққан ағалар,

Шелек – шелек бал алар.

  • Ал сендер білесіңдер ме, біздің достарымыз тек адамдар ғана емес, бүкіл табиғат та бола алады. Табиғат дегеніміз не? (орман, өзен, бұлттар және т.б.)

Батыр:

Табиғат біздің анамыз,

Жер – ана біздің папнамыз.

Таза болса табиғат,

Бізде аман боламыз.

Бұл өлең не туралы? (жер туралы, табиғат туралы)

- Қай жерде болғанымызға қарамастан: орманда, шалғында, біз әрқашан жәндіктермен кездесеміз.

Жұмбақтар жасыру:

1. Сәнді қанатты бар,

Жолақты көйлегі бар,

Кішкентай болса да,

Тістегенде ауырар?(шақпа ара)

2. Кішкентай ғана еңбектенер,

Балдай тәтті сый әкелер.

Қызығушылықпен қара,

Бұл не, бала- ? (ара)

- Жәндіктердің ұқсастығы неде? (денесі мүшелерден, алты аяқтан, қанаттардан, мұрттардан тұрады)

- Ал айырмашылығы неде? (көлемі, дене пішіні, түсі бойынша)


Саусақ жаттығуы:

Бас бармақ – ара атасы,

Балаң бармақ-ара анасы.

Ортан терек-жұмысшы ара.

Шылдыр шүмек- ұшып бара,

Кішкентай бөбек- бал тереді,

Балын бізге әкеледі.

Ғылым орталығы. Тәжірибе көрсету:

Балалар стақандарға құйылған балдарға зерттеу жұмысын жасайды.

  • Балды бір стақаннан екіншісіне құйып көріңіз. Балалар сұйық, хош иісті, тәтті бал деген қорытынды жасайды.

  • Ал, бұл балауыз. Қолыңызды тигізіп, есте сақтаңыз. Ол қандай?

  • Ал бұл бал аралары жасайтын кәрездер. Бал аралары әкелетін нектар балға айналады. Лупаларды алыңыз да, кәрездердің пішінін қараңыз, пішіні алты бұрышты, оны тәжірибе арқылы көрсек, таза ыдыстың ішіне бір қасық сұйық балды салып, ішінде жарты стакан су құйып, айналдыра отырып шайқаймыз, ыдыстың түбінде алты бұрышты кәрез пайда болса, ол табиғи бал.

Қорытынды: ұяларда нектар балға айналады, олар алты бұрышты нысанда болады.

Құрғақ майлыққа гүлді балдан бір қасық бал салыңыз, егерде бал пішінін жоғалтпаса, онда ол табиғи бал, егерде, бал пішінін сақтамай, майлыққа жайылып кетсе, онда оған қантты шырын қосылған.

Сергіту сәті:

«Аралар» аудиожазбасын қосып, сөзін қайталай отырып, қимыл-қозғалыспен билеу.

Манипульативтік орталықта балалар әр түрлі ойын ойнау арқылы сандарды қайталап, есептер шығарады.

Кішкентай аралардың муляждарын санау арқылы берілген карточкалардағы есептерді шығарады және аралар алып келген сандардың көрші сандарын табу арқылы ойнайды. Омарта бейнесіндегі сурет бойымен бау өткізе отырып, ұсақ қол маторикаларын дамытуға арналған ойындарын ойнайды. «Гексагон» әдісі арқылы есептер шығарады.

Келесі орталықта балалар араның ұясындағы буындарды еңбекқор арамен ойнау арқылы оқиды және берілген суреттердің атауын қақпақтармен жасалған әріптермен ойнай отырып құрастырады және қызыл, көк қақпақтармен дыбыстық талдау жасайды. Араларды нейрожаттығу жолақтарымен жүргізу арқылы гүлге қондыруға апарады. Қағазға жазылған әріптерді түтікшелер арқылы сөз құрастыру ойынын ойнайды.

Өнер орталығы:

Шығармашылық орталықта балалар жәндіктердің бейнесі бейнеленген боямақ үйді бояйды және жіптермен жасалған араларды, сулы краскамен боялған араларды осы үйдің ішіне орналастырып ойнау арқылы жұмыстарын атқарады. Түрлі-түсті таяқшалардан төртбұрышты рамка жасап, оған жіпке жапсырылған араның суретін жапсырып тыныс алу жаттығуына арналған ойыншық жасайды. Пішіндерді қайталай отырып, шеңберден араның денесін жапсырып, доғал пішінмен қанатын жапсырып ара жасайды.

Қимылды ойын:

Тастанды материалдарды пайдалана отырып, жұмыртқаның қорабына жиналған ойыншық жұмыртқаларды омартаға қасықпен тасу.

Екінші ойын: конструктормен құрастырылған омартаға ойыншық жұмыртқаларды дәлдеп лақтыру.

Балалар, сендер жарадыңдар. Араларға сендердің еңбектерің, білімдерің және тәртіптерің ұнағаны үшін олар сендерге бал сыйламақшы. Балымыздан Винниге дәм татып көруге беремізбе?


Қонақтарға сыйлық дайындау: ағаштан жасалған араның мүсіндерін гуашьпен бояп, жіп тағып, салпыншақ жасау.


Қорыта келе, балалар сендер өздеріңді өте еңбекқор, ақылды, алғыр екендеріңді дәлелдедіңдер. Аралар сияқты өздерің кіп-кішкентай болсаңдарда, қоғамға пайдаларың өте зор екен.

Біздің сабағымыз аяқталды. Егер, балалар, сендерге бүгінгі сабағымыз ұнаса және сендер жаңа және қызықты нәрсе білген болсаңдар, онда бал араларыңды қызыл гүлге, егер ұнамаса – көгілдір гүлге қондырыңдар.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.04.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11